Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

3. Бейнефильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Апта

Тақырып атауы: .Іскерлік кездесулер.Грамматикалық тақырып: Сөйлеу мәдениеті. Орфоэпия. Сөз байлығы

Тақырып мазмұны:

1. Іскерлік кездесулер.

2. Шетелдік инвесторлармен келіссөз.

3. Сөйлесім: KEGOC компаниясы.

Мақсаты:

Айтылым бойынша: жаңа сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту, тақырып бойынша сұрақ қоя алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, ойын ауызша жеткізе алу, мәтіннің мазмұнын айта алуға машықтандыру.

Жазылым бойынша: жазбаша ойын жеткізе алу, сұхбат, шағын мәтіндер құрастыра алуға төселдіру.

Оқылым бойынша:сұхбатты оқып, мазмұнын түсіну, аудара алуға машықтандыру.

Тыңдалым бойынша: сұхбатты толық түсініп, қойылған сұраққа жауап бере алуға үйрету.

1-сабақ

Іскерлік кездесулер

Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. Құлаққа ұғымды, ойға қонымды келеді.   Бауыржан Момышұлы  


Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз - student2.ru  

Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз - student2.ru 1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Dando Drilling International» компаниясының бұрғылау қондырғыларын өндіруде неше жылдық тәжірибесі бар?

2. «Қазгеология» АҚ және «Dando Drilling International» британ компаниясы не жасаты?

3. Компания қызметшілері нені көрсетті?

Сөздерді жаттаңыз, сөйлем құрастырыңыз

тау-кен – горно-добывающий

барлау - разведка

талқыланды - обсуждалось

уағдаласты - договорились

бұрғылау - бурение

ұсыну - предлагать

бірлескен - совместный

Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз - student2.ru 3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

Торонтодағы Халықаралық тау-кен өндіретін форум аясында 2014 жылдың 5 наурызында «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалым Нұржанов «Dorsey & Whitney LLP» компаниясының басшыларымен және «Heenan Blaikie» компаниясының тәуелсіз директоры, кеңесшісі, «Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Игорь Абрамовпен кездесті. Кездесуде геологиялық барлау компанияларының дүниежүзілік тәжірибесі талқыланды, сондай-ақ тараптар өзара әрекетті жалғастыру туралы уағдаласты.

Сондай-ақ тау-кен өндіретін көрме барысында гидрогеологиялық ұңғымалар мен қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау үшін бұрғылау қондырғыларын өндіруде 145-жылдық тәжірибесі бар «Dando Drilling International» компаниясының басшыларымен жұмыс кездесу өтті. Кездесу барысында компаниялардың арасындағы болашақ қызметі қаралды.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың шілде айында Қазақстан-Британдық форум төңірегінде «Қазгеология» АҚ және «Dando Drilling International» британ компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумды жасасты.

Дәл осы күні «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалым Нұржанов геофизика саласында орасан зор тәжірибесі бар «Quantec Geoscience Limited» канадалық компаниясының өкілдерімен кездесті. Компания қызметшілері геофизикалық жұмыстарда қолданылатын жаңа технологияларды көрсетті.

Тараптар геофизикалық және аэрогеофизикалық қызметтерді ұсыну бойынша бірлескен кәсіпорынды құруды жоспарлайды.

Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз - student2.ru 5. Мәтінге тапсырма: Мәтіннің жоспарын құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.

Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз - student2.ru 6. Шығармашылық тапсырма.Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердің атқаратын қызметін түсіндіріңіз.

Қазақ тілінде мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердің алатын орны зор, өйткені

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

2-сабақ

Шетелдік инвесторлармен келіссөздер

Өнердің ең асылы - сөз. Мәшһүр Жүсіп Көпеев  


Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз - student2.ru  

Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз - student2.ru 1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. ОКҚ-да өткен брифингте министр Әсет Исекешев не туралы хабарлады?

2. Кімдермен келіссөздер жалғасатын болады?

3. Наурыз айында ҚР қай елмен 20 инвесткелісім жасасуға ниетті?

Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз - student2.ru 3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

ҚР Инвестиция және даму министрлігі мен шетелдік инвесторлар арасындағы келісімдерінің жалпы құны 18 млрд. доллардан асады, деп хабарлады бүгін ОКҚ-да өткен брифингте министр Әсет Исекешев.

«Наурыз айында қол қою жоспарланып отырған келісімдердің жалпы құны 18 млрд доллардан асады», - деді ол.

ҚР Инвестиция және даму министрі атап өткендей, Қазақстан аймақтағы инвестиция көлемі өсіп келе жатқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Оған сауатты инвестициялық саясат сеп болды.

«Жаңа жүйе бойынша жұмыс басталды. Бүгін ҚР ИДМ инвесторларына арналған «бір терезе» жобасы бойынша Үкімет қаулысы қабылданды. Біз ҚР СІМ арқылы барлық елшілермен, барлық министрліктермен, ұлттық компаниялармен және әкімдіктермен белсенді түрде жұмыс жасап жатырмыз. Биыл жүйелі шаралардан басқа екі бағытқа назар аударамыз», - деді ол.

Осылайша, бірінші бағыт аясында экономиканың басым бағыттары бойынша екінші бесжылдықты жүзеге асыруға ниетті инвесторлармен келіссөздер жалғасатын болады. Олар - инвестиция көлемі 40 млн. доллардан асатын 100-ге жуық компания.

«Олардың 60-сы индустрияландыру картасына енген, олардың 10-ымен жаңа заңнамаға сәйкес инвестициялық келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отырмыз. 100 инвестордың 42-сі Европадан, 44-і Оңтүстік Шығыс Азиядан, 5-еуі АҚШ-тан, 7-еуі - Араб елдерінен. Металлургия, энергетика саласы бойынша - 26, құрылыс индустриясы - 23, фармацевтика, денсаулық сақтау бойынша - 19, химия -16, машина жасау - 16, мұнай өңдеу бойынша - 5 компания», - деді ол.

Ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР ИДМ Қытаймен 20 инвесткелісім жасасуға ниетті. Шамамен 40 жоба талқыланып жатыр.

Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз - student2.ru 5. Мәтінге тапсырма: Мәтіннің жоспарын құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіз.

Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз - student2.ru 6. Шығармашылық тапсырма. Өз ойыңызбен бөлісіңіз, тағы қосарыңыз бар ма?

Адамдарды баурап алудың алты тәсілі

1. Басқа адамдарға шын ынта білдіріңіз.

2. Адамға өзінің есімі өте әуезді естілетіні есіңізде болсын.

3. Жақсы тыңдаушы болыңыз.

4. Әңгімені сұхбаттасыңыз қызығатын тақырыпқа бұрыңыз.

5. Адамдардың өзін елеулі сезінуіне мүмкіндік туғызыңыз.

6. Күлімсіреңіз. (Дейл Карнеги)

3-сабақ

Сөйлесім:

Жағдаяттық тапсырма:

Мекеме басшысы ретінде өте маңызды іскерлік кездесуге бір маманды жіберіңіз. Неге жібергеніңізді дәлелдеп беріңіз.

Бейнефильм бойынша тапсырмалар. 1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз - student2.ru 2. kegoc компаниясы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын бастап кетті https://www.youtube.com/watch?v=wVN168Uj3xs

Наши рекомендации