Орталықсыздандыру үрдісі және түрлері

Орталықсыздандыру (ағылш. decentralisation)-басқару функцияларын орталықтан жергілікті билік органдарына беру, жоғары тұрған органдарындың есебінен төменгі билік органдарының өкілеттіліктерін кеңейту.Бұл орталықтандыруға қарама-қарсы басқару жүйесі, яғни жергілікті әкімшілік органдар мен қоғамдық өзін-өзі басқару мекемелерінің билік өкілдіктерін кеңейту. Орталықсыздандыру негізгі үш талаптың орындалуын қажет етеді:

біріншіден, жергілікті басқару органдары, нақты белгіленген өкілеттіліктерге ие болуы шарт;

екіншіден, олар құзырларына кіретін мәселелерді шешуге арналған тетіктер мен құралдарға ие болуы керек;

үшіншіден, олардың іс-әрекетіне мемлекеттік әкімшілік органдар тарапынан бақылау барынша шектелуі тиіс.

Орталықсыздандырудың екі формасын бөліп көрсетеді: бөлшектеу және деволюция:

Билікті бөлшектеу деп иерархиялық басқару жүйесінің күшін сақтай отырып, мемлекеттік биліктің басқару функцияларын осы жүйесі бойынша төменгі билік органдарына берумен байланысты үрдісті айтады.

Оны «әкімшілік орталықсыздандыру» деп те атайды.

Билікті бөлшектеу басқарудың әкімшілік астарына да қатысты және оның орталық және орталық емес басқару органдары арасында функцияларды иерархиялық бөлуді қайта қалыптастыру сияқты мақсаттары бар. Орталықсыздандыру саяси жағынан (саяси орталықсыздандыру) келсе, ол шешім қабылдау құқығын жергілікті басқару органдарына беруді білдіреді. Оның құқықтық жүзеге асуы жергілікті басқаруды білдіреді.

Деволюция (міндеттерді табыстау) жергілікті басқару органдарына шешім қабылдауға және дербес қаржылық, басқарушылық іс-әрекет жүргізуге құқық беру.

18. Жергілікті өзін-өзі басқарудың әлемдік модельдерін сипаттаңыз Шетелдерде жергілікті өзін-өзі басқарудың бірнеше моделі қолданылады. Бұл муниципалдық заңның даму бағытына тікелей байланысты анықталады. Жергілікті басқарудың ағылшын-саксон жүйесі Ұлыбританияда, АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Үндістанда қолданылады1. Осы елдерде жергілікті органдар заң берген өкілеттіктердің ауқымында дербес құрылым ретінде жұмыс істейді. Жергілікті органдар жоғары тұрған мемлекеттік органдарға тікелей бағынбайды, сол сияқты жергілікті уәкілетті Үкімет те жоқ. Жергілікті өкілдікті органдар мен бірқатар лауазымды адамдарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі халық тікелей сайлайды. Бірақ жергілікті басқару органдары орталық органдардан үзілді-кесілді оқшау емес: Үкімет жергілікті басқару органдарына тікелей немесе жанама бақылау жүргізеді, бақылау Министрлік және сот органдары арқылы жасалады. Ұлыбританния жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің англосаксондық моделін қолданады. Бұл моделдің ерекшелігі – мемлекеттің лауазымды тұлғалары жергілікті өзін-өзі басқару органдарын әрдайым қадағалап отырады. әртүрлі саладағы муниципалдық құрылым қызметін бегілі бір министрліктер бақылап отырады. Мемлекет жергілікті жерде арнайы бағдарламаларды орындау үшін қаржылық нарық арқылы әсер етеді. Оларға: субвенция, дотация тағы басқалары жатады.Жергілікті басқарудың континенталды (француз) үлгісі континенталды Еуропаның көптеген елдерінде (Францияда, Швейцарияда, Испанияда, Португалияда, Италияда, Бельгияда, Нидерландыда, Люксембургте, Грекияда, Финляндияда, Албанияда, Польшада, Ресейде, Молдовада, Украинада), француз тілдес және өзге де африкалық мемлекеттерде (Мароккода, Алжирде, Мавританияда, Малиде, Египетте, Нигерияда), бірқатар азиялық елдерде (Қырғызстанда, Лаоста), Латын Америкасындағы мемлекеттерде (Бразилияда, Венесуэлада, Колумбияда, Эквадорда, Перуде, Гайанада, Уругвайда, Парагвайда), бірқатар Таяу Шығыс мемлекеттерінде (Ливанда, Израильде) қолданылады. Осы үлгінің ерекшелігі мынада, мұнда орталықтың жергілікті жерлерді тікелей мемлекеттік басқаруы жергілікті өзін-өзі басқарумен тамаша үйлесім табады, оны орталық үкімет бақылайды. Германиядағы жергілікті басқаруды жергілікті басқарудың жеке үлгісіне жатқызуға болады, ол ағылшын-саксондық, сондай-ақ жергілікті басқарудың континенталды үлгілерінің ерекшеліктерін қатар ұштастырады.

Наши рекомендации