Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі туралы қазақша реферат
Жабдықтарды сатып алу және монтаждау үшін күрделі шығындарды есептеу
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі туралы қазақша реферат
16 «Негізгі құралдар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді білдіреді.
Негізгі құралдар мекемеге мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы; жабдықтарды сатып алу және орнату; заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ аукциондарда жаңа немесе ұсталған негізгі құралдар нысандарын сатып алу; негізгі құралдар нысандарын тауарлық-материалдық құндылықтарға айырбастау; заңды және жеке тұлғалардан жаңа және ұсталған негізгі құралдар нысандардың өтеусіз түсуі; жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорындардың жарнасы ретінде түсуі; түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ нысандарды кіріске енгізу; ұзақ мерзімді жалға беру шартымен негізгі құралдардың түсуі. Негізгі құралдар түсуі комиссия жасайтын «Негізгі құралдарды қабылдап алу-беру кесімімен» (НҚ-1 нысаны) рәсімделеді. Онда қабылданатын нысанның егжей-тегжейлі сипаттамасы беріледі, оның бастапқы құны және нысанды беру туралы құжаттардың мәліметі бойынша амортизация сомасы көрсетіледі, сондай-ақ нысанның жағдайы туралы комиссияның қорытындысы келтіріледі.
Негізгі құралдарды жіктеу кезінде олардың негізгі құралдардың Мемлекеттік жіктемесіне (ҚР МЖ 12-2005), сондай-ақ осы есепке алу саласын реттейтін өзге нормативтік құжаттарға сәйкестігіне баса көңіл бөлінеді. Негізгі құралдардың өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік Компанияның материалдық-техникалық базасының негізін құрайды және технологиялық процестің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өндірістік емес негізгі құралдарға әлеуметтік мақсаттағы объектілер жатады.
Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың нәтижесінде есептен шығарылады:
— физикалық немесе сапалық тозу;
— шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;
— басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде
беру;
— басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз беру;
— объектілерде ұзақ мерзімді жалға беру;
— кему шығу, табиғи апат және басқа себептер.
Негізгі құралдар мен аяқталмаған құрылыс объектілері істен шыққанда немесе оны бұдан былай пайдалану ешқандай экономикалық пайда әкелетіні күтілмейтін болса, шоғырландырылған теңгерімнен есептен шығарылуы тиіс.
Қоғамның негізгі құралдарын бөліп алу уәкілетті органмен келісіле отырып, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі [16].
Активті мойындауды тоқтатудан немесе активтің құрамдас бөлігінен туындаған пайда немесе залал істен шығу мен активтің теңгерімдік құнынан болатын таза түсімдердің бағалау сомасы арасындағы айырма ретінде кірістер мен шығыстар туралы есепте айқындалуы тиіс. Істен шығудың нақтылы күні тауарларды сатудан түскен түсімдерді мойындауға қатысты ҚЕХС (IAS)18 белгілеріне сәйкес анықталады. Негізгі құралдар объектілерін тарату кезінде Қоғам алатын пайда немесе залал басқа кірістер және залалдар ретінде жіктеледі.
Активті мойындау белгілері қанағаттандырылған жағдайда негізгі құралдардың сындарлы біріктірілген құрамдас бөліктерін ауыстыру кезінде бастапқы құрамдас бөліктің теңгерімдік құны ол амортизацияланды ма, бұл жеке алмастырылған бөлігі ме, немесе алмастырылған жоқ па, оған қарамастан есептен шығарылуға жатады. Егер орны алмастырылған құрамдас бөліктің теңгерімдік құнының дұрыс бағалануы мүмкін болмаса, онда орны алмастырылған бөліктің көрсеткіші ретінде құрамдас бөлікті сатып алу және салу сәтіндегі оның құны пайдаланылады. Бұл ретте, орны алмастырылған бөліктің теңгерімдік құнын бағалау кәсіби пікір-сайысты талап етуі мүмкін.
Қоғамның шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімінен негізгі құралдар объектілерін есептен шығару мыналардың нәтижесінде болады:
— табиғи және моралдық тозу, дүлей апаттар, авариялар салдарынан тарату;
— сату;
— заңды немесе жеке тұлғаларға ақысыз беру (сыйға тарту);
— жарғылық капиталға үлес ретінде беру;
— активтермен алмасу;
— басқа себептер (жетіспеушілік, бүлінуі және басқалай).
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығына сәйкес негізгі құралдардың жай-күйі мен қозғалысының жинақтамалы есебі 2400 «Негізгі құралдар» кіші бөлімінің 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі, онда негізгі құралдардың жекеленген нысандары бойынша бөлшектеуге байланысты оларды есепке алу үшін қоымша жинақтамалы мүліктік шоттар ашылады. Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.
Активт ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобына арналған. Негізгі құралдарың құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар» шоттар тобы арналған [17].
16 – «Негізгі құралдар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес амортизация – бұл активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу. Амортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңына сәйкес ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебін ұйымдастырады. Және де қаржылық есеп беру халықаралық №38 «Материалдық емес активтер», №16 «Негізгі құралдар», Бухгалтерлік есеп №6 «Негізгі құралдар», №28 «Материалдық емес активтер» деп аталатын стандарттар негізінде есепті жүргізеді.
Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімге пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық босалқыларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге: Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ мерзімді активтер жатады.
Мысалы, сатып-өткізу үшін жасалынған жазу столы оны жасаушы кәсіпорын үшін айналым құралы болып табылады, ал оны өзінің шаруашылық қызметіне пайдалану үшін сатып алған кәсіпорынның негізгі құралдарының бір бөлігін құрайды