Лемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?

Қазіргі таңда экономиканы инновациялық дамыту — әлемдік экономика аренасында Қазақстанның XI ғасырдағы дамуының басты баламасыз нұсқасына айналып отыр. Себебі бұл әлемдік дамудың негізгі үрдісі. Бұны елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өзі: «Қазақстан Республикасының 2003 — 2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы — Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы», деп басып айтқан. Бүгінде «Азияның айдаhары мен жолбарысы» атанған елдер осы индустриалды инновациялық саясатын тиімді жүргізу арқылы үлкен жітістіктерге жетті. Дамыған еледердің қатарына қосылу үшін біз олардың ұлттық экономикамызға тиімді жақтарын ала білуіміз керек. Демек, инновация бұл — еліміздің экономикасын өркендетудегі ең маңызды қозғаушы күші болмақ.Инновациялық ұлттық қабілеттілікті қалыптастырып, оны ұлттық басымдылық ретінде қарастыруқоғамміндеті. Оны Елбасы: «Біздің еліміздің болашағы — оның интеллектуалды қоры, ғылымы және инновация жетістіктерінде» екендігін атап көрсетіп отыр . Сондықтан инновациялық ойлардың тууына және оны жүзеге асыруға еліміз мүдделі. Қазақстан позициясының жақсарғаны негізінен барлық бәсекеге қабілеттілік факторларынан көрінеді. 111 көрсеткіштен 27-сі елдің бәсекелестік басымдығына жатқызылған. Бұл – денсаулық сақтау, еңбек нарығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және мемлекеттік қаржы, институттар, салықтық әкімшілендіру, орта білім беру сапасы.Осы орайда елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық даму мүмкіндіктерін қолану бұл XI ғасыр талабы болып отыр. Себебі қатаң бәсекелестік жағдайға тек инновациялық процестер, жаңа технологиялар, ғылыми зерттеулер арқылы ғана төтеп беру мүмкін. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық дамуды белсенді түрде жүзеге асуы үшін келесі іс шараларды ескеру қажет:1.Инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздерін қалау;2.Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтыр енгізу арқылы арттыру;3.Кәсіпкерліктің инновациялық белсенділігін арттыру және оған бөлінген мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану;4.Отандық инновациялық өнімді халықаралық нарықта өткізуде қолдау. Жаңа инновациялық дамуға қол жеткізгеннен кейін келесідей нәтижелерді көреміз:1.Ғылыми техникалық әлеуеттің дамуын;Халықтың әл ауқат, өмір сүру деңгейінің жақсаруын;2.Өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыру, яғни еліміздің шикізаттық тәуелділіктен арылуын;3.Отандық тауарлардың әлемдік нарықта бәсекге қабілеттілігінің артқанын;4.Экспортқа бағытталған өңдеуші салалардың дамуын.Елімізде осындай нәтиже беретін инновациялық жүйенi дамытуға арналған барлық алғышарттар бар: ғылыми әлеует, инновациялық және қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсiпкерлiк. Бұл технопарктер мен бизнес — инкубаторлардың құруын, ғылыми зерттемелерге гранттердің бөлінуін, сонымен бірге өндірісте инновациялық жобалардың іске асырылуы мемлекеттiк — жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тәсілдерінің кеңінен қолдануын көздейді.Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. Стратегияны сәтті жүзеге асыра отырып жоғары ғылыми техникалық әлеуетке, біліктілігі жоғары мамандарға, бай табиғи ресурстарға, макроэкономикалық және саяси тұрақтылыққа қол жеткізеді.Қорыта айтқанда, Қазақстанның экономикасын дамыған әлем елдерінің экономикасына бәсекелес болатындай мүмкіндігі бар. Ол қазіргі кезең Қазақстанның инновациялық жолға бет алып отырғанынан ақ айқындалды. Ұлттық экономиканың жағдайы мен даму болашағында инновациялық беталыстың рөлін көптеген елдер өз тәжірибесінде көз жеткізген. Шикізаттық мемлекеттер саналатын Латын Америкасындағы Мексика және Бразилия елдері, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур мемлекеттері инновациялық саясатты қолдану, яғни өркендеуге қол жеткізуге болатынын дәлелдеп берді . Сондықтан ірі табиғи және ғылыми әлеуетке ие Қазақстанның инновациялық даму мүмкіндігі әлемнің дамыған 50 елдің қатарына «Азия барысы» болып қосылуға кепілдік береді.

53.ЕҚЫҰға (OSCE) төрағалық ету барысында Қазақ елінде болған саясиэкономикалық реформаларды атап көрсетіп, мәнін ашыңыз. 2010 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымындағы төрағалығы аяқталды.Төрағалық еткен жыл мағыналы іс-шараларға толы болды. Оның бастысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылған 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің өткізілуі болды.ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары қабылдаған мерейтойлық Астана декларациясы Ұйымдағы сапалы жаңа деңгейдегі қатынастардың бастамасына жол ашты.Бұл Ванкувер мен Владивосток арасындағы кеңістікте келісілген принциптер, біріккен міндеттемелер мен ортақ мүддеге негізделген демократиялық, ерікті, ортақ, әрі бөлінбейтін Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қауымдастығы идеясын бірігіп жүзеге асыру боп табылады.Саммит алдында үш кезеңмен Варшава, Вена және Астанада қауіпсіздіктің үш өлшеміндегі міндеттемелерді орындау туралы шолу Конференциясы өткізілді. Шілде айында Алматыда Саммитке дайындық аясында ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі болып өтті.Жыл барысында Іс басындағы төраға Қанат Саудабаевтың және оның арнайы елшісінің ЕҚЫҰ далалық миссиялары орналасқан барлық аймақтарға (Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ, Орталық Азия), беделді халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлеріне іссапарлары және ЕҚЫҰ кеңістігіндегі форум жиындарына қатысу барысында бірқатар маңызды келіссөздер өткізілген болатын.Шиеленістерді реттеуді ары қарай дамыту аясында Приднестровье проблемасы бойынша «5+2» форматымен бес раундтық бейресми кездесулер (оның ішінде біреуі Астанада), Женева дискуссияларының алты жиналысы (2008 жылдың тамызындағы жанжалға байланысты), Таулы Қарабақ аймағындағы жанжалды реттеуге бағытталған бірнеше іс-шаралар мен іс-сапарлар болып өтті. Осы бағыттағы жұмысты Іс басындағы төрағаның арнайы өкілі Елші Болат Нұрғалиев үйлестіріп отырды.Қазақстанның төрағалығы көршілес Қырғызстандағы жағдайды ретке келтіруде маңызды рөл атқарды. Шамамен 20,3 миллион АҚШ долларымен бағаланатын екіжақты негіздегі көмекке қоса, Қазақстан ЕҚЫҰ тарапын Ұйымның бүкіл дипломатиялық потенциалын жұмылдырды. Бұл бағытта ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының арнайы өкілі Ж. Кәрібжановтың еңбегі зор болды. Конституция жобасына заңнамалық сараптама өткізуге және полицияға ерікті көмекшілер топтарын қолдауға ЕҚЫҰ-ның арнайы қорынан қаржылай көмек көрсетілді. Парламент сайлауы мен конституцияны қабылдау жөніндегі референдумның бақылауын үйлестіріп, қырғыз полиция қызметкерлерінің кәсіби қабілеттерін арттыру шаралары қолға алынды. Осының бәрі көршілес мемлекеттегі жағдайдың тұрақтануына оң септігін тигізді. Қазақстан көршілес, бауырлас халыққа екіжақты негізде де, халықаралық ұйымдар аясында да қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.Қазақстан Іс басындағы төраға қызметінде қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын аймақтық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын нығайта түсті. Алматыда, сыртқы істер министрлерінің бейресми жиынында ЕҚЫҰ, БҰҰ, Еуропа кеңесі, Солтүстік Атлант одағы ұйымы (НАТО), Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) жетекшілерінің кездесуі ұйымдастырылды. Көптеген халықаралық ұйымдардың жетекшілері Астана Саммитіне белсене қатысты. ЕҚЫҰ-ның бірінші институцияналдық форумы және оның Азиядағы аналогы іспеттес, Ыстанбұлда АӨСШК үшінші Саммиті аясында өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі құрлықаралық қауіпсіздіктің жүйесін құрудың негізін қалады.

Наши рекомендации