Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры 2 страница
Соғыс жағдайында Ревкомдар өз қызметінде әскери-әкімшілік әдістерді көбірек қолданды. Ол түсінікті де еді. Оның шешімдері, қаулылары, бұйрықтары мен кез-келген нұсқаулары сөзсіз орындауға жатты. Ревкомдар көбірек революциялық заңдылық пен мақсаттылықты басшылыққа алды. Революциялық трибуналдар ревкомдардың негізгі қаруларының бірі болды.Сондай-ақ соғыс жағдайында да ревкомдар әскери билікпен қатар әкімшілік, азаматтық, шаруашылық билікті де қатар жүргізіп отырды. Ревкомдардың төтенше әрі уақытша билік органдары ретіндегі ерекшелігі
де осында еді.Бұл ревкомды толық атымен "Түркістан АКСР-нан бөлінген қазақ аудандарын басқару жөніндегі революциялық комитет" , "Ревком" , кейде "Кирревком" деп те атап жүрді.
47. ҚазАКСР-нің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАКСР-нің құрамына біріктірілуі.
Азамат соғысы большевиктерге шет халықтардың ұлттық мемлекеттілігі идеясымен санаспауға болмайтындығын тағы бір рет көрсетіп өтті. Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі Кеңестік бастауларда Қазақ автономиясын құру бойынша дайындық жұмыстарын бастады.
1919 жылы 10 шілдеде В.И.Ленин Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөнінде революциялық комитет құру туралы Декретке қол қойды. Мұнда Қазревком өлкенің Жоғары әскери азаматтық басқармасы ретінде бекітіледі делінген.
Декрет оның мақсаты мен міндеттерін белгіледі:
· контрреволюция мен интервенцияға қарсы күрес;
· өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай құру;
· Қазақстанда Кеңестердің құрылтай съезін дайындау.
Ревком қарамағында Астрахань губерниясының қазақ аумақтары мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары болды. Қазревкомды Пестовский Станислав Станиславович басқарды (1882-1943 ж.ж.). Ревком құрамына Лухашев, Жангелдин, Байтұрсынов, Тунғанчин, Меңдешев, Қаратаев және т.б. енді:
С.Мендешев (1882-1937)
o 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;
o 1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;
o 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;
o 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)
· 1915 жылы коммунистік партия мүшесі;
· 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;
· 1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;
· 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
А.Байтұрсынұлы(1873-1937)
o "Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;
o 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;
o 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
Қаз АКСР құрамына енгізілген аймақтар:
1. Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.
2. Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері жəне Омбы уезінің бір бөлігі.
3. Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.
4. Орал облысы – Орал, Ілбішін Темір, Атырау уездері.
5. Маңғыстау уезі, Закаспий облысы Красноводск уезінің 4,5-адай болыстары.
6. Астрахань губерниясының бір бөлігі (Каспий теңізінің солтүстік шығысы).
7. Бөкей Ордасы жəне Каспий теңізі жағасындағы округтерге жақын жатқан болыстар.
Қазревком мен оның органдары жергілікті орындарда Қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, ұлттық интеллигенцияның жат пиғылды өкілдерін Кеңестік құрылысқа тарту жұмыстарын жүргізді.
№48 Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) АКСР-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»
1920 жылдың 4-12 қазанында Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273 делегат қатысты. Алтай губерниясынан 6 делегат қатысты. Делегаттардың қатарында 128 қазақ, 127 орыс және басқа да ұлттардың 18 өкілі болды. Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті төрағасы болып С.М.Меңдешев сайланды.Ал, Халық комитеті Кеңесінің төрағасы В.Радус-Зенькович сайланды. «Қырғыз (Қазақ) АКСР-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»қабылдандыДекларация Қазақстан еңбекшілерінің саяси құқықтарын: - Кеңестерді сайлау және сайлану құқығын ; - Нәсілдік және ұлттық тегіне қарамастан, барлық азаматтардың тең құқықтығын ; - Тегін білім алу құқығын ; - Қазақ әйелдерінің тең құқықтығын ; - Сөз, жиналыс , баспасөз , ождан бостандығын қуаттап баянды етті.
49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазССРнің құрылуы.
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен съез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті.Съез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Съезде депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды.Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне съез шешімімен Ақмоладан А.Тұрлыбаев, Семейден Ә.Сәтбаев, Торғайдан Ә.Байғарин, Оралдан Досмұхамедұлы, Бөкей ордасынан У.Танашев, Жетісудан Б.Мәметов, Сырдариядан М.Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Төрағасы — Б.Құлманов.Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген.
Қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды.Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші орында.
51.Қазақстан одақтық республика дәрежесінде ҚазССР-нің Конституциясының қабылдануы.
Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін және 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік биліктің органдары құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтық негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды.
Бүкілқазақ Кеңестерінің Х съезінде 1937 жылғы 26 наурызда қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 тараудан және 125 баптан тұрды. 1937 жылғы Конституцияда сондай-ақ экономикалық, саяси қорғаныс, басқа тең құқықты республикалармен ерікті бірігу, ҚазКСР келісімінсіз аумағының өзгертілмейтіні, республиканы басқару мәселелері бекітілген, сондай-ақ жоғарғы республикалық және жергілікті өкімет органдарының, заңнамалардың орындалуын бақылау, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және азаматтардың құқықтарын қорғау, салық салу т.б. мәселелер қарастырылған.
ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлімнен, 19 тараудан, 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды. Өкімет билігі мен басқару жүйесінің үстінен Қазақ КСР Коммунистік партиясы бақылау орнатты. Республиканың экономикалық жүйесі мемлекеттік, кооперативтік-колхоздық және кәсіподақ және басқа да ұйымдардың меншігі деп жарияланды. 1978 жылғы Конституцияда республиканың ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылысы, жоғарғы және жергілікті билік пен басқару құзыреті, сайлау жүйесінің принциптері, халық депутаттарының құқықтық мәртебесі, экономикалық және әлеуметтік даму мемлекеттік жоспары институттары, мемлекеттік бюджет, сот тәртібі, төрелік соты, прокурорлық қадағалау және т.б. мәселелер қамтылды.
52.XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді.Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды. 1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. 1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. 1935 жылы профессор С. Аспандияровтың еліміздің тарихы жөнінде «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді. А. В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жылы), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 жылы) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А. В. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді. 1937 жылы бұл театр қазақ академиялық драма театры аталды. 1930 жылы Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Ақтөбе қалаларында театрлар ашылды.1933 жылы Алматы қаласында ұйғыр музыкалық драма театры ашылды. Бұл театрда А. Садыров пен Ж. Асимовтің ержүрек ұйғыр қызын бейнелейтін «Анархан» пьесасы және т. б. қойылды. 1934 жылдан бастап республикада хроникалы фильмдер студиясы жұмыс істей бастады. 1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры ашылды. Мемлекеттік музыка театры болып ашылған бұл театрда М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі 100 реттен астам көрсетілді.1934 жылы А. Жұбановтың жетекшілігімен Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды.1936 Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы құрылды.
53.Қазақстандағы өндірістік модернизация жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері.
Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.
Ол қиыншылықтар:
1.Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі.
2.Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді.
3.Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді.
4.Жергілікті мамандардың жетіспеуі.
5.Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.
6.Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.
7.Әміршілдік – төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.
Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4%) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:
1.Өлкенің техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою.
2.Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік – техникалық мамандарды қалыптастыру.
Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:
1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.
2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.
3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.
4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.
Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:
Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді.
1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды.
2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды.
3) Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидеялар мен дотациялар бөлу (1931 – 1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом).
4) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру.
5) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды.
Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды.
54.Қазақстандағы индустриализация: кеңестік үлгі.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру, елде әлі де шешімін толық таппаған болатын, Соғысқа дейінгі деңгейінің салыстырғанда өнеркәсіп өндірісі 61 пайызға ғана жетті, 1925 жылғы желтоқсанда социалистік индустрияландыру бағытын БК(б)П-ның 14 сьезі жарияланды, Техникамен жабдықтау арқылы халық шаруашылығың барлық салаларын дамытуды индустрияландыру деп атайды, 1928-1932 жылдары 1-ші бес жылдық жоспар енгізіліп, халық шаруашылығын дамытумен бірге елді индустрияландыру қиыншылықтармен қоса жүргізілді, - Қазақстан байлыққа толы кең байтақ өлкесі туралы жинақталған ғылыми білім әлі де шешілмеген болатын, Темір жол тасымалы нашар дамуы, Аймақта 1/1000 шаршы шақырымына темір жолдан келді, Халық шаруаларының 90 пайызы қамтығандықтан, жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы, Елде жергілікті мамандардың жетіспеушілігі, ЖЭС тоқтатылып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы, Халық билігінің диктатурамен ауысатырылуы, Әміршіл-әкімшілік басқару жүйесі әдісінің енгізілуімен байланысты, Елдің 84,4 пайызының ауыл шаруашылығымен айналысуы, Осыған қарамастан индустрияландыруды дамытуға мүмкіндік жасау үшін еңбекші халықтардың жақын арада шешуге тиісті міндеттері - Өлкенің техникалық экономикалық жағынан артта қалуын жою, Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық мамандарды қалыптастыру. Қазақстанды индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті өлкенің табиғат байлаықтарын зерттеуден басталды, КСРО Ғылым Академиясы 1920 жылдардың соңы - 1930 жылдардың басында көрнекті ғалымдардың қатысуымен зерттеу экспедициясын бүкіл өлкеде жүргізді, Академик Курнаков - Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді, ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы деген тұжырым жасады, Академик Губкин - Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеді, Бұл кен орны - мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады, Инженер-геолог Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс ен орындарын зерттеді, Өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берді.1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол магистралының құрылысы салына бастады, Түркісіб құрылысына бірнеше ұл өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті, 10 мың қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді, Құрылысқа 200 млн сом қаржы жұмсалды, Соғысқа дейінгі бес жылдықтар кезінде салынған құрылыстар - Түркісіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен-металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, Жылу және су электр станциялары, құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары
55.Қазақстандағы индустрияланудың жүзеге асу жолдары жайындағы пікірталас.
Қазақстанда индустрияландырудың басталуымен бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы қазба қорларын жоспарлы түрде анықтап отыруға негіз салған Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашкы тұрақты геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру ісі басталды. Жезқазғандағы геологиялық зерттеулер кен орындарында жүргізілетін кешенді, жеделтетілген геологиялық-барлау жұмыстарының ғылыми елшемдерін толығымен ақтады. Геологиялық зерттеулердің және Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кең байлықтарының енеркәсіптік меңгерілуімен қатар республикадағы геологиялық ғылымдардың қалыптасуына негіз салған іздеу-барлау жұмыстары ұйымдастырыла бастады. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар және Спасск кенді аудандарын, Қарағанды көмір алабын, Қаратау полиметалл кен орындарын зерттеудің болашағы зор болды. Темір (Қарсақбай), марганец (Жезді), көмір (Байқоңыр, Қияқты), корғасын (Қорғасын) кең орындарын зерттеу ісі басталды.Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажеттігін дәлелдеді. Ғылымның жетістігі объективті шарттар жасаумен ғана емес, сонымен қатар жекелеген ғалымдардың ерен еңбегімен тікелей байланысты бодды. Геолог Қ. Сәтбаев республикадағы шашыраңқы геологиялық ұйымдардың күшін жүмылдырып, өнеркәсіпті стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бар күшін салды. Қазақстанның Жезқазған, Жезді, Қорғасын және басқа да көптеген кең орындары жұмыс істеп тұрған зауыттарды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін игерілді. Қ. Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншісі - Жезқазған мыс кең орнын ашуы, екіншісі - Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, үшіншісі - Геологиялық ғылымдар институтын құруы.