Каталогтар түрлерін талдаңыз
Каталог-кітапхананың негізгі анықтамалық және ақпараттық-іздеу құралы. Құжаттардың топтастырылуы әдістеріне қарай: алфавиттік, жүйелік және пәндік каталог болып бөлінеді. Баспа шығармаларының түрлеріне (кітаптар, мерзімді және жалғасты басылымдар, ноталар, картографиялық материалдар, техникалық құжаттар мен әдебиеттердің арнаулы түрлерінежәне т.б) қарай жеке каталогтар қалыптастыруға болады.
Кітапхан каталогы, кез келген ақпараттық-іздеу жүйесі сияқты ақпараттық-іздеу және білім беру міндетін атқарады. Кітапханалық каталогтар оқырмандардың зияткерлік және кәсіби жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін білім беруші міндетін атқарады.
Kітапхана қорындағы баспадан шыққан және қолжазба күйіндегі шығармалардың тізімі. Каталог кітапхана қорының мазмұнын көрсетуде, оқырмандардың қажетті кітапты тауып алуында, кітапхана міндеттерін шешуде көмекші құрал болып табылады. Кітапхананың кітап қорын жасайтын түрлітақырыптағы баспадан шыққан шығармалар мен оқырмандар талабының әрқилылығы Каталогтың күрделі жүйесін құруды қажет етеді. Атқаратын қызметіне қарай кітапхана Каталогы – оқырмандар Каталогы және жұмыс Каталогы болып бөлінеді. Жұмыс Каталогына оқырмандар сирек талап ететін және ескірген әдебиеттердің тізімі енеді. Материалдарды топтастыру жағынан Каталогтар жүйелік, пәндік, әліпбилік, нөмірлі тағы басқа болады. Каталогтарға баспадан шыққан шығармалар түрлері тізіледі: кітаптар, мерзімді басылымдар, графикалық шығармалар, стандарттар, патенттер және авторлық куәліктер. Ірі кітапханаларда кітапхананың толық қорын қамтитын бас Каталогпен қатар бөлімдердің қорын көрсететін Каталогтар құрастырылады. Кітапхананың және кітапханааралық абоненттің ақпараттық қызметі кеңейген сайын жинақтау Каталогның маңызы артады. Ол бірнеше дербес кітапханалардың қорын көрсетеді және территориясына не саласына қарай жасалады. Форма жағынан каталогтар карточкалы Каталог, баспалы каталог(кітап түрінде), блоккарточкалы каталог (блокнот немесе альбом түрінде) болады. Мезгілінде толықтырып, өзгертіп отыруға ыңғайлы болғандықтан, карточкалы каталог көп тараған.
Алфавиттік каталог- библиографиялық жазбалар автордың немесе авторлар ұжымының аты-жөндері немесе құжат тақырыптарының алфавит ретіне сәйкес орналастырылған кітапхана каталогы. Бір басылымға бірнеше қосымша карточка толтырылуы мүмкін: қосымша авторлардың фамилияларына, редакторларына, басылымның атауына, дайындаушы ұжымның атына.
Алфавиттік каталог қордың авторлар құрамын анықтап көрсетеді, сондықтан кейде «авторлық каталог » деп те аталады. Алфавиттік каталогтың құрылымы қай тілде болмасын карточкалардың қатаң алфавиттік ретпен орналасу тәртібімен ерекшеленеді.
Алфавиттік каталог бойынша белгілі бір автор кітабының, белгілі бір мекеме еңбектерінің бар-жоғын тез анықтауға болады.
Жүйелік каталог-библиогафиялық жазбалар кітапханалық-библиографиялық жіктеудің белгілі бір жүйесіне сәйкес білім салалары бойынша орналасатын кітапханалық каталог. Жүйелік каталогтың құрылымы кітапханада қабылданған кітапханалық-библиографиялық жіктеу жүйесі бойынша белгіленеді. Жүйелік каталогтың негізгі ақпараттық функциясы-қор мазмұнын ғылым салалары бойынша ашып, қажетті әдебиеттерді іздестіруді қамтамасыз ету және әдебиеттер ұсыну. Жүйелік каталогта библиогафиялық жазбаларды орналастырудың екі түрі бар, ол- кері хронологиялық және алфавиттік. Көпшілік кітапханалардағы жүйелік каталогта библиографиялық жазбаларды сала көрсетілген бөлгіштен кейін алфавиттік (автордың аты-жөні немесе кітаптың атауы бойынша) топтастыру қолданылады. Каталогта карточкадағы библиографиялық жазбалар алфавиттік ретпен қойылады.
Жүйелік каталог тақырып бойынша ақпарат іздеуге қолайлы.
Пәндік каталог-библиографиялық жазбалар пәндік айдардың алфавит тәртібі бойынша орналасқан кітапханалық каталог. Пәндік каталогты түсініктемелік-терминологиялық аппаратты нақты көрсетілген қолданбалы ғылымдарға пайдалану өте ыңғайлы. Құжаттарды білім саласына байланысты жинақтай отырып, сол арқылы пәндік каталог жүйелік каталогты толықтырады.
Өлкетану каталогы-кітапхана қорындағы өлкетану туралы (белгілі бір облысқа, өлкеге, ауданға қатысты) құжаттарды қамтитын кітапханалық каталог.
Өлкетану каталогы жүйелік, алфавиттік, пәндік түрінде болуы мүмкін. Бірақ, кітапхана ісіне байланысты құжаттарды мемлекеттік тораптағы кітапханаларда жүйелік өлкетану каталогтарын ұйымдастыру ұсынылған. Жүйелік өлкетану каталогы арнаулы жіктеу кстесі бойынша құрастырылған. Өлкетану каталогының жүйелік каталогтан айырмашылығы құжаттардың іріктелуінен, құрылымы, топтау әдісі мен редакциялау талабы және т.б өзгешеліктерінен байқалады.
Құжаттарды іріктеуде аймақтың тарихы, мәдениеті, экономикасы жайлы материалдарға басымдылық беріледі. Материялдар тек қана кітаптардан , кітапшалардан ғана емес, ақпарат беретін барлық құжат түрлерінен ( газет-журналдардан, бейнелеу өнері туындыларынан, ноталардан, слайдтардан, электронды дерекқорлардан) алыныды.
Электронды каталог- кітапхана ісіндегі жаңа технологияларды пайдалану, кітапханаларда машина арқылы оқылатын каталог.
Заманауи кітапханалар тәжірибесінде электронды каталогтар түзу күнделікті жұмыс ретінде еркін енген.
Қазіргі уақыттағы іс-тәжірибе барысында-ол кітапханалардың дәстүрлі каталогтарымен бірге қалыптастырылып келеді.
Кітапханалық электронды каталог қалыптастыру-арнайы кітапханалық автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламасының «Каталогизатор» модулін пайдалану арқылы іске асырылады.
Қазіргі уақытта респеблика кітапханаларында әртүрлі кітапханалық автоматтандырылған ақпараттық жүйе бағдарламалары қолданылуда. Олар: РАБИС, ИРБИС, КАБИС т.б. бағдарламалар.