Мемлекеттік типологияның ғылыми негіздері
Типология-қоғамның тарихи дамуының негізгі мзмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер.
Мемлекеттерді типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бұл пікір қоғамды зерттеуде таптық мәселесімен тығыз байланысты. К. Маркс. Ф. Энгельс, Ленин мемлекет үстемдік таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіріледі. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт тұрге бөлінді: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік мемлекеттер.Бір тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді. Мемлекеттің негізгі мақсаты бір таптың диктатурасын орнату. Марксизм мемлекеті – бір таптың екінші тапты қанау аппараты деп анықтады. Типті осындай бөлудің прогрессивтік, негативтік те жақтары бар. Бір жағынан мемлекет мемлекет таптың құрылуымен байланысты анық көрінеді, таптар және топтар құрылмаған қоғамдарда мемлекет болмайды. Негізінде мемлекет алдындағы мақсат екіге бөлінеді: бір жағынан бүкіл қоғамның мақсаттарын қорғап, жалпы қоғамдық мәселелерді шешу, ал екінші жағынан – таптардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдету.
Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериймен де бөлу қазір жиі кездеседі. Цивилизациялық әдістің және формациялық бөлудің айырмашылықтары көп. Формациялық критерий көбіне қоғамның таптық құрылысы мен өндірстік тәсіліне көңіл аударады.
Мемлекетік типология әдісінің хронологиялық түрі. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар. Мысалы, иллюстрация меністелген дүниежүзілік тарих кітабында ағылшын тарихшысы Маргарет Олифант бүкіл тарихты былай бөледі: Ежелгі цивилизациялар, Рим және ежелгі тарих, орта ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу кезеңдері (1555-1650), өзгеріс және дағдарыс кезеңдері (1650-1800), одан кейін 19 ғасыр және қазіргі дәуір. Сонымен, мемлекеттің дамуын бұл тарихшы 8 кезеңге бөледі.
Хронологиялық бөлудің басқа да түрлері бар: ежелгі ғасырлар, орта ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бұл хронологиялық бөлудің көп прогрессивтік жақтары бар.
44. Заң түрлері және оның ерекшеліктері.
Ежелден құқықпен қатар заң деген ұғым да қалыптасқан. Қазақстан Республикасының Парламенті заңдар қабылдайды. Олар – конституциялық және жай заңдар. Президент жарлықтар қабылдайды. Жарлықтар – заң күші бар және және жай жарлықтар түрінде болады. Қазақстан Үкіметі қаулылар, шешімдер, ережелер қабылдайды. Жергілікті мемлекет органдары да шешімдерін, қаулыларын қабылдайды.
Осы нормативтік-құқықтық актілердің ең негізгісі – заңдар. Әдебиетте заң «кең» тұрғыдан және «тар» тұрғыдан түсіндіріледі. Кең тқрғыдан алсақ, заңға нормативтік актілердің барлық түрлері: нағыз заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар, т.б. жатады. Ал «тар» тұрғыдан қарайтын болсақ, заңға тек қана «заң» деп аталатын нормативті-құқықтық актілер ғана жатады. Заң өз мәнінде алатын болсақ, нормативті-құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет атқаратын акт болып есептеледі.
Заң – басқа нормативтік актілердің төрінен орын алатын акт. Біріншіден, заңды мемлекеттің ең жоғарғы заң шығаратын органы – Парламнт шығарады. Екіншіден, заң қоғамдағы ең күрделі қатынастардың бүкіл қоғам мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, заңның ең жоғары құқықтық күщі бар.
Заңдар өз ішінде түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: Конституция, конституциялық заң, жай заң. Мұның ішінде ең жоғары құқықтық күші бары – Конституция. Мемлекеттегі барлық нормативтік актілер Конституция негізінде, соған сәйкес жасалып, қабылдануы керек. Қазақстан Конституциясы бойынша конствтутциялық заң Конституциядан құқықтық күші жағынан төмен тұрады. Құқықтық күшіне қарай конституциялық заңнан кейін жай заң тұрады.
Басқа нормативтік актілер заңға тәуелді актілер қатарына жатады.
«Құқықты қоғам жасайды, заңды мемлекет жасайды» деген тұжырым – заң мен құқықты ажыратудың қажет екендігінің белгісі. Құқықты қалыптастыратын қоғам. Құқық – қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Заң шығарушылық неғұрлым құқықтың талаптарын толығынан ескеретін болса, соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады. Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға негіз бар. Біріншіден, құқықтық заң қоғамдық қатынастарды жөнге салып, реттеуге, дамытуға ат салысады; екіншіден, құқықтық заң әділдікті, адамгершілікті баянды етеді; үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп, халықтық сипатқа ие болады. Заңның құқық талаптарына сай келуі оның сапасын жоғары көтереді.