Оймадағы және бухгалтериядағы тауарлы-материалдық қорларды құжаттық ресімдеу мен қозғалысын есептеу
Қоймадағы материалдық қорлар есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді.
Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әрбір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды-жауапкершілікті адамға колхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыстық құжаттары негізінде жүргізіледі.
Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың арнайы жолына қол қояды.
Құжаттарды қабылдау қоймада «Құжаттарды тапсыру реестрін» жасау арқылы іске асады.
Материалды-жауапкершілікті адамның жұмысындағы ауытқулар анықталған жағдайда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиісті.
Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай, ал бухгалтерияда корлардың сақталған орны бойьшша ақшаға шағылып көрсетіледі.
Қоймадан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрі» тіркелген құжатгармен бірге бағаланады (есептеледі).
Есептің журналдык-ордерлік материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен козғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізілімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезең ішіндегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай-ақ материалды-жауапкершілікті адамдардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі синтетикалық есептің мәліметтерін материалдарды талдаушы есеп корсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық корлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар тізімделседе алынған материалдардың нақты өзіндік құнынын есептік бағалар бойынша кұннан ауытқулары есебі жүргізіледі. Материалдардың қозғалысын есептеу тізімдемесі сондай-ақ шығындарды бағыттау бойынша (синтетикалық шоттар, қосалқы шоттар (субшоттар) материалдар шығынын бөлуге де кызмет етеді. Ай ішінде түскен материалдардың есептік құны мен нақты құны бойынша жиынтық мәліметтерді көрсетуге арналған. Бұл мәліметтер көлік дайындау мен объектідегі қоймаларға дейін жүк жеткізу бойынша басқа да шығындарды, темір жол алымдарын және тағы басқа «материалдың өткізу бағасынан тыс жүргізілген төлемдер де кіретін, материалдық қорларды алу мен дайындауға жұмсалған шығындар ескерілген әр түрлі журнал-ордерлерден (6, 10, 1, 2, 7, 9 және басқалары) көшіріледі. Осы бөлікке тізілімдеменің екінші бөлігін материалдар қалдығы құны нақты өзіндік құны мен ай басындағы есептік бағалар бойынша жазылады. Оған ай ішінде түскен материалдар құны қосылады. Сонан соң нақты өзіндік құнның есептік бағалар бойынша құннан ауытқулары сомасы мен проценті аныкталады.
Жабдықтаушылардан алынған материалдық заттарға счет-фактура және материалдарды қабылдау актысы бойынша келген товарлардың түріне қарап:
Дт 1330 «Тауарлар»
Кт 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді креди-торлық берешек»
Жабдықтаушы мекемелердің жеткізген товарлары, мердігерлердің істелінген жұмыстары немесе атқарылған қызметтері үшін қойылған счеттары:
Дт 1330 «Тауарлар»
Кт 3310 «Жабдықтаушы мен мердігерлердің қысқа мерзімді кредитор-лық берешек»
а) есеп айырысу счетынан өтегенде:
Дт 1330 «Тауарлар»
Кт 1040 «Банктегі ақша-қаражаттары»
ә) күрделі қаржылар қаражаттарының банкідегі счетынан өтегенде:
Дт 1330 «Тауарлар»
Кт 1050 «Банктегі жинақтаушы ақша-қаражаттары»
Жабдықтаушы мекемелермен есеп айырысатын негізгі құжат счет-фактура болып есептелінеді. Оның негізгі реквизиттері: жабдықтаушы мекеменің атауы, адресі, оған қызмет көрсететін банкідегі есеп айырысу счетының нөмірі, жүк жөнелтілетін станция және қабылдайтын станция, жөнелту тәсілі, жөнелтілетін товарлардың түрлері, өлшем бірлігі, саны, бағасы және сомасы (әр түріне жеке-жеке және барлық товарлардың құны). Жүкті қабылдаушы мекеме счет-фактураның көрсеткіштерін мұқият тексеріп, нақты қабылданған көрсеткіштермен салыстырады. Айырмашылық жоқ болса онда осы счет-факураның негізінде товарларды тиісті бухгалтерлік счеттарға кіріс етеді. Айырмашылық байқалған жағдайда товарларды қабылдау актісі бойынша кіріс жасап, айырмасына саудалық акт жасалынады. Бұл актінің негізінде тиісті мекемелерге шағым-талап қойылады.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудитінің бағдарламасы
Аудит процедуралары | Ақпарат көздері |
1. Тауарлық-материалдық қорларды алуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру | Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік кұжаттар мен т.с.с. |
2. Тауарлық-материалдық қорлардың саны мен сапасы жөніңдегі тілек-талаптарды рәсімдеудін дұрыстығын, негізділігін және уақытылығын тексеру | Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы түбіртектері, салыстыру тізімдемесі және т.б.) жабдықтаушыға, темір жолға немесе кеме шаруашылығына талап-қуанымдар, 8 журнал-ордер, Бас кітап және т.б. |
3. Алынған құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген кызмет есебінін толықтығы мен уакытылығын тексеру | Қабылдау актілері, жүқұжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, койма есебі карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі, 6 журнал-ордер, Бас кітапты, баланс және т.б. |
4. Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берешектің анық сенімділігін, шынайылығын және заңдылығын тексеру | Шарттар (сатып алу, бірлсскен іс-қызмет туралы, опциондық, фьючерлік мәмілелер, ынтымақтастық, траст және т.б.) жобалық-сметалык құжаттама, орындалған жұмыс актілері, шот-фактуралар, толем тапсырмалары, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс және т.б. |
5. Векселдерді пайдалынып, жабдықтаушылармен ККС алып тастап, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың дұрыстығын тексеру | Вексель, кірістік төлем құжаттары, 5, 6 журнал-ордерлер, салыктық шот-фактуралар, ҚҚС-ға салық жөніндегі декларация, Бас кітіп және т.б. |
6. Шот корреспонденцияларын құрудың дұрыстығын тексеру, ана-литикалық есеп мәлімет-терінің сннтетикалық есеп мәліметтеріне сәйкестігі | Шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, 6журнал-ордер, Бас кітап, баланс, әдістемелік ұсынымдар |