Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Жоспар:Қауіпті гидрологиялық құбылыстар - әр түрлі табиғи немесе гидродинамикалық факторлардың немесе екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын, адамдарға, ауылшаруашлық малдары мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға немесе гидрологиялық процесстердің нәтижесі.
Егер сіздің ауданыңыз су басудан жиі зардап шегетін болса, су басуы мүмкін аумақтың шекарасын сондай – ақ, сирек су басатын, тез жететін және тұратын жерден алыс емес жерлер мен қыраттарды есте сақтап, зерттеп алған жөн. Жеке сақтандыру шараларына мыналар жатады: толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу; жақын орналасқан жерлердің топографиялық биік нүктелерімен танысу; жақындаған зілзала туралы хабардың әдістері мен нысандарын білу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған қаптар, тосқауыл қою, топырақ төгу. Отбасы мүшелеріңізді жеке және топтасып көшу, сондай – ақ кенеттен және қарқынды су басу кезіндегі тәртіп ережелерімен таныстырыңыз. Алдын ала көшу кезінде алып кететін қажетті құралдардың, мүліктердің, дәрі дәрмектердің тізімдерін дайындап қойыңыз. Дайындалған құнды заттарды, керекті жылы киімдерді, азық – түлік қорын, су және дәрі дәрмектерді арнайы чемоданға салып қою керек.
Су басу кезінде не істеу керек. Су басудың қаупі туралы және көшіру туралы хабарландыру берілген кезде көрсетілген тәртіп бойынша су басу қаупі төніп тұрған аймақтан қауіпсіз жерге немесе қыратқа шығыңыз, өзіңізбен бірге құжаттарды, құнды заттарды, қажетті киімдерді, екі – үш күнге жететін бұзылмайтын тамақ қорын алыңыз. Ең соңғы көшіру орнына тіркеліңіз.
Жеке аулада селдің суы кедергісіз ағуы үшін жұмыстар жүргізіңіз:
· жақын бұлақтарды, арықтарды қоқыстан және мұздан тазартыңыз
· аулада су ағатын орларды қазыңыз
· үй ауласын үйіп көмуге қолда бар материалдарды дайындаңыз (қаптар, топырақ, құм, саз).
Алғашқы қажетті заттары бар сөмке немесе арқа қоржынын, ауыз суы мен азық-түліктің аз мөлшердегі қорын дайындау қажет. Су болмайтындай жерге құжаттарды салыңыз. Бағалы заттарды, қоймадағы азық-түлік қорларын шатыр астына немесе су баспайтын аймаққа көшіріңіз.
БАҚ-ның ақпараттарын және көлік құралдары мен кәсіпорындардың үзілмелі белгілері және сирена дабылдарын мұқият бақылаңыз.
Су басу жайлы хабар алысымен асығыс және көшірілу пунктері ұйымдастырылған бағытқа қарай үй-жайларыңызды тастап шығыңыз.
Егер су деңгейінің жоғарылағанын байқасаңыз жедел аудандық, қалалық ТЖ қызметіне, жергілікті атқарушы органдарға хабарласыңыз.
Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндірініз, от жағатын пештерді өшірініз, үйдің сыртындағы барлық қалқитын бұйымдарды бекітіңіз немесе оларды үйдің қосымша бөлмесіне орналастырыңыз. Егер уақыт болса құнды заттарды үстіңгі қабатқа немесе тұрғын үйдің шатырына орналастырыңыз. Есік терезелерді жабыңыз. Ұйымдастырылған көшіру шаралары болмаған жағдайда көмек келіп жеткенше немесе судың деңгейінің түскенінше үйдің жоғарғы қабатында, талға немесе жоғары тұрған жерлерге орналасыңыз. Бұнымен қоса үнемі апат белгісін беріңіз: күндіз жақсы көрінетін матаны іліп қойыңыз немесе таяққа қадап алып сол матамен бұлғап белгі беріңіз, ал түнде жарықпен немесе дауыспен белгі беріңіз.
Құтқарушылар келген кезде ұстанымдылық танытып, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына қарай өтіңіз. Құтқарушылардың талаптарын қатаң орындап, жүзу құралдарының шамадан тыс толып кетуіне жол бермеңіз. Қозғалыс кезінде көрсетілген орыннан алшақ кетпеңіз, жүзу құралының бүйіріне отырмаңыз, экипаждың талаптарын қатаң сақтаңыз.
Су басқан аймақтан өздігінен шығуға тек қана зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету керек болған жағдайда ғана шығу ұсынылады. Бұған қоса сенімді жүзу құралы болу керек және қозғалыс бағытын білу керек. Өздігінен қозғалған кезде апат белгісін беруді тоқтатпаңыз. Суда жүзіп жүрген және батып бара жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.
Егер сіз суда қалсаңыз, төмен қарай тартатын аяқ киімді, ауыр киімді шешіп жүзгіш заттарды, ағашты, басқа да су бетінде қалқып жүрген заттарды іздеп, көмек күтпей ақ оларды пайдалану керек.
Су тасқыны кезінде кіреберіс жолдар мен көпірлер жедел қалпына келтіріліпзардап шегушілерге тамақ пен киім жкткізіледі. Қосымша үйінді, су ағызатын каналдар мен бөгеттер тұрғызылады, бұрыннан бар бөгеттердің шайылған жері мен саңылауы бекітіледі. Өндіріс қондырғылардың құтқару, жөндеу, ғимараттар мен үй жайларды тез қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Су кеткеннен кейін үзілген және ілулу тұрған электрөткізгіштерін, зақымдалған газ құбырынан сақталу қажет. Үйге кіреде оның бөліктерінің су толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу қажет. Суда табылған азық – түлікті, тасқыннан кейінгі іркілген суды пайдалануға болмайды.
Су тасқыны жағдайындағы көшіру туралы, әдетте, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның арнайы шешімімен жарияланады. Көшірудің басталатындығы және тәртібі туралы халыққа жергілікті радиоторабы желілері мен жергілікті теледидар бойынша хабарланады. Жұмыс істейтіндерге сонымен қатар, кәсіпорын, мекеме мен оқу орындарының әкімшілігі, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтіндер пәтер иелері коорперативтері арқылы хабарлайды. Халыққа көшіру нүктесіне жиналатын орынмен, оған келу мерзімі жаяу көшкен кездегі бағыт, сондай – ақ, жергілікті жағдайда, күтілген апатқа, оны ескерту уақытына орайлас басқа да мәліметтер хабарланады.
Уақыт жеткілікті болған жағдайда халық қауіпті аудандардан дүние мүлкімен бірге көшіріледі, сол үшін көлік бөлінеді.
Көшіру су басқан аймаққа жақын орналасқан елді мекендерге жүргізіледі. Халық қоғамдық ғимараттар мен жергілікті тұрғындардың үйіне уақытша қоныстандырылады.
Су басқан аумақтағы адамдарды ізеужедел ұйымдастырылып, сол үшін Азаматтық қорғаныс құрамаларының экипаждары таратылады және басқа да қолда бар күштер мен құралдар пайдаланылады.
Құтқару жұмыстары кезінде халық ұстанымдылық танытып, құтқарушылар талаптарын қатаң орындауға тиіс. Құтқару құралдарына басы артық адам отыруға болмайды.
Құтқарушылар келген кезде қайыққа немесе катерге айқай шусыз бір бірлеп өту керек. Қайық қозғалған кезде орын ауыстыруға, қозғалуға, бортқа отыруға рұқсат етілмейді. Балаларға, қарттар мен сырқаттарға бірінші кезекте көмек көрсетілетінін есте ұстаңыз.
Тосын су тасқыны жағдайында (тоғанның, бөгеттің бұзылуынан болған) халыққа барлық қолда бар техникалық хабарлау құралдарымен, оның ішінде жылжымалы қондырғылардағы дауыс қатайтқыштың көмегімен жүргізіледі.