Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар:Осы заманғы барлық дозиметрлік приборлар иондық әдіснегізінде жұмыс істейді.
Дозиметриялық бақылаудың құралдары екі тобына болінеді
1. дозаның қуатын сандық өлшеуге арналған дозиметрлер;
2. радиоактивті ластануды тез табу үшін қолданылатын радиометрлер немесе сәулеленудің индикаторлары.
ДРГЗ-04 дозиметрі энергетикалық 0,03-3,0 МэВ диапазонында гамма және рентгендік сәулеленуді өлшеу үшін қолданылады. Құралдардың шкаласы микрорентген/сек (мкР/с) градуирленген.
ДКС-0,4 дозиметрі энергетикалық 0,5-3,0 МэВ диапазонында гамма және бетта сәулеленуді өлшеу үшін қолданалады.
Өнеркәсіп халық үшін арналған тұрмыстық дозиметрлерді шығарады, мысалы «Мастер-1» тұрмыстық дозиметр, «Сосна» дозиметр- радиометрі.
Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері.Радиациялық барлау.Радиациямен ластанған аймақта ІҚЖ жүргізудің тиімділігі көбінесе сол жерде болған радиациялық жағдайдың нақты мәліметтеріне байланысты. Осы мақсатпен келесі міндеттерді шешетін радиациялық барлау жүргізіледі:
· жергілікті жерде және ауаның жерге жақын қабатының радиоактивті затпен ластануын табу және бұл туралы жұмыс басшысына ақпарат беру;
· құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін анықтау және радиоактивтілікпен ластанған аймақтың шекарасын белгілеу;
· ластанған участкелерді игеру үшін айналып өту жолдарын (қажет болған жағдайда) іздеу;
· радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау;
· судан, азық – түліктерден, өсімдіктерден, топырақтан, объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама алу және оларды зертханаға жіберу;
· метрологиялық бақылау;
· радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққаннан кейін құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу.
Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде жұмысты жүргізетін ауданда ішкі жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты және т.б.) немесе радиоактивтік ластанудың қайталануы мүмкін екенін есепке алу қажст. Құрылым орналасқан аудандағы радиациялық жағдайды бақылау үшін, сонымен қатар жұмысты жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын күзет орнықұрылады, олардың негізгі міндетіне:
· дер кезінде радиоактивті ластануды табу және хабарландыру дабылын беру;
· радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;
· күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді барлау, сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады.
Радиациялық бақылау орны тәртіп бойынша үш адамнан тұрады. Ол сәулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т және т.б. өлшеуіштерімен, №3 метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 және т.б.) сәулелену мөлшерінің қуатты жеке өлшеуіштерімен, ИД-1 сәулелену мөлшерінің өлшеуіштерімен, секундомермен, хабарландыру және байланыс құралдарымен, радиациялық жағдайдың параметрін жазатын журналмен, ауа сынамасын алатын жабдық жиынтығымен жабдықталған.
Дозиметриялық бақылау.Дозиметриялық бақылауды ІҚ құрылымның жеке құрамы радиоактивті ластану аймағындағы іс – қимылы кезінде сәулелену мөлшері туралы мәліметтерді дер кезінде алу мақсатында жүргізеді. Алынған ақпарат бойынша құрылымның жұмыс тәртібі анықталады. Дозиметриялық бақылау топтық және жеке болып бөлінеді.
Топтық бақылау ІҚ құрылымның жеке құрамының жұмысқа қаб-леттілік деңгейін бағалау мен анықтау үшін және орташа сәулелену дозасы туралы мәліметтерді алу мақсатында жүргізіледі. Бұл үшін құрылым ИД-1 сәулелену дозасының өлшеуішімен қамтамасыз етіледі (ДКП-50-А ДП-24, ДП-22В жинақтарынан) 1 - 2 дозиметрлік есептеу бойынша радиациялық жағдайда бірдей әрекет ететін топтағы адам саны 14-20.
Жеке бақылау радиациялық зақымданудың ауырлық деңгейіне алғашқы кезеңде диагностика жасау керек және әр құтқарушының доза туралы мәліметті алуы мақсатында жүргізіледі. Бұл мақсат ушін ІҚ құрылымның жеке құрамына доза қуатын өлшейтін ИД-11 өлшеуіші беріледі.
Радиоактивті ластанудың деңгейі техниканың, көліктің, киімдердің, саймандардың, қорғау құралдарының, аяқ – киімдердің және т.б. дәрежесі бойынша анықталады. Аталған жұмыс құрылымға қойылған міндеттерді орындағаннан кейін, құтқарушылардың ластанған аудандардан шығуы кезінде, арнайы өңдеулерді толық жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады. Радиоактивті ластануға душар болған және арнайы толық өндеуді жүргізу үшін келген құрылымның жеке құрамы, техникалары және көлігі бақылап бөліп тұратын күзет орныарқылы өтеді, мұнда құрылымның ластанған дәрежесін белгілейді және арнайы өңдеу бойынша шараларды ұйымдастырады. Күзет орнының біреуі шығатын жерде ал келесісі арнайы өндеу алаңының шығатын жерінде тұрады. Ластану дәрежесін ДП-5, КРБ-1 және т.б. аспаптардың көмегімен анықтайды. Құрылымның жеке құрамының және техникасының бақылап – бөліп тұратын күзет орны арқылы өтуі кезінде дозиметристің ластанған жұмыс орны анықталады; қажет болған жағдайда оған қатерсіздендіру жүргізіледі немесе тұрған орыны ауыстырылады.