Р Үкіметі және оның негізгі функциялары
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Функциялары:
-ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
-мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
-әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
-Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
-ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
-мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
-құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
-баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
-мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
-мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
-еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
-мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
-аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
-ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
-табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
20. Мемлекеттік басқарудағы жауапкершілік категориясы және оның мемлекеттік басқарудағы орны
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Жауапкершілік— адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі. Өсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу - қазіргі заман өзекті мақсаты. Мұғалімнің өзінде де жауапкершілік болғаны жөн. Жауапсыз мұғалім - білім саласындағы енбейтін кұбылыс; ата-аналардың өз балалары тәрбиесі үшін жауапкершілігін белгілейтін заңды және өнегелі нормалар.Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай Жауапкершілікті әрқалай сезінеді. Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған-туыстары, жора-жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді
21.Адам мемлекеттік басқару объектісі және субъектісі ретіндеМемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу - мемлекеттегі басқарудағы субъект пен объект қатынастарынын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субъектісі - мемлекет, ал объектісі - қоғам. Бірақ былай қорытынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет: субъект ретінде мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси- - құқықтық институт ретіндегі мемлекетті қарастырамыз ба? деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни саяси- - құқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.Мемлекетті басқару теориясында субъект түсінігі біржақты емес. Сондықтан саясат субъектісі, мемлекет басқару субъектісі, лауазымды қызмет субъектісі түсініктерін ажыратып алу керек.Мемлекетті басқару субъектісі - билікті жүзеге асыруға және қоғамдық процестер мен мемлекеттің жеке қызметін тікелей басқаруға конститутциялық өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдары.Мемлекеттік басқару субъектілері:мемлекеттік билік түрі бойынша;билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай;қызмет саласына қарай;басқару огбъектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты;құрамына қарай бөлінеді.Мемлекеттік басқару субъектілері ұжымдық немесе жеке болсын өзінің анықтамасына сәйкес келетін қасиеттерді бойына жинақтаған кезде ғана ол басқару субъектісі болып табылады.Бұл қасиеттерді келесі топтарға жіктеуге болады: дамыған саяси және құқықтық сана мен дара сана; мемлекеттік басқару және қазіргі заманғы менеджменттің теориясы мен практикасын білу; ұйымдастырушылық қабілет; әлеуметтік өмірге белсене араласу мен басқару ісін жүзеге асыра алатын тәжірибенің болуы.Мемлекеттік басқару объектісі де терең талдауды қажет ететін проблема. Объектінің шегін анықтау - пікірталас тудыратын мәселе болып табылады. Басқаша айтқанда, мемлекеттің басқарушылық ықпалы бүкіл қоғамға тарамай ма, оның белгілі шегі бар ма? деген сұрақ туындайды. Классикалық либерализм ұстанымы бойынша мемлекеттік басқару объектісінің шеңбері шектеулі. Ол мемлекеттік саяси сфераны әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани сферадан азаматтырдың мемлекеттік емес бірлестіктерінен бөліп қарайды. Либералдар демократияның дамуына қарай қоғамның мемлекеттік емес сферасы кеңейеді және мемлекеттің адамдардың іс-әрекеттеріне тікелей әсер ету кеңістігі азаяды деп санайды. Мемлекеттік басқару объектісін түсінудің басты жолы - этатизм тұжырымдамасы. Осы тұжырымдамаға бойынша мемлекеттік басқару барлық қоғамға таралады деп қарастырылады. Ол тоталитарлық жүйеде жүзеге асады. Этатизм мәні - қоғамды мүлтіксіз бақылау, саяси және әкімшілік қызметтің қоғам өмірінің барлық сфераларынан басымдығы, мемлекет пен қоғам арасында ешқандай проблема жоқ дегенді білдіреді.Тоталитарлық жүйеде мемлекет әрқашанда қоғамнан басым болды, ал қоғам өз кезінде мемлекеттке мүлтіксіз бағынды.Осының нәтижесінде халық мемлекетті адамдардан оқшау тұратын және тәуелсіз болатын билік жүргізу машинасы деп түсінді.Адам мүдделері бойынша басқару үдерісін сипаттайтын бірнеше негізі ұғымдарды қарау қажет. Солардың ішінде демократиялық басқарудың қажеттілігі туралы мәліметтер жиі айтылады. Демократиялық басқару дамудың оң кезеңін ынталандыра алады, өйткені саяси еркіндік әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктерді ұлғайтатын бағдарламаларды қабылдауға адамдардың қол жеткізулеріне мүмкіндік туғызады, ал ашық талқылау қоғамдастықтарға басмдықтарды қалыптастыруға көмектеседі.Еркін баспасөз бен азаматтық қоғам бағдарламаларды талқылау мен қабылдауға қатысуға жаңа мүмкіндіктер береді.Демократиялық басқару - өзіндік құны бар жетістік. Сонымен бірге, ол үш себепке қарай, адам әлеуетінің (потенциялының) дамуын да ынталандыра алады.Біріншіден, саяси еркіндіктер мен адам өмірін айқындайтын шешімдерге қатысу мүмкіндігі - адамның негізгі құқықтары: адам әлеуеті (потенциялы) дамуының өзіндік құнды элементтері болып табылады. Екіншіден, демократия халықты экономикалық және саяси апаттардан, мәселен, аштықтан немесе жүгенсіздіктерден қорғауға көмектеседі..