Бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

1. Денсаулыққа қасаңана ауыр зиян келтіру -

2. Мынадай:

1) екі немесе одан да көп адамга қатысты;

2) адамның қызметтік жумысын жүзеге асыруына немесе кәсіптік немесе қогамдық бо-рышын орындауына байланысты осы адамга немесе оның жақындарына қатысты;

3) кінәлі адамга дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамга қатысты, сол сияқты адам-ды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;

4) аса қатыгездікпен;

5) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган;

6) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша;

7) бүзаңылық ниетпен;

8) әлеуметтік, улттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша;

9) жәбірленушінің агзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатында;

10) бірнеше рет;

11) көрінеу кәмелетке толмаган адамга қатысты;

12) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалган дәл сол іс-әрекет -

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқңан не қылмыстық топ жасаган іс-әрекеттер -

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру үғымына келетін болсақ, ол былай делінген: «Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет элпетінің қалпына келмес-тей бұзылуына экеп соққан денсаулықка қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінэліға мәлім кэсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру».

Осы 106-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: «Денсаулыққа келтірілген зи-янды сот-медициналық бағалау Ережесі» 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан Республика-сы Білім, мэдениет жэне денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің № 240 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №875/1 бұйрығымен бекітілген. Осы ережелерге сэйкес:

а) Адамның өміріне қауіпті зиянға - миға зақым келтірілместен бас сүйегіне кел-тірілген жарақат; бас сүйектерінің ашық немесе жабық сынуы; ауыр дэрежедегі мидың зақымдануы; өмірге кауіпті түрде миға қан ісұйылуы; бел омыртқаны ауыр зақымдау; адамның іш құрылысын, ас қорыту, зэр шығару органдарын жарақаттау, ауыр дэрежеде күйдіру т.б. жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жоғарыда айтылған Ереженің 7-тармағында тұтастай көрсетілген.

б) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айрылу - бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жэйт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу ауыр дене жарақатының элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылады.

Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір көздің көруінен айрылу салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 пайызға тарылады жэне бинокулярлық көрудің бұзылуына экеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нэрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір көзден айрылған адам мамандық түрін таңдағанда ғана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздық жағдайлардың объектісі болуы да мүмкін. Сондықтан дакөздің көруқабілетін 35 % мөлшерінде жоғалту немесе 2 метр қашықтықта бармақтың санын көре алмауы денсаулыққа ауыр зиян келтірілді деп есептелінеді жэне ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.

в) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айрылу - сөйлеу қабілетін, ол ойын айналасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін біржо-ла жоғалту. Дауысын жоғалту салдарынан, яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай жағдайлар адамның еңбек ету қабілеттілігінің 25% мөлшерінде жоғалтуына экеп соғады. Сөйлей алмау нэтижесінен адам қоғамдағы қатынастарға активті түрде қатыса алмайды, барлық уақытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да тілден айрылу адам денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.

г)Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей қалу деп мүлде айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден, құлағынан 3-б см қашықтықта айтқанда ғана ести алатындай жағдайда қалуы.Жалпы есту-адам ағзасының сезім органдарының бірі.Күнделікті қарым-катынас, жұмыс, дем алу уақыттары, теле-дидардан, радиодан хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты.Екі құлақтың есітпей қалуы-ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.Бір құлақтың есітпей қалуы-жалпы еңбек қабілетінің 15 пайызын, яғни кемінде үштен бірін жоғалту емес, сондықтан ол денсаулықтың бұзылуына экеп соққан жеңіл жарақат деп бағаланады.

л) Қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға -аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айрылып қалуын немесе сал (паралич) қалпында қалуы жатады жэне бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Жы-ныс қатынастарының қабілетін жоғалту, екі ені де зақымданып, оларды алып тастауға экеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетінен айрылу тұқымдылық қабілетінен айрылу деп саналады да, ауыр дене жарақаты қатарына жатады.

е) Сот медицинасы тэжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның адам өміріне қауіптілігін (ми шайқалуы т.б.), сезім мүшелерінің зақымдануын және бет пішінінің қалпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Бет сиқының бұзылуы туралы мэселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы дегеніміз - тыртық көлемінің кіші-реюі, табиғи жағдайлардың нәтижесінде олардың өңінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардың эжімдерге, мойын қыртыстарына жэне т. б. ұқсап тұруы болып табылады, сондай-ақ консервативтік емдеу эдістерінің нэтижелері де осыған жатады. Ал егер консервативтік емдеу жақсы нэтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операциялар жасалса, жарақат операцияның нэтижесіне қарамастан, қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене жарақатына жатады, өйткені мұндай жағдайда орын алатын ішқұса болып қатгы қайғыруға бет-пішіннің өзгеруі ғана емес, адамның қоғаммен байланысының бұзылу қаупі де негіз болады.

и) Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп - жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік айтылады. Еңбек қабілетінің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен бірге байланысты. Еңбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады. Жал-пы еңбек қабілетінің 33% мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кэсіптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кэсіптік еңбек қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің қаулысы не-месе сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке қабілетті адамның еңбек қабілетін жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кэмелетке толмаған жасқа, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: 1) балалардың кейін ол 10 жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дэрежеде жоғалтқаны көрсетіледі; 2) мүгедек адамның алынған жарақатқа байла-нысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді.

к) Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екіқабат екендігінің мерзімі-не қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Бұл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші организмінің жеке ерекшелік-теріне, яғни аурулығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оған дене жарақатының тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс.

ж) Жарақат алуға байланысты ішқүха болу (психикасының бүзылуы) ауыр дене жарақатының белгісі болып табылады. Мысалы: бас сүйек жарақатына байланысты пайда болатын қояншық (эпилепсия) осындай ауру. Ішқүханың диагнозын қою жэне оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-психиатриялық сарапшының құзыретіне жатады.

з) Есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын туды-ру денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл есірткі немесе уытты у арқылы адамды соған душар етіп, оған ауыр дене жарақатын келтіру болып табылады.

Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 106-бапқа қайта оралып, оның 2-тармағына тоқталайық. Осы баптың 1-тармағындағы әрекетгер: 1) екі немесе одан да көп адамға қатысты жа-салса; 2) адамның қызмеггік жұмысын немесе кэсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты жасалса; 3) кінэліға дэрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамға қатысты жасалса; 4) аса қатыгездікпен жасалса; 5) адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 6) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша; 7) бұзақылық ниетпен; 8) әлеуметтік, ұлттық, нэсілдік, діни өшпенділік не-месе араздық уэжі бойынша тұрғысында; 9) жэбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында; 10) бірнеше рет; 11) көрінеу кэмелетке толмаған балаға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасалса - деп атап көрсетілген.

Осы 106-баптың 1 жэне 2-тармағында көзделген эрекеттер абайсызда жэбірленушінің өліміне экеп соғуы мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі бір құрамдағы екі кінэ нысаны ретінде көрініс табады:

1) қасақана ауыр дене жарақатын келтіру,

2) абайсызда жэбірленушіге өлім келтіру.

Ауыр дене жарақатының салдарынан жэбірленушінің өліміне экеп сегатын кінэлінің эрекеттері тікелей баска адамның денсаулығына кол сұғуға бағытгалады, сондықтан да жалпы кінэлілық эрекеттері адам денсаулығына карсы қылмысқа жатады. Жалпы кінэлінің эрекеттерінің субъективтік жағын карастырсақ, кінэлі өзінің қасақана эрекеттері арқылы жэбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіреді, мұндай эрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп істейді, бірак бұл эрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жэбірленушінің өлімі абайсызда болады, яғни кінәлі жэбірленушінің өлуін тілемейді, ол өлмейді деген менмендік немесе немқұрайдылық қатынас түрінде болады. Егер абай-сызда жэбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, мұнын салдарынан жэбірленуші өлетін болса, онда брі жағдай абайсызда кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Со-нымен ауыр дене жарақатының салдарынан жэбірленушінің өлімі келген жағдайға бай-ланысты жалпы заң бойынша 2 қорытынды шығаруға болады: 1) Егерде кінэлі тікелей немесе жанама қасақаналықпен өлтіруге бағытталған эрекеттерді жасап, мұның салда-рынан жәбірленуші өлсе, онда кінэлінің әрекеті қасақана кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Егерде кінэлінің өлтіруге бағытталған тікелей қасақаналық әрекетінің салда-рынан жэбірленушіге өлім келмей, оған тек ауыр дене жарақаты салынса, онда кінэлінің эрекеті кісі өлтіруге оқталу ретінде есептелінеді, ал жанама қасақаналықта - дене жарақаты ретінде бағаланады. Жэбірленушіге өлім келтіруді мақсат түгпай жанама қасақаналықпен жасалған дене жарақаты өлтіруге оқталу ретінде қарастырылмайды.

2) Егерде ауыр дене жарақатының салдарынан келген жэбірленушінің өліміне кінэлінің тікелей немесе жанама қасақаналық ниеті болмаған кезде, онда кінэлінің әрекеті тұгасымен 106-баптың 3-тармағымен сараланады.

Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігінде осы қылмыс құрамының өте ауыр-лататын түрінің қатарына жаңа қылмыстық кодекс бойынша-осы баптың бірінше не-месе екінші бөліктерінде көзделген іс-эрекеттерді қылмыстық топ жасаса деп арнайы қарастырылған.Қылмыстық топтың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 24-тармақшасында берілген.

Наши рекомендации