Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі №2484 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

1. Бухгалтерлік баланс;

2. Кірістер мен шығындар туралы есеп;

3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп;

4. Меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп;

5. Түсіндірме хат.

Сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдар мен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады.

Қаржылық есептің элементтерін іске асыру мерзімдері

Есеп берудің формалары Есеп берудің мерзімі
Бухгалтерлік баланс Ай сайын
Кірістер мен шығындар туралы есеп Ай сайын
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп Ай сайын
Меншікті капиталдағы өзгеріс туралы есеп Тоқсан сайын
Түсіндірме хат Жылдық есеппен бірге

Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған: субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудін мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды.

Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

Бухгалтерлік баланстың бөлімдері (жақтары) мен элементтері келесідей анықталады:

Актив дегеніміз - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі.

Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.

Капитал - бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты.

ХҚЕС және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1-кестеде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады.

Кесте-1

Құрастырылған бухгалтерлік баланс.

Алайда айта кеткен жөн, балансты құрудың түрін таңдау (көлденең, яғни екі жақты немесе тікелей) шаруашылық субъектілерінің шексіз құқы болып табылады.

Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.

Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

1) ұзақ мерзімді активтер;

2) ағымдағы активтер;

3) меншікті капитал;

4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;

5) ағымдағы міндеттемелер.

Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерінқолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасыносы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындарсомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесітуралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынныңмезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал козғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян (шығын) әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның кызмет нәтижесіне баға береді.

Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп "Кірістер мен шығындар туралы есеп". Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде занды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиян-ды, есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.

Бұл есептің жасалуы келесідей түрде болады.

Кесте-2

Кірістер мен шығындар туралы есеп

Бұрынғыға қарағанда бұл едәуір оңайлатылған. Мұнда табысты пайдалануды, бюджетке төлемді, табыс салығы бойынша жеңілдіктерді есептеу барысындағы шығындар ашып көрсетілмеген. Ол тек есепті кезеңдегі қаржылық нәтиженің қалыптасуын (таза табысты немесе зиянды) ғана көрсетеді.

Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алынады. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтер-дің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.

"Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі". Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушьшарды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпа-раттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.

Операциялық қызмет деп субъектің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметі.

Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.

Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп тусуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.

«Меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп» есепті кезеңдегі кәсіпорынның тұрақты міндеттеме өзгерісін сипаттайды. Кәсіпорынның қаржылық нәтижесін есепті кезеңдегі кірістер мен шығыстар сомаларының өзгерісі көрсетіледі.

Наши рекомендации