Бұрғылау қондырғылары құрамы

Бұрғылау қондырғысы - технологиялық операцияларды бұрғылау жабдықтарының көмегімен өздігінен орындайтын бұрғылау орнында монтаждалған бұрғылау машинасының механизмдері және жабдықтары кешені. Қазіргі кездегі бұрғылау қондырғыларының құрамына келесі құрылымдар кіреді:

– бұрғылау қондырғысы (тәл жүйесі, сораптар, шығыр, ұршық, ротор, жетек, жанармай қондырғысы, дизельді электр станция, пневможүйелер);

– бұрғылау негізі (мұнара, негіз, каркасты-панельді жинақтала бөлшектенетін жабылма);

– ең көп жұмысты қажет ететін механизация жабдықтары (қашауға берілетін жүктемені реттегіш, көтеріп түсіру операцияларын автоматтандыруға арналған механизмдер, құбырларға арналған пневматикалық сыналы ұстағыш, автоматты бұрғылау кілті, көмекші шығыр, пневмобұрағыш, жөндеу жұмыстарына арналған кран, бұрғылау процесін басқаратын пульттер, басқару орыны);

– жуу сұйығын дайындау, тазалау және қайта қалпына келтіру жабдықтары (жөндеу блогы, виброелек, құм, саз тазалағыштар, тіректік сорап, химиялық реагенттерге арналған ыдыс, жуу сұйығы және су);

– манифольд (айдау жүйесі блогы, дроссельді тиекті құрылғы, бұрғылау жеңі);

– бұрғылау қондырғысы блогын жылытуға арналған құрылғы (жылыту генераторы, жылу тасымалдауға арналған коммуникация, жылыту радиаторлары).

Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар бұрғылау шарттарына байланысты анықталады. Бұрғылау шарттарын анықтайтын факторларды қарастырғанда, біріншіден мыналарға тоқталу керек: геологиялық және табиғи климаттық жағдайға, жөндеу базасының қашықтығы және энергия көзіне, жаңа бұрғылау нүктесіне ауысу жиілігіне, қоршаған ортаның газдалуына, жұмыс орнының жуу сұйықтығымен ластануына, ұңғы оқпанында мүмкін болатын қиындықтарды жою үшін қажетті үздіксіз бұрғылау жұмыстарына, жуу сұйықтығының кооррозиялық белсенділігіне және жоғары тұтқырлығына, жұмыс орындарының санына және тағы басқаларына.

Бұрғылау қондырғысына қойылатын талаптар техникалық, эксплуатациялық, технологиялық, экономикалық, социалды және арнайы болып бөлінеді.

Техникалық талаптар – бұрғылау қондырғысының ғылым мен техникадағы жаңа талаптарға, ал параметрлері дүниежүзілік стандарттарға сай болуына жауап береді.

Машиналар мен жабдықтар жоғары пайдалы әсер коэффициентіне сай беріктікке және ұзақмерзімділікке ие болуы қажет.

Эксплуатациялық талаптар – эксплуатация процесі кезінде бұрғылау қондырғысының жұмыс қабілеттілігі, техникалық қызмет көрсетуі, жөндеу мен қолданылуы тиіс. Бұл мақсатта бұрғылау қондырғысы жоғарғы жөндеу жарамдылығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Яғни оның агрегаттарының қолжетімділігі, техникалық жағдайын бақылау, тез тозатын түйіндері мен бөлшектерінің ауыстырылуы үшін техникалық қызмет көрсетілуі мүмкін болуы керек.

Технологиялық талаптар – бұрғылау қондырғысын жасау материалдарымен, еңбек шығындарына тікелей байланысты. Оларға машина құрылымдарының қарапайымдылығы, олардың құрылымдық сұлбаларының шекті жеңілділігі, бөлшек формаларының қарапайымдылығы, материалды үнемдеу мақсаты мен тиімді материалды таңдау және дайындамаларды алу әдістері кіреді. Сонымен қатар бұрғылау қондырғысына деген технологиялық талаптарға келесілер кіреді:

– бөлшектерді жасаудың тиімді дәлдігі мен беттің кедір-бұдырлығын, өңделген беттердің өлшемдерін кішірейту;

– жинау кезіндегі дәлдеу жұмыстарында отырғызу мен жіберуді дұрыс таңдау жасай отырып, бөлшектердің өзара әсерлесу және өзара алмасу мүмкіндігі;

– унификацияланған және стандартталған түйіндер мен бөлшектерді кең қолдану;

– жинау және өңдеу кезінде қолданылатын бекіткіш және кесілу арқылы жүзеге асатын құрылымдардың номенклатурасын азайту.

Экономикалық талаптар – бұрғылау қондырғыларының тиімділігін анықтайтын өндірістік және эксплуатациялық шығындардың аз болуын қамтамасыз етумен байланысты. Өндіріс саласында экономикалық талаптар, конструкцияның технологиялылығын қанағаттандыра отырып, шығарудың берілген көлемінде, белгілі бір өндірістік мүмкіндіктерде, өзіндік құнынан арзанырақ машинаны дайындауға мүмкіндік береді. Маңызды экономикалық шарт, машина мен жабдықтарды жасауда жұмсалатын материал көлемімен, металл мен басқа материалдарды төмендету жолымен үнемдеу. Қолданымдық экономикалық көрсеткіштерге мыналар кіреді: механикалық бұрғылау, көтеру- түсіру операцияларының өнімділігі, жөндеу, көмекші, дайындық қорытындылау жұмыстарына кететін уақыт.

Социалдық талаптарға – жұмыс қауіпсіздігі, басқару жеңілдігі және қызметкерлерді жақсы жұмыс шарттарымен қамтамасыз ету кіреді. Бұрғылаушылардың жұмыс орындау шарты қиын және қауіпті болғандықтан міндетті түрде социалдық талаптар қарастырылуы шарт.

Арнайы талаптар – бұрғылау қондырғысының жұмыс шарттарымен байланысты. Құрылғы сұлбалары мен машиналардың барлық жабдықтарының орналасуы мен оларға қызмет көрсету, басқарудың тиімділігі, жұмыс жасаған кезде орналасатын жергілікті аймақтың шектелуімен таңдалады. Бұрғылау машиналарының массасы өндірістік крандар мен транспорттық құралдардың жүккөтергіштігіне сәйкес келуі тиіс. Бұрғылау қондырғысы тасымалдауға ыңғайлы және жеңіл демонтаждалатын түйіндерге бөлшектелуі керек. Электрожабдықтар жарылысқа қарсы орындалған болуы тиіс.

Наши рекомендации