Бұйымның негізгі сызбасы және модельдеу конструкциясы
Конструкциялау – тігін бұымдарының жобалауының маңызды бөлігі. Ол екі этаптан тұрады. Бірінші этап – шығармашылық ізденіс – эскездік жоба көлемінде бұйымның сызбасын туғызады және конструкциялау әдісін таңдау, яғни конструкциялау және дене бітімді өлшеу әдістерін таңдау, конструкцияны шешуге арналған ережелерді таңдау, күрделі пішімдерді өңдеу.
Екінші этап – формулалардың есептелуі бойынша сызбасын тұрғызуға, лекала дайындау, жұмысшы құжаттама құру.
Конструкция – (латынша constructio) құрлыс, жабдық, қандай да бір заттың, машинаның бөліктерінің өзара орналасуы.
Киімнің конструкциясы бірнеше позициларын : сыртқы пішінімен; бұымның құрама бөлшектерін тұрғызу; біріктірентін тігістер түрімен; материал түрімен сипатталады. Бөлшектердің саны және конструкциясы бір қалыпты болмайды. Олар сән әсерініен, киім түрінен, пішім бетеін түрінен және материал қасиетіне байланысты өзгеріп отырады.
Киімді конструкциялау әдіс-тәсілдерін келесідей негізгі топтарға біріктіруге болады: муляжды, есептік пропорциялы.
Киімді жобалаудың қолданбалы әдісі – муляж. «Муляж» сөзі француз тілінен аударғанда пішімдеу, зат құрлысының пішілетін беру деген мағына береді. Муляжды тәсілмен адам денесінде не болмаса манекенде қағазды немесе матаны қадау жолымен модель алады. Муляжді тәсілдің басты ережесі бұл - арқау және желі жіптерінің өзара дұрыс орналасуы, бұйымдағы тігіс бағытының дұрыс болуы.
Есептік пропорциялы жүйе. Бұл жүенің негізінде басты өлшем нышандары ретінде бой және төс айналымы алынады.
Қазіргі кезде киім өндірісіне мамандандырылған мамандар қажет.Олар бұйымды аз уақыт ішінде проектілеу керек, өндіру үшін эканомикалық мақсатқа негізделген және тұтынушының сұранысын қанағаттандыру керек. Өндірістегі конструкторлық жобалау барысы бұйымды маңызды жобалау бөлігі яғни ол жоғарғы мәдениетті көркемдік салалы конструкторлауды техника есебімен біріктіріп шешетін процесс Егер өндірісте берілген бұйымның сипаттамасы бойынша өндіре алатын болса онда жобалау процесі дегеніміз сол сипаттаманы жазу жасау сызу болып табылады,техналогиялық дайындау мен көрсетілген талаптарға сай формалармен рациональды размерлерді үлгеріп дайындау. Жобалау барысы сипаттау бар болған жағдайда басталады яғни болашақ бұйымның тағайындалуы және қойылатын талабы.
Киімнің бүтін және бөлек бөлшектерді дайын күйінде көлемді кеңістікті құрайды. Киім бөлшектері тегіс маталардан, тоқыма жаймаларынан және бейматалардан пішіледі. Базалық конструкцияны тұрғызу барысында киімді конструкциялаудың белгілі әдістерін екі класқа бөлуге болады.
1-класс әдісін бойынша киімнің конструкциясын құрастыру үшін ЦОТШЛ, ЦНИИШП, ЕМКО СЭВ тәсілдері қолданылады. Типтік дене бітімі дискритті өлшеу базасы және қосымшалар болады. Киімнің негізгі конструктивті нүктелерін табуға мүмкіндік береді.
2-класс ЦОТШЛ тәсілі ЦНИИШП тәсіліндегі барлық есептеу тәсілін, формулаларын жеңілдетіп, ықшамдап жасалады.Киім конструкциясын жасағанда жаңа модельдердің сызықтарын анықтау керек. Киімді жоғарыдан қарасақ ойша әр түрлі формаларды көруге болады. Осылайша анализдеп ой – сезіммен фронтальді профильді киімнің силуэтін алып киімнің конструкциялық формасын анықтай алады. Форма – силуэт негізінде моданы негіздейді. Уақыт өзгерумен олар, оның силуэтін анықтайды. Сонымен қатар бұйым дайындауда базалық конструкциясын сызу алдында қандай методиканы таңдауда манызды болып табылады.
ЕМКО СЭВ тәсілі негізгі халықаралық тәсіл болып саналады. Негізгі конструкторлық нүктелері екі араб цифрымен белгіленеді. Бірінші цифр горизонтальдағы негізгі бөлшектердің сызықтарын көрсетеді. Екінші цифр вертикальдағы негізгі бөлшек сызықтарын көрсетеді. Екі нүктенің бір нүктеде қиылысуы бір цифрмен белгіленеді, бірақ екінші саны штрихпен белгіленеді.
ЕМКО СЭВ тәсілі басқа тәсілдерге қарағанда бұйымның барлық түрін дайындауда ең қолайлы болып табылады. Бұл тәсілдің ерекшелігі ерлер, әйелдер және жас өспірімдерге, мектеп жасындағы топтарға конструкциялау есебі біркелкі ешқандай өзгеріссіз орындалады. Тек кей жағдайларда кейбір өлшемдер коэффиценттер және тұлға ерекшеліктеріне байланысты, болмаса бұйым түріне қарай өзгерістер болуы мүмкін.
Негізгі конструктивті кесінділер жүйесі сән бағытына, технологияға, материалдар қасиетіне және тағы басқаға тәуелді емес. Базалық сызбалар тігіске ен берілмей есептелінеді. Жаңа өлшем типологиясы қосымша антропологиялық мағлұматтар береді, соның нәтижесінде біз есептеулерге жаңа әдіс қолданамыз. Негізінен базалық сызбаға модельдің еркшеліктерін енгізудің үш түрі бар.
Модельдеудің 1-ші түрі - бұл тәсілдің силуеті, сыртқы конструкторлық сызықтары сақталынады. Бұл тәсілде кеуде бүкпесін әр түрлі бағытқа көшіруге болады. Сонымен қатар жаға, өңір қайырмасы тағы басқа майда бөлшектер өзгереді. Осы өзгертулер бұйымның кез - келген бөлігінде болуы мүмкін, алдыңғы бой, артқы бойында, жеңде, белдемшеде т. б. бөлшектерде.
Модельдеудің 2-ші түрі - бұл модельдің ерекшелігінде силуеті өзгереді. Өзгерудің негізгі түрлері әр түрлі бөлшектерді параллельді және конусты үлкейтіледі немесе кішірейтіледі. Параллельді өзгерту көбінесе бүгіп жинау, жұмсақ қатпарлар жасау үшін қолданылады.Конусты өзгерту киім бөлшектерінің силуетіне байланысты бұйымның кез келген жерінде трапеция тәрізді силуетін алу үшін бөлшектерді конусты тәсілмен өзгертеміз. Сонымен қатар конусты және парллельді өзгертулер қатар орындалуы мүмкін.
Кесте 9 - Типтік фигураның өлшемдік сипаттамасы
Өлшем бірлік | Шартты белгі | Өлшем шамасы, см |
Бой ұзындығы | Р | |
Жартылай мойын айналымы | Сш | 17,4 |
Жартылай кеуде айналымы І | СгІ | 42,5 |
Жартылай кеуде айналымы ІІ | СгІІ | 46,2 |
Жартылай кеуде айналымы ІІІ | СгІІІ | |
Жартылай бел айналымы | Ст | |
Жартылай мықын айналымы | Сб | |
Кеуде ені | Шг | 16,2 |
Арқаның белге дейінгі ұзындығы ІІ | ДтсІІ | 41,6 |
Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы ІІ | ДтпІІ | 42,5 |
Кеуде биіктігі ІІ | Вг ІІ | 25,4 |
Қолтық ойындысының биіктігі (артынан) | Впрз ІІ | 20,3 |
Иықтың қиғаш биіктігі | Впк ІІ | 41,8 |
Артқы бойдың ені | Шс | 17,2 |
Иық ені | Шпл | 12,9 |
Жартылай иық айналымы | Опл | 27,1 |
Білезік айналымы | Озап | |
Қол ұзындығы | Др | 53.3 |
Бұйым ұзындығы | Ди | 61,9 |
Кесте 10 - Бұйымның базалық конструкциясының есебі, жетекші өлшем нышандары