Ндірісті ұйымдастыру түрі

Өндірісті ұйымдастырудың түрі – дегеніміз -өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын беру.

Өндірісті ұйымдастырудың түрін көптеген факторлар әсер етеді:

1. – мамандандыру деңгейі;

2. - өндіріс көлемі;

3. - шығарылатын өнім номенклатурасының күрделілігі және төзімділігі;

Өндірістің негізгі үш түрі болады:

1. – жеке –дара өндіріс;

2. – сериялық өндіріс;

3. – жаппай өндіріс.

Жеке – дара өндіріс – алуан түрлі жәнетұрақты емес, номенклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі трубиналар, кемелер, металургиялық, кен жабдығыжәне т.б. Сондай – ақ, жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.

Ерекшеліктері:

1. - әр-түрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;

2. - жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;

3. - әмбебап құрал – жабдықтар мен технологияларды қолдану;

4. - қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;

5. - жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;

6. - өндіріс циклының ұзақтығы;

7. - аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.

Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы,біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.

Негізгі ерекшеліктері:

1. - біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;

2. - жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;

3. - бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;

4. – мамандандырылған құралдар мен технологиялық жабдықтардың көп болуы;

5. – қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;

6. – орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;

7. - өндіріс циклының ұзақ еместігі;

8. - өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы.

Түрлері – ұсақ сериясы,орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер, мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.

Жаппай өндіріс - өндірістімамандандырудың ең жоғары сатысы. Мысалы: автомобиль, трактор заводы. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырады.

Ерекшеліктері:

- тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;

- жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауға мамандандырылуы;

- жұмыс орындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;

- арнайы және мамандандырылған технологиялық құрал –жабдықтардың үлкен көлемі;

- механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық процестердің көп қолданылуы;

- операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы;

- қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;

- ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану.

- өндіріс циклының қысқаруы;

- өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;

- кәсіпорындарды басқаруда автоматтандыруды енгізу.

Наши рекомендации