Дәрістің тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және білім беру жүйесіндегі реформалар.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
________________факультетінің
«___»__________201__ж.
ОӘК мәжілісінің № _____
хаттамасымен бекітілді
Факультет ОӘК төрағасы __________________
(ТАӘ, қолы)
__Қазақстан Республикасының тарихы_____________
кафедрасы
_5В011100 «Информатика» , 5В011400 «Тарих», 5В0020300 «Тарих»,5В010900 «Математика», 5В050600 «Экономика», 5В051000 «ЖМБ», 5В020500 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В091000 «Кітапхана ісі» _ мамандықтарына арналған
Азақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінен
SYLLABUS
Құрастырушылар: Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к.,аға оқытушысы
Дюсенгалиева Мерзат Ғұбайдоллақызы,
магистр Айбекова Гульфия Юсупқызы,
магистр Танзенов Даниал
Орал, 2016 ж.
SYLLABUS _Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы 13 қырқүйек 2016 жыл.____
(атауы, шыққан жылы)
типтік оқу жоспарының негізінде ___________________________________________________
(атауы, бекітілген жылы)
_____________________
Жұмыс оқу жоспарының негізінде дайындалды.
__________________________________________________ кафедрасының «___»__________201__ж.
мәжілісінің № _____ хаттамасымен қаралды
Кафедра меңгерушісі доцент,т.ғ.к_Бижанова А.Е.__________________
(қолы, ТАӘ)
Пікір беруші: _т.ғ.к. Жақсығалиев Ж.Ж.______________________
(ТАӘ; лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.
Пәннің көлемі 2 кредитті құрайды:
Кредит саны | Дәрісханалық сабақтар | Дәрісханадан тыс сабақтар | Барлық сағат | Бақылау түрі | |||
Дәріс | Практикалық/ семинар сабақтары | Зертханалық сабақтар | СОӨЖ | СӨЖ | |||
- | Мемлекеттік емтихан |
Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы
Пән туралы мәліметтер
Мақсаты: отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
· Курстың міндеті:Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;
· Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;
· Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;
· Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау;
· Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.
· Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын оқыту барысында студент төмендегідей құзыреттіліктердімеңгереді:
- өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;
- әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын,кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;
- қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;
- күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.
Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасының көлеміндегі әлемдік және отандық тарих.
Постреквизиттер:Мәдениеттану, психология, педагогика, философия, саясаттану және әлеуметтану.
3. Студенттерге қойылатын талаптар:
Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Курстың мазмұны
Бірінші апта
№ 1 дәрістің тақырыбы:Кіріспе.
1.Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің мақсат- міндеттері.
2.Қазіргі заман Қазақстан тарихы бойынша негізгі деректер.
3.Тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеу деңгейі.
Терминдер мен анықтамалар:
Патриотизм, гуманизм, тарихнама, тарихи дерек, тарихи факт.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің мақсат- міндеттері. Пәннің гуманитарлық пәндер арасындағы рөлі. Қазіргі заман Қазақстан тарихы бойынша негізгі деректер. Деректердің түрлері. Тарих ғылымының деректемелік негізі: археологиялық, этнологиялық, фольклорлық. Зерттеуші ғалымдардың іргелі еңбектері.Тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеу деңгейі.
№ 2 дәрістің тақырыбы:Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық қозғалыстар.
1.С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1783-1797 жж.).
2.И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1838 жж.).
3.К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 жж.).
4.Жанқожа және Есет батыр бастаған ұлт-азаттық көтерілістер
5.1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс.
Терминдер мен анықтамалар: шаруалар көтерілісі, стихиялық, ұлт-азаттық қозғалыс, отаршылдық, экспансия, аграрлық мәселе, салық саясаты, бодандық, көтеріліс ошақтары, сұлтандар, старшындар, хандық билік.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Көтеріліс себептері, мақсат-міндеттері. Көтерілістің кезеңдері, басты ошақтары, негізгі шайқастары. Көтерілістің жеңілу себептері, салдары, зардаптары. 1916 ж. көтерілісте ұлт зиялыларының ұстанған тактикасы. Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері.
1- СОӨЖ тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын».
Есеп беру түрі: эссе
№1 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы.
Тапсырмалар:
1. Сақтар,қаңлы, үйсін,ғұн мемлекеттері.
2. V-XII ғасырлардағы Түркі мемлекеттері.
3. XIII-XV ғғ. Түркі және Моңғол мемлекеттері.
4. ХV-XVII ғғ. қазақ хандығы.
2- СОӨЖ тақырыбы:ХVI ғ.б қазақ хандығы. Қасым хан.
Есеп беру түрі: презентация.
СӨЖ тапсырмалары:Қазақ хандығындағы заңдар.
Есеп беру түрі: конспект.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1.К.Аманжолов. Қазақстан тарихы. А: 2004 ж. 7-11 б.б
2.Қазақ тарихы журналы. 2004 ж. № 3, 91
3.Қазақстан тарихы очерктер. А: 1994 ж. 162-163 б.б.
Екінші апта
№ 3 дәрістің тақырыбы:Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары.
1.1917 жылғы ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан
2.Қазақстанда кеңестік биліктің орнауы.
3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
Терминдер мен анықтамалар:
Кеңес үкіметі, Азамат соғысы, интервенция, әскери коммунизм,азық-түлік салғырты, индустрияландыру, ЖЭС.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақстан тарихындағы «жаңа заман» ұғымы. 1917 жылғы Ресейдегі ақпан революциясы және оның ерекшелігі. Монархиялық биліктің күйреуі. Алаш қозғалысы. Уақытша үкімет пен Кеңестің жергілікті басқару мекемелері. Уақытша үкіметтің соғысқа көзқарасы. Қазақ комитеттері. Қазақ съездері. Бірінші жалпы қазақ сьезі және оның шешімдері (21-26 шілде, 1917 ж.). 1917 жылдың жаз-күз айларындағы саяси дағдарыс. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына даярлық жұмыстары. Қазақстандағы большевиктердің қызметі. «Алаш» партиясы және оның бағдарламасы. «Үш жүз» партиясының құрылуы. «Шуро-и-Ислам», «Шуро-и-Улема», «Тұран» Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі, Түркістан өлкесі қазақ-қырғыздарының кеңесі, Түркістан федералистері партиясы және т.б. қоғамдық-саяси ұйымдар.
№4 дәрістің тақырыбы:Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары
1. Қазақ даласындағы ашаршылық ( 1921-1922 жж.). 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.
2.Қоғамдық-саяси өмір.
Терминдер мен анықтамалар: шаруалар көтерілісі, стихиялық, ұлт-азаттық қозғалыс, отаршылдық, экспансия, аграрлық мәселе, салық саясаты, бодандық, көтеріліс ошақтары, сұлтандар, старшындар, хандық билік.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақ даласындағы ашаршылық ( 1917-1918 жж.; 1921-1922 жж.). Себептері мен салдары. «Қазақтардың Ленинге хаты» (20 тамыз, 1920 ж.). Дәстүрлі қазақ қоғамының бұзылуы. Кеңес үкіметінің Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық саясаты және оның бағыттары. Жаңа экономикалық саясат. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы. Тоталитарлық тәртіптің орнауы. В.И. Лениннің өлімі (1924 ж.). И.В. Сталиннің билікке келуі. Әміршіл-әкімшіл басқару әдістерінің күшеюі. Большевиктік аграрлық революция. Ф.Голощекиннің «Кіші қазан» саясаты. Астық дайындау науқаны. Күштеп ұжымдастыру. Шаруаларды қудалау. Бай қожалықтарын жою. Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығын күйрету. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.: демографиялық салдары. Аштықпен күрес: қазақ зиялыларының рөлі, жергіліктің халық наразылығы. Таптар күресінің шиеленісуі. Шаруалар көтерілістері (1929-1931 жж.). Шетел асу: Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Ресей. Индустрияландыру саясаты: қайшылықтары мен зардаптары. Өнеркәсіп және оның шикізаттық бағыт-бағдары. Теміржол құрылысы. Түрксіб. М.Тынышбаев, Т.Рысқұловтың қызметі. Индустриялық кадрларды қалыптастастыру. Аймақтағы жұмысшылардың саны мен құрамы. Қоғамдық-саяси өмір. Партия құрылысы. Кеңестер қызметі.
№ 2 практикалық сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы.
Тапсырмалар:
1. ІІ Бүкілқазақ съезі және Алаш партиясының құрылуы.
2. Алаш партиясының бағдарламасы.
3. Кеңес үкіметінің шаруашылық пен мәдени құрылыстағы алғашқы қадамдары.
3- СОӨЖ тақырыбы:«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы тартыс.
Есеп беру түрі: пікірталас.
СӨЖ тапсырмалары:Алаш партиясы, оның бағдарламасы мен басшылары. Алашорда автономиясы.
Есеп беру түрі:конспект.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 356-359 б.б.
2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 121-122 б.б.
3. Ч. Мусин «Ұлы дала тарихы» А; 1994ж. 127 б.
4. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997 ж. 113-114 б.б.
Шінші апта
№5 дәрістің тақырыбы:Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары. Фашистік басқыншылыққа қарсы күрес.
1. Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырыла бастауы.
2. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).
3. Коммунистік партияның қоғамдағы саяси дара билігінің күшеюі.
4. Ұлттық аумақты межелеу.
Терминдер мен анықтамалар: тоталитаризм, шовинизм, авторитаризм, әміршіл-әкімшілдік жүйе, жаңа экономикалық саясат.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақстандағы жаппай саяси қуғын- сүргін және оның кезеңдері. Қазақ зиялыларын айыптау. «Алаш» ісі. Сот процестері. Қазақстандағы «Үлкен террор». Қазақстандағы Лагерлер Бас Басқармасы (ГУЛАГ). КарЛАГ, АЛЖИР: қасіретті тағдырлар. Тапсыз «коммунистік қоғам» құрылысы туралы аңыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлерінің (теледидар, радио хабарлары) дамуы. Шетелдік интервенция мен азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдай. XX ғасырдың 20 жылдың басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері. 1921 – 1922 жылдардағы ашаршылық. 1921 – 1922 жылдардағы аштықтың салдары:
Жер – су реформасы. 1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі. КАКСР құрамына енгізілген аймақтар. Республикадағы қоғамдық саяси өмір. Индустрияландыруды жүзеге асыру. Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктері.
Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары: Индустрияландыру ерекшеліктері.Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы.
4-СОӨЖ тақырыбы:Сталиндік режимнің шаруаларды қудалау саясаты.
Есеп беру түрі: жазбаша орындап, тақырыптың мәнін ашу.
СӨЖ тапсырмалары:Қазақстанда кеңестік биліктің орнауы.
Есеп беру түрі: реферат
№ 6 дәрістің тақырыбы:Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары. Фашистік басқыншылыққа қарсы күрес.
1. Тоталитаризм жағдайындағы Қазақстан.
2. Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі.
3. «Кеңестік» соцализмнің мәні мен қайшылықтары.
Терминдер мен анықтамалар: тоталитаризм, шовинизм, авторитаризм, әміршіл-әкімшілдік жүйе, жаңа экономикалық саясат, Түркістан легионы, «Барбаросса» жоспары, қауырт соғыс.
Дәріс топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Ұлы Отан соғысы отандық және шетелдік тарихнамада: жаңа зерттеулер мен айғақтар. Соғыс қарсаңындағы КСРО және Қазақстан. КСРО-ның халықаралық жағдайы. Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы (1 қыркүйек, 1939 ж.). Фашизм. Германияның Кеңес Одағына басып кіруі (22 маусым, 1941 ж.). Халық шаруашылығын соғыс жағдайына бейімдеп қайта құру. Көшірілген кәсіпорындар мен халықтар: оларды қабылдау және орналастыру. Қазақстандықтар соғыс майданында: Ленинград қорғанысы, Мәскеу шайқасы, Сталинград шайқасы, Курск доғасы және басқа да шайқастар. Қазақстандықтардың партизандық жасақтарға, қарсыласу қозғалыстарына, Берлин операциясына қатысуы. Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары. Қазақстан – майдан арсеналы. Қазақстандықтардың тылдағы ерлігі. Соғыс тауқыметі: «Түркістан легионы» және Германиядағы тұтқындар тағдыры. Қазақстандағы шетелдік әскери тұтқындар. Қазақстанға қоныс аударылған халықтар, еңбек армиялары және олардың тағдыры. Қазақ халқының басқа этностармен қарым-қатынасы. Күштеп көшірілген халықтардың Қазақстан экономикасы мен мәдениетіне қосқан үлесі. 1917-1939 жж. Қазақстан халқы құрамындағы өзгерістер. Соғыс жылдарындағы халық ағарту ісі. Ғылым мен мәдениет – майданға. Ж.Жабаев, Қ. Мұңайтпасов. Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі және Қазақстан Компартиясы ОК-нің «Қазақ КСР Ғылым Академиясын құру бойынша дайындық жұмыстары туралы» шешімінің қабылдануы (18 тамыз, 1944 ж.)
5-СОӨЖ тақырыбы:Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары.
Есеп беру: конспект
СӨЖ тақырыбы: Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері.
Есеп беру түрі: эссе
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер):
№3 практикалық сабақтың тақырыбы:
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы.
Тапсырмалар:
1. ІІ Бүкілқазақ съезі және Алаш партиясының құрылуы.
2. Алаш партиясының бағдарламасы.
3. Кеңес үкіметінің шаруашылық пен мәдени құрылыстағы алғашқы қадамдары.
СӨЖ тапсырмалары:Алаш партиясы, оның бағдарламасы мен басшылары. Алашорда автономиясы.
Есеп беру түрі: реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Б.Ғ.Аяған., Х.М. Әбжанов., Д.А. Махат «Қазақстан тарихы» Алматы., Раритет 2010. 88-108 бб.
2. Қазақстан тарихы 4-том 118-689 бб.
3. Қ.С.Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А.Қозыбақова, Т.Мекебаев, С.С.Саржанова, С.Смағұлов, Ш.Б.Тілеубаев. Қазақстан тарихы (Лекциялар курсы) Алматы, Nurpress 2011. 183-220 бб.
4. Қ.С.Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А.Қозыбақова, Т.Мекебаев, С.С.Саржанова, С.Смағұлов, Ш.Б.Тілеубаев. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Алматы, «Қазақ университеті» 2011. 135-220 бб.
Төртінші апта
№ 7 дәрістің тақырыбы:Соғыстан кейінгі Қазақстандағы қиыншылықтар мен күрделі мәселелер.
1. Елдің соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
2. Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай.
3. Жаңа идеологиялық науқандар.
4. Халық шаруашылығын дамытудағы сәтсіз реформалар.
5. Мәдениет, ғылым мен білім.
Терминдер мен анықтамалар: Авторитаризм, азаматтық қоғам, басқару әдісі, демография, жеке басқа табынушылық, партиялық жүйе, реформа, тарихи факт.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. КСРО экономикасын қалпына келтіру. Карточкалық жүйенің жойылуы. 1947 жылғы ақша реформасы. Мәдениет, ғылым мен білім. Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Жаңа идеологиялық науқандар. Өзгеше ойлайтындармен күрес. Гуманитарлық ғылымдар саласына бақылаудың күшеюі. Ғалымдарды қуғындау: «ар-ождан соты». «Е.Бекмаханов ісі». «Б.Сүлейменов ісі». КОКП-ның ХІХ сьезі. И.В. Сталиннің өлімі. Л.Берияның тұтқындалуы және ату жазасына кесілуі. Н.С. Хрущевтің билікке келуі. Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай. Ж.Шаяхметовтің қызметі. Қазақстандағы әкімшілік- аумақтық өзгерістер.
№ 8 дәрістің тақырыбы:Соғыстан кейінгі Қазақстандағы қиыншылықтар мен күрделі мәселелер.
1. Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай.
2. Жаңа идеологиялық науқандар.
3. Халық шаруашылығын дамытудағы сәтсіз реформалар.
4. Мәдениет, ғылым мен білім.
Терминдер мен анықтамалар: Авторитаризм, азаматтық қоғам, басқару әдісі, демография, жеке басқа табынушылық, партиялық жүйе, реформа, тарихи факт.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. КСРО экономикасын қалпына келтіру. Карточкалық жүйенің жойылуы. 1947 жылғы ақша реформасы. Мәдениет, ғылым мен білім. Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Жаңа идеологиялық науқандар. Өзгеше ойлайтындармен күрес. Гуманитарлық ғылымдар саласына бақылаудың күшеюі. Ғалымдарды қуғындау: «ар-ождан соты». «Е.Бекмаханов ісі». «Б.Сүлейменов ісі». КОКП-ның ХІХ сьезі. И.В. Сталиннің өлімі. Л.Берияның тұтқындалуы және ату жазасына кесілуі. Н.С. Хрущевтің билікке келуі. Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай. Ж.Шаяхметовтің қызметі. Қазақстандағы әкімшілік- аумақтық өзгерістер.
6-СОӨЖ тақырыбы:Қоғамдық-саяси және мәдени өмірдегі өзгерістер.
Есеп беру түрі: эссе
№ 4 практикалық сабақтың тақырыбы: Кеңестік биліктің ауыл шаруашылығын басқарудағы проблемалары.
СӨЖ тапсырмалары:Алаш партиясы, оның бағдарламасы мен басшылары. Алашорда автономиясы.
Есеп беру түрі: жоба.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004 ж.
2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995 ж.
3. Ч. Мусин «Ұлы дала тарихы» А; 1994 ж.
4. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997 ж.
Бесінші апта
№ 9 дәрістің тақырыбы:ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік Қазақстандағы қоғамдық өмірі.
1. «Хрущев жылымығының» әлеуметтік-экономикалық сипаты.
2. Тың игеру: жетістігі мен салдары.
3. Республиканың қоғамдық-саяси өмірі.
Терминдер мен анықтамалар: «жылымық» кезеңі, волюнтаризм және субьективизм, тың игеру, жеке басқа табынушылықты айыптау, космополит ісі.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер):Хрущевтік «жылымық» кезеңі, әлеуметтік-экономикалық сипаты. Индустриалды даму. Әскери-өнеркәсіптік кешеннің нығаюы. Тың және тыңайған жерлерді игеру: жетістіктері мен тәжірибесі. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Республиканың қоғамдық- саяси өмірі. Кеңестер, КОКП, комсомол, қоғамдық ұйымдар. «Хрущевтік жылымық» 21 кезеңіндегі қарама-қайшылық. Жүйені жұмсарту әрекеттері. Волюнтаризм және субьективизм. 1950-1970 жылдардағы әлеуметтік шиеленістер. Республика қорларындағы жерлердің тартып алынуы. Республика халқының күнделікті өмірі
№ 10 дәрістің тақырыбы:ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік Қазақстандағы қоғамдық өмірі.
1. Экономиканы экстенсивті дамыту үлгісінің жалғасуы.
2. Қоғамдық–саяси өмір ерекшеліктері.
3. Экологиялық проблемалардың асқынуы.
Терминдер мен анықтамалар: жылымық» кезеңі, волюнтаризм және субьективизм, тың игеру, жеке басқа табынушылықты айыптау, космополит ісі.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер):Хрущевтік «жылымық» кезеңі, әлеуметтік-экономикалық сипаты. Индустриалды даму. Әскери-өнеркәсіптік кешеннің нығаюы. Тың және тыңайған жерлерді игеру: жетістіктері мен тәжірибесі. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Республиканың қоғамдық- саяси өмірі. Кеңестер, КОКП, комсомол, қоғамдық ұйымдар. «Хрущевтік жылымық» 21 кезеңіндегі қарама-қайшылық. Жүйені жұмсарту әрекеттері. Волюнтаризм және субьективизм. 1950-1970 жылдардағы әлеуметтік шиеленістер. Республика қорларындағы жерлердің тартып алынуы. Республика халқының күнделікті өмірі
7-СОӨЖ тақырыбы:Жеке басқа табынушылықтың зардаптарымен күрес.
Есеп беру түрі: эссе
№ 5 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазақстанда білім мен ғылымдағы жағымды өзгерістер.
Тапсырмалар:
1. Республиканың саяси өміріндегі өзгерістер.
2. Мәдениет және қоғамның рухани өмірі: театр; кино т.б.
8-СОӨЖ тақырыбы:1917-1939 жылдардағы Қазақстан халқы
Есеп беру түрі: реферат
СӨЖ тапсырмалары:Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістер (1940-1958 жж.)
Есеп беру түрі: жоба
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы 4 том. Алматы, Атамұра 2010 ж.
2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж.
3. Ч. Мусин «Ұлы дала тарихы» А; 1994ж.
4. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997 ж.
5. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж.
Алтыншы апта
№ 11 дәрістің тақырыбы:Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесінің Қазақстандағы қайшылықты салдары.
1. Қазақстандағы биліктің ауысуы
2. Мемлекеттік-партиялық жүйе және партиялық номенклатураның шексіз билігі.
Терминдер мен анықтамалар: директивалық жоспарлау, партиялық билік, кемелденген социализм.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақстандағы биліктің ауысуы. Д.А.Қонаев – Қазақстан Компартиясы ОК- ның Бірінші хатшысы. Мемлекеттік-партиялық жүйе және партиялық номенклатураның шексіз билігі. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар. Орыстандыру саясаты және КСРО халықтарының ассимиляциялануы. КСРО Конституциясы (1977 ж.). Қазақ КСР Конституциясының (1978 ж.) қабылдануы. Целиноград оқиғалары (1979 ж.). Ел экономикасының тоқырауға ұшырауы. Экономиканы реформалаудың кезекті қадамдары. Қазақстанның өнеркәсіп және аграрлық секторы. Халықтың тұрмыс деңгейі: жалақыдан жалақыға дейін. Қоғамдық – саяси өмір және оның ерекшелігі. Экологиялық проблемалардың шиеленісуі: Семей ядролық сынақ айлағы, Арал теңізінің тартылуы, өмір сүруге қолайсыз аймақтардың көбеюі. «Кемелденген социализм» дағдарысы жылдарындағы Қазақстан. Қоғамның рухани-мәдени өмірі, қоғамдық қозғалыстар. Ауғанстан жеріне кеңестік әскердің енгізілуі. Елдегі наразылық.
№ 12 дәрістің тақырыбы:Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесінің Қазақстандағы қайшылықты салдары.
Терминдер мен анықтамалар: директивалық жоспарлау, партиялық билік, кемелденген социализм
1. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар. Орыстандыру саясаты және КСРО халықтарының ассимиляциялануы.
2.Ел экономикасының тоқырауға ұшырауы.
3. «Кемелденген социализм» дағдарысы жылдарындағы Қазақстан.
Дәрістің топтама-тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақстандағы биліктің ауысуы. Д.А.Қонаев – Қазақстан Компартиясы ОК- ның Бірінші хатшысы. Мемлекеттік-партиялық жүйе және партиялық номенклатураның шексіз билігі. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар. Орыстандыру саясаты және КСРО халықтарының ассимиляциялануы. КСРО Конституциясы (1977 ж.). Қазақ КСР Конституциясының (1978 ж.) қабылдануы. Целиноград оқиғалары (1979 ж.). Ел экономикасының тоқырауға ұшырауы. Экономиканы реформалаудың кезекті қадамдары. Қазақстанның өнеркәсіп және аграрлық секторы. Халықтың тұрмыс деңгейі: жалақыдан жалақыға дейін. Қоғамдық – саяси өмір және оның ерекшелігі. Экологиялық проблемалардың шиеленісуі: Семей ядролық сынақ айлағы, Арал теңізінің тартылуы, өмір сүруге қолайсыз аймақтардың көбеюі. «Кемелденген социализм» дағдарысы жылдарындағы Қазақстан. Қоғамның рухани-мәдени өмірі, қоғамдық қозғалыстар. Ауғанстан жеріне кеңестік әскердің енгізілуі. Елдегі наразылық.
№ 6 практикалық сабақтың тақырыбы: Мәдени және рухани өмір: жетістіктер мен қайшылықтар.
Тапсырмалар:
1. Қоғамның саяси өмірі.
2. Әлеуметтік жән мәдени өмірдегі ахуал.
№ 9-СОӨЖ тақырыбы:Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ алаңдары және ядролық сынақтардың экологиялық зардаптары. Семей, Капустин яр, Азғыр т.б. Ядролық сынақтардың экологиялық қоршаған орта мен ауыл шаруашылығына әсерi мен салдары.
Есеп беру түрі: жоба.
СӨЖ тапсырмалары:ХХ ғ. ІІ жартысындағы халықтың тұрмыс деңгейі.
Есеп беру түрі: реферат
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А., 2004 ж.
2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А, 1995 ж.
3. Ч. Мусин «Ұлы дала тарихы» А., 1994 ж.
4. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А., 1997 ж.
5. Қазақстан тарихы 4 том. А., 2010 ж..
Жетінші апта
№ 13 дәрістің тақырыбы:Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар»,
дағдарыстар, қайта құру әрекеттер. (1971-1985 жж.)
1.Республика экономикасының дамуындағы қайшылықтар.
2. Қоғамның әлеуметтік- саяси өміріндегі сәйкессіздік. Космополиттік бағыттар. «Кемелденген социализм» қағидасының тұйыққа тірелуі.
3. Қоғамдық-саяси өмірдегі келеңсіз құбылыстардың етек алуы.
Терминдер мен анықтамалар:тоқырау,теңгермешілік, ақшаның құнсыздануы, «қалдықтық принциптері», интернационалдық тәрбие, еуропоцентризм, кеңестік салт-сана, бюрократтық әдіс, орыстандыру саясаты, партиялық-мемлекеттік құрылым, жаттанды догма, өзгеше ойлау, пантюркистік шығарма, «ұлы тіл»
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): 70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болуы. 1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылдануы. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралуы. 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылдануы. 1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдануы.. Қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі. 1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастардың жиналуы. 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозовтың жастарға сөзі.
70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның беделінің құлдырай бастауы. Тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста. Брежневтің жеке басына табынудың етек алуы.
№ 14 дәрістің тақырыбы Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар», дағдарыстар, қайта құру әрекеттер. (1985-1990 жж.).
1.Қазақстан ХХ ғасырдың 80-90 жылдарының басында:КОКП-ның 1985 жылғы сәуір Пленумы. Қайта құрудың басталуы, мақсаты, кезеңдері.
2.Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.
3.Қазақстандағы саяси-қоғамдық белсенділіктің басталуы, алғашқы саяси, қоғамдық ұйымдар.
Терминдер мен анықтамалар: тоқырау,теңгермешілік, ақшаның құнсыздануы, «қалдықтық принциптері», интернационалдық тәрбие, еуропоцентризм, кеңестік салт-сана, бюрократтық әдіс, орыстандыру саясаты, партиялық-мемлекеттік құрылым, жаттанды догма, өзгеше ойлау, пантюркистік шығарма, «ұлы тіл».
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер):
М. С. Горбачевтің елдегі саяси билік басына келуі. КОКП Орталық Комитетінің 19 жылғы Сәуір Пленумы. Кеңес қоғамының әлеуметтік, экономикалық дамуын жеделдету мен қайта құру ісінің басталуы. М. С Горбачев – демократ, реформатор, адамгершілікті социализмді негіздеуші. Елдегі қоғамдық, саяси жүйені өзгертпей халықаралық ахуал мен экономиканы дамытуды жақсартудағы алғашқы шаралар. Қайта құру, жеделдету бағытының басталуы. Оның қажеттілігі мен кезеңдері. (1 кезең – КОКП – ның 1985 жылғы сәуір Пленумы – 1987 жылдың жазы). Алкоголизмге қарсы күрес, еңбек тәртібін нығайту. Өндіріс техникасын жаңарту. (Шетел өндіріс жабдықтарын сатып алу, валюталық резервтерді қайтадан бөлу. А. Г. Аганбегян). Аграрлық саладағы ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу. Ауыл шаруашылығын интенсивті негізде дамытудың шаралары. Қазақстандағы саяси ахуалдың шиеленісуі, ұлттық қатынастағы кері құбылыстар. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы желтоқсан Пленумы. Онда қаралған мәселе. Д. А. Қонаевті қызметінен алу. Алматыдағы Брежнев атындағы алаңдағы 1986 жылғы 17 –18 желтоқсандағы оқиғалар. Оның шығу себептері, сипаты, барысы, аяқталуы. Жастарды жазалау, т. б. қудалау шаралары. Желтоқсан батырлары. Аталған қозғалыстың Қазақстанның басқа аймақтарына тарауы. Шығыс Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы. Аталған оқиғаның елдегі саяси – қоғамдық ахуалға әсері. Маңызы. Қазіргі күнгі баға. ІІ – кезең – 1987 жылдың жазы – 1989 жылдың мамыры. Экономикадағы мемлекеттік жоспар мен нарықтық қатынастарды бірлесе жүргізу әрекеттері. (Мемлекеттік кәсіпорындар бірлестіктері, кооперация туралы заңдар, маңызы, орындалуы.) Елдегі алғашқы саяси партиялар мен ұйымдардың құрылуы. Қазақстандағы алғашқы саяси партиялар мен ұйымдар, олардың бағдарламасы, алғашқы атқарған істері. ”Семей – Невада” қозғалысы. Қоғамдағы, саяси – элеуметтік өмірдегі жариялылықтың басталуы, оның алғашқы қадамдары. КОКП –ның ХІХ конференциясы, оның шешімдері. Ел бойынша көппартиялы, көпмандатты сайлау жүйесінің басталуы. Аталған кезеңдегі елдегі экономикалық жағдайдың шиеленісуі. Бірінші кезектегі халық тұтыну тауарларының жетіспеуі, оларды пайдаланудың шектеулі – бақылау жүйесінің енгізілуі. Себептері. Үшінші кезең – 1989 жылдың мамыры – 1991 жылдың желтоқсаны. Экономикадағы дағдарыстың одан ары шиеленісуі. Халыққа қажетті деген тауарларға деген зәуірліктің одан ары жалғасуы. Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы кәсіпорындары жоспарларының орындалмауы.Қазақстандағы, т. б. республикалардағы демократиялық процесстердің жедел қарқынмен жүруі. Халық депутаттарының сьезі. Онда қаралған мәселелер. Ұлтаралық қарым – қатынастың шиеленісе түсуі. Прибалтика, Закавказья, Орта Азия республикаларындағы оқиғалар. Қазақстандағы Жаңа Өзендегі ұлтаралық шиеленісу, оның себептері. Социалистік жүйе елдеріндегі саяси, әлеуметтік дағдарыстың шиеленісуі. Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің, Варшава Шарты соғыс одағының тарауы. Герман мемлекеттерінің бірігуі. Болгария, Румыния, Польша, Венгриядағы оқиғалар. Олардың Кеңес Одағының болашағына әсері. Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар қызметінің белсенділігінің артуы. Қазақстанда осы кезеңде құрылған саяси партиялар мен ұйымдар. Олардың алдарына қойған мақсаттары мен атқарған істері. Қайта құру шаралары мен нақты жағдайлар арасындағы қарама – қайшылықтар. Кеңес Одағын сақтап қалу жолындағы әрекеттер. Аталған бағыттағы бүкілхалықтық референдум, оның қорытындылары. 1991 жылғы “тамыз бүлігі”. Оның қорытындысының бүкіл Одаққа, Қазақстанға әсері. Қазақстан Компартиясының таратылуы. 1991 жылғы желтоқсандағы Беловежскдегі Ресей, Украина, Белорусия жетекшілерінің келісімі. Осы жылғы 13 желтоқсандағы Ашхабад, 20 – 21 желтоқсандағы Алматы келісімі. Кеңес Одағының тарауы. ТМД – ның құрылуы, мақсаты, маңызы.
10- СОӨЖ тақырыбы: «Дінмұхаммед Қонаев саяси қайраткер ретінде».
Есеп беру түрі: жоба
№7 практикалық сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары.
Тапсырмалар:
1.80-ші жылдың екінші жартысындағы реформалар және оның кезеңдері
2. Нәтижелері мен іске аспау себептері.
3.Кеңес Одағының ыдырауының саяси, әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
4.КОКП-ның таратылуы, саяси аренадағы өзгерістер.
11- СОӨЖ тақырыбы:Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктері тақырыбына ассоциаграмма жасау.
Есеп беру түрі: Ассоциаграмма жасау.
СӨЖ тапсырмалары:Экологиялық қозғалыстар.
Есеп беру түрі: конспект.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005
2. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы,1991
3. Омарбеков Т. XX ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері,2001
4. Ә.Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997 ж. 113-114 б.б.
Сегізінші апта
№ 15 дәрістің тақырыбы:Тәуелсіз мемлекеттік дамудың қазақстандық үлгісі.
1.Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.
2.ҚР-ның мемлекеттік құрылысы.
3.Жергілікті (мемлекеттік) өзін-өзі басқару реформалары.
Терминдер мен анықтамалар:
Тәуелсіздік, егемендік, суверенитет, Конституциялық құрылыс. Конституциялық реформа.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы және ТМД-ның құрылуы. КСРО-ның құлауының басты себептері. Экономикалық дағдарыс. Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы. 1991 ж. 18-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі».
Жаңа одақ – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрылуы. 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімімен КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуы. 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін бүкілхалықтық сайлауы. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заңының қабылдануы. Сыртқы саясаттағы басты міндеттер.
№ 16 дәрістің тақырыбы: Тәуелсіз мемлекеттік дамудың қазақстандық үлгісі.
1. Қазақстанның ішкі саясаты. Елдегі демократиялық қадамдар.
2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жүргізген сыртқы саясаты.
Терминдер мен анықтамалар:Этносаясат, Ұлттық бірлік доктринасы, «G-Global» жаһандық сұхбаты.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер):
Азаматтық қоғам институттарын орнату және дамыту. Мемлекет пен Үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысы. Азаматтық форумдардың өткізілуі. Партиялық құрылыс және олардың Мәжіліс сайлауларына қатысуы (1999 ж., 2004 ж.). Мемлекеттің ақпараттық саясаты, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы. Конфессияаралық қатынастар және Қазақстанның этносаясаты. Қазақстан халқы Ассамблеясы: мәртебесі, рөлі мен қызметі. Ұлттық бірлік доктринасы. Өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі. «Бейбітшілік және келісім» сыйлығының алғашқы лауреаттары. Дін және мемлекет саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер сьездері (Астана қ.). Жұмыспен қамту және еңбек нарығы: өтпелі кезеңнің қиындықтары. Халықтың әлеуметтік жағдайы, өмір сүру сапасы мен деңгейі. Тұрғын үй құрылысы. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реформалар. Зейнетақы жүйесін реформалау және жетілдіру. Білім және ғылым, денсаулық сақтау ұлттық жүйесіндегі жаңару. Спорт пен туризмнің дамуы. Қазақстанның спорт әлеміндегі жетістіктері. Егеменді мемлекетіміздің халықаралық қауымдастықта мойындалуы: Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуы. Көпвекторлы сыртқы саясат. Әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық әріптестік. Мемлекеттік шекараны делимитациялау және межелеу. Каспий теңізі мәртебесін реттеу. Қазақстан 25 Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық тұрақтылықты нығайтудағы сыртқы саяси бастамалары. Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық бастамасы. Қазақстанның аймақтық қауіпсіздік жүйесін құруға қатысуы. Қазақстан және ТМД елдері: Бірыңғай экономикалық кеңестік пен Кеден одағына қатысуы. АӨСШК, ШЫҰ жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстанның ҚХР, АҚШ және Еуропа елдерімен қарым-қатынасы. Қазақстан және Түркі қауымдастығы. «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан және ЕҚЫҰ. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Астана саммиті. Қазақстанның ШЫҰ мен Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етуі. Қазақстан – БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінің мүшесі. Еліміздің жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы. Қазақстанның халықаралық рейтингтегі орны, жаһандық ядролық қаруды таратпау қозғалысындағы жетекшілік рөлі. Қазақстанның жаңа халықаралық бастамалары: «G-Global» жаһандық сұхбаты, жаһандық дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспары. Ұлттық қауіпсіздік және елдің қорғаныс қабілеті. ХХІ ғасырдың сын тегеуріндері мен қауіп-қатерлері. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік саясатының негізгі басымдықтары. Қазақстанның әскери доктринасы. Қазақстанның әскери қауіпсіздік саясатының негізгі басымдықтары. Әскери реформалар. Қарулы күштер қызметіндегі әскерилердің күнделікті өмірі.
12- СОӨЖ тақырыбы: ҚР үрдіс алған мемлекеттік бағдарламалар – әлемдік тәжірибе нәтижелері.
Есеп беру түрі: реферат
№8 практикалық сабақтың тақырыбы: Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы.
Тапсырмалар:
4. Кеңестік қоғамның саяси дағдарысы
5. Кеңестік қоғамның әлеуметтік дағдарысы.
6. Кеңестік қоғамның экономикалық дағдарысы.
СӨЖ тапсырмалары:Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы.
Есеп беру түрі: Презентация
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні // http: kk.wikipedia.org/wiki
2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. — Алматы: Раритет, 2010. — 448 б.
3. Сұлтанов Қ. Серпінді кезең. — Астана: Елорда, 2005. — 608 б.
4. Абрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі. — Алматы: Атамұра, 2006. — 392 б.
5. Назарбаев Н.Ә. Нұр Отанның дамуында жаңа белес басталды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтің «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. — № 21 — 18—қаңтар. — 2008.
6. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. — Алматы: Қарасай, 2006. — 216 б
Источник: http://e-history.kz
© e-history.kz
Тоғызыншы апта
№ 17 дәрістің тақырыбы:
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және білім беру жүйесіндегі реформалар.
1. Қазақстан Республикасының Егемен ел жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалы. Нарықтық қатынастарға көшу.
2. ҚР әлемнің неғұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті қабілетті елу елінің қатарына кіру жолында.
Терминдер мен анықтамалар:
Нарықтық экономика, экономиканы реформалау, ұлттық валюта, нарықтық түрлендіру,жеке меншік, экономиканы ырықтандыру, инфляция, трансакциялық немесе ымыралық кезең,инвестиция,транзиттік кезең, есік ашар кезең.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Нарықтық экономика, экономиканы реформалау, ұлттық валюта, нарықтық түрлендіру,жеке меншік, экономиканы ырықтандыру, инфляция, трансакциялық немесе ымыралық кезең,инвестиция,транзиттік кезең, есік ашар кезең.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Нарықтық экономика, экономиканы реформалау, ұлттық валюта, нарықтық түрлендіру,жеке меншік, экономиканы ырықтандыру, инфляция, трансакциялық немесе ымыралық кезең,инвестиция,транзиттік кезең, есік ашар кезең
дәрістің тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және білім беру жүйесіндегі реформалар.
1.Елдегі демографиялық өзгерістер.
2.Білім жүйесінің реформалары.
3.Жаңа әлеуметтік экономикалық жағдайдағы ғылым.
Терминдер мен анықтамалар: демография, көші-қон, халық санағы, «Нұрлы көш» бағдарламасы, «Болашақ» степендиясы.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығындағы демографиялық жағдайдың күрт нашарлауы. Өтпелі кезеңдегі белсенді көші-қон үдерісі. Халықтың қозғалыс ағымы. Отандастардың елге оралуы. І Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы (1992 ж.). Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы халық санағы (1999 ж.). Түбегейлі демографиялық өзгерістер. Табиғи және көші-қон есебінен халық санының тұрақты өсуі. Көші-қон үдерістерін реттеу. Екінші халық санағы (2009 ж.). Қазақ халқы үлесінің артуы. Отандастар және «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы. Білім беру саласындағы өзгерістер: жаңа жоғары оқу орындарының құрылуы, Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесінің (ҰБТ) енгізілуі. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы.
13- СОӨЖ тақырыбы:Тәуелсіз Қазақстан Республикасында жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі.
Есеп беру түрі: жоба
№9 практикалық сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы.
Тапсырмалар:
1. ҚР-ның мемлекеттік құрылысы.
2.Қазақстан Республикасының Конституциясы (30 тамыз 1995 ж.) мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеткерліктер туралы.
14- СОӨЖ тақырыбы:Шетелдердегі қазақ ирриденталары мен диаспораларының пайда болуының тарихы.
Есеп беру түрі: реферат
СӨЖ тапсырмалары:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары).
Есеп беру түрі: конспект