Ль – Фарабидің медицина туралы тұжырымдамасы
Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына "Медицина каноны" атты және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған "Бесінші трактатында" адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқышжүйкелер болатындығы туралы пиар айтады.[8]Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек - табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешкандай мүшесі билемейді» және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзкарасын білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға катысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған.
Орта ғасырдағы Қазақ халқының жұқпалы аурулармен күрес тәсілдері
Білқайыр хандығы
ХҮ ғасырдың 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428- жылы Шайбани ұрпағы 17 жасар Әбілхайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Әбілхайыр Сырдария бойындағы қалалар мен хорезм үшін Темір ұрпақтары мен ұзақ соғысты.
Шығыс Дешті- Қыпшақтың бытыраңқы феодалдарының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды. Территориясы: Жайық –Балқаш-Арал, Сырдарияның төменгі ағысы-тобыл,Ертіс. Халқы: өзбектер. Құрамында қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер, т.б. болды.
Елді 40-жыл билесе де, Әбілхайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады:
· Мемлекет бір орталықтан басқарылмады.
· Бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шығыс әулетінің билеушілері басқарды.
· Билік үшін Жошы ұрпақтары арасында өзара қырқыстар болды.
Толассыз соғыстар тоқтамады.
Әбілхайыр ханның жүргізген соғыстары:
1430 жыл- Тобыл өзені бойында Махмуд қожаны жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады.Махмуд және Ахмет хандарды жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды.
1446жыл- Сырдария бойындағы Сығанақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті. ХҮғ. 50-жылдары-Самарқанд, Бұқарды шабуылдап, осы өңірдің ішкі саяси өміріне араласты.1457 жыл- Үз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде, Көккесене деген жерде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты. Бұл жағдай Әбілхайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХҮ ғ.50-ж аяғы- 60ж. Басында Өзбек хандығынан Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшті. 1468 жыл- Әбілхайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Әбілхайыр хандығының жеріндегі билік қазақ хандарына толық көшті. Қазақ хандығының құрылуымен, Әбілхайырдан тараған ұрпақтың Шығыс Дешті- Қыпшаққа билік жүргізуіне тыйым салынады. ХҮІ ғ. Басында көшпелі өзбектің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуеренахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалған тайпалар қазақ хандығының иелігіне қосылып, Орта жүз құрамына енді.
Ескерту:Әбілхайыр 40 жылдай билік құрса да, мемлекет бір орталықтан басқарылмады.
Ақ Орда мемлекеті
Ақ Орда мемлекті. XIII ғасырдың аяғына қарай Алтын Орданың ханы Батый Жошы ұлысының шығыс бөлігін, яғни қазіргі Арал теңізінің солтүстік-шығыс өңірін Жошының үлкен ұлы, өзініңағасы Орда-Еженнің қарамағына береді.XIV ғасырдың басында Алтын Орда мемлекеті ыдырап жатқан кезде, Орда-Еженнің қарамағына берілген өңірде Дербес Ақ Орда мемлекеті құрылады. Мемлекет территориясыбұрынғы Алтын Орда мемлекетінің шығыс бөлігі: Арал теңізінің солтүстік-шығысы, Сырдария алқабынан Есіл, Сарысу өзеніне дейін; Ертіс өзені, Алтай тауларынан Жайық өзеніне дейінгі өңірлер.Қалалары: Сығанақ, Иасы (Түркістан), Сауран, Жент, Баршынкент, Отырар. Астанасы - Сығанаққаласы. Ақ Орда мемлекеті қазақжерін түгел қамтыды. Тайпалары: қыпшақ, керей, найман, арғын, қоңырат, жалайыр, алшын, қарлұқ т.б.Ақ Орда халқы өзбек-қазақтар деп аталған.Саяси жағдайы:Ақ Орданың алғашқы ханы Сасы-Бұқа болды. Бұдан кейінгі Ақ Орда хандары Ерзен, Мүбәрәкқожа Алтын Ордаға тәуелділіктен құтылуға әрекет жасай бастады. Ақ Орданың күшейген кезі - Орыс ханның (1361-1377) билік құрған уақыты. Ақ Орда XIV ғасырдың 70 жылдарында Алтын Ордадан Қажы Тарханды (Астрахань), 1374-1375 жылдары Алтын Орданың астанасы Сарай-Беркені тартып алады. Алайда ӘмірТемір шабуылынан әлсіреп құлады.Барақ өлгеннен кейін 1428 жылы Ақ Орда ыдырады. Көптеген территориялар Шайбани Әбілқайырдың билігіне өтеді.
Ақ Орда ХIV-ХV ғасырларда Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басында Шыңғыс тұқымынан шыққан хандар отырды.