АзаҚстан республикасыныҢ екінші деҢгейлі банктерінде орналастырҒан депозиттерге міндетті кепілдік Қызметін талдау
Азақстан Республикасының мемлекеттік депозиттік саясатындағы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау қызметі
Мемлекет өз заңдары арқылы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды, қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру мен қаржылық қызмет көрсетуде тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуді жүзеге асырады. ҚР Президентінің 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» №474 Заңы шықты. Бұл заң- қаржы рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады. Осы заң 3 тараудан 17 баптан тұрады[6].
Осы заңның негізінде ҚР Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен Ұлттық банкін қайта құрылымдау нәтижесінде Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады- деп көрсетілген осы органның мәртебесін айқындаған бапта.
Агенттіктің міндеттері, функциялары және өкілеттіктері өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік реттеу мен қадағалауды іске асырады:
· Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі шараларды іске асыру;
· Адал бәсекелестік принциптерінде жұмыс істеу үшін тең жағдай жасау;
· Қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу мен қадағалаудың стандарттары мен әдістерінің деңгейін көтеру, олар қабылдаған міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету;
· Қаржы ұйымдары қызметінің стандартарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративті басқаруды жақсарту үшін ынталандыру шараларын жасау;
· Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы рыногының және қаржы ұйымдарының мониторингі;
· Қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының неғұрлым тәуекелге бейім салаларындағы қадағалау ресурстарын шоғырландыру.
Агенттік мемлекет атынан қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу және қадағалау шараларын атқара отырып, өзіне берілген құқықтарды пайдалана отырып, қаржылық ұйымдарды ашады, оларды ерікті түрде қайта құру мен таратуға рұқсат береді, оны кері қайтарып алады. Егер заң актілерінде көзделсе, қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлері лауазымына адамдарды сайлауға не тағайындауға келісім береді не келісім беруден бас тартады. Агенттік Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жағдайларда қаржы рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қолдануын тоқтату және айыру тәртібін белгілейді, аталған лицензияларды береді, қолданылуын тоқтатады және одан айырады.
Қазақстан Республикасы қаржы рыногында лицензияларды тоқтатылған, немесе белгілі мерзімге консервацияланған банктер мен қаржылық ұйымдар болған. Агенттік өзінің функциясы шегінде қаржылық ұйымдарға Қазақстан республикасының заң актілерінде көзделген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялардың қолданылу тәртібін айқындайды және қолданады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда ҚР Үкіметімен келісе отырып, қаржылық ұйымдардың акцияларын мәжбүрлеп сату туралы шешім қабылдайды. Қазақстан қаржы рыногы тарихында мұндай жағдай 2007 жылғы әлемдік қаржы дағдарысының нәтижесінде 2009 жылы Қазақстандық жүйеқұрушы үлкен төрт банктің акциясын мемлекеттің сатып алуымен аяқталғаны белгілі. Әлемдік практикада нарықтық қатынас принциптеріне қарамай, жүйе құрушы банктерді сақтап қалатын тәжірибелерде бұл- көп кездесетін жай.
Агенттік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі негізгі функцияларды, соның ішінде шоғырландырылған негізде, ҚР заң актілерінде көзделген жағдайларда сақтандыру қызметін, жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорларының қызметін сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі функцияларды орындайды. Осылардың ішінде біздің тақырыбымызға қатысты мәселе- банкттік реттеушілік шараларын Ұлттық Банк пен Агенттіктің атқаратын қызметтері.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңы республикада банкі жүйесін екі деңгейден құра отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіреді делінген. Ұлттық Банк үлкен функцияларға ие бола отырып, өз қызметінде ҚР Конституциясын, «Ұлттық Банк туралы» заңды, «ҚР банктер және банк қызметі туралы» ҚР заңын және басқа заң актілерін басшылыққа алады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай міндеттерді атқарады. Ең бірінші мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргізеді, республика аумағында төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, бүкіл қаржы жүйесінде валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Ұлттық Банктік, Қаржы қадағалау агентінің қызметінің бір саласы депозиттерді қорғау саясаты.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және оның қызмет ету, екінші деңгейдегі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайтын «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР Заңы 2006 жылы 7 шіледеде қабылданған. Бұл заң депозиттерге кепілдік беру және салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеудің рәсімдеріне қатысты негізгі қағидаттар мен ережелерді белгілейді.
Осы Заңда депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаттары мен принциптері белгіленген. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінше деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын-депозиттерін сақтандыу қажеттігі көп жылдардан бері шешімін таппаған мәселелердің бірі болатын. Мұндай мәселенің туындауы Қазақстан жоспарлы экономикадан нарық экономикасының принциптеріне өтуі, сол жолдарғы инфляция, банкілердің жабылуы сияқты келеңсіз жағдайларға байланысты депозитке деген сенімсіздік әкеледі. «Қазақстан Рспубликасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР Заңы банкі жүйесіне деген депозиторлардың сенімін арттырады[7].
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізуге арналған лицензиялары бар әрбір банк автоматты түрде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылады. Осы талап арқылы мемлекет әр банктің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы- банктердің 2011 жылғы 31 желтоқсан дағы жағдайы бойынша тізімінде 35 банк тіркеліп, депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы куәлігінің нөмірі тіркелген. Және әр жыл сайын осындай мәлімет екі тілде республикаға тарайтын газеттерде жарияланады.
Осы заң бойынша жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын банкттердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндеттілігі, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің айқындығын қамтамасыз ету, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдерді азайту, кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резервті қалыптастырудың жинақтаушы сипаты депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің негізгі принциптері болып табылады. Және осы принциптердің орындалуын Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау басқармасы назарда ұстайды.
Қазақстан Республикасы аумағында құрылған банкілер банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруі шарт. Банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін Қаржы Қадағалау Агенттігінен жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге берген лицензиясын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға аталған лицензияның ноториалдық жолмен куәландырылған көшірмесін табыс етеді. Осылай әр банк ДМКЖ- депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіреді және қатысушы банк деп аталатын болады.
Ұлттық Банк немесе оның қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау қызметі, банкттердің депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге берілген лицензиядан айыруы, сондай-ақ ерікті қайта ұйымдастыру негіздері бойынша қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған кезде, жүйеден шығарылған банк оны шығарған күннен бастап үш ай ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы, не Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын ескере отырып, оларды басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтарып беруге міндетті.
Барлық жағдайларда банкті мәжбүрлеп тарату процессі жүре бермейді, кей жағдайларда қатысушы банк ерікті түрде қайта ұйымдастырылады немесе қайта құрылымдайтын болады. Мұндай жағдайда ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе бейбіт түрде тарауға ҚҚ Агенттігінің рұқсатын алуы шарт. Осы рұқсат негізінде қатысушы банк жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға , банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияны ерікті түрде қайтарған кезде- оның ерікті түрде қайтарылуына байланысты лицензияның қолданылуы тоқтатылғаны туралы ҚҚ Агенттігінің шешімі күшіне енген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылуы тиіс.
Қатысушы банк мәжбүрлеп, сот шешімімен таратылған яки өз бастамасы бойынша таратылған жағдайда, заң бойынша кепілдік берілген өтем төленеді. «Кепілдік берілген өтем» дегеніміз не? Бұл- банк мәжбүрлі таратылған жағдайда нақты салымшыға төленетін ақша жиынтығы. Қаржы рыногында аз ғана тарихымызда « Кепілдік берілген өтем» үш басқыштан өтті. Алғашқы басқыш жеті жүз мың теңге, келесі бір миллион теңге, бүгінгі қолданыстағы заңнама бойынша бес миллион теңге. ҚР «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» (2012.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруымен) Заңының 18-бабында: «Қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым, кепілдік берілген депозиттер бойынша депозиторларға депозиттің қалдығы сомасында депозитке есептелген сыйақысыз, бірақ бес миллион теңгеден аспайтын кепілдік берілген өтем төлейді» [7].
Көріп отырғанымыздай мемлекеттік саясат депозиторлардың мүддесін қорғауға бағынышталған және прогрессивті түрде кепілдік берілген өтем ақысы өсу үстінде.
Мемлекеттің депозиттік салымға кепілдік саясатын Ұлттық Банк пен ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006жылғы 25 желтоқсандағы «Екінші деңгейдегі банкттерді ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банкттерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру қағидаларын бекіту туралы» № 295 Қаулысы бекітілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы қадағалау агенттігі Басқармасы банк ерікті түрде таратуға рұқсат алған жағдайда жеке тұлғадардың депозиттеріне кепілдік беру қағидаларын бекітті:
- Уәкілетті органға банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтініш тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беруді жүзеге асырғаннан кейін беріледі.
- Қайта құрылымдауға рұқсат алған банк екі апта мерзімде өзінің барлық депозиторларын, клиенттерін тікелей құландар ету жолымен және тиісті хабарландыруды екі республикалық газеттерде жариялай отырып ақпараттандырады.
- Банк акционерлерінің жалпы жиналысы ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін депозиторларға тікелей төлем жасайды, ДМКЖ қатысушы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғаларға қайтарып береді.
- Хабарландыру жариялағаннан бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде депозиттерді қай банкке аудару жөнінде депозиторлар өтініші қабылданады.
- Ерікті таратылған банк жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасауға байланысты барлық шығыстарды мойнына алады және жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау күнін қосқандағы депозиттер бойынша сыйақыны есептейді.
Көріп отырғанымыздай мемлекеттің депозиттерге кепілдік саясаты Қазақстан банк жүйесіне деген депозиторлардың көзқарасын жақсы жаққа қарай өзгерту. Қазақстан халқы қолында банкілік айналысқа түспей отырған миллиардтаған сомма бар. Мәселе сол мол ақша қорын айналысқа түсіру, экономикаға ішкі инвестицияны –тұрғындардың депозиттерін тарту- мемлекеттік депозиттік саясатқа әлі де жаңалықтар енгізуді күтеді.