Анықтау формулалары
Билеті
Инженерлік-геологиялық рекогносцировка.
Инженерлік геологиялық рекогносцировка –бұл құрылатын жергілікті жайларды инженерлік мақсат үшін алғашқы мәліметтерді тексеру. Бұл инженерлік геологиялық ізденудің өте маңызды және жауапты бөлігі. Мұны білікті инженер геологтар және құрушы жабашылар орындайды, олар құрылыстың практикалық және экономикалық тиімділігін негіздейді.
Рекогносцировка жасағаннан кейін төмендегі мәліметтерге ие боламыз, олар төмендегілер: криторияның геологиялық пен геоморфологиялық ерекшеліктері, грунттың литолого – генетикалық түрі мен оның физикалық – механикалық қасиеттері негізгі су жинағыш қабаттардың сипаттамалары мен олардың қоректенуі мен су сіңіргіштігі , олардың физикогеологиялық процестері құбылыстар дамуы туралы мөлшерлік және олардың көрінісі.
Рекогносцировкада негізгі грунттардың литологиялық түрлерін анықтау үшін, жағымсыз физикалық – механикалық процестер мен құбылыстарды анықтау үшін таңдалған бағыт бойынша күзетіледі.
Рекогносцировка жұмысында керек болса кіші көлемде тау жыныстарында қазба геофизикалық жұмыстарын грунттар мен жер асты суларын тексеру жұмыстарын алып барады.
Рекогносцировканың негізгі мақсаты инженерлік геологиялық жұмыстарды жоспарлау болып табылады. Бірақ кейбір кезде рекогносцировкалық зерттеудің нәтижесінде қорытынды жасалып, санақ негізінде жобалаудың белгілі бір шешімін қабылдайды.
Грунттардың су сіңіргіштігі нелерге (факторларға) байланысты .
кеуектілік коэффициентін мына формуламен анықтайды:
e=Ps/P *(1+0,01w)-1
Ps-қатты бөлшектің тығыздығы
P-грунттың тығыздығы
W-табиғи ылғалдылық
Грунттың сығымдылық коэффициенті мен деформация модулін
анықтау формулалары.
Массивті тау жыныстарының топырақтан айырмашылығы, топырақтардың механикалық қасиетінің маңызды сипаттамасы оның сығылуы болып табылады. Топырақтардың сығылуы дегеніміз сыртқы салмақтың әсер етуінен көлемнің кішірею қабілетін айтады. Лабораториялық жағдайда топырақтың сығылу заңдылығын зерттеуді одометрмен орындайды. Оны компрессионды прибор деп атайды.
Одометрмен зерттеу методикасы топырақ үлгісінің кеңеюінен басқа жағдайда сығылуы, қысымнан топырақтардың кеуектілік коэффициентінің өзгерісін анықтайды. Одометр топырақ үлгісін береді, бұл күш әсерінен топырақ үлгісі шамасына кішірейеді, оны индикатормен өлшейді. Штампқа күш сатылап беріледі. Әрбір сатысында салмақты топырақ тұнбасы тұрақталғанға дейін ұстайды. Әр сатының күш әсерінен сәйкес келетін топырақ кеуектілік коэффициентін мына формуламен анықтайды:
ei=e-Si/h(1+e0)
Компрессионды тәжірибелер нәтижелерінен графикке компрессионды қисық сызылады. Ол график арқылы іргетас шөгуін анықтайтын деформациялық сипаттамаларды, сығылу коэффициентінің деформация модулі және сығылудың салыстырмалы коэффициентін анықтайды.
Қажетті құрал-саймандар: одометр, сүзгіш, қағаз, пышақ, топырақ үлгісі.
Анықтау әдісі
1. Топыраққа арналған γS, γ, W және е0 шамаларына анықтау.
2. Одометрдің металл сақинасын топыраққа толтыру. Одометр топырақ толтырған сақинаны және сүзгіш қағазды саламыз және оны жұмыс күйіне келтіреміз. Индикатор көрсеткішін 0-ге келтіреміз.
3. Рычагты жүйе көмегімен сатылап 0,05-1 мПа топырақ үлгісіне Р тік бағытта күш қоямыз. Әрбір сатыны шөгу жартылай тұрақтағанға дейін уақыт ұстайды. Индикатор арқылы үлгінің миллиметріне сәйкес келетін деформацияны анықтау.
4. Алынған өлшемдерді журналға жазамыз. Түзетілген өлшемдер есебімен әр сатының күшіне сәйкес келетін кеуектілік коэффициентін еі және үлгінің тік бағытта сығылуын Si есептейді.
5. Компрессионды қисық сызу, сол арқылы 0,05-0,30 мПа интервал қасама үшін сығылу коэффициентін топырақтардың деформация модулін және салыстырмалы сығылу коэффициентін анықтайды.
Топыраққа жүргізілген компрессионды тәжірибе нәтижелерін өңдеуге мысал.
Қысым интервалы үшін: Р01 =0,05 мПа е1 = 0,575
Р02 =0,30 мПа е2 = 0,43
Сығылу коэффициенті:
m0=e1-e2/P02-P01
Салыстырмалы сығылу коэффициенті:
mv=m0/1+e0
Коэффициент:
B=1-2u02/1-u0
Топырақ деформациясының (компрессионды) модулі:
E0=B/mv
Ескерту: β мәні бүйір μ0 топырақтың кеңеюі коэффициентінің мәні бойынша анықталады, қабылдау шегі сазбен қатты және жартылай қатты саздақ үшін консистенциялайды: μ0 = 0,10÷0,15; қатты пластикалық μ0 = 0,20÷0,25; пластикалық және аққыш пластикалық консистенция μ0 = 0,30÷0,40; аққыш консистенция үшін μ0 = 0,45÷0,50; құмайттар үшін консистенциясына байланысты μ0 = 0,15÷0,30; құмдар үшін олардың тығыздығына байланысты μ0 = 0,20÷0,25.
Кеуектілік коэффициентінің е0 компрессиондық зерттеуге дейін анықталады.