Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида жайында баяндаңыз
Әрине, тарихи үрдістер шектелген бір ғана аумақ шеңберін қамтымайды. Тарихи даму сатыларында еліміздің аймағында Қазақ хандығына дейінгі кезеңде-ақ, өзіндік ерекшеліктері қалыптасқан 20–ға жуық мемлекеттік құрылымдар болған. Яғни, қазақ ұлты мен оның мемлекеттілігінің кеңістік те, этникалық та негіздері өзара сабақтасқан бірнеше кезеңдерді қамтыды. XV ғасырдың басында Маңғыт биі Едігенің тұсында Алтын Орда біршама қайта күшейгенімен, 1419 жылы Едігенің қайтыс болуымен, Бату ұлысы мүлде құлдырады. Алтын Орданың орнында Мәскеу княздығы, Қырым, Қазан, Ноғай, Астрахань, Өзбек ұлысы секілді кіші хандықтар пайда болды. Ақ Орда мен Көк Орда (көшпелі өзбектер) Алтын Орданы ұйыстырушы ұлыстар болғандықтан, бұл ұлыстарды қағанаттан бөлініп тәуелсіздікке қол жеткізді дегеннен гөрі, империялық қуатынан айырылып қалды деп қорытынды жасаған әлдеқайда дұрыс секілді.XV ғасырдың басында Маңғыт биі Едігенің тұсында Алтын Орда біршама қайта күшейгенімен, 1419 жылы Едігенің қайтыс болуымен, Бату ұлысы мүлде құлдырады. Алтын Орданың орнында Мәскеу княздығы, Қырым, Қазан, Ноғай, Астрахань, Өзбек ұлысы секілді кіші хандықтар пайда болды. Ақ Орда мен Көк Орда (көшпелі өзбектер) Алтын Орданы ұйыстырушы ұлыстар болғандықтан, бұл ұлыстарды қағанаттан бөлініп тәуелсіздікке қол жеткізді дегеннен гөрі, империялық қуатынан айырылып қалды деп қорытынды жасаған әлдеқайда дұрыс секілді.Өйткені, Алтын Орда империясын Жошының екі ұлы Бату мен Орда Ежен ұрпақтары құрған болатын. Жошы ұрпақтарының өзара алауыздығынан империя әлсірегеннен соң, бұрын Алтын Ордаға тәуелді болып келген Орыс князьдықтары және т.б. иеліктер дербестікке қол жеткізді. Осыдан соң империя құрушы Орда Ежен мен Шайбан ұрпақтары өз ұлыстарының атынан саяси қозғалыстар жасай бастады. Нәтижесінде Дешті-Қыпшақта 1428 жылы Әбілхайыр хан көшпелі Өзбек мемлекетінің негізін салып, қырық жыл бойы билік құрды. ХІІІ-ХV ғғ. Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейінгі мемлекеттіліктің ұлттық мазмұндық белгілері қалыптаса бастаған орта ғасырлық кезеңі болды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында «Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр. Оны өздерінен бұрын өткендер немесе тарихи бабалар емес, қазіргі түркі халқы құрды» - деп жазады [1.211 б.]. Қазақ хандығының қалыптасуы, ең алдымен Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан жеріндегі мемлекеттіліктің және саяси дамулардың заңды қорытындысы болып саналадыҚазақстан мемлекеті тәуелсіздігі мен егемендігін алған жылдардан бастап, Президенттің «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыра беруіміз керек» - деген салиқалы саясатымен дәстүрлі мемлекеттілікті қайта жаңғырту мәселесі артып келеді. Ғасырлар бойы отаршылдық саясаттың салдарынан ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып барып, тоқыраған Қазақстан мемлекеті қайта жаңарып, Президенттің Мәңгі Ел құру туралы идеясын басшылыққа алып, қазіргі заман көш бастаушылары қатарында. «Тәуелсіздік тағдырдың қазақтарға тартқан сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы, бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс» деген Елбасының пайымын баршамыз мән беріп, маңызын терең түсінуге тиіспіз. Жер бетіндегі әрбір ұлт үшін тәуелсіз ел болу - ұлы арман. Дүние жүзінде 6 мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар болса, солардың ішінде 200-дейі ғана тәуелсіз мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Тарих сабақтарын ұдайы, ұрпақтан ұрпаққа игере беру керек екеніне менің сенімім кәміл», – деп тұжырымдады
60. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас. Елбасымыз «Тарих толқынында» кітабында Қазақ халқының тарихы ат тұяғымен жазылған. Ата-бабамыз тірі болу үшін күрескен болса, енді біз ірі болу үшін күресуге тиіспіз. Бұл әдістемелік тұрғыдан алғанда өте маңызды деп ойлаймын. Президент сондай-ақ қазақ халқының тарихы бірліктің тарихы екенін де атап өтті. Яғни, біз тек біріксек қана мықты бола аламыз, мұны тарих талай рет дәлелдеп берген. Мысал ретінде жоңғар шапқыншылығы кезіндегі оқиғаларды алсақ да жеткілікті. Жеңіспен бірге жеңіліс те болды, әрине. Халқымыз «елім-ай» деп еңіреп, елден, жерден айырылып, босып кеткен кездері де болған. Шаһкәрім Құдайбердіұлының мәліметтері бойынша, осындай шақтарда қазақтың оннан төрт бөлігі ажал құшқан. Тірі қалғандары еліміздің оңтүстігі мен батысына қарай ығысуға мәжбүр болған. Сол кезде елге мықты көшбасшылар ауадай қажет болды. Қазақ хандары мен билері Ордабасыда жиналып, үлкен кеңес құрады. Онда қазақ халқының бұдан былайғы тағдыры талқыланады. Ортақ шешім бойынша Әбілқайыр хан үш жүздің әскеріне бас қолбасшы болып сайланады. Осылайша басы біріккен қазақ Аңырақайда, Алакөлде, Бұландыда жоңғарларға күйрете соққы береді. Сөйтіп бабаларымыз осынау ұлан ғайыр жерді жоңғардан тазартып, бізге аманаттап кетті. Міне, Президенттің де басты айтпағы осы, қазақтар тек бірліктің арқасында жер бетінен жойылып кетпей, халық ретінде, ел ретінде сақталып қалды