Жаппай қырып жою қаруы.

Ядролық қару деп зақымдағыш әсері ядролық бөліну немесе синтез реакциялары кезінде бөлінетін энергияға негізделген қаруды айтады. Бұл жаппай қырып-жоятын қарулардың ең қуатты түрі болып табылады.

Ядролық қару адамдарды жаппай қыруға, әкімшілік және өнеркәсіп орталықтарын, әр түрлі аймақтарды, ғимараттарды, техниканы талқандауга, қиратуға немесе жоюға арналған қару.

Ядролық жарылыстың әсері ондағы оқ-дәрінің қуатына, жарылыстың түріне, ядролық зарядтың түріне байланысты. Ядролық оқ-дәрінің куаты тротильдік эквивалентпен сипатталады, яғни тринитротолуолдың (тротил) массасымен, оның жарылысының энергиясы берілген ядролық оқ-дәрінің жарылысының энергиясына эквивалентті және тонна, мың және миллион тонна болып өлшенеді. Қуаты бойынша оқ-дәрілер өте кіші (1 мын т- дан аз), кіші (1-10 мың т.), орташа (10-100 мың т.) үлкен (100 мың – 1млн т.) және өте үлкен (1 млн т-дан астам) болып бөлінеді.

Ядролық жарылыс жер (су) бетінде жер (су) астында немесе әуеде әр түрлі биіктікте жүргізілуі мүмкін. Осыған байланысты жарылыстарды келесі түрге бөліп, ажыратады: жер бетіндегі, жер астындағы, су түбіндегі, әуедегі және биіктіктегі жарылыстар.

Жер үстіндегі ядролық жарылыс - жер бетінде немесе жарылыстың жарқыраған аумағы жерге жанасатындай биіктікте жүргізілген және формасы жарты сфераға ұқсас жарылыс. Бұл кезде жер үстіндегі жарылыстың жер бетінен биіктігі Н≤3,5 жаппай қырып жою қаруы. - student2.ru (q - жарылыс қуаты,т) болады. Жер үстіндегі жарылыс кезінде жерде шұңқыр пайда болады,оның диаметрі мен биіктігі жарылыстың биіктігіне, қуатына және топырақтың түріне байланысты.

Жер үстіндегі жарылысты өте берік ғимараттарды қирату үшін және сол аумақты көбірек радиоактивті жарақаттау үшін пайдаланады.

Әуелдегі жарылыс – жер бетіндегі минимальды биіктігі Н˃3,5 жаппай қырып жою қаруы. - student2.ru болатын және жарқыраған аумағы жерге жанаспайтын және формасы сфера сияқты жарылыс. Оны аласа (3,5 жаппай қырып жою қаруы. - student2.ru ˂Н˂10 жаппай қырып жою қаруы. - student2.ru ) және биік (Н˃10 жаппай қырып жою қаруы. - student2.ru ) әуедегі жарылыс деп, екі бөліп ажыратады. Аласа әуедегі жарылыс кезінде соққы толқын жерге тиіп, қайта көтеріліп, жарқыраған аумақтың төменгі жағын біраз өзгертіп жіберуі де мүмкін.

Беріктігі нашар ғимараттарды қирату үшін, үлкен аумақтағы адамдар мен техниканы жарақаттау үшін немесе сол аумақты күшті радиоактивтік залалдауға жол берілмеген кезде әуедегі ядролық жарылыс қолданылады.

Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары және олардың адамдарға, ғимараттарға және құрылыстарға тигізетін әсері.Ядролық оқ-дәрінің жарылысы кезінде бөлініп шығатын зор энергия ауаның соққы толқынын, жарықтың сәулеленуді, өткіш радиацияның аумақтың радиоактивтік залалдануының және электромагниттік импульстің, яғни ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларының пайда болуына жұмсалады.

Соққы толқыны.Ядролық жарылыстың соққы толқыны зақымдаушы факторлардың негізгілерінің бірі. Соққы толқынының пайда болған және таралған ортасы – ауада, суда және жерде болғанына байланысты - ауадаға соққы толқыны, судағы соқы толқыны, сейсможарғыш соққы толқыны деп атайды.

Ауадағы соққы толқыны деп жарылыс кіндігінен жан-жаққа дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен таралып жатқан ауаның күшті сығылған аумғын айтамыз. Қысымның лезде өсуімен сипатталынатын толқынның алдыңғы шетін – соққы толқынының алдыңғы шебі деп айтады.

Жарылыстың соққы толқыны өте күшті, әрі зор энергяға ие болады. Ол жарылыс болған жерден бірталай ара қашықтықтағы адамдарды жарақаттап, әр түрлі ғимараттарды, үйлерді әскери техниканы және т.б.қиратады. Соққы толқынының таралуына және оның қиратқыш әсерлеріне жарылыс болған жердің бедері, орман алқабы және ауа-райынада әсері бар.

Соққы толқынының зақымдағыш әсерлерін анықтайтын негізгі параметрлеріне мыналар жатады: толқынның алдыңғы шебіндегі артық қысым ΔРш (осы шептің алдындағы соққы толқынының шебіндегі максималды қысымның осы шептің алдындағы атмосфералық қысымнан Р0 айрмасы), шапшаң ауа қысымы ΔРшап (толқындағы қоғалып бара жатқан ауа ағынынан туындайтын динамикалық қысым), артық мөлшердегі қысымның әсер ету уақыты τ+ . «СИ» жүйесіндегі артық қысымның және жылдам ауа қысымының өлшем бірлігі Паскаль (Па), жүйеден тысқары бірлік – бір кв.см –дегі кг-күш (кгс/см2). 1кгс/см2≈100кПа.

Артық қысымның мәні негізінен жарылыстың қуатына, түріне және ара қашықтығына байланысты. Басқа жағдайлардың (аумақтың бедері,метеожағдай және т.б.) тигізетін әсерлері жарылыстардың әр түрлі жағдайлары үшін анықталатын шамалардың мәндеріне тиесілі түзетулер енгізулер арқылы ескерілуі мүмкін.

Толқынның қарастылған таралу сипатынан жер үстіндегі ядролық жарылыстың соққы толқынының шамалы ара қашықтығы зақымдау радиусы қуаты бірдей әуедегі жарылыстың соққы толқынының зақымдау радиусына қарағанда үлкенірек екені көрінеді. Ал алысырақ ара қашықтарда керісінше әуедегі жарылыстың зақымдау радиусы үлкенірек, өйткені тура түсетін және кейін серпілетін соққы толқындарының біріккен әсер етуінің әсері. Мысалы, қуаты 1Мт әуедегі жарылыстың соққы толқынының алғы шебіндегі артық қысымы 80кПа 2600м ара қашықтықта, жер үстіндегі жарылыста 3100м ара қашықтықта байқалады; 10кПа артық қысым сәйкесінше 14000м және 11000м ара қашықтықтарда.

Ядролық жарылыстың эталондық қуаты үшін, жарылыс кіндігінен берілген ара қашықтықтағы толқын соққысының артық қысымын кестенің және графиктің көмегімен анықтауға болады. Басқа қуаттағы жарылыстың соққы толқынының параметрлерін анықтау үшін ұқсастық заңы қолданылады.

Ядролық оқ-дәрілердің жер ішіндегі жарылысы кезінде оның энергиясының негізгі бөлігі жерді қоршаған массаға беріледі, сөйтіп, жерді жер сілкінісінің әсер етуіндегідей етіп сілкіндіреді.

Ядролық жарылыстың соққы толқыны әдеттегі оқ-дәрінің жарылысы кезіндегі сияқты адамдарға әр түрлі жарақат алып келеді, тіпті адам қайтыс болуы да мүмкін. Ядролық жарылыс кезіндегі соққы толқыны жай, қарапайым оқ-дәрінің жарылысы кезінде пайда болатын соққы толқынына қарағанда көбірек аумақты қамтиды.

Адамдардың зақымдануы соққы толқынының тікелей және жанама түрде әсер етуінен болады. Соққы толқынының тікелей әсер етуі кезіндегі жарақат алуының негізгі себебі ауа қысымының лезде көтерілуі, оны адамдар күшті соққы ретінде қабылдайды. Бұл кезде ішкі органдардың зақымдануы, қан жолдарының жарылуы, құлақ ішіндегі дабыл жарғақшасы, мидың шайқалуы әр түрлі сүйек сынулары және т.б. болуы мүмкін. Сонымен қатар ауаның жылдам қысымы соққы толқынының лақтыру күшін туғызып, адамдарды едәуір қашықтаққа лақтырып тастайды және олар жерге құлаған кезде әр түрлі зақымдану алуы мүмкін. Ауаның жылдамдықты қысымының лақтыру әсер етуі ауа қысымының артық қысымы 50 кПа-дан артық болған аймақта байқалады, яғни ауа қозғалысының жылдамдығының 100 м/с-тен артық болғанда, яғни бұл дауылдың жылдамдығынан 3 есе артық.

Жеңіл зақымдану соққы толқынының шебінде артық қысымы ΔРш=20-40 кПа (0,2-0,4 кгс/см2) кезінде пайда болады әне жеңіл контузия болуымен, құлағының уақытша естімеуі, жеңіл жарақаттармен және буындардың шығуымен сипатталады.

Орташа зақымдану соққы толқынының шебінде артық қысымы ΔРш≈40-60 кПа (0,4-0,6 кгс/см2) кезінде пайда болады және ми шайқалуымен, адамның есінен тануымен, есту органдарының бұзылуымен, мұрын мен құлақтан қан ағуымен, аяқ-қолдың сынуымен әне буынның таюымен сипатталады.

Ауыр және өте ауыр зақымдану артық қысымның мына ΔРш≈60-100 кПа (0,6-1,0 кгс/см2) және ΔРш˃100кПа (1,0 кгс/см2) көлемдегі кезінде пайда болады және ми шайқалуынан ұзақ уақыт есінен тануы, ішкі органның зақымдануы, аяқ-қолдың ауыр түрде сынуымен және т.б. сипатталады.

Қираған үйлер мен құрылыстардың сынықтарымен, тастардың, талдың, шыны сынықтарының және басқада заттармен адамдардың зақымдануы соққы толқынының жанама әсері.

Соққы толқынының әсерінен үйлер мен құрылыстардың қирауының негізгі себебі соққы толқынның қабырғаға соғып кейін қайтқан сәттегі пайда болатын алғашқы соққы. Зауыт құбырларының, электр желілерінің тұғырларының, бағаналардың, көпір фермаларының және сол сияқты объектілердің қирауы ауанын жылдамдық қысымының әсерінен болады.

Жер асты құрылыстары (панахана жасырынатын орын, коммуналдық шаруашылықтың жер асты жүйесі) жер үсті құрлыстарына қарағанда аз мөлшерде қирайды. Жер үсті ғимараттары мен құрылыстарының ішінде соққы толқынының әсеріне ең төзімдісі металл каркасты ғимараттар мен сейсмикалық төзімді құрылыстар.

Соққы толқынның әсерінен пайда болатын күштен ғимарат пен құрылыс толық (>40-60 кПа), күшті (>20-40 кПа), орташа (≥10-20 кПа) және әлсіз (>8-10 кПа) қирауы мүмкін.

Соққы толқынының ерекшелігі герметикасы нашар жасырынатын орындардың ауа тартатын құбыры, желдеткіштері арқылы ішке ене алатын және ондағы заттарды қиратуға, адамдарға зақым келтіруге қабылеттілігі. Мұндай жағдайлар болмас үшін панаханалар толқын өшіргіш құрылғылармен жабдықталады.

Соққы толқыны орманның жаппай қирауына әкеліп соқтырады. Артық қысымы 50 кПа-дан артық аймақта орман толық жойылады және түрі ол жерде ешқандай өсімдік өспеген сияқты болып көрінеді; мұндай жерде үйінді де, өрт те жоқ. Артық қысымы 50-30 кПа аймақта тұтас үйінділер болады және ағаштардың 60% қирайды; 30-10 кПа қысымдағы аймақта бірең-саран үйінділер байқалады және 30% дейін ағаштар қирайды.

Соққы толқынынан панахана сенімді түрде қорғайды. Олар жоқ кезде РҚБ, жер асты кеңістіктері, жер бедері пайдаланылады.

Жарықтықсәулелену. Ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуі деп ядролық жарылыс кезіндегі жарқылдың ультрокүлгін, көрінетін және инфрақызыл спектрі аумағында электромагниттік сәуле шығаруын айтады.

Жарықтық сәулеленудің әсер ету уақыты мен жарқыраған аумағы ядролық жарылыстың қуатына байланысты. Сәуле шығару уақытының ұзақтығы арқылы ядролық жарылыстың күштілігінің шамасын шамалауға болады.

Эмпиризмдік формула t жаппай қырып жою қаруы. - student2.ru -дан, мұндағы t - жарқырау ұзақтығы, с; q - ядролық жарылыстың қуаты, мың т, жарықтық сәулеленудің жер үсті және әуедегі жарылысының қуаты 1 мың т болғанда 1 с, 10 т болғанда 2,2 с, 100 мың т болғанда 4,6 с, 1 млн т болғанда 10с болатындығын көруге болады.

Ядролық жарылыстан пайда болатын жарықтық сәулелену адамдарға зақым келтіреді, сонымен қатар ғимараттарға, құрылысқа, техникаға, орманға өрт қауіп төндіреді.

Ашық жердегі жарықтық сәулелену соққы толқыны мен өткіш радиацияға қарағанда әсер ету радиусы үлкен.

Жарықтық сәулеленудің зақымдағыш әсерін анықтайтын негізгі параметрі жарық импульсі (Uж).

Өткіш радиация.Ядролық жарылыстың өткіш радиациясы деп жарылыс аумағы мен бұлтынан шығатын гамма – сәулеленуі мен нейтрондар түйдегін айтады.

Өткіш радиация көзі болып жарылыс кезіндегі ядролық реакция және жарылыс бұлтындағы жарылыс өнімдерінің радиоактивтік ыдырауы болып табылады.

Өткіш радиацияның жер үстіндегі объектілерге әсер ету уақыты 15-25с және ол жарылыс бұлтының көтерілу уақытымен анықталады (2-3 км биіктікте). Бұл биіктікте гамма-нейтрон сәулелері ауа қабатында жұтылып, іс жүзінде ер бетіне жетпейді.

Өткіш радиацияның зақымдағыш әсерін сипаттайтын негізгі параметр сәулелену дозасы (D).

Сәулелену дозасы – бұл сәулеленген ортаның бірлік массасының сіңірген тондағыш сәулеленуінің энергиясының мөлшері. Сәулелену дозасы – экспозициялық, сіңірілген және эквивалентті болып бөлінеді.

Экспозициялық доза – бұл ауадағы сәулеленудің дозасы. Ол иондағыш сәулеленудің әсерінен адам денесін жалпы және біркелкі сәуле шалуының патенциалды қауіпін сипаттайды. Экспозицилық доза бірліктер жүйесінде (СИ) килограммға келетін кулонмен (Кл/кг) өлшенеді. Сәулеленудің экспозициялық дозасы бірлік жүйесінен тыс рентгенмен (Р) өлшенеді: 1Р=2,58*10-4Кл/кг.

Рентген (Р) – бұл 1см3 құрғақ ауаның (t=00С, қысымы 760 мм с.б. кезіндегі) әрбір заряды электронның зарядына тең 2,08 миллиард жұбын иондайтын гамма – сәулеленудің дозасы.

Сіңірілген доза – иондағыш сәулеленудің биологиялық ұлпаларға әсер етуін дәл сипаттайды. Бірліктер жүйесінде ол греймен (Гр) өлшенеді. 1Гр-бұл сіңірілген доза, мұнда 1 кг сәулеленетін зат 1 Дж энергияны сіңіреді. 1Гр=1Дж/кг. Сәулеленудің сіңірілген дозасының жүйеден тыс бірлігі радиан. 1 рад доза, сәуле шалуға ұшыраған заттың әр грамы 100эрг энергия сіңіргендігін білдіреді. Радтың дозиметрлік бірлік есебіндегі жақсы жағы, ол сәулеленудің әр түрін кез келген ортада өлшеуге қолдануға болатындығы. 1рад=10-2Гр немесе 1Гр=100 рад; 1 рад=1,14Р немесе 1Р=0,87рад.

Иондағыш сәулеленулердің биологиялық әсерін бағалау үшін эквиваленттік доза қолданылады. Ол сіңіріген доза мен сапа деп аталатын коэффициентінің көбейтіндісіне тең. Рентген, гамма және бета сәулеленулер үшін К=1; энергиясы 20кэВ-тен аз нейтрондар үшін К=3; 01-10мэВ үшін К=10.

СИ жүйесінде эквиваленттік дозаның сапа бірлігі болып зиверт (Зв) қолданылады, тыс бірліктер жүйесінде радтың биологиялық эквиваленті алынады: 1 Зв=100 бэр=1Гр*К.

Өткіш радиация ортада тарағанда, оның атомдарын иондайды, ал тірі ұлпадан өткенде жасуша құрамына кіретін атомдар мен молекулаларды иондайды. Бұл қалыпты зат алмасуының бұзылуына әкеледі, жасушалардың, кейбір мүшелер мен ағза жүйелерінің тіршілік әрекетін өзгертеді. Осындай әсердің нәтижесінде сәулелену дерті пайда болады.

Төрт тәулікке дейінгі қабылданған сәуле шалу бір қайтара, ал төрт тәуліктен аса уақытта кабылданған сәуле шалу көп қайтара деп есептеледі.

Төрт тәулік ішінде 50 Р дейінгі бір қайтара сәуле шалуда, сондай-ақ 10-30 күнде 100 Р дейінгі жүйелі сәуле шалуда сәулелену дертіне тән белгілер байқалмайды, сондықтан қауіпсіз деп саналады.

Бір қайтара сәуле шалу дозасы 100Р асқанда сәуле дерті пайда болады.

Адам ағзасының бір қайтара сәуле шалу дозасына байланысты сәуле дерті төрт дәрежеге бөлінеді.

Сәулелік дерттің І дәрежесі (жеңіл) - сәулеленудің дозалар жиынтығы 100-200 рад болғанда пайда болады. Жасырын кезең 3-5 аптаға созылады, одан кейін дімкәстік, жалпы әлсіздік пайда болады, жүрек айниды, бас айналады, температура жоғарылайды. Аурудан айыққаннан кейін адамдардың еңбек ету қабілеті сақталады.

Сәулелік дерттің ІІ дәрежесі (орта) - сәулеленудің дозалар жиынтығы қосындысы 200-400 рад болғанда пайда болады. Алғашқы 2-3 тәулік бойында ағзаның алғашқы күшті реакциясы (жүрек айну және құсу) байқалады. Одан 15-20 тәулікке созылатын жасырын кезең басталады. Дерттің белгілері енді айқын білінеді. 2-3 ай жақсы емделуден кейін науқас айығады. 20% жағдайда адам өледі.

Сәулелік дерттік ІІІ дәрежесі (ауыр) сәулеленудің дозасы 400-600 радта пайда болады. Алғашқы реакция айқын байқалады. Жасырын кезең 5-10 тәулік. Ауру жедел және ауыр түрде өтеді. Сәтті жағдайда 3-6 айдан кейін айығуы мүмкін. 20-70% жағдайда адам өледі.

Сәулелік дерттің ІV дәрежесі (аса ауыр) 600 радтан аса дозада пайда болады. Өте қауіпті, аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.

Сәуле шалу кезінде сәулелелену дозасы 5000 радтан аса болса, онда сәулелік дерттің қауырт түрі пайда болады. Бұл кезде алғашқы реакция сәуле шалғаннан кейінгі бірінші минуттарда пайда болады, ал жасырын кезең мүлде болмайды. Зақымданғандар сәуле шалғаннан кейінгі алғашқы күндерінде өледі.

Сәулеленудің шамалы мөлшерінің өзі ағзаны инфекцияға қарсылығын төмендететіндігін, ұлпалардың оттектің жетіспеушілігіне және қан алмасудың процесін нашарлататындығын ескерген жөн.

Сәуле дертінің сипаттамасы бойынша өткір және созылмалы болып бөлінеді. Өткір сәуле дерті бір қайтара немесе екі-үш қайтара радиоактивті сәуле шалғанда дамиды. Созылмалы сәуле ауруы кішкене мөлшерімен ұзақ уақыт сәуле шалған кезде дамиды. Ядролық зақымдануда алғашқы кезде өткіp сәуле ауруы маңызды орын алады.

Сәуле дерті негізінен төрт кезеңнен өтеді.

Бірінші кезең сәуле шалуға алғашқы реакциялардың кезеңі, сәуле шалудың бірінші сағаттарында басталып үш күнге дейін созылады.

Алғашқы әсер етудің (реакциялардың) баяулауынан кейін уақытша жақсару – екінші кезең – жасырын, алдамшы аман-есендік кезеңі басталады.

Сәуле шалудың өте үлкен мөлшері сәуле дертінің жасырын кезеңінсіз, яғни алғашқы әсер етуден (реакциядан кейін бірден сәуле дертінің айқын байқалатын (екінші, үшінші апта) кезеңі – үшінші кезең басталады.

Төртінші кезең – бұрынғы қалпына қайта келтіру кезеңі. Сәуле дертінің жеңіл түрінде төртінші аптада сәуле шалған адамның денсаулығы қайта қалпына келеді.

Сәуле дерті, егер де сәуле шалу мөлшері өте үлкен болып, ал ағзаның жеке сезімталдығы жоғары болса, бірінші кезеңде-ақ өлімге апаруы мүмкін.

Ядролық жарылыстың өткіш радиациясынан берік қорғанысы болып АҚ қорғану құрылыстары болып табылады. Әр түрлі материалдардан өткен кезде гамма-кванттары мен нейтрондар түйдегі әлсірейді. Материалдардың гамма-сәулелену мен нейтрондар түйдегін әлсірету қабілетін жартылай әлсірету қабатымен, яғни материалдың сәулелену мөлшерін екі есе әлсірететін қалыңдығымен сипаттау қабылданған.

Нейтрондық қарудеп ядролық қарудың бір түріндей тротильдік қуатты яғни 10 мың т аспайтын термоядролық қаруды айтады. Мұндай қарудың құрамына плутондық детонатор (қарапайым атомдық заряд) және сутегінің ауыр изотоптары – дейтерий мен тритий кіреді. Мұндағы бөлінудің тізбектік реакциясы дейтери-тритий қоспасын қыздыру үшін ғана қажет, ал жарылыс энергиясының негізгі бөлігі жеңіл элементтердің ядроларының қосылу реакциясының нәтижесінде пай болады және ол сыртқа шыққан қуатты нейтрондар түйдегі. Сонымен, нейтрондық қарудың зақымдағыш әрекетінің ерекшелігі ондағы нейтрондық сәулеленуі басым болып келетін өткіш радиациясының артық шығуына байланысты екен.

Нейтрондық қарулардың өткіш радиациясының қуатты ағынының ерекшелігінің бірі болып, жоғарғы энергиялы нейтрондық жарылыс аймағындағы техникалардың конструкциясындағы материалдары мен құралдары, сонымен қатар топырағы арқылы өткен кезде оларда радиоактивтілік құралдары, сонымен қатар топырағы арқылы өткен кезде оларда радиоактивтілікті енгізеді. Техникада енгізілген осы радиоактивтілігін сақтап, кейіннен сол техникамен қатынаста болған адамдардың залалдануына әкеліп соқтырады.

Нейтрондық қарудың өткіш радиациясынан қорғану белгілі бір қиыншылықтар туғызады, өйткені нейтрондық ағымды жақсы әлсірететін материалдар, гамма-сәулеленуден нашар қорғайды және керісінше (9-кестесін қара). Бұдан мынандай қорытынды шығады: нейтрондық қарудың өткіш радиациясынан қорғану үшін, құрамында сутегі бар заттарды жоғары тығыздығы бар материалдармен қосарлап қолдану қажет.

Радиоактивтік залалдану.Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының ішінде радиоактивтік залалдану ерекше орын алады. Өйткені оның әсері тек қана сол жарылыс аймағын қамтып қоймайды, сонымен қатар одан ондаған, тіпті жүздеген километр қашықтықтағы жерлерді де қамтиды. Мұндай жағдайда осы үлкен аумақта ұзақ уақытқа дейін, адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін залалдану сақталады. Мұның, мысалы Чернобыль АЭС-да болған апат айқын дәлелі.

Радиоактивтіліктен залалданған жерлердің радиоактивтік сәулеленудің негізгі көздері болып: ядролық жарылыс заттарының жарқыншақтары; топырақ пен басқа материалдарда сақталған радиоактивтілік; ядролық зарядтың бөлінбей қалған бөлігі болып табылады.

Бөлінудің жарқыншақтары – бұл шамамен Д.И.Менделеевтің жасаған периодтық жүйесіндегі 35 химиялық элементтің 80 изотопы қоспасынан тұратын заттарды айтады. Бұл изотоптар тұрақты емес, олар бета-ыдырауда гамма-кванттар шығарып отырады. Уақыт өткен сайын, жарқыншақтардың белсенділігі төмендейді.

Топыраққа енгізілген активтік алюминий-28, натрий-24, марганец-56 сияқты радиоактивтік изотоптар қатарының нейтрондарының әсеріне байланысты.

Ядролық зарядтың бөлінбеген бөлшегі плутоний-239, уран-235 және уран-238-дің альфа-активті изотоптарынан тұрады.

Ядролық қарудың жарылысы кезінде радиоактивті заттар жарылыс бұлтымен бірге көтеріледі де, топырақ бөліктерімен араласып, биіктіктегі желдің әсерінен алыс жерлерге тарайды. Бұлттар көшкен сайын олар түсіп, жүріп өткен жерлерді залалдандырады және радиоативті бұл ізін түзеді.

Жергілікті жердің және басқа да объектілердің залалдану деңгейі радиоактивті заттардың аудан бірлігіне келетін мөлшерлерімен сипатталады, яғни залалдану тығыздығы кюри/см2 (Ки/см2), кюри/км2 (Ки/км2),ыдырау/см2*мин немесе экспозициялық дозаның қуаты миллирентген/сағ (мР/сағ) бойынша; ауаны, суды және азық-түлікті – Рз концентрациясының көлем немесе салмақ бірлігінде (Ки/л, Ки/кг) сипаттайды.

Кюри – ол атомдордың 1с ішінде 37 миллиард ыдырауы өтетін радиоактивті заттардың мөлшері.

1 кюри =3,7*1010 ыдыр/с=3,7*1010*60=2,2*1012ыдыр/мин.

Радиоактивті изотоптың жартылай ыдырау кезеңі мен массасының саны неғұрлым көп болса, 1 кюридегі радиоактивті заттардың салмақты мөлшері соғұрлым көп болады.

Мысалы, жартылай ыдырау кезеңі Т=1590 жыл, 1 кюри радий-226-ның салмағы 1г, ал көлемі бұршақтың бір дәнінің көлемінен үлкен емес.

1 кюри кобальт-60 (Т=5 жыл) – бұл 1мг немесе 10-3г металл түйіршігінің салмағындай, ал 1 кюри натрий -24 10-7г тартады.

570 кг уран-235-тің (Т=880 миллион жыл) немесе 16г плутон-239-дың (Т=24 мың жыл) белсенділігі 1 кюри.

Активтілік бір қатар жағдайларда милликюри (мКи) -10-3 кюри және микрокюри (мкКи) -10-6 кюримен өлшенеді.

СИ жүйесінде активтілік бірлігіне Беккерель (Бк) қабылданған – бұл 1 ыдырау/с болатын РЗ мөлшері. Сонымен 1 кюри 3,7*1010Бк.

Залалдану әуелгі (ридиоактивті заттардың жарылыс бұлтынан түсу уақытында) және екіншілік (жергілікті жермен техникалардың қозғалуы кезінде шаңдануының нәтижесінде) болулары мүмкін. Техникалардың құрғақ ауа райындағы жер үстіндегі жолдармен жылжуы кезінде машиналар мен жеке құрамның киімдерінің (ашық машинада болуындағы) орташа заладануы 30-40 км жаяу жүргеннен кейін жолдың орташа залалдануының 0,05% шамасын құрайды; ылғалды жермен жылжуы кезіндегі техниканың заладану дәрежесі бір шама жоғарылайды.

Радиацияның жергілікті жердегі деңгейі, әр түрлі обьектілердің беттерінің радиоактивті заттармен залалдану дәрежесі дозиметрлік құрал көрсеткішімен анықталады.

Радиоактивті залалданған жер осы жерде жүрген адамдарға жаралыс жарықшақтарынан таралатын сыртқы гамма-сәулелерден, сондай-ақ радиоактивті заттардың адамдардың терісіне және мүшелерінің ішіне түсуімен зақым келтіреді.

Сыртқы гамма-сәулеленуінің нәтижесінде сәуле артуы дамиды, клиникасы ағзаға ядролық жарылыс кезіндегі өткіш радиацияның гамма-нейтронды сәулеленуінің әсер етуіндегідей.

РЗ ағза ішіне жергілікті жерде РЗ ізінің пайда болып жатқан кезінде немесе ол пайда болғаннан кейін ингаляциялық жолмен, сондай-ақ радиоактивті залалданған тамақ өнімдерін пайдалануы кезінде енуі мүмкін.

Жарылыстың радиоактивті заттарының өнімдерінің ағзаның ішіне түскен мөлшеріне және оның жеке ерекшеліктеріне байланысты зақымдану әр түрлі (ауыр, ауырлығы орташа және жеңіл) дәрежеде дамиды.

Терінің РЗ альфа- және бета- сәулеленуімен зақымдалуы адамның терісі мен шырышты қабықтарына ядролық жарылыстың біршама өнімдерінің түскен кезінде сәулеленудің тікелей әсерінің салдарынан дамиды. Көбінесе дененің қорғанылмаған бөліктерінің зақымдалуы мүмкін; киім альфа- сәулеленуінен толығымен қорғайды және бета- сәулеленуінің дозасын 25-60%-ға төмендетеді.

Электромагниттік импульс (ЭМИ).Ядролық жарылыс кезінде атмосферада толқындар ұзындығы 1-ден 1000м дейінгі қуатты электромагниттік өрістер пайда болады. Қысқа ғана уақыт болатындығына байланысты осындай өрістерді электромагниттік импульс деп атайды (ЭМИ).

ЭМИ зақымдағыш әсерлері байланыс жерлерінің, белгі беру, электр желілерінің әуе мен жер астындағы сымдары мен кабельдерінде, радиостансалардың антенналарында электр кернеулігі мен тогының пайда болуына байланысты.

ЭМИ мен бірге бір уақытта жарылыс орталығынан үлкен ара қашықтыққа таралатын радиотолқындар пайда болады; оларды радиоаппарат шуыл түріне қабылдайды.

Уыттар. Қазіргі уақытта бактерия уыттары жоғары уытты жатады. Бұл топқа, ботулиникалық уыт және стафилококты энтеротоксині кіреді. (ілімге әкелетін әсері бар УЗ ретінде соғыста ботулиникалық уыт А типі қолданылады.

Бутуникалық уыттың А түрі – осы замандағы белгілі өлтіргіш УЗ-­ның ішіндегі ең уыттысы. Таза ботулиникалық уыт ақ кристалды зат. 36 сағатқа созылатын жасырын өтетін кезеңге ие.

Биологиялық қару деп биологиялық құрылғылармен жабдықталған арнайы әскери қару-жарақтарды айтады. Ол адамдарды, ауыл шаруашылық жануарлары мен егістіктерін жаппай зақымдау ушін, сондай-ақ соғыс материалдары мен жабдықтардың кейбір түрлерін бүлдіруге арналған .

Биологиялық қарудың (БҚ) негізін ауру тарататын микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, риккетсиялар) мен кейбір бактериялар шығаратын улар (уыттар ) құрастыратын биологиялық құрылымдар құрайды.

Биологиялық оқ-дәрілер деп - биологиялық құрылғыларды қолдануға арналған әскери оқ-дәрілерді және құралдарды айтады. Биологиялық оқ-­дәрілердің негізі болып авиациялық бомбалар, кассеталар, контейнерлер, тозаңдандыратын құралдар, реактивті артиллерияның оқ-дәрілері, зымыранның жауынгерлік бөлігі, биологиялық құралдарды диверсиялық мақсатта қолдануға арналған шағын құралдары (аэрозоль генерйторлары, тозаңдандыратын пеналдар және с.с.) қолданылуы мүмкін.

Биологиялық қарудың қолданылғандығы жөніндегі деректі олардың түскен жерінде табылған биологиялық оқ-дәрілердін конструктивтік ерекшеліктері. Сондай-ақ олардың жарылуынан шығатын дыбыспен қатар оларға тән тез ыдырайтын аэрозоль бұлтының түзілуі дәлел болады.

Дәріс.

Наши рекомендации