Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы

Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар — бұл өндіріс көлемінің түрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; ар­наулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Мемлекеттік резервтер — мемлекет жасайтын шикізаттың, материалдардың, отынның, машиналар мен жабдықтың бірқатар түрлерін, астықтың, азық-түлік тауарларының, қорғаныс мұқтаждары үшін арналған өнімнің маңызды түрлерінің босалқы қорлары. Мемлекеттік резервтер үнемі қалпына келтіріліп, молықтырылып отыратын мемлекеттің айрықша орталықтандырылған қорын құрайды. Мемлекеттік резервтер мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен жасалынады.
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәденишараларға — оқу-ағартуға, ақпарттық қызметтер көрсетуте (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табыла­ды.

24.Салықтардың экономикалық мәні, қағидаттары және функциялары. Лаффер қисығы. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге дейін иесіз пайдаланылуында. Осымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады. Осыларға сәйкес қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды: Фискалдық функцияның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі, өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; Реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді; Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады, ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді.

Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

график. Лаффер қисығы.  
Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru бюджетке салық түсімі Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы - student2.ru М L N 0 15 30 45 60 75 салық өсімі (%) Егерде салық өсімі О –ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.

Наши рекомендации