Жер-ауыл шаруашылығының негізгі факторы ретінде.Жер рентасы және оның түрлері.
Өндіріс процесінің тағы бір факторы – жер болып табылады.Жер ұғымына жердің өзімен қатар,жердің үстіндегі немесе жер астындағы табиғи байлықтар да жатады.Жермен адамның тіршілік жағдайы тікелей байланысты екені бәрімізге мәлім.ОЛ адам өмірінде әр түрлі рөл атқарады.Егер өнеркәсіпте жер кәсіпорындарға тұрған орны ретінде ғана болса,ал ауыл шаруашылығында көптеген ерекшеліктері бар.Соның ішінде,ең негізгісі ретінде жердің шектеулігі,яғни оның көлемін көбейтуге келмейтінділігі және жаңадан өндіруге мүмкін еместігін атауға болады.Жер ресурстары шектеулі болғандықтан,сондай-ақ жерсіз адам өмір сүру мүмкін еместігімен байланысты жерге меншік,меншіктің ең табысты және маңызды түрлері жатады
Меншіктің бұл түрі экономикалық жағынан көп жағдайда жалға беру және рента формасында табыс алу арқылы жүзеге асырылады.
Ренталық қатынастаржерге жеке меншік иелері мен жалгерлердің арасында жерді және басқа ьабиғи ресурстарды пайдаланғанынан түскен табыстарды бөлу туралы пайда болады. Соның нәтижесінде табыс екі бөлікке бөлінеді. Табыстың бір бөлігі пайда түрінде жалгерге тисе, екіншісін – үстеме пайда түрінде жер иесі алады. Жер иесі алатын табыстың бөлігін жер рентасы деп атайды. Жер рентасы жалгердің жер иесіне төлейтін аренда төлеміформасында алынады. Аренда төлеміне рентамен қатар, жалға бергенге дейін жер участкесіндегі салынған құрылыстардың амортизаиясы, жерді өңдеуге жұмсалған капиталға процент кіреді.
Ренталық қатынастардың халық шаруашылығының әр түрлі салаларында (ауыл шаруашылық, құрылыс және т.б.) пайда болуының маңызды себептері, жоғарыда көрсеткендей, жердің ерекшеліктерімен байланысты. Жер экономикалық ресурс ретінде еңбек процесінің нәтижесі емес, сондықтан оның құны болмайды. Әр түрлі участкелердің құнарлығы бірдей болмайды және тұрақты орналасуымен сипатталады. Бірақ жердің басты ерекшелігі оны көбейтуге келмейтіндігінде және шектеулігінде. Сол себепті, жердің шектеулігіне байланысты оның ұсынысы абсолютті икемсіз болады. Бұл жер нарығында жерге тек сұраныс қана активті екендігін көрсетеді. Оны келесі графиктен көруге болады. Егер абсисса осінде жердің көлемін, ордината осінде рентаны , онда графикте ұсныстың қисық сызығы S ордината осіне параллелді болады.
График жерді ұсыну абсолютті икемсіз екенін көрсетіп отыр. Себебі,оның көлемі үнемі бірдей болады және өзгермейді. Сондықтан, егер шаруашылықта пайдалануға тартылатын жерлердің көлемі үнемі шектеулі болса, онда рентаның мөлшерін анықтайтын фактор ретінде жерге тек сұраныс қана болады. Сол себептен, осы экономикалық ресурсқа әсер ететін әр түрлі факторлардың және жер құнарлығының төмендеуі салдарынан сұраныстың қисық сызығы теріс еңкіш болады. Яғни, сұранысиың қисық сызығының еңкіштігі жердің әр гектарынан алынатын табыстың бірте-бірте төмендеуін көрсетеді. Ұсыны қисық сызығының сұраныс қисық сызығымен қиылысуы жер нарығынданы тепе-теңдікті – әргектар жерден ай сайын алынатын жер рентасының деңгейін көрсетеді. Бір гектар жер үшін ай-сайын алынатын рентаның деңгейінің өсуі немесе төмендуі сол жер участксінде өндірілетін ауылшаруашылық өніміне сұраныстың өзгеруімен тығыз байланысты болады. Сұраныс өскенде рента Р0 Р1-ге дейін төмендейді. Демек экономикалық рента көлемі жердің ұсынысының шектеулі жадайында, негізгі өнімге сұраныстың өзгеруіне байланысты болады.
Сонымен қатар, жер рентасының мөлшері жер участкесінің сату нарығына , яғни жердің нарыққа алыс жақындығына немесе жердің сапасына байланысты болады. Бұндай участкелерде жер иесі иемденетін дифферениалдық рента – үстеме қосымша құн жасалады.