Аудитордың кәсіби этикасы
Аудит стандарттары дегеніміз – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.
Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданды және оларды мемілекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық тексеру жүргізудің ауқымен, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы мәселелерін, сондай-ақ аудиттің өткізілу шартына қарамастан, осы кәсіптің барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды.
Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:
· жоғарғы сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;
· аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;
· аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;
· Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;
· аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді;
· аудиторлық тексеру жүргізу іс-тәжірибесіне жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;
· ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процессін түсінуге көмектеседі;
· кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;
· мемлекет тарапынан бақылауды жояды;
· аудиторға клиенттермен келіссөз жүргізуге көмектеседі;
· аудит өткізу процессінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді;
Жалпы стандарттар – аудитор өзінің алдында тұрған міндеттерді тимді әрі кәсіби деңгейде орындауы үшін оның бойында болуға тиісті белгілі бір қасиеттер мен кәсіптік дәреже (ол үшін әзірлік, кәсіби біліктілік, тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті көңіл бөлу талап етіледі).
Жұмысшы стандарттар– аудиттің алдында тұрған міндеттерді (жоспарлау, көзбен шолып байқау және бақылау, дұрыс мәліметтерді жинау және ішкі бақылау жүйесіне тисінше зерттеу жүргізу және бағалау) орындау кезінде аудиторлар басшылыққа алатын ережелер.
Қорытынды есеп және аудиторлық қорытынды жасау стандарттары– аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша материалдардың нысаны, мазмұны, орналастырылу және тапсырылуына қатысты стандарттар. Аудиторлық қортындыда қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкестігікөрсетілуге тиісті.
Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) дайындаған – Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитет (ХАПК). Аталмыш комитет 1997 жылы Нью-Йорк қаласында негізі қаланған бухгалтерлердің халықаралық федерациясының Кеңесі жанындағы тұрақты комитет болып табылады.
Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының мүшесі болу автоматты түрде, Лондон қаласында негізі қаланған, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары жөніндегі Комитетке мүше болуға құқық береді. Бұл екі ұйым бір-бірінен тәуелсіз, біріншісі аудитке қатысты болса, соңғысы – бухгалтерлік есеппен байланысты.
Аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі халықаралық комитет аудит пен соған жалғас қызметтердің бүкіл әлемдегі бірегейлік дәрежесін көрсету үшін солар бойынша стандарттар мен ережелерді жарыққа шығарды.
Қазіргі кезде қолданыста жүрген халықаралық аудит стандарттарын әзірлеу XX-ғасырдың 70-ші жылдары басталған болатын. Үш таңбалы номерге олар 1994 жылы ие болды.
Аудит стандарттары аудиттің сапасы мен сенімділігіне қойылатын нормативтік талаптарды анықтайды және тәуелсіздіктің, әділеттіліктің, кәсіби біліктіліктің, аудиторлық тексеру нәтижесі жөніндегі ақпараттардың құпиялығын сақтаудың белгіленген деңгейін қамтамасыз етеді.
ХАС-ның қысқаша құрылымы: кіріспе аспектілер, жауапкершілік, жоспарлау, ішкі бақылау, аудиторлық дәлелдеулер, басқалардың жұмыстарын пайдалану, аудитордың қортынды пікірлері және қорытынды есепті тапсыру, мамандандырылған салалар, аудитке жалғанбалы қызметтер.
Кәсіби бухгалтерлердің х/а Федерациясының (КБХФ) кәсіби аудиторлар үшін дайындалған этикалық кодекс. Мақсаттары : ең жоғарғы стандарттардың талаптарына сәйкес жұмыс істеу, қоғамның мүддесі соны талап ететіндіктен ең жоғары кәсіби деңгейге жету.кодекстің негізі принциптері: сенімділік - қоғамға дұрыс ақпараттар ж/е сенімді ақпараттық жүйелер қажет. Кәсіптенгендік - қоғамда клиенттер, жұмыс берушілер ж/е бақада мудделі жақтар бухгалтерлік есеп саласында кәсіптенген маман ретінде көрсете алатын тұлғларға деген қажеттілік бар. Қызметтердің сапасы – аудиторлар көрсететін барлық қызметтердің ең жоғарығы стандарттарға сай келетіндігіне кепілдік қажет. Нанымдылық (көз жеткізгендік) – аудиторлардың кәсіби қызметін пайдаланушылар көрсетілген аудиторлық қызметтерді реттейтін кәсіби этиканың тұжырымдамалық негі бар екендігіне нанымды болуғы тиісті. Негіз болатын принциптер. Бухгалтерліккәсіптің мақсаттарына қол жеткізу үшін кәсіби аудиторлар бірқатар ұйғарымдарды н/е негіз болатын принциптерді сақтауға тиісті.негіз болатын принципрге : адалдық,әділдік, кәсіби жетік білімділік ж/е тиісті ұқыптылық, ақпараттардың құпиялығын сақтау, кәсіби мінез құлық, техникалық стандарттар. А бөлігі 1- бөлім. Адамдық және адалдық. 2- бөлім этикалық келіспеушіліктерді шешу.3- бөлім 1кәсіби жетік білімді алу 2 кәсіби жетік білімділікті шындау. 4- бөлім құпиялықты сақтау.5- бөлім салық практикасы. Б бөлігі. 1-бөлім тәуелсіздік 2- бөлім клиенттің ісіне қатысу немесе клиенттермен қаржылық араласу.3- бөлім компаниялардағы тағайындаулар. 4- бөлім клиенттерге басқада қазметтер көрсету.5- жеке және жанұялық қарым қатынастар. 6- қызмет үшін төлем.7- бөлім көрсетілген қызметтерге ақы төлеу.8- таурлар және қызметтер.9- бөлім капиталға иелік ету құқығы.10- бөлім бұрынғы партнерлар.11- бөлім нақты сот процессі немесе сотта іс қозғау қаупі.12- бөлім аға персоналдың клиентпен ұзаққа созылған қарым қатынасы.13- бөлім кәсіби жетік білімділік.14- кәсіби қызметкерлрге төлем жасау.15- бөлім тәуелсіз қызмет көрсету практикасында басқадай кәсіби аудиторлармен қарым қатынас.