Топляк –батып кеткен бөрене

Транс –өзін-өзі басқара алмайтын нервтің жоғарғы қозуы

Тренажер– жаттығу, тренаж үшін арналған жабдық.

Тұнба– тұнбалы, үнемі сулы және еру қасиеті бар топырақтың құмды қабаты.

Тұншығу– тыныс алудың бұзылу салдарынан болатын паталогиялық жағдай.

Тұщыландырғыш – суды тұщыландыруға арналған құрал.

Тірі қалу – шұғыл жағдайларда өмір сүру қабілеті.

Тіршілікті қамтамасыз ету – өмірді сақтау жүйесі.

Тығыз жұмыстар – ТЖ зардап шеккендерге, халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың денсаулығы мен өмірін, олардың жұмыс қабілеттілігін сақтау үшін жағдай жасау, құтқару жұмыстарын жан – жақты қамтамасыз ету шаралары.

Уақытша паналау аймағы – қауіпсіздікті қаматамасыз ету мақсатымен, халықты ТЖ пайда болуы қауіпі бар немесе пайда болған кезде көшіру немесе уақытша ауыстыру аумағы.

Ұтқырлық – қозғалыс, жылдам әрекет етуге қабілеттілік.

Ұшақ – тік ұшатын және қонатын ауалы ортада қозғалуға арналған ұшу аппараты.

Үгінді – ауырлық күш әсерімен тау массасы жыныстарының беткей бойымен төмен жылжуы.

Үн қату – шақыруға жауап беру, қарату.

Үнемі дайындықтағы күштер – ТЖ аймағында шұғыл жұмыстар жүргізуге арналған және кезекшілікте болатын күштер.

Үңгір – сыртқа шығу жолы бар жер астындағы жартылай кеңістік.

Үрей– қорқыныш, кенет сезім.

Іздеу – біреуді немесе бір нәрсені табу.

Індет – адам ауруларының кеңінен таралуы.

Ісіну – ұлпаларда сұйықтардың жиналуынан болатын ісік.

Ықтимал қауіпті нысан – төтенше жағдай көзінің тууына қауіп төндіретін қауіпті радиоактивті, өрт, жарылыс қауіпті материалдарды, химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын, өндіретін, өндейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын нысан.

Ықтимал қауіпті зат - өзінің физикалық, химиялық, биологиялық немесе токсикологиялық қасиетінің салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшарушылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп төндіретін заттар.

Ықтимал ТЖ аймағы – ТЖ пайда болуы мүмкін аумақ немесе айдын. Фал – кендір, арқан, сым арқан.

Фарватер– кемелердің қауіпсіз жүзуіне арналған су жолы.

Фирн– мұздақ қар.

Флюгер– жел бағытын анықтайтын құрал.

Форшок– бастапқы соққыға жол ашар, салыстырмалы әлсіз жер асты дүмпуі.

Хабарландыру дабылы – ТЖ пайда болғаны туралы хабарландыру

Циклон – жауынмен жалғасатын атмосфераның құйынды қозғалысы. Цистерна – сұйықтықтарды тасымалдау және сақтауға арналған үлкен резервуар.

Цунами – жағалау немесе су асты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған теңіз толқындары.

Шанды дауыл – топырақ пен құм массаларын ауада ұшыру мен орнын ауыстыру қасиеті бар қатты жел.

Шквал– желдің бірден қатты соғатын самалы.

Шлюз – кемелер мен суларды өткізуге арналған ғимарат.

Шлюпка – кең корпусты қайық.

Шок - жалпы ағзаның кенеттен бұзылуы.

Экватор– Жер шарын Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларға бөліп тұрған шеңбер.

Эпизоотия – жануарлар ауруларының кеңінен таралуы.

Эпифитотия – өсімдіктер ауруларының кеңінен таралуы.

Эрозия – жер беті топырағының толығымен немесе бөлігінің зақымдануы.

Дәрістер

Дәріс №1. Кіріспе. Курстың мазмұны. Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі. Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар.

Жалпы сұрақтар

1. Курстың мазмұны.

2. Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.

3. Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар.

Курстың мазмұны. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері – төтенше жағдай кезінде шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін, адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қатынысы әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы және табиғи, техногенді ТЖ салдарын жою және ескерту сұрақтарын оқытатын жоғары мектеп курсы.

Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: Өмір сүру ортасының жағдайы және жағымсыз факторлары; адамның өмір сүру ортасымен қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету принцптері; техникалық ортамен процестердің қауіпсіздігін жоғарлату, зиянды және зақымдаушы факторлармен зақымдалған адамның анатомиялық-физиологиялық салдары, оларды идентификациялау принцптері; ТЖ кезіндегі шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін зерттеу әдістері; ТЖ және олардың салдарын болжау; ТЖ кезінде шаруашылық нысандарының өндірістік қызметкерлерін және халықты қорғау шараларын жасау; ТЖ салдарын жою; тіршілік қауіпсіздігінің нормативті техникалық және ұйымдастыру негіздері.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты: болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру; төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында халықты, өндіріс мамандарын және ауылшаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білуге үйрету.
Курс бойынша шешілетін міндеттер мынадай талаптармен анықталады: студенттер бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру және авария, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында алғашқы көмек көрсетуге арналған құрал жабдықтарды дұрыс қолдана білу.

Студент курстың соңында төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру керек; тері қабатын, тыныс алу жүйелерін қорғауға арналған құрал - жабдықтарды дұрыс пайдалана білу. Төтенше жағдайларда, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптары кезінде сауатты шешім қабылдауы қажет.

Наши рекомендации