Аудитті жоспарлау мақсаты мен принциптері
300 "Жоспарлау" деп аталатын ХАС-ында жоспарлаудың негізгі мақсаты аудитті тиімді жүргізуді қамтамасыз ету деп көрсетілген.
Аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды саласында қажетті көңіл бөлуге, потенциалды проблемаларды анықтауға және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау аудитор ассистенттері арасында тапсырманы дұрыс бөлуге және басқа аудиторлар мен сараптаушылар орындайтын жұмысты үйлестіруге көмектеседі.
Тексеруге қатысы бар дәлелдеулерді жеткілікті көлемде жинау аудитор өзіне кәсіби жауапкершілікті алу үшін қажет. Сонымен бірге, жинақталған дәлелдеулер құны төмен болуы керек. Аудиторлық дәлелдеулердің ең төмен құны үшін қам жеу жұмысты жоспарлау кажетгілігін көрсетеді. Сондықтан, аудиторлар әр тексеру үшін мақсаты төмендегідей болатын жоспар құруы керек:
• Аудиторлық процедуралардың қажетті көлемін анықтау;
• Тексеруді жүргізу шығындарын бағалау;
• Аудитті жүргізу сапасын қамтамасыз ету.
Аудит жоспарын құру аудитті жүргізудің жалпы принциптері, сонымен бірге келесідей принциптерге сәйкес іске асырылады:
• Жоспарлаудың кешенділігі;
• Жоспарлаудың үздіксіздігі;
• Жоспарлаудың оптималдылығы.
Аудитті жоспарлаудың кешенділігінің принципі, жоспарлаудың алдын ала аудитгің жалпы жоспары мен бағдарламасын құруға дейінгі барлық кезендеріндегі өзара байланыспен келісімділікті қамтамасыз етуді көздейді.
Аудитті жоспарлаудың үздіксіздігі принципі аудиторлар тобына өзара байланысты тапсырмаларды орнату мен жоспарлау кезеңдерін, мерзімдері мен құрылымдық бөлімшелері бойынша байланыстыруды көздейді.
Аудитті жоспарлау оптималдылығы принципі аудиторлық ұйымның өзі анықтаған критерийлер негізінде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының оптималды вариантын таңдау мүмкіндігі үшін жоспарлау варианттылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Аудитті жоспарлау кезеңдері
Жоспарлау - бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезендердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау — бұл кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанылатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық құру емес. Әр клиент жеке тұлға және бұны жоспарлау кезінде есте ұстау қажет. Аудиторлар өз жұмысын тексерілетін ұйыммен танысудан бастауы керек. Бұл үшін құрылтайшылар құжаттарын, қызмет түрлерін және олардың лицензияларын, есеп саясатын және т.б. зерттеу қажет. Ұйым басшылығы мен мамандармен әңгімелесіп, қаржылық есеп берумен, оның негізгі көрсеткіштерімен танысу қажет. Бұл клиент қызметінің масштабын анықтау үшін керек. Ұйымды алдын ала зерттеу нәтижесінде ғана алдағы жұмыс көлемінің шамасын және еңбек сыйымдылығын, сонымен қатар аудит ұзақтылығын анықтауға болады. Жұмыс көлемі, оның қиындылығы мен ұзақтығына байланысты аудит құны анықталады.
Жоспарлау процесін келесідей кезеңдерге бөлуге болады.1.Алдын ала жоспарлау; 2.Клиент туралы жалпы ақпаратты жинау; 3. Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті бағалау; 4. Ішкі бақылау жүйесін бағалау; 5. Аудиттің жалпы жоспарын мен бағдарламасын даярлау; 6. Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау
Алдын ала жоспарау процессінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайындауға, оның негізінде тексеру бағдармаларын дайындауға кіріседі.
Аудитордың басқа жұмыс қағазына қарағанда жалпы жоспар дайындау процессінде ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлық тексеру тиімділігіне көмектесуі мүмкін.
Аудиттің халықаралық тәжірибесіндегі стандарттары мемарандумы әрекет ететіндігін атап өту қажет. Онда әр тапсырмаға қатысты процедуралардың алғашқы қорытындыларының нақты мәліметтері аудиторлық тестілер мен талдау процессінің нәтижесі болған процедураларды түзетулері және қосымшаларымен бірге жазылған.
300 "Жоспарлау" ХАС-ына сай аудитор аудиттің жалпы жоспарын іске асыруда қажетті жоспарланған аудиторлық процедуралар сипатын, оны жүргізу уақыты мен көлемін анықтап, аудит бағдарламасын дайындап, құжатты түрде толтыруы керек. Сонымен бірге ол аудиттің дұрыс орындалуын бақылау тәсілі болып табылады және онда әр бөлім бойынша мақсаттар және уақытша бюджеттер көрсетілуі мүмкін.
Аудит бағдарламасы былай әрекет етеді:
- аудитордың ассистент топтары үшін нұсқаулар тізімі;
- аудиторлық топ жұмысының сапасын бақылау құралы;
- аудит мақсаттарын, өткізу уақытын, тандау көлемін және әр сферадағы таңдау негізін өзгертуді қажет ететін аудиторлық процедуралар жазбасы.
Бағдарлама аудиторлық тексеру құжаттамасының маңызды бөлігі болып табылады және онда аудиторлық тұжырымдаманы дәлелдеу үшін қажет аудиторлық дәлелдердің маңызды бөліктері жазылады. Ол бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы түрінде және негіз бойынша процедура түрінде құрылады.
Бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы ішкі бақылау мен аудит жүйесінің әрекет етуі туралы ақпаратты жинауға арналған әрекеттер жиынтығының тізімін көрсетеді. Негіз бойынша аудиторлық процедуралар бухгалтерлік есепте айналымдар мен шоттар бойынша сальдоның дұрыс көрсетілуін жан-жақты тексеруді қамтиды. Бұл үшін аудитор бухгалтерлік есептің қандай бөлімдерін тексеретінін анықтайды және бухгалтерлік есептің әр бөлімі бойынша аудит бағдарламасын құрастырады.
Аудторлық жоспарлар аудитты жүргізу кезінде қажеттілігіне қарай қайта қарастырылып отыруы керек. Барлық мақсаттар мен бір бөлім бойынша тестерді қамтитын аудиторлық бағдарлама мысалын келтірейік (жалақы).
Ішкі бақылау...
Ішкі бақылау құрылымы және оның элементтері
Ішкі бақылау жүйесі кез келген кәсіпорында орын алады, себебі басшылықты қабылданған шешімнің орындалуы қызықтырады. Бақылауды іске асыратын жағдайға басқарудың сәйкес құрылымы енеді. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" заңның 8-бабында: "Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу қаржылық есепті құру кезінде активтерді сақтау, ұрлық пен қателерді болдырмау және анықтау жөніндегі шараларды камтыған операцияларды тиімді жүргізу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру, есеп саясаты туралы заңының орындалуын қамтамасыз ету үшін ұйымдар ішкі бақылауды ұйымдастыруға құқықты. Ішкі бақылауды ұйымдастыруды басшылық қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемелерден басқа ұйымдар ішкі бақылауды тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдарды тарту арқылы іске асыруға құқықты" – деп көрсетілген.
Бақылауды жүргізу шарты кәсіпорын персоналы мен оның басқарушылық буынының өзара қатынасы мен біліктілігінде болады.
Әдетте, ішкі бақылау жүйесі қаржылық есептемені дайындау мен құруға қарағанда сұрақтардың кең ауқымын қамтиды. Сондықтан ішкі бақылаудың барлық пайдаланылатын реттемелері мен әдістері аудиторға пайдалы. Оған ең алдымен нақтылы қаржылық есеп беруді дайындау үшін қажетті ақпаратты жинау, өңдеу және жинақтау процестерін реттеу және бақылауға тікелей бағытталған шаралар қызықты. Ішкі бақылаудың негізгі міндеттері:
- Заң талаптарының орындалуы;
- Мүлікгі ысыраптан қорғау;
- Ағымдағы шаруашылық операцияларының тиімді орындалуы;
- Басқарудың барлық деңгейлерінде бұйрықтарды, өкімдерді және басқа нұсқауларды орындау;
- Құжаттар және олардағы ақпараттың толықтылығы мен дәлдігінің қажетті деңгейін сақтау;
- Кездейсоқ және әдейі қателер мен бұрмалауды анықтау мен болдырмау;
- Бухгалтерлік қорытынды есепті уақытында және дұрыс дайындау;
- Кәсіпорын басшылығы саясатын қолдану;
- Шаруашылықты жүргізудің тиімдірек және прогрессивті әдістерін енгізу...
Бақылауды жүргізу шарттарын білу аудиторға мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:
- Бухгалтерлік есеп пен бақылау реттемесінің тиімді жүйесің қамтамасыз ету үшін олар жеткілікті ме;
- Олар қаржылық есеп берудің бұрмалануын минимумға жеткізуге көмектесе ме?
Басшылықгың ішкі бақылауды ұйымдастыруға жауапкершілігі
Қазақстандық 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" стандартының 6-тармағында былай делінген (өзгерістер және қосымшаларымен 11.09.2003 ж.): "Операциялар мен оқиғаларды орындау кезінде заңның орындалуы мен ұйымның бухгалтерлік есебін ұйымдастыруға басшылық жауапты болады". Ішкі бақылау жүйесінің субъект қызметі көлемі мен ерекшелігіне сай келуі, оның ретімен және тиімді жұмыс істеуі соған байланысты. Кәсіпорында басшы құрам бар, бірақ олардың мінез-құлық нормасы, жауапкершілігі мен құқығы белгіленбеген, бақылау әдістері анықталмаған жағдайда олардың қызметінің нәтижелерінде тиімділік пен әрекеттілік болмайды.
Объектіні басқару оның құрылтайшы құжаттары мен заңдарға сәйкес жүргізіледі. Субъект басқару құрылымы мен оның шығындарын өзі анықтайды. Субъектінің ұйымдық құрылымын толтыратын, өзара әрекет ететін және бір-біріне тәуелді адамдар арасында көлденең және тікелей байланыстарының кең желісі қалыптасады. Ол нақты үйлестіру мен реттеуді қажет етеді. Бұнымен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған шешімдер қабылданылатын және орындалатын басқару жүйелі айналысады.
Мысалы, материалдық және ақша қаражаттарының біртұтастығына, олардың сақталуына, бастапқы құжаттарды жіберу, есепке алу және түгендеуге кім жауап беретінін білу үшін бүкіл кәсіпорын шеңберінде жауапкершілікті бөлуге қатысты толық анықтық қажет.
Тиімді бақылаудың алғы шарты ұйымдық құрылым болуында болып табылады. Осы құрылым қаншалықты, толық және бірлескен болса, бақылау тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Экономикалық субъект қызметіне қатысушы әр қызметкердің жауапкершілігін орнатып, оның оқу мен аттестациясын ұйымдастыру қажет. Осының бәрі еңбек шарттарында (келісім шарттарында), персонал туралы ережелерде және т.б. көрсетілуі керек.
Бақылау мақсаттары мен аудиттің жалпы мақсаттарының өзара байланысы
Бақылау мақсаты - шаруашылық қызметі көрінісінің толықтығын, дәлдігі мен заңдылығын қамтамасыз ету және бұл аудиторлық тексеру мақсаттарымен өзара байланысты. Сонымен қатар аудитор ақпаратты тіркеу мен өндеу жүйесінің қызмет етуіне көз жеткізіп, қаржылық есеп беруді дұрыс құрудың негізі болатын бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкестігін бағалауы керек. Ол ІБЖ-н негізге ала отырып, бұл жүйені зерттеп, бағалауы, сонымен бірге оның тиімді әрекет етуіне тексеру жүргізу керек.
Ішкі бақылауды бағалауды талдау кезіндегі аудитор мақсаты оған деген сенім дәрежесін орнату болып табылады. Бұл өз кезегінде тексеру әдісінің сипатын, көлемі мен уақыт бойынша ұзақтығын анықтау кезінде пайдаланылады.
Ішкі бақылау жүйесін бағалау кезіндегі аудитордың алға қойған тағы бір мақсаты - оны жетілдіру жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындау. Ресми түрде аудиторлар бұл ұсыныстарды кеңес беру қызметіне кіргізбей, аудиторлық тексеру элементі ретінде анықтайды. Ұсынылған ұсыныстарға еру керектігін клиенттің өзі шешеді. Аудиторға жағымсыз фактілерді іздеудің кажеті жоқ. Ол басшылыққа ІБЖ-інің белгілі бір элементтерінің қызмет етуі ақпараттың елеулі қателері мен бұрмалауларының тексерілген қаржылық есеп беруде пайда болуы ықтималдылығын салыстырмалы төмен деңгейге дейін төмендетпейтіндігін және бұл қателерді субъект персоналы өзінің күнделікті міндеттерін орындау барысында қажетті мерзімде таба алмайтындығын хабарлауы керек.