Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 5 страница
Бұл өзгерістер экономикалық циклдар – жұмыс бастылықтың, өндірістің және инфляция деңгейлерінің оқтын-оқтын тұрақсыздығын сиппатайды.
Көрсеткіштер динамикасы экономикалық жағдаятты көрсететіндіктен, циклдар теориясын кейде жағдаят теориясы деп атайды.
3. Мәтінге тапсырма:
Мәтіннен күрделі, тіркесті экономикалық терминдерді теріп жазып, сөйлем құрастырыңыздар.
2 -САБАҚ
Халықаралық экономикалық интеграция
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. экономикалық интеграция үдерісі дегеніміз не?
2. ЕЭҚ қай жылы кұрылды және оған алғашқыда неше мемлекет енді?
3. Жан басына шаққанда азық-түлік өндіруді ЕЭҚ елдер қай елді басып озды?
2. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.
Бірнеше ұлттық шаруашылықтың бірігіп аймақтық экономикалық интеграция үдерісі дейміз. Осындай интеграциялық құрылымға - Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) жатады. ЕЭҚ 1957 жылы кұрылып,оған алғашқыда алты мемлекет енді, ал қазір олардың саны 25-ке жетті. |
Ұлттық Еуропа парламенті құрылып, өз мәжілісін Страсбург қаласында өткізеді. Қызмет саласында қауымдастықтың бюджет-қаржы істерін бақылау жатады.
ЕЭҚ-тың үкіметарлық органы болып Министрлер Кеңесі жатады. Министерлер Кеңесінің шешімі серіктес-мемлекеттің заңдарымен пара-пар саналады.
Кеңес жұмысының аясында қауымдастық қызметінің негізгі мәселелері толық енеді. Әр мемлекеттің басшысы Кеңес мәжілісіне жарты жыл төрағалық жасайды.
Төрағалықтың алмасуы әліпбилік ретпен алмастырылады. ЕЭҚ территориясында енген елдерден кеден салығы алынбайды.
Сондықтан тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өзара еркін қозғалып отырады.
Жан басына шаққанда азық-түлік өндіруді ЕЭҚ елдер АҚШ-ын басып озды.
Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, автомобиль шығаруда Жапония мен АҚШ-қа басты, бәсекелес болды.
3. Мәтінге тапсырма: Мәтіннің жоспарын құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.
Берілген сөздерден сөйлемдер құрыңыз
капитал | бәсекелес | кеден | серіктес | төраға | қаржы | сала | қызмет |
3-сабақ
Сөйлесім:
1. Жағдаяттық тапсырма:
Сіз ЕЭҚ-қа төрағалық етпексіз, сол мерзімге ұсынар жоспарыңыз.
2.Экономикалық ресурстар
https://www.youtube.com/watch?v=eLQ1SUjVrmU
1. Экономикалық қай ресурстар туралы сөз болады?
2. Жерді игермеу экономикаға қалай әсер етеді?
3. Қай жылдары Қазақстан су тапшылығына тап болады?
4. Іле суы жыл сайын неше пайызға азайып барады?
5. Ел үкіметі қандай стратегия әзірлеп жатыр?
Апта
Тақырып атауы:Отандық бизнес. Грамматикалық тақырып: Орфография.
1. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ тұсаукесері
2. Отандық өнім – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі
3. Сөйлесім: EXPO-17 халықаралық көрмесі
Мақсаты:
Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырып бойынша сұрақ қоя алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, ойын ауызша жеткізе алу, мәтіннің мазмұнын айта алуға машықтандыру.
Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.
Оқылым бойынша:сұхбатты оқып, мазмұнын түсіну, аудара алуға машықтандыру.
Тыңдалым бойынша: сұхбатты толық түсініп, қойылған сұраққа жауап бере алуға үйрету.
1-сабақ
«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы»
АҚ тұсаукесері
Халық – қатесіз сыншы |
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ тұсаукесері қашан және қай жерде өтті?
2. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» бұрынғы қай компанияның жаңа аты?
3. «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» өзінің алдына қандай стратегиялық бағыт қойып отыр?
3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.
| Наурыздың 13-де Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ тұсаукесері болып өтті. Оның құрылу мақсаты – Қазақстанның көлік саласын лизинг қолдану арқылы жаңа көлік құралдарымен қамтамасыз ету, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Министрліктің баспасөз қызметі. |
«Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» жарғылық капиталы мемлекеттің 100 пайызды қатысуымен 2002 жылы құрылған «ҚазАвиаЛизинг» компаниясының жаңа аты. Соңғы екі жылда «ҚазАвиаЛизинг» АҚ әуе кемелері базасын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 32 техника сатып алып, оның 20-сын қаржы лизинг келісімшарттары бойынша отандық әуежайларға өткізді. Кәсіпорынның жаңа тұрғыдан қайта құрылуына себеп болған жайт – қазіргі кезде көлік саласының барлық құрылымдарына да лизинг құралын қолдану арқылы техникалық базаны жаңарту қажет. Осыған орай, компания қызмет шеңберін кеңейтуде. Бүгінгі таңда, «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» өзінің алдына үш стратегиялық бағыт қойып отыр:
· жер бетіндегі техника мен әуе кемелер лизингі,
· теміржол техника лизингі және автомобиль жолдары
· техника лизингі.
ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» басшылығына дағдарыс кезінде компанияны қаржыландыру қиыншылығы жайлы ескерте отырып, оларға қажетті нормативтік-құқықтық база жасау туралы және компания жобаларын қаржыландырудың кепілдеме деңгейін қысқа мерзімде анықтау жөнінде тапсырма берді.
(АСТАНА. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат.)
5. Мәтінге тапсырма:Мәтіннің жоспарын құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.
6. Шығармашылық тапсырма.Мақалдың жалғасын тап:
Ащы менен тұщыны татқан білер, ... | шаң жұқпас |
Жолға шықсаң, .... | ауыр жол ерді сынайды |
Шапшаң жүрсең, .... | жолдасыңды сайлап ал |
Алыс жол атты сынайды, ... | алыс пенен жуықты жортқан білер |
2-сабақ
Отандық өнім – азық-түлік
қауіпсіздігінің кепілі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тыныс белгілері - жазудағы сауаттылықтың кепілі. Сұрау мағынасындағы сөздердің соңынан сұрақ белгісі қойылады. Мысалы: Сіз қалай ойлайсыз? Біз ше? |
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. 2050 жылға қарай адам саны нешеге жетеді деген болжам бар?
2. Қазақстанды алаңдатып отырған негізгі қандай мәселе?
3. елімізде азық-түлік өнімдерінің неше %-ы сырттан алынады?
3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.
Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық жағдайы адамзат өміріне қауіп төндіруде. Жер шары тұрғындарының саны өскен сайын халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі ушығып отыр. 2050 жылға қарай адам саны 9,5 миллиардқа жетеді деген болжам бар. Сондықтан да азық-түлік дағдарысы әлем жұртшылығын, соның ішінде Қазақстанды да алаңдатып отырған негізгі мәселе. Елбасы Н.Назарбаев өз жолдауында: «Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мәселе. 2014 жылға қарай азық-түлік өнімдері ішкі нарығының 80%-ын отандық өнімдер құрауы тиіс» - деген болатын. Бүгінгі таңда ғаламдық мәселеге айналып отырған азық-түлік қауіпсіздігінің алдын алудағы отандық өнімдердің орны ерекше. Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін бақылауда ұстау үшін отандық өнім көлемі 80% межені бағындыруы тиіс. Ғалымдардың айтуынша, егер де азық-түліктің 25%-дан артық мөлшері сырттан алынатын болса, онда азық-түлік қауіпсіздігін бақылауда ұстау қиынға соғады. Ал ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде азық-түлік өнімдерінің 67,5% сырттан алынады екен. Азық-түлік тапшылығының жылдан жылға артуының бір факторы ретінде жоғарыда аталған халық санының еселеніп өсуін айтсақ, келесі бір фактор аграрлық сектордың дұрыс жолға қойылмай, кенже қалуы. Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім тек шикізат күйінде қолданылуда. Демек, бұл тұста аграрлық саланың рөлі ерекше. Сонымен қатар өнім өндірудегі технологияның орны ерекше.
Жоғары технологияны қолдана отырып, сапалы өнім алу негізгі мақсат. Кейбір ауыл шаруашылығы техникасының жоқтығы, технологияның жедел игерілмеуі салдарынан шикізаттың уақытылы өңделмеуі, ол өз кезегінде арзан бағамен шекара асып жатқаны жыл бойы жанталасқан шаруалар еңбегінің зая кетіп отырғанының көрінісі. Негізгі факторлардың бірі тікелей жеткізу жүйесінің дамымауын, яғни сатушы мен тұтынушы арасындағы тікелей сауда желісінің жоқтығы да – жиналған өнімнің бекер жарамсыз болып, желге ұшуына себеп. Тағы да бір мәселе бұл ауыл шаруашылығындағы өндірістік инфрақұрылымның дамымауы. Бұл дегеніміз ауылды жерлердегі жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі т.б. жетіспеушілігі. Сондай-ақ, маман тапшылығы негізгі, әрі күрделі мәселенің бірі болып отыр.
5. Мәтінге тапсырма: Мәтіннің жоспарын құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.
3-сабақ
Сөйлесім:
2. Жағдаяттық тапсырма:
Сіз отандық өнімді пайдаланасыз. Жақында сіз отандық кәсіпорын шығарған тоңазытқышты сатып алдыңыз. Тоңазытқыштың зауыттық кепілдігі 1 жыл. Дүкеннен сатып алғанда 14 күн ішінде ақау шыққан жоқ, алайда 3 айдан кейін тоңазытқышыңыз бұзылып қалды. Сіз тегін жөндету үшін дүкенге хабарласасыз, олар маманды жібереді. Маман ақау зауыттіңкі емес екенін айтады. Сіз оған көнбейсіз, ары қарай ....
2. EXPO-17 халықаралық көрмесі 2017 жылы Қазақстанда өтетін EXPO көрмесіне 36 ел келетінін ресми растады
https://www.youtube.com/watch?v=B591_2U9pXI