Мәңгілік ел ұлттық идеясы негізі мен маңызы
Еліміз ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғана өз билігі өз қолына тиіп, тәуелсіз ел атанды. Бүгінде уақыт көшімен ілгері адымдап келе жатқан тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл толғалы отыр. Осынау қысқа уақыттың ішінде еліміз алыс-жақынға барынша танылып, айдай әлемнің алдында мәртебесі асқақтап-ақ келеді. Өйткені Еуропа төрінен адамзатқа көшелі ойын, һәм көсем сөзін жеткізіп отырған Қазақстанды күллі әлем таниды. Сондықтан да еліміз шартарапты аузына қаратып, сарабдал саясатын төрткүл дүниеге болмысында бар көсемдігімен, жаратылысында бар парасатымен төңірегін таңқалдырып, айнала-маңайын мойындатып, мүмкін болған биік белестердің денін бағындырды. Солай тәуелсіз Қазақстан қазіргі таңда қуатты Қазақстанға айналып, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСІШК сияқты ұйымдардың алдындағы белсенділігі артты, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ секілді іргелі ұйымдарға төрағалық етті. Дәстүрлі дін басшыларының 3 жыл сайын өтетін бас қосу, пікір алмасу алаңына айналған еліміз бірлік пен тұтастықтың қарашаңырағына айналып үлгерді. Осындай салиқалы саясаттың басы-қасында өзіміз қадірлеген ұлт көшбасшысының, заман сомдаған Елбасының орны тым бөлек, өлшеусіз-ақ десе болғандай. Расында Елбасы Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы еңбегі ұшан-теңіз. Оның бүкіл болмысы, саналы ғұмыры, талайлы тағдыры туған еліміздің болашағымен тікелей байланысты. Сол себепті де Елбасымыз «алдымен - экономика, сонан соң - саясат» қағидатының арқасында көпшілік қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақсартып, елімізді Қуатты Қазақстанға айналдырды. Бүгінде сол Елбасымыздың бастамашылдығымен 2015 жыл мерейлі оқиғаларларға толы жыл болып, еліміздің жер-жерінде асқақ рухымыз бен ұлттық тініміздің қайта жаңғыруына сүбелі үлес қосуға тырысып бағудамыз. Алайда қанша жерден біз тәуелсіздік алдық десек те, нешеме ғасырлар бойында қыл бұраудай оратылған мойынымыздағы бодандық қамытынан арылмай-ақ келеміз-ау осы. Бұл, түптеп келгенде, жанды баураған басыбайлы психологияның санамызды сансыратқан, тағдырымызды тәлкекке түсірген, жадымызды шайып салған, ұлттық өзегімізді, яғни тарихымызды, әдебиетімізді, мәдениетімізді, өнерімізді мұқым мүлде өзгеріске ұшыратқан жағдайының шынайы көрінісі, айқын мысалы. Біз олай болса, бұрыңғы-соңғы жіберіп алған кемшіліктеріміз бен қателіктерімізден, тіпті жеңісті жетістіктеріміз бен зор табыстарымыздан сабақ алуға, кейінгі ұрпаққа тағылымы алабөтен өнеге, мол үлгі қалдырсақ жарар еді. Мұның өзі «Қазақ хандығының құрылуына – 550 жыл» толып отырған салтанатты мерейтойдың мән-мәнісін мазмұндап, таным талқысына салумен қабысып жататыны анық. Сондықтан да біз тарих қойнауында қалған өткен бір замана көшінде сапырылысқан тарихи оқиғалардан тағылым алып, оның ілгері-кейінді кемшіліктері мен қателіктерін қайталамауға, түзетуге тиістіміз. Былайша айтқанда, баршамыз осы бір қазақ елінің, хандығының, жерінің, тілінің, ділінің және салт-дәстүрінің қалай қалыптасқанын білгеніміз, жадымызда сақтағанымыз абзал. Бұл туған еліміздің қалың тарихына деген ықылас-ыждағатын оятып, оның елжанды асыл сезімдері мен отаншылдық рухтағы өрелі таным талқысының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосады. Тіпті, бағдарлы болашағының жарқын болуына септеседі. Немесе өзіміздің «кейінгі толқын» кіші буынның туған тарихымызға деген құрметін барынша арттырып, олардың сол тарихқа жан-тәнімен құлаш ұрып, бабаларымыздың мәңгілік аңсарындай болған мәңгілік мұраты – «Мәңгілік Елдің» іргетасының қалануы болып табылады. Нақтырақ айтқанда, аталмыш тақырыпты таным талқысының аясында ұлттық тұтастығымызбен қоса-қабат, өзара байланыстыра отырып қарастыру – ол «Мәңгілік Елдің Мәңгілік Мұраттарымен» астасып жатары сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде біз «Мәңгілік Елдің Мәңгілік Мұраттарын» талқыға түскен талайлы тағдырдың тарихи көзқарастан тамыр тартқан ұлттың тұтастық идеясымен, тарихи тұлғаның қайталанбас өр рухымен, оның азаматтық мойынсынбауымен, һәм ұлттық намысымен, өзіндік мақтанашымен зерделегеніміз жөн болмақ.Асылы кез келген ұлттың тұтастығы оның идеясында жатады. Қарға тамырлы қазақтың күні бүгінге дейінгі өзіндік идеясы – ел болу, қала берді, ұлттық негіздегі қазақ елін құру; былайша айтқанда, елдік сананың өмірге келіп, оның сапырылысқан ғасырлар тоғысында жете қабыл өміршең идеяға айналып, халық мүддесінің «Мәңгілік Елді» құруға дәйектелген тұжырымының шынайылығында болатын. Осы тұста тарихшы М.Қойгелдінің мына бір пікірін келтіріп кетуді орынды санаймыз: «ұлт болып қалыптасу жолында тұрған қазақ елінің қоғамдық санасында ұдайы өзгерістер болып жатты». Расында бұл нендей өзгерістер дегенге келсек, ол елімізді жаудың қара ниеті мен қалың қолынан сақтану үшін түрлі ауыртпалықтарға қарамастан бабаларымыздың ұлттық ұю және кемелдену жолындағы табанды әрекеті деуге болады. Тағы да сол тарихшы М.Қойгелдіні оқып отырып, оның «жалпыұлттық ұстанымға айналған дейтін «Қазақ Елі» идеясы мен «Мәңгілік Ел» идеяларының арасында өзара сабақтастық бар екендігін, ал бұл ұстанымдардың ғұн, үйсін және қаңлы сияқты этникалық қауымдастықтардың қоғамдық өмірінен бастау алатынын айтқан жөн» деген пікірінің құнды, һәм негізсіз еместігіне көз жеткіземіз. Ең бастысы, ол тарихшы, мемлекеттік тұтастықсыз ел болып өмір сүре алмайтындығымызды назарымызға салады.Еліміз ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғана өз билігі өз қолына тиіп, тәуелсіз ел атанды. Бүгінде уақыт көшімен ілгері адымдап келе жатқан тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл толғалы отыр. Осынау қысқа уақыттың ішінде еліміз алыс-жақынға барынша танылып, айдай әлемнің алдында мәртебесі асқақтап-ақ келеді. Өйткені Еуропа төрінен адамзатқа көшелі ойын, һәм көсем сөзін жеткізіп отырған Қазақстанды күллі әлем таниды. Сондықтан да еліміз шартарапты аузына қаратып, сарабдал саясатын төрткүл дүниеге болмысында бар көсемдігімен, жаратылысында бар парасатымен төңірегін таңқалдырып, айнала-маңайын мойындатып, мүмкін болған биік белестердің денін бағындырды. Солай тәуелсіз Қазақстан қазіргі таңда қуатты Қазақстанға айналып, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСІШК сияқты ұйымдардың алдындағы белсенділігі артты, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ секілді іргелі ұйымдарға төрағалық етті. Дәстүрлі дін басшыларының 3 жыл сайын өтетін бас қосу, пікір алмасу алаңына айналған еліміз бірлік пен тұтастықтың қарашаңырағына айналып үлгерді. Осындай салиқалы саясаттың басы-қасында өзіміз қадірлеген ұлт көшбасшысының, заман сомдаған Елбасының орны тым бөлек, өлшеусіз-ақ десе болғандай. Расында Елбасы Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы еңбегі ұшан-теңіз. Оның бүкіл болмысы, саналы ғұмыры, талайлы тағдыры туған еліміздің болашағымен тікелей байланысты. Сол себепті де Елбасымыз «алдымен - экономика, сонан соң - саясат» қағидатының арқасында көпшілік қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақсартып, елімізді Қуатты Қазақстанға айналдырды. Бүгінде сол Елбасымыздың бастамашылдығымен 2015 жыл мерейлі оқиғаларларға толы жыл болып, еліміздің жер-жерінде асқақ рухымыз бен ұлттық тініміздің қайта жаңғыруына сүбелі үлес қосуға тырысып бағудамыз. Алайда қанша жерден біз тәуелсіздік алдық десек те, нешеме ғасырлар бойында қыл бұраудай оратылған мойынымыздағы бодандық қамытынан арылмай-ақ келеміз-ау осы. Бұл, түптеп келгенде, жанды баураған басыбайлы психологияның санамызды сансыратқан, тағдырымызды тәлкекке түсірген, жадымызды шайып салған, ұлттық өзегімізді, яғни тарихымызды, әдебиетімізді, мәдениетімізді, өнерімізді мұқым мүлде өзгеріске ұшыратқан жағдайының шынайы көрінісі, айқын мысалы. Біз олай болса, бұрыңғы-соңғы жіберіп алған кемшіліктеріміз бен қателіктерімізден, тіпті жеңісті жетістіктеріміз бен зор табыстарымыздан сабақ алуға, кейінгі ұрпаққа тағылымы алабөтен өнеге, мол үлгі қалдырсақ жарар еді. Мұның өзі «Қазақ хандығының құрылуына – 550 жыл» толып отырған салтанатты мерейтойдың мән-мәнісін мазмұндап, таным талқысына салумен қабысып жататыны анық. Сондықтан да біз тарих қойнауында қалған өткен бір замана көшінде сапырылысқан тарихи оқиғалардан тағылым алып, оның ілгері-кейінді кемшіліктері мен қателіктерін қайталамауға, түзетуге тиістіміз. Былайша айтқанда, баршамыз осы бір қазақ елінің, хандығының, жерінің, тілінің, ділінің және салт-дәстүрінің қалай қалыптасқанын білгеніміз, жадымызда сақтағанымыз абзал. Бұл туған еліміздің қалың тарихына деген ықылас-ыждағатын оятып, оның елжанды асыл сезімдері мен отаншылдық рухтағы өрелі таным талқысының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосады. Тіпті, бағдарлы болашағының жарқын болуына септеседі. Немесе өзіміздің «кейінгі толқын» кіші буынның туған тарихымызға деген құрметін барынша арттырып, олардың сол тарихқа жан-тәнімен құлаш ұрып, бабаларымыздың мәңгілік аңсарындай болған мәңгілік мұраты – «Мәңгілік Елдің» іргетасының қалануы болып табылады. Нақтырақ айтқанда, аталмыш тақырыпты таным талқысының аясында ұлттық тұтастығымызбен қоса-қабат, өзара байланыстыра отырып қарастыру – ол «Мәңгілік Елдің Мәңгілік Мұраттарымен» астасып жатары сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде біз «Мәңгілік Елдің Мәңгілік Мұраттарын» талқыға түскен талайлы тағдырдың тарихи көзқарастан тамыр тартқан ұлттың тұтастық идеясымен, тарихи тұлғаның қайталанбас өр рухымен, оның азаматтық мойынсынбауымен, һәм ұлттық намысымен, өзіндік мақтанашымен зерделегеніміз жөн болмақ.Асылы кез келген ұлттың тұтастығы оның идеясында жатады. Қарға тамырлы қазақтың күні бүгінге дейінгі өзіндік идеясы – ел болу, қала берді, ұлттық негіздегі қазақ елін құру; былайша айтқанда, елдік сананың өмірге келіп, оның сапырылысқан ғасырлар тоғысында жете қабыл өміршең идеяға айналып, халық мүддесінің «Мәңгілік Елді» құруға дәйектелген тұжырымының шынайылығында болатын. Осы тұста тарихшы М.Қойгелдінің мына бір пікірін келтіріп кетуді орынды санаймыз: «ұлт болып қалыптасу жолында тұрған қазақ елінің қоғамдық санасында ұдайы өзгерістер болып жатты». Расында бұл нендей өзгерістер дегенге келсек, ол елімізді жаудың қара ниеті мен қалың қолынан сақтану үшін түрлі ауыртпалықтарға қарамастан бабаларымыздың ұлттық ұю және кемелдену жолындағы табанды әрекеті деуге болады. Тағы да сол тарихшы М.Қойгелдіні оқып отырып, оның «жалпыұлттық ұстанымға айналған дейтін «Қазақ Елі» идеясы мен «Мәңгілік Ел» идеяларының арасында өзара сабақтастық бар екендігін, ал бұл ұстанымдардың ғұн, үйсін және қаңлы сияқты этникалық қауымдастықтардың қоғамдық өмірінен бастау алатынын айтқан жөн» деген пікірінің құнды, һәм негізсіз еместігіне көз жеткіземіз. Ең бастысы, ол тарихшы, мемлекеттік тұтастықсыз ел болып өмір сүре алмайтындығымызды назарымызға салады«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.Тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың ерен еңбегі жатыр. Тәуелсіздіктің бабаларымыздың сан ғасырғы арманымен келгенін Елбасымыз әрдайым қазіргі ұрпақтың есіне салып отырады: «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Ел тағдырының мәні азаттықтыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса, осы жолда қаншама алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Кешегі кеңестік кезеңде де ғасырларға созылған тарихы бар қазақ елін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерге тойтарыс беріліп, «қазақ жері» деген ұғымның сақталып қалу жолында ерен еңбектер атқарылды. Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын «Мәңгілік ел» идеясын тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап қайда барса көрге кезіккен Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге болады. Олардың әрекеттерінің негізінде де осы мәңгілік ел болуға ұмтылған, мәңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты. Асан қайғы - елдің ертеңінің жарқын, еркіндігі мен бақытының баянды болғанын армандап, қазақ жерінің түкпір-түкпірін аралап, жайлы қоныс табудың жолын іздеген данышпан. Оның аңсағаны елді орнықтыратын жайлы мекен тауып, елдің мәңгілігін жаңғырту еді. Оның іздеген жерұйығының мәні халқы тәуелсіздік құндылығын ұлықтайтын, ел-жұрты бейбіт өмір сүретін, адамгершілік пен бауырластықты ту етіп, татулықта ұйысып өмір сүретін құтты қонысты табуда болды. Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті.«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Мемлекеттің осы бағытта атқарып жатқан ізгі жұмыстары аз емес, солардың бірі осы - «Мәңгілік ел» идеясы. Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам» атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды. Мұндағы «Біртектілік пен бірлік» реформасында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты қадамдар жүзеге асыру көзделді. Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз - егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік!
Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз
ХХ ғасырдың 30—жылдар басында өткерген сол бір нәубет ашаршылықты жасаған, жаппай ұжымдастыру идеологиясының негізін салушы, сонымен қатар Қазақстандағы «Кіші Қазан» төңкерісінің негіздеушісі, Сталиннің ұртоқпағы — Ф. Голощекин болатын. Голощекиннің келе сала қолға алған ісі — жаппай кеңестендіру жүйесін енгізіп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығын өзгертуге бағытталған идеясы. Күштеп ұжымдастыру тәсілдері астық, ет дайындау науқанын көп мөлшерде орындау қажеттігіне қарамастан, қазақ көшпелі өмір салтын отырықшыға айналдыру стратегиясы 1929 жылдан бастап Қоныстандыру басқармасының әзірлеген шаралары негізінде жүзеге асырыла бастады. Ауылшаруашылық өнімдерін күштеп дайындау жоспарына қазақ қоғамы кеңестендіру саясатына мойынсұна қоймады, себебі ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі халықтың ұлттық дәстүрлі шаруашылығы жаңа таптық жүйені жылдам қабылдауға дайын емес еді. Большевиктік партияның жүргізген ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақ жерінің көптеген аудандарында аштық жайлады. Ашыққан шаруалардың басым бөлігі туған жерін тастап қалаларға шоғырланды, шекара асып басқа елдерге қоныс аудара бастады. 1930–1933 жылдардағы жаппай кеңестендіру саясаты жергілікті халықтың наразылығын тудырып, алғашқы бастамасы күшпен ұжымдастыру аштық пен халықтың үдере көшуіне әкеліп соқты. Қазақ халқының үдере көшу көлемі туралы қазақтың белгілі ұлы тұлғасы Тұрар Рысқұловтың И. Сталинге, В. Молотовқа жазған (1933 ж. 9 наурыз) хатында: «...Қонысын тастап, Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен—жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда: қазір Орта Еділде — 40 мың, Қырғызстанда — 100 мың, Батыс Сібірде — 50 мың, Қарақалпақстанда — 20 мың, Орта Азияда — 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды... Бұл қазақтардың көші қоны емес, басы ауған жаққа кетуі.» — деген мәліметтерді көрсетеді [1, 262 б.] Сонымен қатар, аштық кесірінен елде әр түрлі жұқпалы аурулар етек жайып, өлім—жітім саны ұлғая түсті. Шаруалардың наразылығы халықтың басым бөлігін көтеріліске итермеледі. Қазақстандағы ОГПУ саяси құпия бөлімінің 1931 жылдың 1—желтоқсанындағы мәліметтеріне назар аударсақ, 1929–1931 жылдар аралығында халық наразылықтары аса белсенді көрініс берген кезең екен. Ресми деректерге сүйенсек, осы жылдары «Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулеріге, 80 мыңға жуық адам қатысты» [1, 239 б.]. «Жылдарға шаққанда олардың 54—і 1929 жылы, 241—і 1930 жылы, 77—сі 1931 жылы орын алды. Көтерілісшілер санын есепке алуы бойынша 1929 жылы Қазақстанда көтерілісшілердің 31 тобы әрекет етіп, оларға 351 адам қатысса, 1930 жылы 85 топ, 1925 адам, ал 1931 жылы 80 топ, 3192 адам. Яғни көрсетілген мерзімде көтерілісшілердің барлығы 196 тобы бас көтеріп, оларға 5468 адам қатысқан»
Тоталитарлық жүйе құрсауына қарсы болған ашық бас көтерулердің бірі — Шұбартау шаруаларының 1931 жылы көктемінде болған ұлт азаттық сипаттағы қозғалысы. 1933 жылы 31қаңтар РКФСР үкіметі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов Қазақстанның жаңадан тағайындалған басшысы Л. Мирзоянға жазған хатында Шұбартау ауданын негізінен қазақтар ғана тұратын 70 ауданның қатарына жатқызып, егіншіліктің жетіспеушілігінен күйзеліс басталып, 1931 жылдан бастап, жаппай наразылық басталғанын атап көрсеткен еді [1, 241б.]. Халықтың мұндай ауыр хәлге душар болуының басты себебі, 1928 жылдан бергі ет салығының көбейіп кетуінен болды. Мәселен, Шұбартау ауданы орталықтағы өнеркәсіпті аудандарды ет өнімдерімен жабдықтайтын және Семей ет комбинатына мал өнімдерін өткізетін басты мал шаруашылығы аудандарының бірі болған еді. Оның үстіне, 1930 жылдың басынан кең өрістеген ауқатты шаруаларға қарсы кеңес үкіметінің жаулық саясаты олардың шаруашылықтарын түгелдей дерлік күйретіп үлгерді. Көтеріліс 1931 жылғы наурыз айының алғашқы жартысында басталды және оған (ОГПУ—дің ресми мәліметтері бойынша) 600—ге тарта адам қатысты [1, 241 б.]. Аудан басшылары қашқан орталықтарында шаруалардың мекемелерді жаппай тонаушылығы басталды.
Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз
Алашорда қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 1919 жылы жарық көрген «Революция және қырғыздар» деп аталатын әйгілі мақаласында нақты айтылғандай, «қазаққа ақпан революциясы қаншалықты түсiнiктi болса, қазан революциясы соншалықты түсiнiксiз болды» [1, 238 б] және кеңестiк билiктiң күйреуiне дейiн сол түсiнiксiз күйiнде қалды. Олай дейтініміз, 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін билікке ұмтылған большевиктер, әу-бастан қара халықты алдап-арбау, еріксіз күштеу әдістері арқылы жұмысшы мен шаруа одағына негізделген қоғам құру мақсатын көздегені айқын. Қазан революциясының қазаққа түсініксіз болуын, Ахмет Байтұрсынов «қазақ қоғамында капитализмнің, соған сәйкес таптық жіктелудің жоқтығымен» [1, 239 б], ал Міржақып Дулатов «қазақ - қырғызды капиталист, буржуй, жұмыскер деп бөлуге болмайды. Бізде Еуропа халықтарындай зауыт, фабрика жоқ, бізде миллионер, жатып-ішep жоқ. Біздің халық ақ сүйек, қара сүйек, бай, жұмыскер, жерлі, жерсіздерге бөлінген емес. Қалың қазақ - қырғыздың тіpшілігі, шаруасы - мал бағу. Қазақ жері бұрыннан да жеке адамның eншіcіне бөлінген еместігімен» түсіндіреді
Қазақ даласындағы мал басының қысқаруы аздай, ауа-райының қолайсыздығы мен індеттің таралуы «жығылған үстіне жұдырық» болды. Міне, осы көріністегі тарих сахнасына 1920 жылдары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұстафа Шоқай, Мұхтар Әуезов, ал 1930 жылдары ұшқыр ойлы, өткір тілді Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Ораз Исаев, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Қожанов, Жалау Мыңбаев және т.б. қазақтың «ұлтшыл» өкілдері шықты. Соңғылары «мемлекеттік тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси мәселелерді басты талабы етіп, ұлт - азаттық қозғалысы одан әрі өрши түсті. Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайұлының қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған «Яш Түркістан» журналындағы материалдар соның айғағы [10]. Жалпы Мұстафа Шоқай 20 жылдық эмиграциялық қызметінде елдегі жағдайға қатысты материалдарды егжей-тегжейлі қарастырып, талдап отырғаны белгілі. Оның қаламы ашаршылық тақырыбын айналып өтпеген. Бұл жөнінде мынадай мәліметтерге назар аударалық: 1918-22 жылдардағы «Новый мир» журналында жарияланған «Қазақ жеріндегі ашаршылық» деген мақаланың авторы – шынайы Ахмет Байтұрсынов емес. Оның мақаласын советтік цензураның 99 пайызға өзгертіп жібергені аңғарылып тұр. Өйткені, А. Байтұрсынов ешқашан айқын фактілерге қарама-қайшы келмейді» - деп аяқтаған өз мақаласын Мұстафа Шоқай [11]. 1932-33 жылдары Ұлы Даланы шарпыған ашаршылық туралы, оның себептері мен салдары, экономикалық және демографиялық зардаптары туралы Тұрар Рысқұлов, Ораз Исаев, Ғабит Мүсiрепов, Мансұр Ғатаулин, Мұташ Дәулетқалиев, Емберген Алтынбеков, Қадыр Қуанышев және т.б. қазақ зиялылары Мәскеу (И.В. Сталин) мен Қызылордаға (Ф.И. Голощекин) ресми хаттар жібергені белгілі. Бұл түпнұсқалық деректер тарихымызға «Сталинге хат», «Бесеудiң хаты» деген атаулармен енді. Келесі айтпағымыз, саясат пен шығармашылықты қатар алып жүрген қазақ зиялыларының мұраларындағы ашаршылық тақырыбы болмақ. Соның ішінде Алаш қайраткерлері Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасын, Ілияс Жансүгіровтің «Кәмпеске», «Жұт-жеті ағайынды» өлеңдерін атауға болады. Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасы туралы Тұрсынбек Кәкiшевтің мәліметтері мынадай: «1936 жылы 10 қаңтарда Минск қаласында КСРО Жазушылар одағының пленумы болды. Ойламаған жерден Сәкен мықты соққыға жығылды. Бүкiл қазақ даласын жыландай жалмаған аштық пен ауыртпалықты, ескi крайкомның қайрансыздығын қазақ әдебиетiнде жападан-жалғыз жырлаған «Қызыл ат» поэмасы Сәкендi «пәлеге» қалдырды. «...троцкизмге жақын саяси қателіктерге жол берді» деп, Сәкендi Троцкиймен бауырластырып қойды, ... бұл сол кез үшiн қайырлы сағаттан емес-тiн...» [12]. Ілияс Жансүгіровтің «Жұт –жеті ағайынды» өлеңіндегі мына бір шумақтар «Күнiне қазақ мыңдап өлiп жатыр, Тұқымы сағат сайын кемiп жатыр. Өз баласын өзi үйiтiп, сирағын жеп, Көр азабын тiрiдей көрiп жатыр» - жан түршігерлік жолдар адамның сүйегін қайыстырады [13]. Қалай десек те, көркем әдебиеттегі тарихтың ащы шындығы, осылай. «Қайран елім – қазағым, қалың жұртым» деп, Абай айтпақшы талай жұттан, талай соғыстан аман қалған қазақ, 1920-30 жылдардағы кеңестік тоталитаризм жүйесіндегі ашаршылық нәубетін көтере алмай қалды... Оның экономикалық және демографиялық зардаптары бүгінге дейін жойылған жоқ. «Нәубет» жылдарының ащы сабақтарын ұмытпай, ашаршылық құрбандарына тағзым ету – әр қазақтың борышы. Тіпті, жылына бір рет еске алу күнінде бір минут үнсіздік жариялау «тақиямызға таршылық етпес» еді.