Дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеу ережелері

5.1 Дипломдық жұмыс (жоба) баспа тәсілімен компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт – қалыпты (Times New Roman, кегль 14).

Дипломдық жұмыстың (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан – 30мм, жоғарғы жағынан – 20мм, оң жағынан – 10мм және төменгі жағынан - 25мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат етіледі.

5.2 Техникалық факультет студенттері А4 форматында дипломдық жұмыстың (жобаның) түсіндірме – есептік жазбасын орындайды және қалдырылатын орын мөлшері (поля) өзгеріп отыруымен, шегінің (рамка) ішіне ресімделеді. Шегі (рамка) мен мәтін шетінің мынандай аралығын сақтау қажет:

- жолдың басынан – 5 мм-ден кем емес;

- жолдың соңынан – 3 мм-ден кем емес;

5.3 Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделуі ЭЕМБ –дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

5.4 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу барысында көрінген қателер мен графикалық дәлсіздіктерді тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен – қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі, бірақ бір бетте 5 символдан аспауы қажет.

5.5 Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тілінде келтіріледі.

5.6 Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Қолданылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

5.7 Дипломдық жұмысты (жобаны) бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

Бөлімдердің атаулары дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

5.8 Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.

5.9 Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын азат жолдан, бас әріппен, соңына нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

5.10 Дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерін басынан аяғына дейін мәтін бойымен араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмірі қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

5.11 Титулдық беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титулдық бетіне нөмір қойылмайды.

5.12 Жекелеген беттерде орналастырылған иллюстрациялар және кестелер дипломдық жұмыс (жоба) беттерінің жалпы нөмірленуіне қосылады. А3 форматындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

5.13 Дипломдық жұмыс (жоба) бөлімдерінің барлық құжаттың шегінде, азат жолдан кейін араб сандарымен белгіленіп, нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер шегінде нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Мысалы

1 Типтік және негізгі мөлшері

1.1 Құжаттың бірінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі

1.2

1.3

2 Техникалық талаптар

2.1 Құжаттың екінші бөліміндегі бөлімшенің нөмірленуі

2.2

2.3

5.14 Дипломдық жұмыстың (жобаның) әр бөлімін жаңа парақтан (беттен) бастау қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

5.15 Дипломдық жұмыстың (жобаның) беттері және қосымшаның дипломдық жұмыстың (жобаның) құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.

5.16 Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, сұлбалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек.

Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

5.17 Дипломдық жұмыста (жобада) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, сұлбалар, иллюстрациялар Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

5.18 Қосымшалардағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс.

5.19 Иллюстрацияларды бөлімдер аясында (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1

5.20 Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндірілетін мәліметтері болуы мүмкін (сурет астындағы мәтін). «Сурет» сөзі мен оның атауын түсіндірілетін мәліметтерінен кейін келесідей орналастырады: Сурет 1. Банк жүйесінің құрылымы.

5.21 Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында басынан аяғына дейін нөмірлеуде «... 2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, ал бөлім бойынша нөмірлеуде «... 1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.

5.22 Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашуы керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен азат жолдан кейін «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.

5.23 Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру қарастырылады.

5.25 Көп мөлшерлі жолдары бар кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және оның нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақыры тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырылады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Көп мөлшерлі бағанды кесте қосымшаға енгізіледі.

5.26 Егер кесте бағанының әртүрлі жолдарында қайталанатын (бағандарда) мәтін бір сөзден тұрса, онда оны бірінші рет жазғаннан кейін тырнақшамен ауыстыруға болады; егер екі не одан көп сөзден тұрса, оны бірінші рет қайталап жазғаннан кейін, оны «ол да сондай» сөздерімен, одан әрі тырнақшамен ауыстырады. Қайталанатын сандардың, таңбалардың, белгілердің, математикалық, химиялық белгілердің орнына тырнақшалар қою рұқсат етілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында сандық немесе басқа мәліметтер келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

5.27 Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

5.28 Бөлім ішіндегі кестелерді бөлім шегінде нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.

5.29 Кесте жолдары мен баған тақырыптары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал бағанның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшаларының соңында нүкте қойылмайды.

5.30 Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.

Баған атаулары, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда баған атауларын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.

5.31 «Ескерту» сөзі азат жолдан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.

5.32 Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік немесе анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.

5.33 Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер рет-ретімен, нүктесіз, араб сандарымен нөмірленеді. Ескерту кестенің соңында, кестенің аяқталуын білдіретін сызықтың үстіңгі жағында орналастырылады.

5.34 Теңдеулер мен формулалар мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі

Әрбір формулалар немесе теңдеулердің жоғарғы және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру керек. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:) немесе басқа математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.

5.35 Символдардыңмен сандық коэффициенттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілуі керек.

5.36 Дипломдық жұмыста (жобада) формулаларды барлық жұмыс шегінде араб сандарының реттік нөмірімен дөңес жақшаға алып нөмірлеп, нөмірді жолдың оң жақ шетінде жазу керек. Формуланы мәтінде осы формулаға сілтеме болған жағдайда нөмірлейді.

5.37 Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1) формулада.

5.38 Формулаларды бөлім шегінде нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда формула нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен формуланың реттік нөмірінен тұрады, мысалы - (3.1).

5.39 Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады.

5.40 Дерек көздері туралы мәлімет дипломдық жұмыстың (жобаның) мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және азат жолынан араб сандарымен, нүктесіз нөмірленеді.

5.41 Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) жалғасы ретінде оның келесі парақтарында ресімделеді.

5.42 Дипломдық жұмыстың (жобаның) мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар есеп мәтініндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

5.43 Әрбір қосымша жаңа беттен басталып, «Қосымша» сөзі мен оның белгісі беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.

Қосымшаның аты болуы қажет және ол жеке жолға мәтінге симметриялы түрде бас әріппен жазылуы керек.

5.44 Қосымшалардың дипломдық жұмыстың (жобаның) қалған бөліктерімен бірге басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.

Наши рекомендации