Азамат соғысы ерекшеліктері мен зардаптары 1918-1920ж
Азамат соғысы – деп бір мемлекет ішіндегі азаматтардың билік үшін күресін айтамыз. Бұл азамат соғысы уақытша үкімет пен кеңес үкіметін жақтаушылар арасында болды. Ең алдымен 1918 жылы мамырда Чехословак корпусының бүлік шығаруымен басталды. Антанта империалистерінің қолдауымен бұл бүлік ең алдымен Солтүстік-Шығыс Қазақстанда басталып, олар ақ гвардияшылармен бірігіп кеңес үкіметіне қарсы шықты. Сонымен қатар 1919 жылы 31 мамырда Петропавлды ақ гвардияшылар басып алды және маусымда Ақмола мен Павлодарды, Семей мен Көкшетауды, Омбы мен Қостанайды басып алады. Алашорда үкіметі ақ гвардияшылардың Кеңес өкіметіне қарсы интервенциясын қолдап, қарулы интервенцияға қосылды.1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын басып алды. 1917 жылғы қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контрреволюциялық бүліктерді батыл да шұғыл басып тастап отырды. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау) қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда казак-орыс жасақтары, ақ-гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды және Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысын бастады.1918 жылы мамырда Чехославак корпусының бүлігі басталды. Антанта империалистерінің қолдауымен бұл бүлік ең алдымен Солтүстік-Шығыс Қазақстанда басталды.1919 жылы 31 мамырда Петропавлды ақ гвардишылар басып алды. Сондай-ақ ақ гвардияшылар маусымда Ақмола мен Павлодарды, Семей мен Көкшетауды, Омбы мен Қостанайды басып алады. Алашорда үкіметі ақ гвардияшылардың Кеңес өкіметіне қарсы интервенциясын қолдап, қарулы интервенцияға қосылды.
Контрреволюцияға Антанта империалистері көп көмек көрсетті. Мысалы, АҚШ Колчак армиясына түрлі қару-жарақ, Англия 200 мыңдай әскерге қару-жарақ және киім берді.
1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын басып алды.
1918 жылдың аяғына қарай Колчактың басқаруындағы Анненков дивизиясы Жетісу жеріне басып кірді.
1918 жылы 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28–29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Мұнда олар кеңес өкіметін құлатып, коммунистерді, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады.1918 жылдың аяғына қарай Колчактың басқаруындағы Анненков дивизиясы Жетісу жеріне басып кірді.Қазақстан жерінде жергілікті халық әскери кұрылысқа тартыла бастады. 1918 жылы 29 мамырда ұлттық белгілер бойынша жауынгерлік топ кұруға рұқсат етілген декрет шықты. 1918 жылы Бөкей Ордасында қазақ атты әскер полкі кұрылды. 1920 жылы Түркістанда алғаш рет халықты күштеп мобилизациялай бастады.Жалпы, 1920 жылы майданға жергілікті ұлттардан 19-35 жасқа дейінгі 25000 адам мобилизацияланды.Әскери бөлімдерді кұру барысында Ә. Жангелдин (Қала әскер комиссары), А. Иманов (Торғай әскер комиссары), Б. Қаратаев (атты әскер бригадасының политругі), М. Масанчи, О. Исаев, А. Розыбакиев, А. Оразбаева т.б. көп еңбек сіңірді.1919 жылы қаңтарда Қызыл Армияның шығыс майданындағы бөлімдері Орынбор мен Оралды ақ гвардияшылардан босатты. Алайда 1918 жылы маусым айында Қапал, Лепсі уездерінде 13 ауылды қамтыған әйгілі «Черкасск қорғанысы» басталды. Бұл күрес 13 айдан астам уақытқа созылды. Бұл жердегі жауынгерлер саны 10000-ға дейін жетті.1919 жылы қазанда Анненковтің қазақтары Черкасск бастаған бірнеше селоларды әрең алды. Өздерінің билігін мойындамаған 1800 адамды қазақтар қырып тастады.Черкасск қорғанысы Орта Азия ақ гвардияшыларының Сібірдегі сыбайластарымен бірігуіне тойтарыс берді. Сол уақыттарда Қостанай жеріндегі партизан соғысының қарқыны да күшті болды. Бір ғана Боровской ауданындағы партизан саны 25000 болды. Партизан отрядтары 1919 жылы 5 сәуірде Қостанайды басып алғанымен, бұл ұзаққа созылмады. Қаланы қайта басып алған ақ гвардияшылар 18000 адамды өлтірді.
Скери коммунизм саясаты
Әскери коммунизм саясаты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.