Салықтың міндеттеме есебі мен талдауы

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2001-жылгы 12-маусымда №209—11 Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" (өзгертулермен жөне толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке жөне занды түлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін бірден-бір занды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салык, салынатын объектісі және салық салумен байланыстъ, объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.

Салык, базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін Салық базасынъщ негізінде салық сомасы және басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.

Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.

Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.

Қазақстан Республикасындағы салық заңы - мүліктің кірістірілген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің орап есептеу әдісі бойынша құрылады [32,134б.].

3100 «Салық бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі ұйымның салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

3110 – «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы», мұнда төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы есепке алынады;

3120 – «Жеке табыс салығы», мұнда жеке табыс салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3130 – «Қосылған құн салығы», мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады;

3140 – «Акциздер», мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3150 – «Әлеуметтік салық», мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3160 – «Жер салығы», мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3170 – «Көлік құралдары салығы», мұнда көлік құралдарына салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3180 – «Мүлік салығы», мұнда мүлікке салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3190 – «Өзге салықтар», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.

3200 «Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі, салықты алып тастағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге тиісті міндетті және ерікті төлемдерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:

3210 – «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер», мұнда әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3220 – «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер», мұнда зейнетақы аударымдарын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3230 – «Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа міндетті төлемдер, мысалы алымдар, мемлекеттік баждар, төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3240 – «Басқа ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа ерікті төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады [33,33б.].

Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталмен қатар басқа қарастырылған (тартылған) капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымының алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндірістен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет еддерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.

Бюджет — жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп (бекітіліп) пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.

Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:

1) салық салынатын табыс;

2) төлем көзінен салық салынатын табыс;

3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

Салық салынатын пайыз жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Соның нәтижесінде бухгалтерлік есеп пен салық есебінің арасынада таза пайданы анықтауда айырмашылықтар туындайды. Олар тұрақты және уақытша болып бөлінеді.

1995 жылғы «Салықтар және де бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Президентінің Жарлығына дейін таза пайдаға (корпоративтік табысқа) салынатын салық бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде жүргізіледі. Кейіннен есептің екі түрін (бухгалтерлік, салықтық) толық бөлу қажеттігі пайда болды.

Салықтың міндеттеме есебі мен талдауы - student2.ru

Сурет -1. Корпоративтік салық салынатын табысты анықтауда салық есебі мен бухгалтерлік есеп арасындағы туындайтын айырмашылықтар негізі.

Ескерту - : Практикум (арнайы курс) / Б.С. Мырзалиев, Р.С. Әбдішүкіров.- Алматы: Заң әдебиеті, 2008.- 134б.

Корпоративтік табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекетік бюджеттінің кірістерінің құрылуына үлкен әсер етеді. Одан түсетін бюджеттік төлемдер мемлкеттік бюджеттің салықтық түсімдерінің 1/3 бөлігін, (немесе 2013ж – 41,2 %, 2014ж-35,2%, 2015ж-32,2%) ал республикалық бюджеттің салықтық түсімдердің жартысын (немесе 2013ж -53,4%, 2014ж -46,5%, 2015ж-46,6%) құрады. Оны келесі кестеден көруге болады.

Кесте 2

Корпоративтік табыс салығының субъектілері мен объектілері

Корпоративтік табыс салығының субъектілері Салық салынатын объектілері Салық мөлшерлемесі Салықтық кезең
Заңды тұлға, ҚР резиденттері (бұларға Ұлттық банкі мен мемлекеттік ұйымдар кірмейді) Салық салынатын табыс 20% Календарлық жыл
Төлем кезінен салық салынатын табыс 10%
Кесте 2 жалғасы
Заңды тұлға, ҚР резиденттері, олар үшін жер өндірістің негізгі құралы болып табылады Салық салынатын табыс 10% Календарлық жыл
ҚР тұрақты ұйымдар арқылы, қызметін жүзеге асыратын резиденттер емес заңды тұлғалар Таза табыс 15% Календарлық жыл

Ескерту - Д.Г. Черник, А.П. Починок, В.П. Морозов Основы налоговой системы. 2-е

изд. Москва: «Юнити», 2009 ж.-33б.

Осы 10 жыл аралығында (2005-2015 жж.) жалпы бюджет кірістері 309,5 млрд-тан 2887,9 млрд-қа дейін, немесе 9,3 есе өсті. Ал оның ішінде корпоративтік табыс салығының түсімдері 38,3 млрд тенгеден 758,3 млрд тенгеге дейін, немесе 19,8 есе өсті. Бұл осы аралықта Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің өсу деңгейінің үлкен қарқында жүргендігін потенциалды және соған байланысты корпорациялық табыс салығының өскендігін көрсетеді.

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі, салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:

1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары;

2) коммерциялық емес ұйымдар;

3) әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шарттар бойынша немесе өнімді бөлу туралы келісім шарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

5) өздеріне декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі міндет белгіленген, корпоративтік табыс салығын басқа да төлеушілер үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстардың корпоративтік табыс салығын, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетілімдерін, салық салынатын табысты, салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды, шеккен залалдарды, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын және салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасын декларациялауына арналған.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсатына орай салық қызметі органдары пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

1) құн өсімінен түсетін табыстар (залалдар) жөніндегі;

2) 2 күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша табыстар мен шығыстар, міндеттемелерді және талаптарды есептен шығару, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бойынша есептен шығару жөніндегі;

3) сыйақылар бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;

4) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бойынша белгіленуі мүмкін;

5) свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;

6) резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;

7) инвестициялық салық преференциялары жөніндегі;

8) салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, демеушілік көмекті алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;

9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге жүмсалатын шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөніндегі;

10) шетелдік көздерден алынатын табыстар жөніндегі, жеңілдікті салық салынатын елдерге тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық және есепке жатқызылу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.

Осы қосымшаның нысаны осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;

1) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемесін есептеу жөніндегі;

2) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі ақпаратты;

3) корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен табыстар мен шығыстар туралы есепті салыстыруды;

4) Своп бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.

Осы қосымшаның нысаны келісімшартжасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;

1) мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшылары және (немесе) сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылар бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, салық міндеттемесі туралы;

2) резиденттің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде орналасқан тұрақты мекемелері шегерімге жатқызатын, резиденттің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін [36,12-14бб.].

Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай ақпарат қамтылуы мүмкін:

- төленетін табыс сомасы;

- төленген табыс сомасы;

- корпоративтік табыс салығының ставкасы;

- төлем көзінен ұсталатын салық сомасы;

- іс жүзінде төленген салық.

Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша eceп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай ақпарат қамтылуы мүмкін:

- салық төлеуші туралы жалпы сәйкестендіру деректері;

- салық салу объектілері, оның ішінде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектілері туралы;

- салық ставкасы туралы;

- халықаралық шарттарды қолдану туралы;

- Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңі туралы;

- халықаралық шартқа сәйкес есептелген салық сомасы туралы.

Жылдық жиынтық табысын есеп айырысу жолымен алынатын, салық есебі мен бухгалтерлік есепті жүргізу нәтижесінде қалыптасады. Жұмыс жоспарындағы кәсіпорынның табыстарының бухгалтерлік есебі үшін, қаржылық ұйымдастырудың халықаралық стандарттары бойынша шоттардың «Табыс» шотының 6-бөлімі қарастырылған.

Бұл бөлімге келесі бөлімшелер енеді:

6000 - «Өнімдерді өткізу мен қызмет көрсетуден түсетін табыстар»;

6100 - «Қаржыландырудан түсетін табыстар;

6200 - «Басқа табыстар»;

6300 - «Қызметті тоқтатуға байланысты түсетін табыстар;

6400 - «Үлестік қатысу әдісі бойынша есептелетін ұйымның пайда үлесі».

Табыс бұл капиталда қатысатын тұлғаның жарнасымен байланысты, көбеюден айрықшаланатын, капиталдың көбеюіне әкелетін, есептік кезең ішіндегі түсім түріндегі экономикалық пайданың өсуі немесе активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы. Есеп беру кезеңінің аяғында осы бөлімнің шоты ­5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» тобының шотына жабылады.

Тауарларды, орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсету­ді өткізуден түсетін табысты анықтау бөлімшелердің шоттары бойынша деректерді талдау негізінде жүргізіледі:

6000 - «Өнімдер мен қызмет көрсетуді өткізуден түскен та­быс»;

6010 - «Қызмет көрсету бойынша өнімдерді өткізуден түскен табыс» (өнімдер мен қызмет көрсетуден табысты алумен байланысты операциялар көрсетіледі);

6020 - «Сатылған өнімнің қайтарылуы» (сатылған өнімнің қайтарылуына байланысты операциялар көрсетіледі);

6030 - «Сату мен бағадан түсірілетін жеңілдік» (сату мен бағадан түсірілетін жеңілдік берілуімен байланысты опе­рациялар көрсетіледі).

Тауарларды (қызметтер, жұмыстар) өткізуден түсетін табыс­ты дұрыс анықтау мақсатында алғашқы құжаттар бойынша ірік­теу жүргізіледі: кассалық құжаттармен (кірістік және шығыстық кассалық ордермен, ККО және ШКО тіркеу журналымен, кассалық кітап), банктік көшіріммен және ағымдағы және валюталық шоттардың қосымшалары бойынша жүргізіледі; жіберілген тауар бойынша, орындалған жұмыстар, жөнелтпе құжаттар не­гізінде көрсетілген қызметтерге, салықтық шот-фактура, қабылдау және беру актілері бойынша бухгалтерлік есептің тіркелімінде көрсетілген деректердің дұрыстығы тексеріледі [37,18-20бб.].

Міндеттемелерді есептен шығарудан түскен табыстарға мыналар қатысты:

- кредитордың салық төлеушіден міндеттемелерді есептен шығаруы; .

- қуыну мерзімінің өтуіне байланысты міндетті емес, Салық кодексіне сәйкес күдікті деп табылған міндеттемеден басқаны қоспағанда есептен шығару;

- сот шешімі бойынша міндеттемені есептен шығару.

Міндеттемені есептен шығару нәтижесінде алынған табыс со­масы есептен шығарылған кредиттік қарыздың сомасына тең. Кре­диттік қарыздың есептен шығарылған сомасы салық төлеушінің келесі шоттарындағы бухгалтерлік есепте: қыcқa мерзімді қаржылық міндеттемелер» 3000 кіші бөлімшесінің дeбeт шотта­рында (3010-3050 шоттары), «қысқа мерзімді кредиттік қарыз»: 3300 (3310-3390 шоттары) шотында, «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер» 3500 (3510 шоты), «Басқа табыстар» 6200 шотында көрсетіледі.

Мүлікті жалға бергеннен түсетін табыс сомасы жалға беру және «Қаржылық жалдаудан алынатын кірістер» 6130 кредит шотының, «Операциялық жалдаудан түсетін кірістер» 6260 және «Жалға беру бойынша қысқа мерзімді дебиторлық қарыз» 1260-­шы, «Жалға беру бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз» 2160-­шы шоттардың деректерімен анықталады.

Есеп беру айының келесі айына қатысы жоқ, жалға алушы­мен ағымдағы айда берілген жалға беру төлемінен алынған сомаға «Ақша қаражаты» бөлімшесінің 1000-дебет шотына (l010-­1030 шоттары), «Келесі кезеңнің табыстары» 3520-кредит шоты­на жасалады. Жалға бергеннен түсетін табыстарды көрсету үшін «Мүлікті жалға беруден түсетін табыстың» 4-қосымшасы және 100.04.001.-жолындағы қосымша нысаны толтырылады. Бұл ны­сан жалға берілген мүлікті жалға берушінің СТН-ін, жалға беру келісімінің нөмірі мен күнін және алуға жататын жалдық төлемді ажыратyды қарастырады.

Ұтыстар бойынша та­быстар сомасын анықтау үшін «Басқа да табыстардың» 6280­ карточкалық шотына, «Лотереяға қатысудан алған ұтыстың» - Дт 1030, Кт б280 қосалқы шоттарына іріктеу жүргізіледі, ұтыс түрі бойынша алынған табысты ажырататын тізімдеме жасалады.

Салықтық есепті дайындау үшін жыл ішінде тауарлар (қызметтер, жұмыстар) бойынша, кредиттік қарызды eceптен шығарудан түскен табысты және жұмысшылардың табысы бойын­ша күдікті міндеттемелерді есептен шығарудан түскен табысты тізімге толтыру қажет [38,136-137бб.].

Наши рекомендации