Р-да инновациялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының экономикалық жүесін реформалаудың алғашқы жылдары қоғамда жеке салаларды таңдамалы қолдау өндірістің төменгі деңгейінің бекіп қалуына және олардың шаруашылық жүргізудің жаңа шарттарына үйлесе алмауына әкеліп соқтыруы мүмкін деген пікір қалыптасты. Сонымен, орныға бастаған нарықтық күштер экономиканы қажетті құрылымдық қайта құруға өзі алып келуі керек еді. Сондықтан индустриалды-инновациалық саясат мемлекеттік кәсіпорындарды жедел жекешелендіру және өнеркәсіптік алпауыттарға шетел инвесторларын тартумен алмастырылды. Осындай стратегияның арқасында өнеркәсіп саласында өз кәсіпорындарының мәселелерін өздері шеше алатын меншік иелерінің жаңа тобы пайда болды. Ал мемлекет олардың қызметіне тікелей араласудан бас тартып, өз мүддесін нарықтық экономикаға тән, жанама реттеу әдістерімен қорғауға көшті.
Шетел инвесторлары, отандық кәсіпорындардың табиғи артықшылықтары бар, шикізат саласына үлкен қызығушылық танытты. Нәтижесінде қомақты инвестициялық ағымдар өнеркәсіпте оң құрылымдық өзгерістерді туындата алмады. Мысалы, 2007 жылы жалпы көлемі $ 4595,7 млн. шетел инвестицияларының $ 2 187,8 млн. тау-кен өндіру саласына, $ 993,7 млн. өңдеу өнеркәсібіне, $ 624,2 млн. металлургия өнерәсібіне, $ 987,1 млн. жылжымайтын мүлікпен операциялар саласына және с.с. бағытталды. [1-ші қосымша].
Әлемдік тәжрибе индустриалды-инновациалық бағдарламаларды құрудың ең кемінде екі жолы бар екенін көрсетеді. Бірінші жолдың мәні экономикалық даму мен құрылымдық өзгерістердің локомотиві бола алатын стратегиялық маңызды салаларды таңдаулы мемлекеттік қолдауға саяды. Өндірушілерге өндірісті жетілдіруге және жаңа өндіріс салаларының пайда болуына ықпал жасайтын өнімді игеру және өндіруді ұлғайту міндеті жүктеледі. Ал мемлекеттің, шаруашылық субъектілердің іскерлік белсенділігіне тікелей ықпал жасайтын, ақша-несиелік, кедендік және тарифтік, сонымен қатар инвестициялық саясаты таңдалған экономика салаларын қолдау бойынша, елдің ұлттық мүддесіне бағындырылады. Әрине, таңдалған саларды қолдауға көп көңіл бөлу тек басымдылықтарды дұрыс анықтауды ғана емес, елеулі әкімшілік күшті де қажет етеді. Сондықтан, мұндай жолмен индустриалды-инновациялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру, тек сауда-экономикалық және өндірістік қатынастарды реттеуде мемлекеттің ролі күшті елдерде ғана мүмкін.
Екінші жолға сәйкес, барлық өндірушілер үшін, өнеркәсіпті инновациялық технологияларға ауыстыруға бағытталған, бірыңғай мемлекеттік қолдау шаралар жүйесі құрастырылады. Онда экономиканың құрылымын жақсартудағы жетекші роль жеке компаниялардың үлесіне тиеді, ал мемлекет нарықтағы кәсіпорындардың әрекетіне ешқандай қысым көрсетпей, қолда бар құралдардың көмегімен бұл процесске қажетті бағыт беріп отырады.
Егер екінші жолды ұстанса, индустриалдық бағдарламаның негізі, инвесторларды жаңа және белгілі деңгейде қатерлі жобаларға қаржы салуға ынталандыратын, преференциялар мен жеңілдіктерді анықтау болады. Бұл оңай міндет емес, өйткені экономиканың жеке салаларында инвестициялық ахуалды жақсартуды қарастырады. Сондықтан құжатты құрастыру кезеңінен бастап ұлттық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, әр саланың инвестициялық тартымдылығын бағалау қажет. Бұл кезде жалпы жағдайдың жақсаруына қарамастан, өңдеуші өнеркәсіп саласының, әсіресе ғылыми жетістіктерді қажет ететін өндіріс салаларының, тартымдылығы төмен болатынын ескеру қажет. Мұндай жағдайда мемлекеттің қатысуынсыз экономиканы құрылымдық жаңартуда елеулі жетістіктерге жету мүмкін емес. Инвестициялық іс-әрекетті жандандыру шаралары жобаларды іске асыру кезеңінде қатерлердің жеке және мемлекеттік секторлар арасында тең бөлінуін есекеру керек және еш уақытта негізгі қорларды жаңарту және өндірісті инновациялық даму жолына аударуды ынталандыруды төмендетпеу керек.
Қалыптасқан жағдайда Қазақстан Республикасында жаңа индустриалдық саясат – ғылыми жетістіктер негізінде, бәсекелестік қабілеті жоғары өнім өндіруді ынталандыру арқылы өндірістің салалық құрылымындағы өзгерістерді жеделдетуге бағытталған шаралар кешенін - құру қажеттілігі бар. Осы анықтамаға сәйкес, индустриалдық саясатқа дайындық нарық және шаруашылық субъектілері арасында бәсекелестіктің дамуы жағдайында өндірістік секторды мемлекеттік басқарудың негізгі жолдары мен принциптерін анықтаудан басталуы керек.
Осы тұрғыдан ел басшылығы елдің экономикасын инновациялық жолмен дамытуды қамтамасыз ететін бірқатар шараларды қабылдады:
· 1999 жылы Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту Концепциясы мақұлданды (Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының № 19 қаулысы. 20 шілде 1999 жыл.);
· 2001 жылы Қазақстан Республикасының инновациялық даму Бағдарламасы бекітілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің №617 қаулысы. 10 мамыр 2001 жыл.), Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңы, 9 шілде 2001 жыл, қабылданды, онда инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы бап бар;
· 2002 жылы Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы» заңы, 3 шілде 2002 жыл, қабылданды, ол мемлекеттік инвестициялық саясаттың негізгі принциптері, бағыттары мен жүзеге асыру формаларын анықтады.
· 2003 жылдың 18 наурызындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №263 «2003-2005 жылдарға инновациялық қызметті ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысы.
· «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарда индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы, Астана, 17 мамыр 2003 ж. № 1096.
Жоғарыда аталған мемлекеттік құжаттарда көрсетілген бағдарламалық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, индустрия және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі 2003 жылы Қазақстанның 2003-2015 жылдарда индустриалды-инновациялық даму және оны ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Мемлекеттік бағдарламасын құрастырды.
ҚР Мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламасының мақсаты – ғылыми-техникалық потенциалды дамыту, тиімді орналастыру және пайдалану, оның құрылымын қалыптастыру, ғылым мен техниканың елдің экономикасын дамытудағы, маңызды әлеуметтік мәселелерді іске асырудағы, материалдық өндіріс саласындағы прогрессивті құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етудегі, оның тиімділігі мен бәсекелестік қабілетін арттырудағы, елдің қорғаныс қабілеті мен тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтудағы үлесін арттыру.
Мемлекеттік инновациялық саясаттың міндеттері келесідей:
§ экономиканы құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың, шаруашылық және ғылыми ұйымдардың үйлесімді қызметін қамтамасыз ету;
§ халық шаруашылығының дамуының стратегиясын, қарқынын және оның құрылымдық тепе-теңдігін айқындайтын негізгі бағыттарда экономиканың дамуын тұрақтандыру үшін ғылыми-техникалық потенциалды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
§ ғылыми потенциалды сақтау және «озық» зерттеулерді қамтамасыз ету;
§ экономикалық реформалардың орталығын инновациялық қызмет саласына ойыстыру, шағын және орта бизнестің инновациялық белсенділігін арттыру.
Ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, 2003-2005 жылдары шараларды жүзеге асыруға қажетті бюджеттік қаржылар көлемінде, Бағдарламаның әкімшілігі республикалық бюджетте сәйкес қаржылық жылдарға қарастырылған қаржылар шеңберінде жүзеге асырылады. Бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты, қарастырылған қаржылық шығындар барлығы 507,0 млн. теңгені құрайды, соның ішінде жылдар бойынша: 2005 жылы - 169,0 млн.теңге; 2006 жылы - 169,0 млн.теңге; 2007 жылы - 169,0 млн. теңге (2004 жылдың 19 шілдесіндегі Республикалық бюджеттік комиссияның мәжілісінің №23 қаулысы).
Мемлекеттік инновациялық саясаттың маңызды принциптері:
§ отандық ғылыми потенциалға және әлемдік прогрессивті тәжрибе мен технологияға сүйену;
§ ғылыми шығармашылықтағы еркіндік, ғылыми саланы демократизациялау, ғылыми саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудағы ашықтық пен жариялылық;
§ фундаменталды ғылыми зерттеулерді дамытуды ынталандыру;
§ ғылым мен техника саласында бәсекелестік пен кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау, инновациялық қызметті ынталандыру және қолдау;
§ ғылым мен білімнің интеграциясы, барлық деңгейдегі білікті ғылыми мамандарды дайындаудың біртұтас жүйесін қалыптастыру;
§ зерттеушілердің, ұйымдардың және мемлекеттің интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау;
§ әртүрлі меншік формасындағы ғылыми-зерттеу және тәжрибелік-конструкторлық мекемелерді дамыту, шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдау;
§ ғылыми еңбектің беделін көтеру, ғалымдар мен мамндардың өмір сүру және жұмыс жағдайларын жақсарту.
Инновациялық саясаттың негіздеріелдегі нақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларға сай келетін заң актілерінің жиынтығын қабылдау арқылы қаланады. Басқарудың объектілері мен субъектілері, олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері анықталады.
Қазіргі кезде ҚР-да инновациялық қызметті нормативтік-құқықтық реттеу келесілерді қамтамасыз ететін заңдар мен нормативтік актілерді қабылдауды қарастырады:
§ мемлекеттің, инвесторлардың, кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың өздерінің табыстарының бір бөлігін инновациялық қызметке бағыттауға қызығушылық, осы қаржы бөлігі және инновациялық қызмет өнімдерін өткізуден алған пайдаға салынатын салықтарды жеңілдету есебінен;
§ инновациялық идея мен құрастырылымдарды тауарлық түрге дейін жеткізу және оны нарықта коммерциалық іске асыруға кооперация бойынша барлық қатысушылар мен әріптестердің қызығушылығы, оларды салықтан босату немесе салық мөлшерін азайту есебінен;
§ инновациялық қызметке қатысушылардың кепілді және жеңілдетілген несиелерді алу мүмкіндігі;
§ интеллектуалдық меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету, ғылыми ұжымдардың да, жеке ғалымдар мен құрастырушылардың да;
§ инновациялық процессті орындаушылар мен қатысушылардың, осы процессті қаржыландыратын инвесторлардың әлеуметтік статусы мен сақтандырылуын қамтамасыз ету.
Ғылыми және инновациялық қызметке мемлекеттік ықпал ету сипатына қарай тікелей және жанама реттеу әдістерін ажыратады (салықтық, несие-қаржылық, амортизациялық және сыртқы экономикалық саясат шеңберінде жүргізілетін).
Тікелей реттеу, бірінші кезекте, ғылыми саланы бюджеттік қаржыландыруды, сонымен қатар инновациялық қызметтің мазмұндық жағын қамтиды (басымдылықтарды таңдау, үкіметтік келісімшарттарды түзу, мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, жеке банктерді субсидиялау және кепілдік беру).
Тікелей мемлекеттік реттеудің жағымсыз жақтары ретінде келесілерді атауға болады:
§ бюджеттік қиыншылықтармен, нарық конънктурасының жағдайымен және т.б. шектелетін қысқа және орта мерзімдік мемлекеттік саясат бағыттарына қатысты күмәндер;
§ шешім қабылдауға байланысты шенеуніктер тарапынан суъективтілік, олар, әдетте, нақты қаржылық қажеттілік туралы білімі жеткіліксіз немесе өз шешімдерін жүзеге асыруға тікелей қатыспайды;
§ өтініштерді рәсімдеудің бюрократиялық сипатына байланысты зерттеу процесстерінің баяулауы;
§ бөлінген қаржылардың ірі монополияларда шоғырлануы;
§ жеке бизнес үшін инвестициялық шешім қабылдауда мемлекеттің араласуының мүмкін еместігі.
Жанама әдістер нарық механизміне енгізілген, ол өзі зерттеулер мен құрастырымдарға деген қажеттіліктерді анықтауға және қанағаттандыруға қабілетті. Жанама реттеудің мәні жалпы қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруда, иновациялық қызметке бағытталған мекелерді ынталандыруда, қоғамдық пікірде білім мен ғылымның жоғары әлеуметтік статусын қалыптастыру бойынша шараларда. Бұл жағдайда мемлекет нақты ғылыми жобаларды қадағаламайды.
Сонымен, инновациялық саланы мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың негізгі элементі қаржыландыру механизмдерін, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және салық саясатын жетілдіру болып табылады, соның ішінде:
§ республикалық бюджеттен және басқа да көздерден ғылыми-зерттеу және тәжрибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға, дамыған елдерге тән мөлшерде қаржы бөлу;
§ фундаменталды ғылымды, ғылым мен техниканың басымдылық бағыттары бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік ғылыми орталықтар мен мекемелерді, мемлекеттік және басқа жоғары оқу орындарын, ғылыми кітапханалар мен ақпараттық орталықтарды тұрақты мемлекеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
§ ғылыми-зерттеу және тәжрибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру көздерінің көптігін қамтамасыз ету, мақсатты мемлекеттік қорларды белсенді қолдау есебінен;
§ өндірістік кәсіпорындардың, банктердің, халықаралық ұйымдар мен жеке тұлғалардың ғылым саласына инвестиция салуына қолайлы жағдай жасау;
§ ғылыми қызметті ынталандыру және қолдау үшін салықтық және кедендік жеңілдіктер енгізу;
§ отандық ғалымдардың халықаралық жобаларға қатысуына жағдай жасау және қажетті ресурстарды беру.
Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмі барлық мүдделі құрылымдардың пікірлерін ескеруі керек және сонымен қатар инновацияларды ынталандыру бойынша шараларды қабылдауға мүмкіндік беруі керек. Инновациялық саясаттың субъектілері мемлекеттік билік органдары (орталық және жергілікті), мемлекеттік сектор кәсіпорындары мен мекемелері, қоғамдық ұйымдар, ғылыми қызметкерлер мен инноваторлар болып табылады.
Инновациялық салдағы мемлекеттік органдардың негізгі функциялары келесілер болып табылады:
§ ғылыми зерттеулер мен инновацияларға қаржыларды шоғырландыру;
§ инновациялық қызметті үйлестіру;
§ инновацияларды, осы саладағы бәсекелестікті ынталандыру, инновациялық қатерлерді сақтандыру, ескірген өнімдерді өндіргені үшін мемлекеттік санкцияларды енгізу;
§ инновациялық процесстердің құқықтық базасын жасау, әсіресе инноваторлардың авторлық құқықтарын қорғау жүйесі мен интеллектуалды меншікті қорғау жүйесін;
§ инновациялық қызметті кадрлық қамтамасыз ету;
§ ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
§ мемлекеттік сектор салаларында инновациалық процесстерді институционалдық қамтамасыз ету;
§ инновациялардың әлеуметтік және экологиялық бағытталуын қамтамасыз ету;
§ инновациялық қызметтің қоғамдық статусын көтеру;
§ инновациалық процесстерді аймақтық реттеу;
§ инновациалық процесстердің халықаралық аспектілерін реттеу.
ҚР заң шығарушы билік органдары – Мәжіліс пен Сенат – ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласында заңдарды ұсынуға және оларды бекітуге құқылары бар. Екі палатада да арнайы комитеттер бар – білім, мәдениет және ғылым бойынша.
ҚР экономика министрлігі экономикаға мемлекеттік ықпал жасау түрлері мен әдістерін құрастыру шеңберінде тікелей мемлекеттік инновациялық саясатты құрастырады, елдің және оның аймақтарының дамуындағы басымдылықтарды анықтайды, инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын түзеді, соның ішінде инновациялық белсенділікті ынталандыру шараларын, экономиканың басымдық салалары мен сфераларын дамыту бойынша, кезек күттірмейтін әлеуметтік-экономикалық мәселерді шешу бойынша мақсаттық бағадарламалар құрастыруды ұйымдастырады.
ҚР Қаржы министрлігі инновациялық саясатты бюджеттік қаржыландыруды және қаржы ресурстарын пайдаланудың аудитін жүзеге асыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарда индустриалды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасының негізгі ерекшелігі, оның негізіне мемлекет пен жеке сектордың «диктатсыз әріптестік» принципі алынғандығында.
Қазіргі кезеңдегі экономика индустриалдық дәуірден ақпараттық дәуірге қадам басты, ал ақпарат саны мен жаңа білім саны әр сегіз ай сайын екі есеге өседі. Ақпараттық қоғамда экономиканың алға жылжуы және дамуы инновацияларсыз мүмкін болмағандықтан бағадарламаның атына, оның негізгі бағытын айқындау үшін, «инновациялық» деген ұғым енгізілді. Құжаттың маңызы мен ұзақ мерзімдік сипатын көрсету үшін оған мемлекеттік статус беру ұсынылды.
Бағдарламаның мәні қосылған құны жоғары өнімдерді өндіру және экспорттау есебінен мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық дамуға белсенді ықпал етуде, бәсекеге қабілетті диверсификацияланған өнеркәсіп құру және болашақта сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасау болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндеттерінің ішінде мыналар бар: елдің өңдеуші өнеркәсібіндегі орта жылдық өсу кем дегенде 8,4 процент, ал еңбек өнімділігінің соңғы кезеңінде – кем дегенде үш есе, ЖІӨ-нің энегия сиымдылығын екі есеге төмендету. Бұл үшін қаржы институттарында, жеке секторды ішкі және сыртқы нарықтарды сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті өнім өндіруге ынталандыратын қолайлы «кәсіпкерлік» климат жасау қарастырылған. Бұдан басқа, ғылымға негізделген және жоғары технологиялық экспортқа бағытталған өндірістер қажет, елдің экспорттық потенциалын қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтер пайдасына диверсификациялау, әлемдік сапа стандарттарына өту, әлемдік ғылыми-техникалық және инновациялық процесстерге қатысу арқылы аймақтық экономика мен әлемдік шаруашылық жүйесіне үйлесу [11].
Бағдарламаны үш кезеңде жүзеге асыру көзделген.
Бірінші кезеңде, ол 2003 жылдан 2005 жылға дейін созылды, заңдар мен салалық даму бағдарламаларына өзгерістер енгізу, ғылымды, білімді қаржыландыру көлемін анықтау және жоғары білікті мамандар дайындау, олар арқылы мемлекет, бәсекеге қабілетті өнім шығара алатын біртұтас өндіріс жүйесін құруға бағытталған жобаларға қатыса алатын, даму институттарын құру жоспарланған.
Екінші кезеңде - 2006 жылдан 2010 жылға дейін - жеке сектордың ұсыныстарын зерттеуге, жобаларды қаржыландыра алатын инвесторларды іздеуге, сонымен қатар басқарушы, оқытушы, инженер-техникалық және жұмысшы кадрларын дайындауға көп көңіл бөлінеді. Бұдан басқа негізгі және қосалқы объекттерді салу, жөндеу жоспарланған.
Үшінші, негізгі кезеңде (2011-2015 жылдар) ұйымдастырушылық шаралар кешенін ретке келтіру, өңдеуші өнеркәсіптің өнімдерінің бәсекелестік қабілетін күшейту және нәтижесінде экономиканың құрылымын өзгерту және экспортты диверсификациялау қарастырылады.
Осы аталған шаралардың барлығы орындалған жағдайда Қазақстан экономикасының жылдық өсуі 9-9,5 процент, өңдеуші өнеркәсіптің өсуі – ең кемінде 8,4 процент, ЖІӨ көлемі 2015 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 3,5-3,9 есе өседі деп күтілуде.
Алдын-ала есептеулер бойынша, қойылған міндеттерді шешу үшін аталған салаларға, жеке инвестицияларды қосқанда, жылына ең кемінде 1,2 млрд. доллар инвестициялар салынуы керек. Мемлекет тарапынан инвестициялар көлемі ең кемінде 260 млн. доллар болуы керек.
Бұл үшін Даму банкінің қаржыларын, оның кредиттік потенциалын ұлғайтып, тарту жоспарланған, олар өндірісті қайта жабдықтау және жетілдіруді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларға бағытталады. Бұдан басқа, Инновациялық қордың, ғылым Қоры мен шағын кәсіпкерлікті қолдау Қорының, сонымен қатар Инвестициялық қордың және экспортты сақтандыру корпорациясының қаржыларын тарту жоспарланаған.
Бағдарлама шеңберінде және мұнай-газ өнеркәсібін дамытудың ұзақ мерзімдік стратегиясына сәйкес көмірсутек шикізатын өндіруден түсетін табыстардың орта жылдық өсу қарқыны 2001-2005 жылдары шамамен 11 процентті құрады, келесі бес жылда мұнай өндіру жылына 19 процентке өседі, ал 2011-2015 жылдарда – 8,4 процентке. Жалпы осы кезең арасында мұнай өндіру 35 млн. тоннадан 180 млн. тоннаға дейін өседі. Мұндай даму қарқынымен Қазақстан ЖІӨ он бес жылда үш есеге өсіреді.
Бірақ, бұл Бағдарламаны жүзеге асыру оңай іс емес. Әлемдік тәжрибе экономиканы құрылымдық қайта құру 30 жылға созылатынын көрсетеді, және бұл мәселені шешуді бүгін қолға алмаса, болашақта оны шешу әрі қиынға, әрі қымбатқа түседі. Капитал шығындарының тауар бірлігіне шаққанда жоғары деңгейі әлі де ғылыми және инновациялық құрастырылымдарға толық көлемде қаржыларды тартуға мүмкіндік бермейді. Мысалы, ЖІӨ бір долларына электоэнергия шығындарының деңгейі бойынша ҚР индустриалды дамыған елдерден 10 еседен артық артта қалып келеді.
2007 басында негізгі қорлардың ескіруі орта есеппен 33 процентті құрады, ал өңдеуші өнеркәсіптің көптеген салаларында, ауыл шаруашылығы мен транспортта – 50-ден жоғары.
Менеджмент деңгейін көтеру, еңбек өнімділігін өсіру және өндірістің материал және энергия шығындарын азайту – бәсекелестік қабілетті жоғарылатудың негізгі мәселелері. Ал шикізат конънктурасына тәуелділік тенденциясына қарсы тұру үшін, шикізаттық емес бағыттағы салаларға ғылыми-инновациялық құрастырылымдардың ағылуын ынталандыратын мемлекеттік саясат жүргізу керек. Ғылыми және өндірістік потенциалды толық іске қосу үшін Бағдарламада технопарктер ұйымдастыру бойынша шаралар қарастырылған.
Қазіргі кезде ҚР-да бәсекеге қабілетті экономика негізін нығайту мен дамытуға ықпал жасайтын бірқатар позитивті факторлар қалыптасты. Мысалы, Республикада, жарғылық қорлары елдің дамуының тұрақты берік базасын құруға мүмкіндік беретін, даму институттары құрылды. 15 технопарк пен 16 бизнес-инкубатордың қызметтеріне көп көңіл бөлініп отыр, бірақ олар әлі индустриалды-инновациялық саясаттың мақсаттары мен басымдылықтарына толық көлемде сай келмейді. Негізгі себеп – ғылым мен өндіріс арасындағы тығыз байлыныстың жоқтығы. Бұл технопарктерді құру мен басқаруға мемлекеттің қатысу қажеттілігін көрсетеді. Технопарктер мен бизнес-инкубаторлар ең алдымен мұнай-газ, өнеркәсіптің тау-кен-металлургия секторлары және құрылыс саласында инновациялық ізденіспен айналысуы керек.
Бұл бағыттағы нақты қадамдардың бірі арнайы экономикалық аймақтар террриторияларында инновациялық құрастырылымдарды ынталандыру бойынша Салық кодексіне өзгерістер енгізу болды. Мысалы, шаруашылық субъектілер корпоративтік, мүліктік және жер салығын төлеуден босатылған.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарда индустриалды-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде 2003-2004 жылғы мемлекет бюджетінде тұңғыш рет ұлттық инновациялық инфроқұрылымды құру шараларын қаржыландыру қарастырылған. Бөлінген қаржы көлемі аз емес - 1 миллиард 200 миллион теңге. Жарты миллиард үш жаңа технопарктерді ұйымдастыруға жұмсалады, ал қалған ақша – ақпараттық технологиялар паркін құруға.
Бірнеше ғылыми жетістіктерге негізделген өндірістер әлден Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында ашылды. Біздіңше, стратегияның инновациялық бөлігін орындау жүгі негізінен осы аймақтардың үлесіне тисе керек. Жалпы Қазақстан бойынша таяу болашақта ұлттық технопарктер жүйесін құрайтын 40 шақты кәсіпорындар бар.
Айта кету керек, әр жоғары технология паркі өзінің мәні бойынша – ғылым, өндіріс және жергілікті атқару органдарының мүмкіндіктерін тиімді біріктіру. Отандық өндірістің бүгінгі күнге, бос қуаттар, соның ішінде станоктар мен жабдықтар түріндегі, пайдалнылмай келетін үлкен потенциалы бар екені белгілі. Ғалымдардың да іске асыруды қажет ететін құрастырылымдары бар. Мұндай жағдайда, әрине, технопарктер құрудан барлығы ұтады: өнеркәсіп әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығара бастайды, ғалымдар өз идеяларын іске асыруға, ал жергілікті билік – бюджетке түсетін салық түсімдерінің көбеюі, тұрғындардың еңбекпен қамтылуының жоғарылауы есебінен аймақты экономикалық және әлеуметтік дамытуға мүмкіндік алады.
Индустрия Министрлігінің жоспары бойынша технопарктердің біреуі Қарағандыда орналасады. Қазір бұл аймақ өнеркәсіптік өсу қарқыны бойынша елде екінші орын алады. Мұнда қуатты тау-кен-металлургия кешені және машина жасау кәсіпорындары орналасқан, бірнеше техникалық жоғары оқу орындары бар. Қарағанды кәсіпорындарында жинақталған, жаңа технологиялар көмегімен өңдеуге болатын, орасан зор қалдықтар да маңызды роль атқарады. Мысалы, Жезқазғанның металлургиялық заводтары Кеңес уақытында тауарлық өнімнің тек 5-6 түрін шығарды (мыс, қорғасын, мырыш және т.б.), ал қалдықтарды өңдеуді ескере отырып олардың санын 17-ге жеткізуге болады. Әрине, бұл Қарағандыдағы технопарктің қызметінің негізгі бағыты болады. Қазірдің өзінде Қазақстандық ғалымдар техногендік шикізатты өңдеудің бірнеше тиімді әдісін ұсына алады.
Екінші парктің орналасу орны – болжаммен Атырау. Оның ерекшелігі, әрине, - мұнай-газ саласына инновациялар. Біздің елде үш ірі мұнай өңдеу зауыты бар. Олардың барлығы отын циклы бойынша жұмыс істейді, яғни бензин, керосин және дизель отынын шығарады. Сонымен қатар, қазақстандық мұнай құрамында ванадий көп – арнайы болаттың негізгі компоненттерінің бірі (мысалы, танк броны). Егер де мұнайдан парафин алуды ұйымдастыруға қол жеткізілсе, онда республика үшін Қытай нарығы ашылар еді, онда бұл өнімге деген сұраныс жоғары.
Технопарк пайда болады деп болжанған үшінші қала Алматы. Бұл мегаполисте ғылыми жетістіктерге негізделген өндірістерді ұйымдастыруға қажетті барлық инфроқұрылымдар бар.
2004 жылдың 1-ші қазанынан бастап Президенттің «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ құру туралы жарлығы күшіне енді. Бұл жобаны энергетика және минералдық ресурстар Министрлігі ұсынды. Бірақ оны ары қарай жүзеге асыру индустрия және сауда Министрлігіне тапсырылды. Өйткені индустрия және сауда Министрлігінің қарамағында Алматыда орналасқан, радиоэлектроника және байланыс Орталығы бар. АЭА-ты құру негізін осы Орталықтың ғылыми потенциалы құрайды. 1993 жылдан бастап Орталық компьютерлік техника және бағдарламалық өнімдер өндіруде, ұлттық спутниктік байланыс және тарату жүйесін құруда үлкен тәжрибе жинақтады. Бұдан басқа жоғары білікті қызметкерлер құрамы қалыптасты, олардың көпшілігі жастар. Соңғы факт өте маңызды, өйткені Қазақстандағы инновациялық қызметтің ең күрделі мәселелерінің бірі - кадрлар.
Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар паркін салудың техника-экономикалық негіздеуі жасалып жатыр. Ол Алматы түбіндегі Алатау ауылында 340 гектар аумақта орналасады деп жоспарлануда. Біріншіден оның жарамды инфроқұрылымы бар, соның ішінде аэропорт. Екіншіден, дәл сол жерде ядролық физика Институты бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеуде - жоғары технологиялардың тағы бір шоғырланған жері. Мамандардың пікірі бойынша «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңда қарастырылған жеңілдіктер жаңа паркке бюджеттен тыс көздерден кең көлемде инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
Барлық салалардың өзара тығыз байланыстылығы жағдайында ақпараттық технологияларды дамыту тек отандық экономиканың топбастарлары – мұнай-газ және металлургия салаларының ғана емес, биотехнология және кремний өнеркәсібі сияқты, мүлде жаңа бағыттардың дамуына да ықпал жасайды.
Индустриалды-инновациялық стратегияның бірінші кезеңінің негізгі міндеті – ӘСҰ-на кіру процесін жандандыру. Қазір өнімдерді сапалық жақсартуға, қазақстандық кәсіпкерлер шығаратын тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынуда. ҚР тез арада стандарттау және сертификаттау саласында түбегейлі реформаларға кірісуі керек. Олардың нәтижесі отандық кәсіпорындардың халықаралық сапа стандарттарына өтуі және техникалық реттеу саласында әлемдік тәжрибені қолдану болу керек.
Өкінішке орай, қазақстандық компаниылардың көпшілігі әлемдік нарықтарда бәсекелестікке дайын емес, егер, ұзақ уақыт валютаның төмендетілген курсымен, төмен энерготарифтермен, орта әлемдік деңгеймен салытырғанда төмен еңбекақыға кететін шығындармен қорғалып келген, өндірістер импорттық баждарды көтеруді және басқа жеңілдіктерді әлі талап етіп отырса, бұл басқарудың өте төмен тиімділігін және нарық жағдайында өміршеңдігін қамтамасыз ете алмайтындығын білдірсе керек.
Қазақстанның ЭСҰ-на кіру күні жақындаған сайын экономиканың тиімділігі мен өнімнің сапасын арттырудың маңызы артуда. Осыған қарамастан, қазіргі кезде 12 мыңнан астам кәсіпорындардың 116 ғана Мемлекттік сертификаттау жүйесінде өздерінің сапаны басқару жүйелерін сертификаттады, ал 94 кәсіпорында бұл жүйелер әлі құрылуда. Стандарттау, сертификаттау және метрология Комитетінде 13 мыңнан астам халықаралық стандарттар бар. Бүгінгі күнге олардың 288 ғана қолданыс табуда.
Қазір бүкіл әлемде өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырудың негізгі факторы сапаны басқарудың ИСО-9000 және – 14000 жүйелері болып отыр. Жарты миллионнан астам компаниялар осы жүйе бойынша жұмыс істейді. Олардың көпшілігі - өз саларындағы әлемдік топбастаушылар, және әрине, олар әлемдік нарықта біздің кәсіпорындардың бәсекелестері. Сондықтан отандық тауар өндірушілер өздерінде халықаралық стандарттарға өту бойынша арнайы қызметтер құруды; халықаралық талаптарға сай стандарттар мен техникалық регламенттерді құруды; жаңа алғы технологиялар мен сапаны басқару жүйелерін енгізуді тез арада қолға алулары керек.
Бұл жерде ең маңызды мәселе қазақстандық заңдарды халықаралық заңдармен үйлестіру болуы керек, әсіресе стандарттау және сапаны басқару саласында.
Эксперттер таяу 12 жылда ҚР шікізат емес салаларын жетілдіру үшін қолайлы экономикалық ахуал сақталады деп есептейді, өйткені мұнай мен газды өндіру қарқынының жоғарылығы басқа салалардың даму қарқынының төмендеуін жауып кетеді.
Бұдан басқа, Қазақстан өнеркәсібінің экспорттық бәсекеге қабілеттілігі халықаралық және аймақтық стандарттарды енгізуге тікелей байланысы, бұл Бағдарламада қарастырылған. Табысты индустриалдық дамуда сыртқы экономикалық саясатты жандандыру үлкен роль атқару керек, соның ішінде ЕврАзЭҚ шеңберінде.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ең маңызды мәселе – елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды сақтап қалу.
Келесі аспект – бәсеклестікті ынталандыру, әсіресе ұлттық компанияларда. Бұл үшін, инновациялық қызмет тұрғысынан ұлттық компаниялардың жоспарларын қайта қарау қажет, өйткені олардың бірқатарлары құрамдас компаниялар құрады және тәжрибеде бәсекелестік ортаның аясын тарылтады. Және мұның қаншалықты маңызды екендігін талдау қажет.
Негізгі макроэкономикалық параметрлер, экономиканың бәсекелестік қабілетке жетуін қамтамасыз ететін, еңбек өнімділігі және капитал өнімділігі көрсеткіштері болып табылады. Бағдарламаны бюджеттен жыл сайын 260 млн. доллар мөлшерінде қаржыландыруды қамтамасыз ету бюджеттік комиссия қызметінің шешуші бағыты болуы керек.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде нарыққа тауар ретінде шыға алатын жаңа технологиялар түзіледі, толық көлемді дайындық деңгейі жоғары ғылыми жетістіктерге негізделген өндірістерді құру жобалары дайындалады, олар Қазақстанның даму банкі, екінші деңгейдегі банктер арқылы, отандық немесе шетелдік инвесторларды тарту арқылы, қаржыландыру үшін, өндіріс жобасын, техника-экономикалық негіздеуді немесе бекітілген формадағы бизнес-жоспар түзуді қарастыру керек. Бағдарламаны жүзеге асыру ғылыми зерттеулерге бөлінген қаржылардың нақты қайтарымын арттыруға мүмкіндік береді, және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.