АзХром» ТҰК АҚ ДКБК дон кен байыту комбинатының тарихы
Дипломдық жОБА
5В072400 –Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
Алматы 2015
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ө.Б. Байқонырова атындағы Тау-кен металлургия институты
Тау-кен және металлургиялық машиналар мен жабдықтар кафедрасы
5В072400 –Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
Орғауға ЖІБЕРІЛДІ
Кафедра меңгерушісі
техн. ғыл. канд, профессор
___________________ Искаков Б.И.
« ____ » _____ 2015 ж.
Дипломдық жОБА
Тақырыбы: «ҚазХром» ТҰК АҚ ДКБК ДБФ-2 жобасы. Арнайы бөлімінде таспалы конвейерді жаңғырту
Орындаған Абдрасилов С.Е
Пікір беруші Ғылыми жетекші
_______________ доцент
______________ . ____________ Б.Е.Сариев
«____» ________ 2015 ж. « ___ » ______2015 ж.
Алматы 2015
КАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Б1Л1М ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛ1П
К..И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ө.Б. Байқонырова атындағы Тау-кен металлургия институты
Тау-кен және металлургиялық машиналар мен жабдықтар кафедрасы
5В072400 –Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
техн.ғыл.канд., пофессор
_________________ Искаков Б.И.
« ____ » _____ 2015 ж.
Дипломдық жоба орындауға
Тапсырма
Білім алушы Абдрасилов Сәкен Ергалиұлы ______________
Тақырыбы: ҚазХром» ТҰК АҚ ДКБК ДБФ -2 жобасы. Арнайы бөлімінде таспалы конвейерді жаңғырту
Университет ректорының № 602-п «23» 12. 2014 ж. бұйырығымен бекітілген
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі
Дипломдық жобаның бастапқы берілістері Есеп–түсініктеме жазбаның талқылауға берілген сұрақтарының тізімі мен қысқаша диплом жобасының мазмұны: әдістемелік нұсқау бойынша сәйкесті дипломдық жоба мамандығы 5В072400 – Технологиялық машиналар және жабдықтар
Дипломдық жобада қарастырылатын мәселелер тізімі
1. Жоспар (кесіндісі) жабдықтарды орналастыру бөлімшесі – 1...2 п.
2. Жабдықтың жалпы көрінісі (таспалы конвейерді улестіру.)–1…2 парақ.
3. Түйінді және құрастырма сызбалары жұмыс роликтердің секциясы және бос бұтақты) - 2…3 парақ.
4. Бөлшектер – 1 парақ.
Сызбалық материалдар тізімі (міндетті сызбалар дәл көрсетілуі тиіс)
________________________________________________________________
Ұсынылған негізгі әдебиет: 12 атау
Дипломдық жобаны дайындау
ГРАФИГІ
Бөлім атауы, қарастырылатын мәселелер тізімі | Ғылыми жетекші мен кеңесшілерге көрсету мерзімдері | Ескерту |
Жалпы бөлім | ||
Арнайы бөлім | ||
Сенімділік монтаж, жөндеу және майлау | ||
Экономика бөлімі | ||
Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі |
Дипломдық жоба бөлімдерінің кеңесшілері норма бақылаушының
аяқталған жобаға қойған
Олтаңбалары
Бөлімдер атауы | Кеңесшілер, аты, әкесінің аты, тегі (ғылыми дәрежесі, атағы) | Қол қойылған күні | Қолы |
Экономика бөлімі | Мухамедгалиева О.К. аға оқытушы | ||
Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі | Сатыбалдиева Н.К. х.ғ.к., доцент | ||
Норма бақылау | Құрманалиев М.Б. аға оқытушы |
Ғылыми жетекшісі _____________ Б. Е.Сариев
Тапсырманы орындауға алған білім алушы ___________ С.Е.Абдрасилов
Күні « ___ » ______ 2015 ж.
АҢДАТПА
АННОТАЦИЯ
THE SUMMARY
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ ....................................................................................................... 1 Технологиялық бөлім............................................................................... 1.1 Байыту фабрика түралы жалпы мәліметтер........................................ 1.2 Ұнтақтау процестің негізгі параметрлері және сипаттамалары...... 1.2.1Ұнтақтау процесі және жіктеу........................................................... 1.2.2 Цехтың негізгі жабдықтың сипаттамасы және ұнтақтаудың сұлбасы................................................................................... 1.3 МКӨЦ паробалық бункерге кендерді тасымалдаудың кейбір аспектілер.......................................................................................... 1.4 Бөлімшенің өнімділігін есептеу ........................................................ 2 Арнайы бөлім............................................................................................ 2.1 Бар жағдайлар........................................................................................ 2.2 Таспалы конвейердің барабанды түсіру арбамен есептеуі............... 3 Жабдықты монтаждау және жөндеу..................................................... 3.1 Таспалы конвейерлерді монтаждау ................................................................... 3.2 Байыту фабрика бөлiмшелерiнің жабдықтарын жөндеу................... 3.2.1 Жоспарлы- ескертпе жабдықтарды жөндеу жүйенің мәні ............ 3.2.2 Жөндеу жұмыстарын жүргізу және жоспарлау.............................. 3.2.3 Жөндеу технологиясы........................................................................ 4 Экономикалық бөлім............................................................................... 4.1 МКӨЦ – ның өндірістік қуаты............................................................. 4.2 Еңбектi ұйымдастырудың пiшiнi. Цехтың жұмыс режiмi және шығу кестелері. Жұмысшыларды штаты....................................... 4.3 Жұмысшылардың еңбек ақысы........................................................... 4.4 Қайта өңделген кенді өзіндік құн калькуляциясы............................ 5 Еңбекті қорғау.......................................................................................... 5.1 Қауіпті өндірістік факторларды талдау............................................... 5.3.2 Жерқосқыш қорғауды есептеу........................................................... 5.3.3 Ағымды-сору желдеткішті ұйымдастыру......................................... 5.3.4Механикалық травмалардан қорғау................................................. 5.3.5Санитарлық тұрмыстық жағдай ....................................................... 5.3.6 Арнайы киiммен, арнайы аяқ киiммен, ұсақтағышты айлабұйым-дармен қамтамасыз ету................................................................................ 5.3.7 Жасанды және табиғи жарық ұйым................................................. 5.3.8 Жасанды жарықтандырудың есептеуi ............................................. 5.3.9 Жасанды жарықтандырудың есептеуi ............................................ 5.3.10 Шуға қарсы шаралар ...................................................................... 5.3.11 Өртке қарсы шаралар........................................................................ ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................... |
КІРІСПЕ
Хром адамзатқа берілген ең қажетті металдардың бірі. Сол ең қажетті металлды біздің жерімізде де "?азхром" трансұлттық акционерлік қоғамы өндіреді.
Жер шарында хромиттерді өнеркәсіптікк кенорындарында салыстырып қарағанда сирек кездеседі. Ендеше жер шарында оның құрамы бар болғаны 0,035% құрайды. Яғни ол темірге қарағанда 120 есе аз.
Шет елдердегі ірі кен хром ресурстары Африка және Түркияда бар; Хромиттердің Филиппиндерде, Индияда, Жаңа Каледонияда, Югословияда, Грецияда, Кубада, АҚШ-та, Жапонияда Канадада және Бразилияда бар екені белгілі [1].
Бұрынғы кеңестік елдер ішінде хромиттердің кенорындары Кавказда Армения, Орталық және Оңтүстік Оралда және Қазақстанда бар.
Хромның аз болғанына қарамастан оның сұранысқа ие болу себебі: оның қолдану аймағының кең болуына байланысты. Хромды легірлеуші элемент ретінде хром түрінде феррохромды қорыту үшін сапалы болаттарды балқыту кезінде шихтаға енгізеді. Болат құю өндірісінде легірлеуші элемент ретінде хромды пайдалану метал өңдейтін, машина жасайтын және басқа да өнеркәсіптің салаларында кеңінен пайдаланылатын қышқылға төзімді, таттанбайтын болаттардың түрін алуға болады.
Әртүрлі жоғары төзімді хроммагнезитті отқа төзімді бұйымдарды дайындау кезінде, иеленген қасиеті жоғарғы температурада балқытуда және кез-келген қоспаларды балқытуға сезінбейтін көлемдерінің тұрақтылығы жоғарғы температура кезінде сақтайды. Хромды магнитті бұйымдар цемент өндірісінің күйдіру пештерін, болат балқыту пештерін және т.б.шегендеу үшін пайдаланады.
Тері өнеркәсібінде илеу, ретінде, тоқыма өнеркәсібінде бояғыш ретінде, ал сондайақ қыруар хром қосылыстарын және препараттарды алу үшін қолданылатын хромиттердің өндірісіне арналған. Жоғарғыда аталып кеткен, "?азхром"- ол "ТНК" АҚ "Дон" тау - кен байыту комбинатының филиалы болып табылады. Оның негізгі өндіретін өнімі Қазақстанның Батыс аймағындағ (Мұғалжар тауының солтүстігіндегі Кемпірсай жері) – хром рудасы [1].
Осындай кәсіпорындарда әр түрлі мақсатта қолданылатын және әр түрлі техникалық көрсеткіштері бар көптеген жабдықтар қолданылады.
Олар: арнаулы транспорттық, жылутехникалық, элекртехникалық, іріктейтін, соңғы өнімді шығаруға арналған жабдықтар. Бірақ тау-кенметаллургия кәсіпорныныңњ жұмысы кен өндіруден басталады.
Қазіргі техникалық деңгейде кен шикізаттарын байыту және үлкен көлемде өндіру, құрамында екі және одан да көп металл кездесетін күрделі құрамды, кедей кненді қайта өңдеумен өндіру тиімді болып келеді.
Байыту фабрикасына кен материалдары әр түрлі өлшемді кесектер түрінде түседі. Кесектерді өте ұсақ бөлшектерге, пайдалы өнімді бөліп алады. Әзірше осы әдіс арқылы кенді бос жыныстан бөліп алуға, металл балқытып өңдейтін бөлімшелерде қайта өндеуге тиімді, жарамды концентратарды алуға және байыту процесін орындауға болады.
Байыту фабрикаларының жоғарғы коэффициентті тқрақты жұмыс істеуі тораптар конструкциясы мен бөлшектердің жоғарғы үйкеліске төзімділігі мен технологиялық жабдықтарды пайдалану жағдайына байланысты болады.
Байыту фабрикаларындағы агрегат бағасының жоғары болуы, жабдықтардың энергиясыйымдылығының көп болуы, ғылыми зерттеу институттар мен зауыттарға ұсақтау-ұнтақтау жабдықтарын үздіксіз жетілдіріп және олардың тораптарын қызмет мерзімін жоғарылату басты міндеті болып табылады.
Экономикалық әсер ететін, агрегат конструкциясы мен оның жетегінің шамалы өзгеруі, қызмет жұмысын қарапайымдау немесе жабдықтың қызмет мерзімін ұзарту біздің уақытта жоғарыда айтылып өтілген зерттеулердің ең басымды мәселесі болып табылады.
Жалпы бөлім
азХром» ТҰК АҚ ДКБК дон кен байыту комбинатының тарихы
Хромтау қаласы тау-кен өндірісінің орталықтарының бірі, әрі жан-жақты өндіру әдістерінің қолданылатын аймағы ретінде танымал. "Дон" комбинаты пайдалы қазбаларды, кенді жер бетіне шығарып оны өңдеумен айналысады.
Алу әдісі ашык және жабық түрде жүргізіледі. Мұндағы ашық кен жұмысы ол "Дон" кенішінің құрамындағы карьерлер болып табылады.
Ал жабыќ түріне "Молодежная", "ДНК ("10-лет независимости Казахстана")" шахталары айналысады.
1936 жылы геолог - Долгов Павел Петрович шығып жатқан ірі кен сілемдерін тапты.
1937 жылы Конев Анисим Кузьмич пен Куразова Юлия Петровнаның басшылығымен жүргізілген жете барлау жқмыстары кезінде хромиттің ірі кеніштерін ашты, кейін бқларѓа басқа да кеніштер қосылды.
1938-жылы Иван Васильевич Щербаковтың басшылығымен "Гигант" кеніші бойынша кен жұмыстары 15-қаңтарынан басталды. Сол жылы 24 мың тонна кен өндіріліп, 7.5 т.м3 аршылым шығарылды. Бұл кезеңдерде айта кететін мәселе негізінен өндірістің ашу жұмыстарындағы техникалардың аздығы әсер етті [1].
1940 жылы кеншілер поселкасы Хромтаудың құрылысы басталды, хромиттің негізінде Ақтөбее ферроқорытпа зауытын салу туралы шешім қабылданды,"Алмаз" кенішінде кен жқмыстары басталып кетті.
1941 жылы соғыстың алғашқы кендерінде көптеген алдыңғы қатарлы кәсіби мамандар соғысқа аттанды. Олардың орнын басқан әйелдердің қатарына Безверхова Е.И., Переверзева Р.П., Иванюк Е.А., Стоянова Н. П. жатады. Соғыстың ауыртпалығына қарамастан, сол жылы 145 мың тонна кенді өндірді.
1942 жылы "Северный" кеніші бойынша кен жұмыстары басталды.
1943 жылы ұжым 302 мың тонна кенді өндіріп, И.В. Сталиннің қолы қойылған Мемлекеттік қорғаныс комитетінің алғысына ие болды. "Спутник", "Спорный" кеніштері бойынша кен жұмыстары басталды.
1945 жылы бірінші ұсатып-сұрыптау фабрикасы іске қосылды. Комсомол ұйымының хатшысы Дягилев Р.Е. жеңіс шеруіне шақырылды.
1954 жылы "ІІ Геофизический","VI Геофизический" кен іштeрi бойынша кен жұмыстары басталды.
1955 жылы тұңғыш рет кен бетін аршу миллиондық межеден асып түсті.
1959 жылы " Комсомольский", "Восточный" кеніштерінің жұмыстары басталды. Бірінші peт 1 млн. т. кен өндірілді.
1961 жылы " Миллионный" кеніші бойынша кен жұмыстары басталды.
Кеншілердің мәдениет үйін пайдалануға берілді.
1965 жылы "ІІІ Геофизический" кеніші бойынша кен жұмыстары басталды.
№2 ұсатып-сұрыптау фабрикасы іске қосылды (Орталық өнеркәсіп алаңында).
1967 жылы Хромтауға қала мәртебесі берілді. -"Южный" кеніші бойынша кен жұмыстары басталды.
1971 жылы «ДКБК» Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1973 жылы 1-ші байыту фабрикасы іске қосылып, -"Молодежная" шахтасының құрылысы басталды.
1974 жылы ҚазССР 40-жылдығы атындағы кеніші бойынша кен жұмыстары басталды.
1975 жылы Афанасий Афансьевич Томнюктің кеншілер бригадасы шахта ақпанынын айына 200 метрден астам үңгілеп, бүкілодақтық рекорд жасады.
1-ші – Геофизический кеніші қазылды (1-КБФ-ның жанында);
Наурыз айында кен басқармасы «ДКБК» Дон тау-кен байыту комбинаты болып кайта құрылды. Бұйымдық хром кенін өндіру жөнінен Қазақстан елінде бірінші орын алады.
1976 жылдың 27 қырқы күйегінде комбинаттың өркендеуіне зор маңызды рөлін атқарған «ДКБК» Дон кен байыту комбинатының құрылысын жеделдету және оны іске қосу жөніндегі шаралары туралы "ҚСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы шықты.
1978 жылы "Центральная" шахтасының құрылысы басталды. Мекеменің 40 жылдығы №6 "кен журналында "мақалалардың іріктемесінде комбинат-тың жұмыстары жазылды.
1981 жылы Желтоқсанда қуаттылығы 800 мың тон наға жететін "Молодежная" шахтасы іске қосылды.
1982 жылы "Молодежная" шахтасы (27 мың тонна көлемінде) біpiнші кенін берді.
1978 жылы осы шахта кен өндіруді 1 млн тоннадан асырды және хром кенін өндіру жөнінде дүние жүзіндегі ең ірі кәсіпорынға айналды. Оңтүстік Африка Республикасындағы содан кейінгі "Винтервельден" шахтасы кенді жылына миллион тоннаға дейін береді; Қазымдалған және су жайылған кеңістіктерден бау-бақшаларды суғаруға су берілетін, "V-шi Геофизический" кеніші қазымдала бастады.
1983 жылы Шельгорн Юрий Андреевичтің экскаваторшылар бригадасы 3 млн.м3 аршылымды тиеп, салалық рекорд жасады;
1984 жылы қуаттылығы 3,4 млн.мтоннаға жететін 2-КБФ-ның ұсату бөлімшесі іске қосылды, содан кейін комбинаттың ұсату бойынша жалпы қуаттылығы 5 млн.т .құрады.
1985 жылы "Мирный" кеніші бойынша кен жұмыстары басталды.
1987 жылы комбинат өзінің тарихында 4.2 млн. тонна құрайтын, шикізат кенін өндіру жөнінен ең жоғары көрсеткіштерге жетті; жылына қортпаның қуаттылығы 600 мың тоннаға жететін 2-КБФ-ның байыту бөлімшесі іске қосылды; Комбинаттың медициналық санитарлық бөлімшемесі іске қосылды (600 орынды поликлиника және 250 орындық аурухана) [2].
1988 жылы ашыќ кен жұмыстарында 15,5 млн.м3 көлемінде аршылым комбинат үшін рекордтыќ көрсеткіш болды.
1995 жылы "феррохром" және "ГОК пен Дон" Аксу Ферробалқыту зауыттары ТҰК "Трансұлттык компаниясы" Бұл үш хромдық өндірістер бір компанияға біріккен мақсаты болып бекітілді. Хром өндіру, өңдеу және ферробалқыту инвестициялық, жаңа сапалық және қуатты өндіруді қалпына келтіру. Техникалық және маркетингтік саясат.
Ќазіргі уақытта "Трансұлттық компания" Казхром АҚ «ДКБК» бұл – 17,4 мың жұмысшылар, 45 электрпештер, қуаттылығы 920-1000 MBА (Мега ВольтАмпер), 3,5 млн тонна тауарлық хром кені, Ферробалқытпа жылына 1,3 млн хром тонна өндіруде.
1997 жылы ТҰК "Трансұлттык компаниясы" "Ќазхром" АҚ дүние жүзінде хромдық ферробалқытпа өндіруден 3 орынға шықты. Шығарылатын балқытпалар қатарына феррохромнан бөлек, металдық хром, жоғары кремнилі ферросилиций, ферросиликохром, төменгі фосфорға силико-марганец [2].
ОАР - 45,8%, Қазақстан-18%, Индия- 14%, Түркия - 6,9 %, Зимбабве - 4,4%.
1.1 – сурет Хром кен орындарының мөлшері
Ќазхром ферроқорытпа әлемдік басты нарықтарында және АҚШ, Европа, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Тайваньда көптеп сатылады. Хромдық кен Қытай, Ресей және Украинаға жеткізіледі.
Ќазхром жыл сайын мемлекеттік бюджет және бюджеттік емес ұйымдарға 19 млрд тенге төлейді. 2005 жылы нақтылы өнім 151.1 млрд тенге болды.
Ш елде – OAР, Ќазақстан, Зимбабве - әлемдік хром қорының 84% құрайды. 4% Индия, Финляндия, Филиппин аралдары, Түркия және Албания. А л қалған барлық мемлекеттер үлесі 12% [1].
Қазіргі уақытта НТК "Казхром" АҚ кен өндіру және ферроқорытпа өндіруде жаңа технологиялар мен жобалар дайындалған. Мақсаты 2-3 жылда феррохром өндіруде 1 орынға шығу.
НТК "Казхром" АҚ – "Дон" тау-кен байыту комбинатының филиалы – 1938 жылы құрылған. "Дон" тау-кен байыту комбинаты (1938-1977 "Дон" хромиттік кенбасқару),
1938 Оңтүстік-Кемпірсай базасында хром кенін өндіруші болып аталған. Ол кен әлемде қор бойынша 2 орында, сапалық жағыннан әлемде бара-бар сәйкесі жоқ.
Кобинат кені төрт ферробалқытпа зауыттарына (Қазақстанда 2, Ресейде 2) жеткізіледі. Біраз бөлігі Ресей мен Украинадағы отқа төзімді металл жасау зауыттарына жеткізіледі. Жарты бөлігі шетелге жеткізіледі. Басты дайын тауарлық хромды сатып алушы Қытай 70 % астам дайын өнімін Ақсу және Ақтөбе ферробалқыту зауыттарына жеткізіледі.
2006 жылы қолдануда "Поисковый" және "Южный" карьері жұмыс жасауда. 1982 жылға дейін тек ашық әдіспен жүргізілген. 1982 жылы "Молодежная" шахтасында (2 млн тонна). 1999 жылы "Центральная" шахтасы. 2001 жылы " 10-лет независимости Казахстана" жұмыс жүргізді.
"Дон" кен байыту комбинатының құрамына 24 құрылымдық бөліктен 6600 жұмысшы санымен, сонымен қоса бес тауар өндіруші цехтар: шахта "Молодежная", шахта "10-летия независимости Казахстана" екі карьер, екі кен байыту фабрикалары (ДОФ-1, ДОФ-2).
Цехтарда тасымалмен қамтамасыз етуші 5 бірлік а/с Р-170 Г/п 154 тонналық, 18 бірлік а/с БелАЗ-7548 г/п 40 тонналық, фабрикааралық тасымалмен түсіру 11 тепловоз, механикалық жабдықтарды жөндеу жұмыстарын – МЖО (механикалық жөндеу орталығы), құрылыстық – ЌЖЦ (құрылыс жөндеу цехы), энергетикалық қажеттілікті-энерго және электрцех, шаруашылық тасымалдарды – автотасымал және механизация цехы.
Жоғарыда аталғандай комбинат құрамына 1 кен, 2 шахта және 2 кен байыту фабрикалар кіреді. Олар әлемде хром алу жөнінен алдыңғы орынға ие. "Дон" тау-кен байыту комбинаты жылына 3,5 млн тонна хромдқ кен өндіреді, ол әлемде өндірілген көлемнің 20 % [1, 2].
"Дон" кен байыту комбинатында белсенді түрде әлеуметтік жобалар іске асуда. Хромтауда дүниежүзілік стандартќа сай сауыќтыру-дене шыныќтыру орталығы ашылды.
Хром кеніштерін "40 лет Казахской ССР", "Молодежное", "Миллионное", "Алмаз-Жемчужина", "Первомайское", "№21", "Геофизическое VII", "XX Казахской ССР" [2].
1.2- сурет Ашық- карерлердің бірі
Кендік аймақтың ұзындығы 24 км, ені 8 км
Кен өндіру 2-ге бөлінген: ашық кен орындары 350 м дейін, жер асты 1500м-ге дейін. Жер құрамы 96% хром.
Кен түрі II және III классификациясында.
II топ. Ќарапайым құрылымы (жилы, линзалар), ірі кесекті (300 мм жоғары)
III топ. Күрделі геологиялық құрам. Жоғары химиялық құрам, майда кесекті (300 мм төмен)
Химиялық құрамы жоғары сортты. Құрамында оксид хром – 20-60%, темір – 8-9%, кремнез – 3-30%, фосфор және ќышќыл – 0,3%, глинозем – 5-12%, магнийоксид – 12-20%) [3].
Ндіріс технологиясы
Кеніш көтеру ќондырғылары шахтадан тік оќпандармен кен, бос тау жынысын және адамдарды көтеріп – түсіруге арналған жер бетінде орналасќан кешен. Жабдыќталған механизмдері мен ќұралдарының түріне ќарап сонымен ќатар атќаратын міндетіне ќарай олар бірнеше топќа бөлінеді.
Ќапаспен жабдыќталғандары қапас көтергіші; төңкергішпен жабдық-талғандары төңкершек көтергіші конвейермен жабдыќталғандар конвейерлі көтергіш, ал атқаратын міндетіне қарай бас көтергіш (кен көтеретін); қосалқы көтергіш (бос тау жынысын көтеретін; адамдарды көтеріп түсіретін; жабдықтармен материалдар түсіретін) болып аталады.
Көтеру қондырғылар кешеніне кіретіні мыналар көтеру машиналары; шахта оқпандарына орналасатын бағыттаушы жабдықтар болат арқан, оқпан жанындағы төменгі және жоғарғы қабылдау алаңдары бағыттайтын шкивтері бар көперлар.
Қапаспен жабдықталған көтеру қондырғыларында көтерілетін жүк вагонеткалармен көтеріледі. Бұл жағдайда төменгі және жоғарғы қабылдау алаңдарында вагонеткалар қапасқа механикаландырылған итергіштердің (итергіш) күшімен кіргізіп шығарылады.
Төңгершекпен жабдықталған көтеру қондырғылары жер астында тиелетін жерде, арнайы дозалағыштармен жабдықталған тиеу бөлмешіктерінен төңгершекке тиеледі де жер бетіне көтеріледі. Көтеру қондырғылары жүк көтеретін – арқандардың санына қарай үш түрге бөлінеді.
Бір арқанның ұшымен көтеретін, екі арқанмен 4 және одан көп өрімді. Бір арқанды көтеру қондырғылары өте сирек кездеседі. Себебі, олардың жүк көтеру қуаты өте төмен. Екі арқанды жүк көтеру қондырғылары көп тараған. Бұндай қондырғыларда екі арқанға да, қапастар немесе төңгершек ілінеді, кей жағдайларда (өте сирек бір төңгершектің әйтпесе қапастың орнына қарсы салмақ ілінеді. Бұндай қондырғылардың жүк көтеруге арналған коперларында бағыттаушы шкив орналасады да көтеру машинасы, көпірден белгілі бір ара қашақтықта орналасады. Екі арқанды көтеру машиналарының артықшылығы: екі арқанға ілінген жүк көтеру машина жұмыс істеген уақытта арқандар жалғанған бір әйтпесе екі атанақты айналдыратын білігіне көп күш түсірмейді.
Көп арқанды көтеру қондырғылары мұнара тәрізді коперларға орналасады. Бұндай қондырғылардың жүк көтеретін жабдықтарының астына, таспа тәрізді теңдік сақтауға арналған жалпақ арқандар ілінеді. Жүк көтеретін жабдықтардағы жалғайтын басты арқан, ал енді астына бекілетін құйрықты аранды деп атайды. Көтеру машинасының атанағы айналған уақытта басты арқан атанаққа оның ені бойынша орналасатын болғандықтан арқанның оқпандағы және копердағы жүретін бағытын бір қалыпты сақтау үшін арнайы бір бағыт сақтайтын шкив орналастырады.
Хромтаудағы жер асты шахталарының көпшілігінде, кенді көтеру үшін маркасы ЦШ 4x4; шкив диаметрі – 4 м, басты канаттар саны 4, жылдамдығы 12 м/сек көтеру машинасы орналасқан; 2 - скиптердің әрқайсының сыйымдылығы – 17 м3.
Бұл коперда соныменқатарқќапас көтеретін МК 2,1x4; шкив диаметрі 2,1м, басты арқандар саны 4, жылдамдығы 12 м/сек көтеру машинасы орналасқан. Қапас өлшемі: еденнен алғанда 4500x1700 мм сыйымдылығы 32 адам.
Бос тау жыныстары төңгершек орналасқан оқпанмен көтеру машинасы маркасы ЦШ 2,1x4, төңгершек сыйымдылығы 4 м3 көмегімен жер бетіне шығарылады. Қапас кһтеретін көтеру қондырғы аралық әдіспен қапастан әйтпесе деңгейжиектерден берілетін дыбыс белгі арқылы басқарылады [3].
1 – барабан; 2 – редуктор; 3 – электрқозғалтқыш; 4 – басќару пульты
1.3 – сурет Көтеру қондырғысының жетегі
1 – эскада; 2 – көпір; 3 – көтеру қондырғы бөлмесі;
4 – іліну төбесі; 5 – сорғы орны
1.4 – сурет Көтеру қондырғысы
Төңгершекке арналған көтеру машинасын басќару жұмысы автомат-тандырылған. Ұсаќталған кен жер астындағы кенді тиеуге арналған шанап жиналады. Бос төңгершек келіп, тиелетін орынына тұрған уақытта, шанаптың тықпақақпағы ашылып кен бөлінетін жабдық арқылы дозалағышқа түседі, мұнда түскен кен салмақ өлшеп бергіштің көмегімен керек көлемде теңгершекке тиеледі. Қажет дәлмөлшер тиелген соң шанаптың тықпа қақпағы қайтадан жабылады, да көтеру машинасына импульс береді, теңгершек кетісімен, тықпа қақпас келесі дәлмөлшерді дайындауға импульс алады да, жоғарыда айтылған тәртіппен келесі теңгершекті тиейтін дәлмөлшер дайындап қояды. Осылайша кен тиеу, көтеру процестері автоматтандырылған түрде атќарылады.
Шахтаға үлкен габаритті жабдыќтар, машиналар және жүктерді түсіру үшін арнайы жүк түсіретін оќпан болады. Бұндай жүктерді шахтаға түсіру үшін, оќпанның жер бетіндегі орналасќан ғимаратќа салмағы 40 тн көтеретін арнайы кран орнатылады.
Оќпанмен түсетін жүкті жер астында орналасќан ќабаттарда ќабылдау үшін арнайы платформалар ќолданылады. Ќабаттарѓғ түсірілген жүктерді тиеу-түсіру үшін арнайы дайындалған бөлмешіктерде крандар орналасты-рады [3].