Техникалық дақылдар

Дәрістер жиынтығы.

«Өсімдік негізінде астықтану»

Ші дәріс (2 сағат).

Тақырыбы: Кіріспе. Астық өндірісі мен қолдану. Астық өндірісі тағам және өңдеу өндірістерінің негізгі жетістігі.

Жоспар

1.Адам қорегі ретінде астықтың ролі мен маңызы.

2.Қазақстанда егін шаруашылығының даму кезендері.

3.Астық дақылдары туралы жалпы мағлұматтар.

Мазмұны:1.Астықтың адамның азығы ретінде маңызы мен ролі, сонымен қатар әртүрлі тағам өнімі өндірістерінде, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығында қажетті қасиеттерімен бағаланады. Нандық астық тұқымдастар, сонымен қатар қарақұмық және көптеген дәнді бұршақ дақылдар көп крахмал (50-70%), ақуыз (10-30%) құрайды, қажетті минералды қосылыстар (темір, кальций, фосфор) және суда еритін витаминдер (В1, В2, РР).

Көптеген өсімдік өнімдерінің ішінде астық дақылдары өзінің ақуызды және ақуызды емес заттектерімен ерекшеленеді, олар адам азығы ретінде өте пайдалы(1:6). Дәнді өңдеу кезіндегі оның колориялығы бірінші орында.

Астық пен одан алынатын өнім (ұн, жарма) организмнің қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп отыратын керекті компоненттерді құрайды.

Астық - сақтау объектісі мен маңызды тағам өндірістерінің шикізаты ретінде қолданылады олар – элеваторларда, ұн, жарма және құрама жем зауыттарында қолданылады. Дәнді өңдеу өнімдері наубайханалық, ұндық, макарондық және тағам өндірістерінде негізгі шикізат ретінде пайдаланылады.

Астық мал шаруашылығынан алынатын азықтың көлемін жоғарлату үшін (ет, сүт, май және т.б.) өте қажетті.

Жүгері, арпа, соя, тары және басқа дақылдар техникалы өндірістерде бағалы шикізат болып табылады. Астық және оны өңдеу өнімдері пиво (арпа), крахмал-патокты, спирттік, текстиль, сіріңке, қағаз және т.б. өндірістерде қолданылады.

Астық - азық ретінде қолданылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішіндегі өзінің сақталу тұрақтылығымен транспортабельділігімен ерекшеленеді. Астық және одан өндірілетін өнімдер басқа тағамдық өнімдерге қарағанда арзан. Астық шаруашылығы ауыл шаруашылығының ең негізгі саласы.

Астықтан ұн, нан, макарон, жарма сыяқты адам балансыңа ең керекті тағамдар алынады және малға күрделі жем ретінде пайдаланылады.

Көк өсімдіктер жазда өздерінің жасыл жапырақтарындағы хлорофилл пименттері арқылы күн сәулесінің энергиясын пайдаланып су мен көміртегін органикалық заттарға - бірінші кезекте - көкірсутектерге айналдырады. Бұл процессте оттегі бөлініп шығады да ауаны тазартады, ал күн қуаты энергия қорына айналып, астық піскен кезде, соның құрамына кіріп, сақталады. Міне осыдан көк өсімдіктер нан және баскқа тағамдармен қатар ет, сүт, май, жүн және басқа да адамға өте керекті заттарға айналады да, молшылыктың корын жасап, онымен катар денсаулық сақтау саласындағы керекті барлық күрделі мәселелерді шешеді. дәрі-дәрмек алуға пайдаланылады, ал оттегі болса адамның және басқа жануарлардың демалуына жұмсалады.

Астық, бұршак тұқымдастар және майлы дақылдар өндірістің көптеген саларында пайдаланылады. Олардан спирт, сыра, өсімдік майы, мақта, кендір, олифа, дәрі-дәрмек жәке де басқа адамга керекті көптеген заттар алынады. Қорыта келгенде көк өсімдіктер, әсіресе ауыл шаруашылығы дақылдары адам өмірінің тұлғасы деп есептеледі. Көк өсімдік болмаса өмір де болмаған болар еді.

Астық қурғақ жағдайда өте ұзақ сақталады, әр турлі,формалы камбаларға қүюға және жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға әбден жарайды, ыстыктан да, суыктан да корықпайды.Міне осыдан барып барлық жер жүзіне тарап кеткен.

Қазақстан астық өсіруде көрнекті орын алады. Ол негізінде нан және басқа тағамдармен қатар малға жем ретінде пайдаланылады, шет мемлекеттерге сатылады. Сондыктан оған ең басты көңіл бөлініп, Қазахстан бойынша өндірілетін астыктың көлемі орташа есепен 25-30 млн тоннаға жеткізуді алға койып отыр. Жыл сайын жер жүзінде адам саны көбейіп, соған байланысты тамак өнеркәсібін өркендету мәселесі күрделі міндет болып түр.

Қазақстан астықтың сапасы бойынша бірінші орында. Қазақстаның солтүстік облыстарында жоғары құнарлы күшті бидай өсіріледі. Онсыз жақсы нан пісіру мүмкін емес және оны шет мемлекеттерге алтын бағасымен сатуға болады. Сондықтан да Қазақстанда жоғары сапалы астық өндіру жоспарланып отыр. Кәзір ауыл шаруашылығы түгел механикландырылған, астықтың өнімділігі жылдан жылга өсіп келеді. Оны кына мәліметтерден көруге болады. 2000-2009 жылдары орташа есеппен бip гектардан алынатын өнім 10 центнерден І5 центнерге дейін өсті.

Қазакстанда астық өнімдері (1955ж.) жылдан, яғни тың және тыңайған жерлерді игеруден бастап, тез өсе бастады.Кәзір республикамызда 30 млн-нан артық егіс егіледі. Осындай жетістектерге қарамастан, астық өнімдері тамақ өнер-кәсіптерін және мал шаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз етуге әлі де жетіспейді. Сондықтан Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі бағыттарында егістіктің көлемін көбейтіп, оның өнімін арттыру сапасын жоғарлату мәселелері ең басты бағыт алға қойылып отыр. Сонда ғана Қазақстанда ұн, нан сияқты күнделікті пайдаланылатын тағамдармен қатар, мал азығы да жеткілікті бола алады.

2. Қазақстаңда ежелден мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі халықтар мекендеген. Мұнымен қатар, әдеби хабарларға қарағанда, кей бip сулы аудандарда аздаған егін шаруашылығы болғаны байқалады. У.С.Сулеменовтың (І97Іж.) деректеріне қарағанда, Қазақстан жерінде біздің эрадан бұрынғы екінші мыңжылдықта Қазақстаның оңтүстік аймақтарында бидай егістері болғаны туралы деректер бар.

Соңымен қатар Қазақ жерінде жоғары сапалы бидай өсірілетіні баяғыдан белгілі болған. Акад. Д.Н.Прянишков (1965) өзінің кітабында былай деп жазады: Франция бидайының 1000 дәні - 4,55 гр., Индия бидайы - 3,6, Америка бидайы – 3,2, орыс бадайы – 2,25, ал Қоныраттын ақ бидайы – 6,2 гр, қожа бидай - 4,5 гр. тартады деп жазғая. Кәзір Н.Л.Удольская осы кожа бидайдан Қазақстан 126 атты сортын шығарды. Кәзірдің өзінде ескіден қалған ақ бидай, қызыл бидай т.б. бидайлардың жергілікті сорттары кездеседі. 1928-1930 жылдары қара шаруаларды колхоздастырғаннан бастап егістік көлемі өсіп -3,8 млн гектарға, ал 1953 жылы – 7 млн гектарға жетті. 1954 жылдан бастап Қазақстанда тың және тынайған жерлерді игеру басталды, соның арқасында 1965 жылы 25,5 млн гектар жер игеріліп, ол жерлерге 337 үлкен астық совхоздары құрылды, сол жылдары үкіметке 10 млн тоннаға жуык астық тапсырылды. Сүйтіп Қазақстан Советтер Одағында өсімдік шаруашылығының ішінде астық өндіруден үшінші орынға ие болды. Қазақстан Советтер Одағындағы ең ірі астық өндіреті өлкеге айналды.

Біздің елімізде өсімдік шаруашылығыауыл шаруашылығының бір саласы ретінде басымдыққа ие. Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы – жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылығы астық дақылдары қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады.

Өсімдік шаруашылығының өнеркәсіп өндірісінен айтарлықтай айырмашылығы бар: басты айырмашылығы – маусымдылық (қалыпты жағдайларда өсімдіктер аязсыз кезеңде ғана өнім беруге қабілетті); өнім мөлшері мен сапасының топырақ-климат жағдайларына тәуелділігі; өсімдік тіршілігіне қолайлы жағдайлар жасауда далалық жұмыстардың (топырақ өңдеу, тыңайтқыш жүйесін қолдану, себу (отырғызу), егістікті күтіп-баптау, егінді жинау т.б.) дер кезінде және сапалы іске асырылуы т.б.

Өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығымен тығыз байланысты: оған ол ірі сабақты, шырынды, құнарландырылған жем азық берсе, мал шаруашылығынан ол тұрақты және мол өнім алу үшін, әсіресе құнарлығы төмен жерлерде, органикалық тыңайтқыштар алады.

Қазіргі кезеңде өсімдік шаруашылығы өндірісінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік өнімдерін өндіруді қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманғы ғылыми жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны қолдану, қоршаған ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның ішінде топырақ, неғұрлым таза су көздері, өсімдік гендік қорлары, жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпақтарымызға лайықты мұра болып қалуы керек.

Бір айта кетерлік жәйт, елімізде негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімінің соңғы жылдары біршама артып келе жатқаны байқалады. Оған қолайлы ауа-райы жағдайлары мен қатар егіншілік мәдениетінің арта бастағаны, жаңа техника, құрал-жабдықтардың қолданыла бастауы, мемлекеттік қолдаулар да әсер етуде. Дегенмен, астық, мал азығын және басқа өсімдік өнімдерін өндіру мен олардың

Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады, соның ішінде астық - дәнді,жармалық дақылдар және бұршақ дақылдары болып бөлінеді. Дәнді дақылдары (бидай, қарабидай, сұлы, арпа, күріш, тары, жүгері, т.б.) астық тұқымдасына жатады. Даму және өсіп-өну кезеңіне байланысты күздік және жаздық дақылдар болып бөлінеді. Күздік дақылдарға бидай, қарабидай, арпа, ерте пісетін жаздық дақылдарға бидай, қарабидай, сұлы, арпалардың кейбір сорттары жатады. Оларды Қазақстанның солтүстігінде мамыр айында себеді. Кеш пісетін жаздық дақылдарға тары, жүгері, күріш жатады. Бұлар суыққа төзімсіз келеді. Сондықтан оларды ерте пісетін жаздық дақылдардан кешірек себеді. Дәнді дақылдарды (Д. д.) егу үшін жерді 20 – 22 см тереңдікте жыртып, қопсыту керек. Егістікке, көбінесе көң (20 т/га) мен минералдық тыңайтқыштар (90 – 120 кг/га), тұқыммен бірге фосфор тыңайтқышы (10 – 15 кг/га), үстеме қорек ретінде негізінен азот тыңайтқышы (20 – 30 кг/га) шашылады. Егістіктің арамшөбін отап, қатар аралықтарды қопсытады, өсімдікті зиянкестер мен кеселден қорғаудың шараларын жүзеге асырады. Д. д. дүние жүзінің егіншілікпен айналысатын барлық аудандарында өсіріледі. Бидайды барлық құрлықтарда, күрішті, көбінесе Азияда, жүгеріні Солт. Америкада, қарабидайды Еуропада, сұлыны Солт. Америка мен Еуропада, тарыны Азия мен Африкада егеді. Астық дақылдары Қазақстанның негізгі азық-түлік қоры және шетке шығарылатын өнімі.

Дәнді дақылдар. Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд. т-дан асып отыр. Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15 – 20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35 – 40 ц/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азия елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында – Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.

Бидай — ең басты дақыл. Оның негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Оны академик Н. И. Вавилов анықтаған (кесте).

Кесте – 1. Мәдени өсімдіктер шығу орталықтары (Н. И. Вавилов пен В. В. Вольский бойынша

Орталықтар Басты мәдени дақылдар
Жерорта теңізі Арпа, зығыр, жүзім, апельсин, зәйтүн, құрма
Оңтүстік-Батыс Азия Бидай, карабидай, арпа, сұлы, кендір, бұршақ, қызылша, жүзім
Оңтүстік Азия Күріш, бидай, қант құрамы, мақта, джут, шай, кокос пальмасы
Шығыс Азия Күріш, қытайбұршақ, қытайтары (гаолян), арпа, тары, шабдалы, өрік
Оңтүстік-Шығыс Азия Күріш, ямс, тары, саго, банан, қант құрағы
Эфиопия Бидай, арпа, сорго, тары, кофе, мақта, банан
Батыс Африка Күріш, тары, ямс, май пальмасы, қарбыз, қауын
Орталық Америка Жүгері, маниок, батат, жержаңғақ, какао, сизаль, макта, темекі
Анд тауы Жүгері, картоп, асбұршақ, мақта, күнбағыс

Қазір бидай адам тұрақты мекендейтін барлық материктерде өседі. Бидай солтүстік жарты шарда көп өсіріледі. Дүниежүзінде 70-тен астам ел бидай өсірумен айналысады, бірақ оның жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше елге тиесілі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды. Кесте мәліметтері негізгі бес дақылды (күріш, бидай, қарабидай, жүгері, арпа) жинау көрсеткіштері негізінде құрастырылған.

Бидайдың тауарлық өндірісі XIX ғасырдан бастап дала зонасы таралған материктерде қалыптаса бастаған. Қазір олар жоғары маманданған ірі шаруашылықтарға айналған. Ондай аудандарға АҚШ пен Канададағы Ұлы жазықтар, Ресейдің; Еуропалық, бөлігінің оңтүстігі, Украина, Қазақстан, Ұлы Қытай жазығы, Африканың оңтүстігі, Аустралияның оңтүстігі, Аргентина Пампасы сияқты басты астықты өңірлер жатады. Астықты өлкелердің бірі болып саналатын жер – АҚШ пен Канаданың Орталық жазықтары. Мұнда көбінесе жоғары сапалы нан пісіруге арналған қатты бидай өсіріледі. Виннипег каласын бидай астанасы деп атайды.

Қазақстанның оңтүстігінде күздік, ал солтүстігінде жаздық. бидай егіледі. Ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде бидай жер жүзінде өте тараған дақыл және, қара бидайды есептемегенде, ұн мен нан сияқты кең тараған тағамдарды тек бидайдан ғана алуға болады. Жер шарында оның көптеген түрлері мекен етеді. Оның ішінде екі тұрі көп тараған. Олар: Жұмсақ бидай (лат.Тритикум аестивум) және катты бидай (Тритикум дурум) бидайлары.Жұмсақ бидай көбінесе нан пісіруге пайдаланылады да, өзінің наубайханалық қабілетіне қарай үш топқа бөлінеді: бірінші топ - күштібидай. Ол өте жаксы бағалы нан береді де нан пісіру кабілеті нашар осал бидайдың бұл кабілетін жақсартып орташа нан пісіру қабілеті бap дәрежеге жеткізеді. Оның кұрамында белок және клейковина (қазақша желімтік) көп болады және олардың сапасы жоғары болып келеді. Үшінші топ- осал бидай - нан пісіруге жарамдылық кабілеті төмен, таза күйінденан пісіруге жарамсыз бидай. Екінші топ - орташа кабілетті бидай. Күшті бидай өсіруде Қазақстан жоғары орын алады. Бұл бидай халықаралық стандартқа сәйкес шет елге сатқанда СКС Советтік Қазақстадық Спринг (анг. жаздық), 14,5; 15,5 – құрамындағы белоктың проценті. Бұл бидай тек алтын бағасымен сатылған. Күшті бидай Қазақстаннан басқа АКШ, Канада ғана өсіреді. Сол себептен оның кұны өте жоғары болып, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде ерекше орын алды.

Күріш – тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері – Қытай. Бидай сияқты басқа жерлерге «қоныс аударған». Муссондық климат сипаты тән субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару арқылы өсіріледі. Егістік аумағы бидаймен салыстырғанда екі есе аз болғанына қарамастан, өнім мөлшері бірдей. Оның басты себебі климаттық жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония, Индонезия, Египет және т.б.) күріштен жылына екі рет өнім жиналады. Күріш – жылу мен ылғалды, күтімді көп қажет ететін дақыл. Сондықтан халық өте тығыз орналасқан аймақтарда басым өсіріледі. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 9/10-ы Азияның күріш өсіруші елдеріне келеді. Дүниежүзіндегі суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр.

Жүгері (маис) – Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа аудандарына да таралды. Оның егістіктері көбінесе бидай егістігі мен қатар орналасады. Тек дән үшін ғана емес, мал бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін өсіру соңғы кезде оның таралу аймағын кеңейтті. Басты өндіруші елдер – АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Дүниежүзіндегі жүгері өсіретін басты аудан – АҚШ-тың ұлы көлдерінен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері белдеуі. Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып табылады. Жүгері өндіруден әсіресе Айова штатының даңқы шыққан. Дамыған елдерде жүгері мал азығы ретінде, ал дамушы елдерде азық-түлік дақылы ретінде өсіріледі.

Өндірілетін астықтың дүниежүзілік нарыққа 10 – 15%-ы шығарылады. Астықты сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия, Аргентина жатады. Азық-түліктік астық өз астығы жетпейтін Египет, Қытай, Иран, Ресей сияқты елдерге, мал азықтық дақылдар Жапония, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне және Ресейге жіберіледі. ТМД елдерінің көпшілігі өсімдік шаруашылығының артта қалуына байланысты дәнді дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30 – 40 млн т астық сатып алуға мәжбүр. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанда ілгерілеу байқалады. Соңғы жылдары Қазақстан астықты сыртқа шығаратын елдер қатарына қосылды. Мысалы, 2009 жылы ұн сатудан ТМД елдерінде бірінші орынға шықты.

Техникалық дақылдар

Өсімдік шаруашылығының маңызды саласының бірі – өсіріледі. Аса маңызды техникалық дақылдарға майлы дақылдар, қант өндірілетін дақылдар, талшықты, крахмалды, сергітпе және дәм-татымдық дақылдар жатады. Олардың өзі азық-түліктік маңызы бар және азық-түлікке жатпайтын деп ажыратылады.

Майлы дақылдар

Майлы дақылдар Жер шары халқының тамақ құрамында дәнді дақылдардан кейін 2-орын алады. Маңызды түрлері: қытайбұршақ, жержаңғақ, зәйтүн, күнбағыс. Бүкіл пайдаланылатын майдың 2/3-сі осы өсімдіктерден алынады. Қытайбұршак өндіруден АҚШ 1-орында, одан кейін Бразилия мен Аргентина. Жержаңғақ өсіруден Үндістан, зәйтүннен Италия, ал күнбағыс өсіруден Ресей алдыңғы орында. Азия, Латын Америкасы елдерінде пальмалардан, мақта өсіретін елдерде мақта майын алу жолға қойылған.

Антты дақылдар

Қантты дақылдардың да азық-түліктік маңызы зор. Олардан жыл сайын 100 млн т-дан астам қант өндіріледі. Оның 60%-ы қант құрағынан, ал 40%-ы қант қызылшасынан алынады. Екеуі де еңбекті өте көп қажет ететін дақылдар, бірақ таралу аймағы мүлде бөлек. Қант құрағы – шөптесін, көпжылдық өсімдік. Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққанымен қазір Латын Америкасы елдерінде және басқа материктердің тропиктік, субтропиктік белдеулерінде көбірек өсіріледі. Негізгі өндірушілері — Бразилия, Үндістан, Қытай. Қант қызылшасы коңыржай белдеудің дақылы, оның басты өндірушілері – Франция, АҚШ, Ресей, Украина және т.б., яғни коңыржай белдеу елдері.

Наши рекомендации