Саяси мәдениеттің ұғымы, мәні мен міндеті

«Саяси мәдениет» терминін түңғыш рет айналымға мәдениет пен саясаттың өзара әрекеті проблемасын (ХҮIII ғасырдың соңы) зерделеген неміс ағартушысы И. Гердлер енгізді, ал саясат ғылымындағы саяси мәдениет теориясын ХХ ғасырдың орта шенінде ғана — Алмонд, С. Верба, М. Дюверже және басқалары ресімдей бастады.

Саяси мәдениет — бұл адамдардың бұдан бұрынғы ұрпақтары тәжірибесін жүзеге асыратын, саяси процесс субъектілерінің тікелей қызметінде көрінетін, тұтастай алғанда олардың осы процеске, оның негізгі элементтеріне қатынасын белгілейтін және сол арқылы қоғамның саяси өмірін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін нұсқауларының, бағдарларының және мінез-құлық үлгілерінің тарихи қалыптасқан, біршама тұрақты жүйесі.

Саяси мәдениет көрінісінің негізгі мән-жайлары:

· адам мен қоғамның саяси идеяларды, көзқарастарды, тұжырымдамаларды игеру деңгейі;

· өткендегі және казіргі саяси ойлау қажеттілігінің дәрежесі;

· саяси құбылыстарды бағалаудың құзыреттілігі.

Саяси мәдениет өзінің иеленушілерімен — әртүрлі әлеуметтік ортақтығымен бірге дамиды.

Саяси мәдениетте адамдардың (ұлттардың, таптардың, партиялардың, әр алуан жіктердің, топтар мен жеке-дара адамдардың) өздерінің түбегейлі мүдделері жөніндегі мемлекетке, саяси билік режиміне қатынасы айқындалады. Бұл тұрғысында саяси мәдениет саласындағы мәдениет,саяси өмір мен қызметтің белгілі бір жүйелі сапасы және тәсілі, саяси идеялардың, сенімдердің, нормалардың, институттардың және т.с.с. бірлігі мен өзара байланысында дамуын әрі сабақтастығын қамтамасысыз ету нысаны ретінде түсіндіріледі.

Осы заманғы батыс саясаттануда саяси мәдениетті белгілі бір саяси жүйеге қатысушылардың жиек дара нұсқауларының әрі бағдарларының жиынтығы деп ұғынады, яғни әңгіме саяси қимылдардың негізінде жатқан субъективтік сала туралы болып отыр. Жеке — дара бағдарлар өзіне бірнеше элементтерді біріктіреді:

· саяси жүйе, оның рөлдері, осы рольдерді иеленушілер мен оның қызмет атқаруы туралы білімдерді қамтитын танымдық бағдарды;

· саяси жүйеге, оның міндеттеріне, оған қатысушыларға және олардың қызметіне қатысты сезімді бейнелейтін әсерлік бағдарды;

· саяси жүйеге, оған қатысушыларға және олардың іс-қимылдарына тікелей қатысын білдіретін бағаоалу бағдарын біріктіреді.

Саяси мәдениет құрылымдық буын болып табылады. Оның құрылымы мынадай элементтерге бөлінеді:

· саяси білімдердің, көзқарастардың жиынтығы (ақпараттық мән жайы);

· саяси сенімдер, мұраттар (бағалау мән жайы)

· саяси іс — қимылдар, актілер, қоғамдық саяси оқиғаларға қатысу (тәртіптік іс — тәжірибелік мән жайы);

· саяси нормалар, дәстүрлер;

· мемлекет пен қоғамның саяси институттары.

50. САЯСИ МӘДЕНИЕТ ТИПТЕРІ

Әрбір қоғамдық-саяси жүйеге айырықша,
өзіндік базистік модель сәйкес келеді. Қандай да модель адамның саяси
қауымдастықтағы орнын қалай бағалайды, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-
қатынасы қандай деген мәселелерге назар аударған жөн. Осы көзқарас
тұрғысынан алғанда төмендегідей екі ірі моделді бөліп көрсетуге болады:
– либералды-демократиялық;
– тоталитарлы-авторитарлық.
Габриэл Алмонд пен Сидней Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген
классикалық еңбегінде саяси мәдениеттің үш негізгі типі атап көрсетіледі:
1) патриархалдық (дәстүрлі, шіркеу мектебі бойынша) – бұл жерде қоғам
мүшелерінің мемлекет туралы білімі, саясатпен байланысты эмоциясы мен
пайымдауы «нөлге» жақын, халықтың басым көпшілігінің саясатқа ден қоюы
көзге көрініп тұрады, адам дәстүрлі байланыстарды ұстанады, жергілікті және
этникалық ынтымақтастыққа сүйенеді;
2) азаматтық – ол адамның саяси жүйеге деген бәсең қатынасына сүйенеді.
Жеке адам үкіметтің беделін мойындайды. Бұл мойынсұну, тәуелді болу,
бағыну позициясы.
3) белсенділік немесе қатысу мәдениеті. Бұл тип қоғамның саяси жүйесінің
өміріне азаматтардың белсенді қатысуымен сипатталады. Жеке адамның
позициясы белсенді, ол саясатқа қатысудың жолдары мен әдістерін іздеуде
мүдделі екендігін білдіреді.
Осы типологияның негізінде басқа варианттар да бар. Сол сияқты саяси
мәдениеттің аралас типі бар екендігі мойындалады, ол кең көлемде алғанда
саясат әлемінің қарама-қайшы бейнесін көрсетеді. Саяси мәдениеттің әртүрлі типтері болады, мысалы: партиялық-саяси, мемлекеттік-бюрократиялық, консервативті және т.б. Соңғы уақыттарда азаматтық мәдениет туралы мәселе талқылануда. Азаматтық мәдениет (Алмонд, Верба) – аралас мәдениет, мәдениеттің шіркеулік, азаматтық және белсенділік модельдеріне тән қарама- қайшы позициялар мен бағыт-бағдарлардың жиынтығы. Біздің елімізде бұл проблема азаматтық қоғам құру жағдайында белсенді жүре бастады.
Саяси мәдениетті игеру процесі саяси әлеуметтендіру деп аталады. Оны
зерттеп білу, яғни адамдар саясат туралы қашан және қалай біледі деген
сұраққа жауап беру болады.

51.Қазақстандык саяси мәдениеттің ерекшеліктері

Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жоқ. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Америкалық саясатшылар Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси қазыналардың,, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды.

Сонымен қатар басқа да көзқарастары бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары Р: Карр мен М: Беркстейн саяси мәдениетке саяси идеялар әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси мәдениетке әлеуметтік таптардың саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдер, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналары жатады.

Кеңес өкіметі кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына бөлек зерттеу керек деп пайымдайды. Бірақ бұл көзқараспен келісу қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болды. Екіншіден, егер адамдардың саяси өзінің-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп алсақ, онық іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады. Ал қандай мәдениет болмасын ол сананың элементтерімен бірге нақтылы іс-әрекеттің бірлігін білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер де кіреді дейміз.

Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларынан қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың, өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеуберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады. Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен әс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.

Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгілері және т. б. енеді.

49. Қоғамның, жеке адамның өмірінде саяси мәдениеттің рөлі.
Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады.
Жалпы қоғамның және жеке адамның саяси мәдениетінің дамып, жетілуін еңбекші халықтың білімін көтерумен тығыз байланыстырған абзал. Білімді арттыруда алдымен сауаттылық қажет.

Саяси мәдениеттің атқаратын қызметі. Өмірде саяси мәдениет мынандай қызмет атқарады:
– танып-білу міндеттері. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және сасаттың өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы басқарудың әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай қатыстыру керектігін қамтиды;
– аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе қоғамдық саяси қозғалыс болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның арқасында олар алдағы ағалардың қателіктерін қайталамай, алға қойған мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін;
– саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру міндеттері. Олар саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты, кемшіліктерге төбестікті, қоғам алдындағы жауапкершілікті, ұлттық және әлеуметтік-таптық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.
– саяси психологияны дамыту міндеттері. Олар адамдарды қоғамдық-саяси қызметтерге қатысуға ынталандырады, саяси белсенділікті арттырады, белгілі бір тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді;
– қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңгімеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады;
– қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға (топқа, ұйымға) саяси өмірдің қазына жүйесінен өз мақсат-мүдделеріне сай келетін ең құндыларын таңдап алуына мүмкіндік жасайды. Бұл міндеттер елдің жедел алға басуына және қоғамның өзін-өзі билеуіне бағытталған талаптарын ақтайтын саяси қазыналарды қорғап, сақтауға жәрдемдеседі.
Саяси сананың тағы бір ерекшелігі – мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы болуында жатыр. Айталық, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты, қатынасты алайық. Францияда бірпартиялық – жөнсіз, қисынсыз болып саналады. Сондықтан онда бірпартиялық бола қоюы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде бірпартиялықтың ешқандай сөкеттігі жоқ. Саяси сананың мәдениеті «еркіндік», «теңдік», «әлеуметтік қорғау», «автономия», «төзімділік», т.б. сияқты саяси қазыналардың қайсысына бірінші орын беріп, артық көруінен де байқалады. Оңшылдар, солшылдар, радикалдар, либералдар деп бөліну де содан келіп шығады.

Саяси мәдениеттің тағы бір ерекшелігі — адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бірпартиялықты шеттен шыққан жөнсіздік деп санайды. Сондықтан онда бірпартиялық жүйе орнауы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде оған үйреніп кеткен, оның ешқандай сөкеттігі жоқ сияқты. Демек, әрбір елдің, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптасқан.

Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да кіреді. Ол субъектінің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрініс табуы мүмкін.

52. Саяси әлеуметтену мақсаты

Адамдартуғанынансаясисауатты, саясиөміргебейімделіптумайды. Оларбіртіндеп, өмірбойысаясибілімінкеңейтеді, толықтырады. Саясимәдениеттіңүлгілерібірдәуірденекіншідәуіргемұраретіндеқалып, соңғыұрпақалдыңғыұрпақтыңүлгі — өнегісіненүйреніпотырады. Мұндайпроцестіғылымтіліндесаясиәлеуметтенудейді.

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:

  • Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;
  • Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;
  • Саясимәденеиттіңэлементтерінөзгерту.

Адамныңсаясиәлеуметтенуіүхдіксізөмірбойыжалғасады. Әлеуметтік –саяситәжірибежинақтауынақарайоныңсаясибелсенділігініңтүріәрқашанөзгеріпнемесебекіпотырады.

53. Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтенудің арақатынасы

Саяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкіметпеназаматтардыңөзарақатынастарынабайланыстытарихиқалыптасқансаяси нұсқаулар, қазыналар, адамныңөзін-өзіұстауыжөніндегі жарлық,қаулылар жүйесі. Олқоғамдағысаясиөмірдіңбарлықсалаларынқамтиды. Оғанеңалдыменсаясисананыңмәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардыңөзін-өзімәдениұстайбілуі, осыжүйеніңшеңберіндежүмысістейтінсаясимекемелердіңмәдениетікіреді.

Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы.

Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі — өнегісінен үйреніп отырады. Мұндайпроцестіғылымтіліндесаясиәлеуметтенудейді.

54. Тұлғаның саяси әлеуметтенуі

Адамның саяси әлеуметтенуі үхдіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік –саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.

Тұлғаның саяси әлеуметтенуі – адамның саяси «Мен- мендігінің» қалыптасуы деуге болады; ол «мен –мендік» адамның өзімен бірге тумайтын, тек өмір бойы ғана пайда болып, дамып қалыптасатын құбылыс.

Саяси әлеуметтену процесінің нәтижесінде тұлғаның саяси құрылымы қалыптасады. Мұндай құрылымға бірнеше элементтер кіреді: саяси сана, саяси талап, мұқтаждық, мүдделер, саяси жігер, саяси қимыл.

Тұлғаның саяси құрылымының мағызды элементтерінің бірі – талап, мұқтаждық, мүдделер. Бұл элементтерді ескермей адамның саяси қарекеттерін талдап түсінуі мүмкін емес.

Тұлғаның саяси құрылымының ең соңғы, ең кемелденген элементі болып іс, саяси қимыл болып саналады.

Адамның саяси ой –санасы, мүдделері, еркі, сенімдері – барлығы бірімен – бірі бірігіп, нәтижесінде іс, қимыл-әректке айналады.

55. Саяси жетекші қызметтері мен түрлері

Саяси жетекші- Мемлекеттін, саяси партиянын, коғамдық ұйымнын жетекшісі; саясат, мемлекеттік қызмет саласында ықпал етуге қабілетті тұлға.

Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси лидер болып табылады, себебі кезкелген саяси белсенді топ өздерінің ортасынан басшылар тобын алға шығарады.

Лидерге тән қасиеттер:

· Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;

· Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;

· Бастамашылдығы;

· Өзіне-өзінің сенімділігі;

· Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;

· Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;

· Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.

Лидердің негізгі қызметі:

· интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси бағдарламаны жасау;

· алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі;

· билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;

· бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі;

· прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру.

56. Саяси әлеуметтенудің концепциялары.Мадина

«Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХ ғ. Аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологі Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтану деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымда ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелердіөз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды.

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:
• Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;
• Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;
• Саяси мәденеиттің элементтерін өзгерту.

Адамның саяси әлеуметтенуі үхдіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік –саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады.
Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.

Наши рекомендации