ТМҚ аудиторлық тексеру әдістемесі
Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:
· олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;
· олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
· өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;
· өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;
Тауарлы-материалдық қорлар баланста: материалдар 1310, дайын өнімдер 1340, тауарлар 1330, аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады .
Аудитордан әр түрлі мақсаттарға қоймадан босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.
Аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да номативтік-құқықтық актілер, бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп стандарттары, есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері. Алғашқы құжаттардың ішінен дәлелдеме көздеріне мыналар жатады: смета, шикізат шығындарының нормасы, лимит картасы, жолдағы қағаздар, инвентарлық сипат, салыстыру ведомосттары, хабарлама, төлем құжаттарының көшірмесі, келіп түскен жүктер есебінің журналы, счет фактуралар, ішкі орын ауыстыруларға үстемелер, тауарлы- транспорттық үстемелер, жүктік кедендік декларациялар, сертификаттар, кіріс ордері, сенімхат және т.б.
Ішкі бақылаудың құрылымын түсіну үшін аудитор:
· Тауарлы-материалды қорлар табиғатын анықтау мақсатымен, өткен жылғы жұмыс құжаттарына шолу жасау керек.
· Тауарлы материалды қорларға бақылаудың қалай жүргізілгендігін зерттеу.
· Қандай мәселе табылғанын зерттеу;
· Құралған сауалнама бойынша персоналдардарға сурау жасау;
Шаруашылық қызметпен және тауарлы-материалдық қорлардың ішкі бақылау жүйесімен таныс болғаннан кейін, аудитор, бақылау тәуекелінің деңгейін алдын-ала бағалай алады. Ол үшін ол ұйымдастырушылық құрылымын талдай алады, яғни басқару және бағындыру, клиент жазбаларымен және құжаттарды зерттеу арқылы ішкі аудитті (қызметтік нұсқаулар, құжат айналымының кестесі, ішкі аудит жағдайы, стандарттар және ішкі аудит процедуралары және тағы басқалар.
Сондай-ақ аудитор орындаған процедура негізінде алған білімін, бақылау құралдары құрастырылғанын тексере алады. Келтірілген процедура нәтижесі аудиторға бақылау тәуекелін жоғары, орташа және төмен екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы мынадай басты мәселелерді қамтиды:
· Баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтермен салыстырып тексеруді;
· тауарлы-материалдық қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебінің дұыс жүргізілгендігін тексеруді;
· қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын, оларға уақтылы түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;
· қойма есебінің, тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының бастапқы құжаттарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін тексереді.
· Келіп түскен материалдардың уақтылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік жазуларды жүзеге асырылғандығын тексеруді;
· Сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық құндылықтардың операйияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді.