Барсакелмес қорығы туралы аңыз

Арал өңірі тұрғындары арасында Барсакелмес төңірегінде аңыздар көп. Солардың бірі былай баян етіледі. Баяғыда осы маңайда тұратын тайпалар арасында жаугершілікке тыйым болмай бара жатқаннан кейін Ләтпай деген кісі бастаған ру адамдары құлақ естіп, көз көрмеген алыс жаққа кетіп қалуға қам жасайды. Сонда бұларға теңіздің қақ ортасындағы суы тұщы, шалғыны шүйгін,балығы мол, алуан түрлі аң-құсы бар, сексеуілі қалың ғажайып аралға өтіп кетуді ұсынушылар табылады. Бұлар мұз қатқанда күзер жасап, соның үстімен аралдың төріне жетіп алмақ болады. Сол мақсатта Изенді ондағы табиғатты ақ жартас түбін паналап, шолпанның тууын күтіп отырғандарында, олар жаққан оттың маңайына жыртық шапанды, тесік тымақты бір ақсақал келіп, Ләтпайға қарап: “Ол аралдан қорықпаңдар, онда зұлымдық жоқ, қасқыр жоқ, адамдар жоқ. Аралда табиғатты сақтасаңдар, бақытты да ұзақ өмір сүресіңдер. Ұрпақтарың ештеңеден зәрулік көрмейді. Мыңғырған мал болады. Аң-құсты өлтірмеңдер.Аққуларға тимеңдер”, – дейді. Осыны айтқан қария заматында қараңғылық қойнауына сүңгіп жоқ болады. Ләтпай оның Қыдырекенін іштей сезеді. Ал, төбеден шолпан көрінген сәтте тайпа түгел орнынан қозғалып, мұзды көпір — күзердің үстімен тізбектеліп жүріп өтіп, аралдың қойнауына барып түседі. Қысты осы аралда жақсы өткізген Ләтпайдың жұрты көктемге қарай тойына бастайды. Қыдыр атаның айтқандары айдай келіп, көп ұзамай олар байи бастайды. Осы ұзақ аңыздың ақыры аралдағы ағайынның жылдардың жылы баяғы қарияның өсиетін естерінен тарс шығарып, сексеуілді отап, аң-құсты қырып, аққуға ауыз сала бастауы салдарынан бір түнде маңайды түгел ордалы жыланның жалмауымен аяқталады. Аңыз бойынша сол қырғыннан сегіз жасар бала ғана аман қалыпты. Шамасы, елді түгел харап етуге ертегілерге тән есті сарын жол бермесе керек.

38)Қорғалжын қорығы

Қорғалжын қорығы– Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 – 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ºС-қа жетеді. 125 – 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек,боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294,бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры, қоян, күзен, борсық,ақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдайүйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды. Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді.

Өсімдіктер әлемі

Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 300 түрін құрайды. Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12 түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түсті қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар.

Жануарлар әлемі

Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән. Мұнда сүтқоректілердің41 түрі, құстардың 294 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі,балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорықта қоңыздардың 300 түрі тіркелген. Қорғалжын көлдері – балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді.

Теңіз-Қорғалжын өзендер жүйесі Орта Азия – Үндістан және Сібір – Шығыс Африка жыл құстары жолының қиылысында орналасқан. Қорғалжындағы жалпы аумағы 260 мың гектарды құрайтын өзендер жүйесі бүкіл Орта Азиядағы құстардың ең маңызды сулы-батпақты мекені болып табылады. 1976 жылы қорықтағы су айдындары «Рамсар» тізіміне енгізілген. Қорғалжындағы өзендер жүйесі қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстардың: бірқазан, тырна,савка және тарғақтың әлем бойынша солтүстіктегі ең шалғай мекені. Қорықта құстың 294 түрі жұмыртқа салса, суларында балықтың 17 түрі мекендейді. Сондай-ақ мұнда сүтқоректі жануарлардың 41 түрі тіршілік етеді. Бұл Қазақстандағы сүтқоректі барлық жануарлар түрінің 26 пайызын құрайды.

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдыңшығысында Марқакөл қазаншұңқырындаорналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында орналасқанАлтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1 449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі — 3304,5 метр (Ақсу-Бас тауы).

Марқакөл қорығы - республикамызда құрылған алтыншы мемлекеттік қорық. Бұл қорықтың ұйымдастырылғандағы негізгі мақсат - маңайда сирек кездесетін бағалы аңдарды, құстарды, өсімдіктерді және көктемде балық уылдырық шашатын өзендер арналарын қорғап, сонымен бірге орман мен айдын көлдерін, тау, өзендердің әсем табиғатын табиғи қалыпта сақтау. 1976 жылы құрылған. Марқакөл қорығы – Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай тауыныњ, Азу мен Күршім жоталарының аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 71 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Оның 3756 гектары тегіс орман, ал жайылым 21 гектардан асады. Қорық аймағындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аймағы үшін қаңтардың ең төмен орташа температурасы -26оС, -27оС, кейде аяз- 55 оС – қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы + 14 оС, + 17 оС, ең жоғарғысы + 30 оС- қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық. Марқакөл қорығы – жан-жануарларларға аса бай, көркіне көз тойғысыз Оңтүстік Алтай алќабыныњ биік таулы өңірі мен Марқакөл көлінің табиғатын комплексті қорғау үшін ұйымдастырылған. Марқакөл – Алтайдағы Күршім мен Азу жотасының аралығындағы терең ойпатта шалқып жатқан үлкен, мөлдір сулы, балықты көл. Оның айналасы тасты, орманды тау. Бұл көлге бірнеше өзендер мен бұлатар, жылғалар құяды. Көлдің оңтүстік жағалауы жарқабақты, ал солтүстігі - аласа, жазықтау болып келеді. Көлге айналасындағы тау-жоталарынан ірілі-ұсақты 28 өзен құйса, одан жалғыз ғана Қалжыр өзені ағып шығады.

Қорықта көптеген шипалық мәні бар жоғарғы сатыдағы өсімдіктер де баршылық. Енді солардың кейбіреуіне тоқталсақ. Самырсын немесе Сібір Қарағайы - жаңғағы жеуге жарайтын өте бағалы ағаш. Көп уақытқа дейін Сібір қарағайын жаңғақ алатын өсімдік ретінде кесуге тиым салынып келген. Өйткені оның жаңғағы 65 процентке дейін май береді. Жаңғақ тайгада нанның, еттің, жұмыртқаның орнынын ауыстырады. Жаңғақтан сібірліктер жоғары сапалы май және кілегей алған. Сібір қарағайының жаңғағы – ормандағы жан- жануарлардың тіршілік арқауы. Жаңғақ піскен кезде бұл жерге орман тышқандары, барша тышқан, самырсын торғайлары жиналып таласа- тармаса қысқы азықтарын жинайды. Самырсын көне заманнан сақталып қалған реликт өсімдіктердің қатарына жатады. Тайганың бұл бағалы ағашы көп жасайтын өсімдіктердің қатарына жатады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен алтын тамыр кездеседі. Жалпы Марқакөл қорығы мен оны мекендеген жануарлар әлемі ерекше қорғауға алынған. қорыҚта теңіз деңгейімен салыстырғанда 1400-1500 метр биіктікте бес биіктік белдеуі бар. Таулы тайга белдеуі, тау шалғыны белдеуі, таулы тундра белдеуі және Нивальдық (қарлы) белдеу (2800-3000 метр биіктікте). Қорықтың өсімдік жамылғысынан орманда, негізінен, Сібір балқарағайы, шырша, қайың, көктерек өседі. Қорықта жануарлар дүниесі мен өсімдіктер түрін сақтау үшін ғылыми жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі Марқакөл қорығының табиғат байлығын, оның таңғажайып сұлу көрінісін қазақтың көрінекті жазушысы Ж.Аймауытов «Ақбілек» атты романында ерекше атап көрсеткен.

Қазіргі ауданы

Қорықтың жалпы ауданы 71367 га, оның 26917 га-сын құрғақ жер, ал 44450 га- сын көл алып жатыр. Қорық үш бөлікке бөлінген: 1. оңтүстік- таулы- орманды алқап- 6250 га, ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу тауының солтүстік беткейін алып жатыр; 2. Көл жағалауы- 609 га, Тополевка мен Жирен Байтал өзенінің сағаларындағы солтүстік жағалаудың азғантай жерін қамтиды; 3. Солтүстік таулы- орманды алқап- 20050 га, Тополевка, Таутекелі, Тихушка, Сорвенок өзендерінің жрғарғы жағында Күршім жотасында орналасқан. Бұдан басқа Урунхайка өзенінің сағасындағы орталық усадьбаның 8 га жерін алып жатыр. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының айналасы ені 2 км болатын үзік сызықты қорғау аумағымен қоршалған.

39)Үстірт қорығы — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық.
Маңғыстау облысыңдағы Қарақия ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылдың 12 шілдесінде Қазақ КСРМинистрлер Кеңесінің № 294 қаулысымен ұйымдастырылған.

Үстірт қорығы - қазақстанның Батыс өңіріндегі жалғыз қорық. 1984 жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі мақсаты - шөл зонасының табиғат кешенін табиғи түрінде сақтап қалу. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ландшафтың алуан түрі кездеседі. Қорықта қорғау, ғылым, ақпарат және мониторинг экологиялық ағарту және туризм бөлімі, табиғат мұражайы және есеп бөлімі жұмыс жасайды. Үстірт қорығының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға, кіші, ғылыми қызметкерлері бекітілген тақырыптар бойынша ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Қорық аумағында мекендейтін аң - құстарды, өсімдіктердің дамуын зерттеу, олардың өсіп өнуін үнемі қадағалай отырып, бір жүйеге келтіру тізімдеп, талдап, қорғау жұмыстарын ұйымдастыруға ғылыми негіз жасау қорықтың ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің негізгі атқаратын жұмыстары.

Қорық республикалық маңызы бар табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең жоғары санатына жатады.Ұйымдастырылу мақсаты қорық аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында 223,342 гектар аумақты алып жатыр. Өзінің құқықтық қорғау режиміне сәйкес, қорықтық және күзетілетін өңірлерге бөлінеді. Үстірт қорығы Қарақия ауданының шығыс бетінде, Батыс Үстірт жонының Қараған босаға, Көкесем, Кендірлі, Елшібек сияқты ұшпа шыңдары мен жарқабақты таулары жәнеҚарынжарық құмымен Сақсорқа құмын жағалай орналасқан.Үстірт шыңдарының бедері алуан түрлі. Олар Кендірлі сорын үш жағынан қоршай жиектеп, тік құлама жарлы болып келеді.

Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі — ақ, көк,қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.
Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар да көп.

Бұрын теңіз түбі болған Үстіртет ежелгі заман жануарларының қалдықтары (мысалы, мүйіз сауыт, сүйек, тіс, олардың іздері), алғашқы адамдар пайдаланған қару-жарақтар табылған. Мұнда жануарлар мекендеген қоршаулар да кездеседі.

Жануарлар және өсімдіктер әлемі

Жер бедері мен топырағының әртүрлі болуына байланысты, қорықтың өсімдіктер дүниесі де сан алуан болып келеді. Қазіргі уақытта қорық аумағында өсімдіктің 336 түрі, сүтқоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, құстардың 166 түрі, қос мекенділердің 1 түрі кездеседі.Соның ішінде Қызыл Кітапқа енгендер: өсімдіктерден – бор рияңы, кәдімгі жұмсақ жеміс,хиуа сораңы, майда қатыран, берік сүттіген; құстардан – бүркіт, жұртшы, ителгі, үкі, жорға дуадақ, лашын, қарабауыр бұлдырық,дала қыраны, қарабай, жылан жегіш қыран, қарақұс, қоқиқаз, сұр тырна, сақалтай, қылаң қарабас шағала, қылқұйрық бұлдырық,жалбағай, кішкене аққұтан ; бауырымен жорғалаушылардан – төрт жолақты қарашұбар жылан; сүтқоректілерден – арқар,қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, итаю, шұбар күзен, шағыл мысығы, ақбауыр жарқанат.

40)Алтынемел Ұлттық табиғи паркі Іле өзені алқабында орналасқан. Парк 1996, осы өңірдің бірегей табиғи кешенін сақтау үшін құрылды.

Әнші құм сиқыры
Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» - танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жерінің үлкен болуы сонша, ұзындығы екі-үш километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады. Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған.

Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқыт орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр. Осы жерде тұратын адамдар айтатын аңыздарға сүйенсек, дәл осы құмның астында Шыңғысхан және оның сенімді жауынгерлері жерленген екен. Ал сиқырлы құмның әуендететіні – ханның рухы ұрпағына өз жеңістері жайында сыр шерткені.


Бесшатыр қорғаны және қазақ жеріндегі Стоунхендж
Алтынемелдің көрнекті орындарының ішіндегі ең танымалы – Бесшатыр хан қорғандары. Сыртынан қарағанда, биіктігі жиырма метр болатын қарапайым төбелерге ұқсайды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жерде біздің заманымызға дейінгі VII-III ғасырларда өмір сүрген сақ көсемдері жерленген.
Қорғандарды бойлай, бетінде жануарлар бейнесі қашалған 45 кесек тас тізіліп тұр. Осы ерекше тастарды алғаш көрген туристер оларды ағылшынның танымал Стоунхенджімен салыстырған еді.

Сонымен қатар, осы жерде белгілі Тамғалы тас – тастарға салынған ежелгі суреттер ескерткіші орналасқан. Бұл суреттер екі мың жылдан астам уақыт бұрын, шамамен біздің заманымызға дейінгі XVI-XIV ғасырларда салынған еді. Негізінен бұл суреттер –Үндістан мәдениеті білгірлерінің арасында танымал буддистік жазбалар мен құдайлар бейнесі. Тамғалы таста VIII-IX ғасырлардан қалған түркі сына жазуы да сақталған. Бұл жазу қыпшақтардан қалған болуы мүмкін.


Қатутау және Ақтау
Қатутау және Ақтау және олардың ерекше көрінісі де Алтынемелдің танымал көрнекті жерлерінің бірі. Қатутауда бұрын болған шағын жанартаулар оған ерекше келбет берген. Бұл тау негізінен атқылап жатып, бірден қатып қалған жанартау лавасы болып келеді. Мыңдаған жылдар өтсе де, ерекше қалыптар, яғни пішіні мен үлкендігі әр түрлі ойықтар, саңылаулар, иірімдер сол күйі сақталып қалған. Бұл пішіндер бірде сөреге ұқсаса, бірде ыдысқа, бірде хан тағына ұқсайды.
Ақтаудың ерекшелігі – қызыл, жасыл, қызғылт, тіпті көгілдір түсті теңіз шөгінділері тас беткейлерді жауып тұрады. Бұл тау бұрын осы жерде болған теңіздің орнында пайда болыпты, ал теңіз тау бетінде өз ізін қалдырған. Археологтар бұл жерден тіпті динозаврдың сүйектерін да тапқан, ал одан кейін тіршілік еткен түрлердің қалдықтарын қазірдің өзінде табу қиын емес.


Алтынемелдің флорасы мен фаунасы
Алтынемел өсімдік пен жануарлардың ерекше түрлеріне бай. Паркте өсімдіктердің 634 түрі өседі, олардың 41 сирек кездесетін, ал 27-уі эндемик өсімдіктер, яғни сол жерде ғана кездесетін өсімдіктер қатарына жатады.
Сондай-ақ бұл жерде алып шегіршін ағашы 700 жылдан астам уақыт бойы өсіп келеді. Оның алыптығы сонша, сегіз адам бірігіп қана оны қапсыра құшақтай алады. Бұл шегіршіннің жанындағы бұлақтан Шыңғысхан жауынгерлері шөлін қандырған деседі.
Бұл жерде қабығы өте қатты ағаш та бар, бұл ағаштан ежелгі адамдар садақтарына жебе дайандаған. Бұл ағашты «тас ағаш» деп те атайды.

Паркте тіршілік ететін жануарлардың ішіндегі 56 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың ішінде ілбісін, жабайы сабаншы, Орта Азиялық өзен кәмшаты, тағы басқалары бар.
Осы жерде тіршілік ететін құстардың қырық түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанда мекен ететін жорғалаушылардың жартысынан артығы Алтынемел сулардында тіршілік етеді. Іле өзені мен Қапшағай су қоймасы сазан, жайын, ақтабан, көксерке, ақбалық т.б. балықтарға бай.

41)Шарын шатқалы, Шарын каньоны — Шарын өзені. Шатқал Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді.

Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші. Каньон құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Шарын шатқалы - Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150-300 м жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық-қызғылт. Шарында жер шарында сирек кездесетін, мұздану кезеңінен өткен ясень кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі 25 млн жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумақ. Негізінен демалушылар «Қорғандар аңғары, «Темірлік т.б атаумен қалған жерлеріне барады.

Парктың жалпы алаңы – 93150 га. Парк территориясы оңтүстікте Шарын өзені алқабында Құрытоғай ауылының көпірінен бастап, солтүстікте атырау бастауы мен Сөгеті және Жалаңаштың тауаралық жоталары аралығын алып жатыр.

Шарын өзені алқабы тарихқа дейінгі флора мен фаунаның қалдықтарының ерекше орны. Шарын өзені алқабында табылған көптеген жинақтар теңдесіз. Олардың арасында ірі және ұсақ жан-жануарлардың сүйектері кездеседі. Шарын фаунасында ірі сүтқоректілерден — тұмсықты – мастодонт және піл ұшырасады.

Негізгі су жолы –Шарын тау өзені болып табылады. Бұл өзен Іленің (ұзындығы – 393 км) тармағы. Темірлік өзені – Шарынның ірі оң тармағы. Өзен V- пішіндес тәрізді, тармақ құйылған жерлерде кеңейіп, тармақтары Құтырарық, Кеңбұлақ және Қарасай сынды кішігірім бұлақтары бар. Шарын өзен алқабы құрғақ даланы, шөлдер мен жартылай шөлейттерді кесіп өтеді.

Парк флорасы құрамында Қызыл кітапқа енген эндемикалық, аз кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлер де ұшырасады. Олар – соғды аршасы, тораңғы, іле бөрі қарақаты, іле бөріжидегі, күнгей ақселеуі, шарын астрагал, Фальконер бауырмүгі және тағы басқалар. Сонымен қатар, Таралу аймағы Батыс Қытай мен Монғолия шөлдері, Орталық Азия мен Оңтүстік сібір тауларында таралған – қырыққұлақ, ат торсық, Пржевальский қылшасы және тағы басқа секілді түрлер де кездеседі.
Жан-жануар әлемі бай әрі алуан түрлі. Су қоймасы Парк фаунасына 10 түр қосады, оның ішінде жетеуі тау-азиаттық фаунаға, қосмекенділердің 2 түрі (екеуі де Қазақстанның Қызыл кітабына енген), бауырырымен жорғалаушылардың 18 түрі кіреді. Құстардың 11 түрі, сүтқоректілердің 32 түрі (5-еуі Қызыл кітапқа енген) бар.

Парк ерекше табиғат объектілері және кешендермен ғана емес, тарихи-мәдени мұрасымен де бірегей. Бұл мағынада зираттар мен қорғандар өте қызықты. Қорғандар – қабірлік құрылыстары бар, жер не жерасты жерлеу орындары. Б.э.д. III ғасыр мен б.э.д. II ғасырдағы «Сары тоғай» зираты, б.э.д. III ғасыр мен б.э.д. I ғасырдағы «Мойын тоғай» қорғаны – біздің ата-бабаларымыздың тарихы, біздің тарих.

«Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Мемлекеттік мекемесіҚазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жыл 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді. Ауа-райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайынды көліне дейін автокөлікпен баруға болады.сонымен қатар, сіздер гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай

Есік өзені Жарсай және Тескенсу өзендерінің қосылуынан пайда болады. Өзеннің жоғарысында Тескен-Көкбұлақ топтарының мұздықтары орналасқан, оның ішінде ең ірісі- «Григорьева», «Пальгова» және «Касина». Есік өзеннің ұзындығы -121 км

42)Қазақстандағы туризм

Медеу мұз айдыны

Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түрінеВ.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. “Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызстан командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісугуберниясының мұражайдың жанынан Бүкілодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды.

Бурабай көлі

Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 жылы бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Соғыстан кейін “Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 жылы Қазақстанда Туристік-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 жылы Алматыда Республикалық жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсіподақтардың Қазақ республикасының кеңесі жанынан туризм жөніндегі республика басқарма ұйымдастырылды. 1962 жылы Туристік-экскурсиялық басқарма Туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды. 1965 жылыҚазақстанда республикалық және 5 облысық (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент) туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.

· 1950 – 60 жылдары Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуда үлкен үлес қосты.

· 1958 жылы Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шебері атағы берілді.

· 1970 жылы құрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі туризмнің одан әрі дамуына әсер етті.

· 1971 – 75 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар пайдалануға берілді.

· 1978 жылы Қазақстанда экскурсия мен туризмнің респ. кеңесі және 14 облыстық кеңес, 17 туристік база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қалаларында туристік автомобиль базалары құрылды. Туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті.

· 1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмінің дамуына Н.И. Самойленко, С.Әбденбаев, Т.Жездібаев, А.Чукреев, О.Мазбаев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.

· 1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды.2001 жылы 13 маусымда “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” заң қабылданды. Онда республикадағытуристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т.б. мәселелер тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.

· 2002 жылы республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары дүние жүзінің 80-ге жуық елімен қарым-қатынас жасайды. Алматы қаласының 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндістанға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірлігіне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлік әуе рейстерін жолға қойған.

Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есік”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың ірілері: “Окан – Интерконтиненталь Астана”; “Комформ – Отель Астана”, “Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т.б.

Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде,Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақ Ұлттық университетінде, “Тұран” университетінде, т.б. жоғары оқу орындарында дайындалады.

43)Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлыпрогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірібөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердіңмикроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.

Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.

Семей ядролық полигоны

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға,гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдаршығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.

Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтыңбасшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.[1] КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.

44)Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Себебі туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның мәдени – тарихи және демалыс зоналары, ресурстары жеткілікті, соны шетелдерге таныстыру арқылы Қазақстанның туризм саласында имиджін құру басты мәселе болып табылады. Ел экономикасын дамытуда туризм саласымен қатар туристік өнімнің өзі де маңызды орын аладықтан, туристік өнімге тоқталайық.Туризмнің қызметтер мен тауарлар саудаларынан ерекше өзгешелігі бар. Туристік тауарлардың осы ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Біріншіден, туристік өнімге деген сұраныс бағаға және табысқа байланысты икемді. Бірақ саяси және әлеуметтік факторларға тәуелді болып келеді. Екіншіден, тұтынушы оны өнімнен және тұтыну орнынан бөліп тұратын қашықтықты бағындырады. Үшіншіден, туристік қызметтер сапасына сыртқы факторлар әсер етеді: табиғи жағдайлар, ауа райы, туризм саласындағы саясат, халықаралық жағдайлар [1,21-б ]. Туристік өнім ерекшеліктері туризм саласының даму этаптары бойынша өзгеріп отырған. Зерттелген мәліметтер [2,20–22 б] негізінде автормен Қазақстан Республикасындағы туризм саласының даму кезеңдері анықталды.

1 – кезең: 1992 – 2000 жылдар аралығы “Туризмнің қалыптасу кезеңі”. Бұл кезеңде 1993 жылы Қазақстан Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның мүшесі болды. Жоғарыда туристік өнімнің сапасына туризм саласындағы саясат, халықаралық саясат әсер етеді деп айтып кеткенбіз. БТҰ – ға кіру туралы туризм саласындағы саясат Қазақстан Республикасының туристік өнімін сыртқы нарыққа шығаруға мүмкіндік алды. Осыған орай туристік өнім сапасы халықаралық стандарттарға сай келе бастады.

2 - кезең: 2001 – 2006 жылдар аралығы “Туризм саласындағы белсенділік кезеңі ”. Бұл кезеңде Қазақстан өзінің турөнімінің жылжуын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық көрмелерге қатысу және республикада осындай іс – шаралар өткізу сияқты оқиғалар орын алды. 2006 жылдан бастап Утрех қаласында өтетін ірі халықаралық көрмелерде және жәрмеңкелерде Қазақстанның жыл сайын қатысуда. 2004 жылы Ұлыбританиядағы Лондон қаласында алғашқы қазақстандық туристік өкілдік ашылды. 2006 жылы сәуірдің 25 - нен 27 – сіне дейінгі аралықта Алматы қаласында БТҰ - ның Коммисиясының отырысы болып өтті. Жоғарыда айтып кеткен халықаралық туристік шаралар Қазақстанның туристік өнімдерінің сапасын біршама деңгейге көтерді.

3) 2007 жыл – қазіргі кезге дейінгі аралық : “Қазақстанның маңызды туристік аймақ ретінде дами бастауы”. Бұл кезеңде Қазақстан жерінде маңызды туристік шаралар өте бастады және халықаралық деңгейдегі көрме орындары ашылады бастады. 2011 жылы 20 – 22 мамырда Алматы қаласындағы “ Атакент ” көрмелік орталығының павильондарында KITF көрмесінің “Туризм және саяхат” атты көрмесі болып өтті. Алматы мен Астана қалаларында 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан VII Қысқы Азия ойындары өтті. Бұл шаралар еліміздің туристік өнімін шетелге танытуға мүмкіндік берді және Қазақстан Республикасының туризм саласының имиджін құрды.Көріп отырғандай әр кезеңде Қазақстан Республикасының туризм саласы дамып отырған. Бірақ туризм саласының даму деңгейі әлі де болса халықаралық стандарттарға сай келмейді. Сол себепті Қазақстандағы туризм саласын халықаралық стандарттарға сай деңгейде жетілдіру стратегияларын ұсыну үшін Қазақстандағы туризм саласына SWOT - талдау жасайық.

45)Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi — Мемлекеттiк бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарына (екiншi кезең) сәйкес әзiрлендi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысымен бекiтiлген Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру кезеңiнде халықаралық туристiк байланыстар бiршама кеңейдi, туристiк саланың заңнамалық және нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiлдi. Бұл ретте туристiк саланы дамыту жөнiндегi шараларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының негiзгi өлшемдерiн есепке ала отырып iске асыруға басты назар аударылды.
Жетi кластерлiк бастаманың iшiнде туристiк индустрияның экономиканың басым секторларының бiрi ретiнде танылуы оны дамытуға жаңа серпiн бердi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген барынша маңызды мiндеттерiнiң бiрi — Қазақстанды орталық азиялық өңiрдегi туризм орталығына айналдыру.
Мемлекеттiк бағдарлама республикада қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Ол туризмдi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерi мен iске асыру тетiктерiн айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың тиiмдi тетiгiн құрудың, туристiк әлеуеттi арттырудың, елдiң тартымды туристiк имиджiн, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негiзгi аспектiлерiн қамтиды.
Қазақстан Республикасының теңдесi жоқ табиғи және мәдени әлеуетiне негiзделген қазiргi заманғы туристiк индустрия туризмнiң туристiк қызмет көрсетулердiң халықаралық саудасы жүйесiне оралымды кiрiгуiнiң табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпiндi дамушы және өзiнiң капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнiнен тиiмдi салалардың бiрi болып табылады.

Наши рекомендации