Тапсырма. - Менің көршіме әлеуметтік қамқорлық қажет
Әлеуметтік жәрдем
- Менің көршіме әлеуметтік қамқорлық қажет. Ол кісі – зейнеткер, әрі денсаулығы нашар. Жалғыз тұрады.
- Көршіңіздің мекен-жайы қандай?
- Оңтүстік-Шығыс. Құрылысшылар даңғылы, 13- үй, 69- пәтер.
- Біздің адамдарымыз таяу арада барады. Міндетті түрде жәрдем береміз.
- Рахмет. Сау болыңыз.
СӨЖ тапсырмалары
Медициналық қызмет
1-тапсырма. Мазмұндау және аудару.
Медициналық қызмет (Медицинская служба) — медицина мекемелері мен денсаулық сақтау органдары негізінде жасалатын қызмет түрі. Медициналық қызмет медициналық жасақтар мен мекемелердің санитариялық-гигиеналық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырып, жүргізуге үнемі дайын болуын, зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетуді, оларды емдеу мекемелері мен емделуге көшіруді, жасақтардың адам құрамының зақымданғандарын санитариялық тазартудан өткізуді ұйымдастыруды, халықты кешіру барысында және орналасқан жерлерінде, сондай-ақ кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге медициналық кызмет көрсету ісін ұйымдастыруды қамтамаеыз етеді.
2-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттау, мағынасына түсіндірме беру.
Денсаулық – зор байлық.
Здоровье – большое богатство.
Айналдырған ауру алмай қоймас.
Вместе с болезнью и беда приходит.
Ауру атанды да шөктірер.
Болезнь и верблюда валит с ног.
Жарлының байлығы – денінің саулығы.
Богатство бедняка – его здоровье.
Сәті түскен ауруға не болса, сол ем болады
Везучего больного любое лекарство вылечит.
Тәні саудың жаны сау.
В здоровом теле – здоровый дух.
Өлімнен басқаның бәріне жүгір.
Спеши ко всему, кроме смерти.
Қазаға – сабыр.
Слёзами мёртвого не воскресить.
Мысықтың өлімі – тышқанға той.
Смерть кошки – праздник для мышки.
Тәуіптің жақсысы, дертке дерт қоспағаны.
Хороший врач тот, который к старым болезням новых не добавляет.
ырқат тән жарасы, қайғы жан жарасы.
Болезнь – телесная рана, печаль – душевная рана.
Азған денеге ауру үйір.
К истощённому организму все болезни привязываются.
Ауруды емдегеннен, алдын алған жақсы.
Чем болезнь лечить, лучше её предупредить.
3-тапсырма. Мақал – мәтелдермен сұхбат құрастыру.
12-сабақ
Лексикалық тақырып: Салауатты өмір салты.
Етістік категориясы
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз және аударыңыз
Салауаттанудың зерттеу пәні - адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, қорғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті - денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.
Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден - дені сау адам, 26 екіншіден - оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден - аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден - сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады. Салауаттанудың негізгі мақсаты - әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты - балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
2-тапсырма.Сөздікті дәптерге жазып, жатта.
салауаттану – оздоровление ұстаным – позиция сақтандыру – страхование уәж – мотив, повод зерттеу – исследование нысан – объект дағды – навык сыртқы орта - внешняя среда | жас ерекшеліктері – возрастные особенности бейімделу тетіктері – рычаги адаптации кешенді тәсіл - комплексный метод құндылық бағдарлары – ценностные ориентиры сауықтыру шаралары – оздоровительные мероприятия корғану тосқауылдары – защитные барьеры денсаулықты сақтау – сохранять здоровье қалыптастыру – формирование |
3-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Салауаттану ғылымы нені зерттейді?
2. Салауаттанудың негізгі мақсаты қандай?
3. Салауатты өмір салтын қалай түсінесіз?
4. Салауатты өмір сүру үшін не істеу керек?
4-тапсырма.Мыны сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.
Үлгі Салауаттану ғылымы маңызды ғылым.
Корғану тосқауылдары, бейімделу тетіктері, денсаулықты сақтау, сауықтыру шаралары, жас ерекшеліктері, құндылық бағдарлары, салауаттану нысаны, кешенді тәсіл, салауатты өмір, дені сау адам, сақтандыру шаралары, аурудың себептері, физиологиялық негіздер, қоғам денсаулығы, негізгі мақсат, балалар мен жастар.
5-тапсырма.Мына сөйлемдерді аударыңыз.
1. Салауатты өмір салтына қалыптастыруда және ұлттық ойындарға баулу оқушыларды негізгі маңыздылығы денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. 2. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. 3. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. 4. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. 5. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. 6. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.
6-тапсырма.Мәтінді оқып, аударыңыз.
Салауатты өмір сүрудің негізгі элементтері
Салауатты өмір сүру, негізінде, қоғамның және жеке адамның рухани, әлеуметтік моральдық-өнегелілік жағдайына тікелей байланысты әрі оған күнделікті өмір сүру салты мен дағды өз әсерін тигізеді. Солардың ішінде:
· адамның күнделікті қозғалу режімі (айналысатын еңбек түрі, дене шынықтыру, тренировка, ертеңгі гимнастика т.с.с.) жатады;
· организмді шынықтыру;
· еңбек және демалыс гигиенасы;
· жеке басының және қоғамдық гигиенасы;
· ұжымдағы психикалық-эмоциональдық қарым-қатынасты үйлестіру;
· қоршаған ортаны қорғау (тұрмыста, оқуда, өндірісте, демалыс орнында).
Күнделікті өмірде адам өміріне қоршаған ортаның әсерінен көп күш түсіп отырады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы осындай 200-ден астам факторларды есепке алып отыр, соның ішінде гиподинамия, ұтымсыз тамақтану (артық дене салмағы), стрестік жағдайлар, ұйқының бұзылуы, зиянды әдеттер (темекі шегу, арақ ішу, есірткі пайдалану).
Осы факторлардың көбісі аурулардың көбісі аурулардың дамуына өз әсерін тигізуде. Олардың алдын алу, сипаттамаларын, себеп-салдарын білу, сол арқылы аурудың әсерін төмендету арқылы аталған факторлардың әсерін азайтуға немесе жоюға болады.
Тапсырмалар:
1.Сөздерді тыңдаңыз. Оқыңыз. Жазылуына көңіл аударыңыз: өнегелі, шынықтыру, ұтымсыз, өнім, жаратылыс, таңқаларлық, дәреже, мүмкіншілік.
7-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:
- Өзіңіз салауатты өмір салтын ұстанасыз ба? Қалай?
- Салауатты өмір салтына нелер әсерін тигізеді?
- Адамның салауатты өміріне қоршаған орта қалай әсер етеді?
- Жағымсыз әсерлердің алдын алу үшін не істеу керек?
8-тапсырма.«Салауатты өмір сүрудің негізгі элементтері» мәтіні бойынша сұхбаттасыңыз.
9-тапсырма.Салауатты өмір салты туралы өзіңіздің пікіріңізді айтыңыз.
Спорт әлемінде
Қазақтың көптеген ұлттық спорт ойындары болған. Олардың ішінде бәйге, жамбы және аударыспақ ойындары бар.
Қазақстанда көптеген спорт мектептері жұмыс істейді, онда 160 мыңдай оқушы тәрбиеленеді.
Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі болды.
Осы уақыттан бастап қазақстандық спортшылар әр түрлі халықаралық жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерге жетуде.
Біздің команда Наганода өткен қысқы олимпиадалық ойында 100 команда арасынан 11-ші орынды жеңіп алды. Атлантада біз (180 команда арасынан) 26-шы орынды иелендік. Мұның бәрі біздің қиыншылықтарға қарамастан жеткен жетістіктеріміз.
Әр олимпиада сайын ірі жетістіктерге кубалықтардан кейін 2-ші орынды жеңіп алған боксшылар жетіп жүрген боксшыларды ерекше атау керек.
Президент Назарбаевтың бастамасымен 1998 жылы тамыз айында тұңғыш рет бүкіл Қазақстандық ұлттық спорт ойындарының спартакиадасы өтті.
Енді Қазақстанның барлық облыстарының спортшылары өздерінің шеберліктерін, батылдықтары мен күштерін көрсетуге мүмкіндіктері бар.
Сидней олимпиадасында Қазақстан командасы 2 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Биылғы жылы олимпиада Қытай елінің Бейжің қаласында өтті. Еліміздің көптеген спортшылары өздерін әлемге танытты.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз.
2. Сөздікпен жұмыс жасаңыз.
3. Бейжің олимпиадасы туралы сұхбаттасыңыз.
11. Спорт кешенінде
- Марат, спорт залына барамыз ба?
- Әрине, бүгін волейболдан «Ректор кубогы» үшін жарыс болады.
- Қандай командалар ойнайды?
- Химия факультетінің студенттері мен биология факультетінің студенттері ойнайды.
- Олай болса барайық. Мен биология факультетінің жанкүйерімін.
- Сен ше?
- Мен де.
12. Шаңғы жарысы
- Шаңғы жарысы қашан болады?
- Ауа-райының қолайсыздығына байланысты келесі аптаға ауыстырылды.
- Сен шаңғы жарысына қатысасың ба?
- Иә, қатысамын. Өйткені шаңғы тебуді ұнатамын.
3.Мәтінмен жұмыс
Мәтін бойынша екі адамның сөйлесуін құрыңыз.
Мәтіннен 5 сұраулы сөйлем жасаңыз.
Мәтіннің ауызша әңгімелеп беріңіз.
СОӨЖ тапсырмалары
Ұлттық спорт
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз және аударыңыз
Қазақстанда спортқа әрқашан зор көңіл бөлінетін. 1991 жылдан бастап, Қазақстан халықаралық спорт жарыстарына тәуеліз мемлекет ретінде қатынасып жүр. Республикада олимпиада қозғалысын дамыту үшін Ұлттық олимпиада комитеті құрылды. 1994 Лиллехаммерде өткен ХVІІ қысқы олимпиада ойындарына алғаш рет қатынасты. Елде халықаралық дәрежедегі спортшылар көп. Елдің ұлттық құрама командалары үшін резерв дайындау ісіне көп көңіл бөлінеді. Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Степногорск қалаларында дарынды балалар үшін мектеп-интернаттары құрылған. Түрлі спорт құрылыстары салынуда. Астанада спорт сарайы, теннис корттары, стадион жұмыс істейді. Республикада жоғары дәрежелі спортшылар даярлау жүйесі жұмыс істейді. 291 спорт мектебі, 6 спорт шеберлігі мектебі жұмыс істейді. Онда 140 мыңға жуық балалар, жасөспірімдер және жастар жаттығады.
Қазақстан спортшылары Азиядағы күштілердің бірінен саналады. Олар Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея спортшыларына қуатты бәсекелестік танытады. Қазақстанның құрама командалары Азия орындарында табысқа жетуде. Әсіресе, боксшылардың жетістіктері байқалуда. Олимпиада жеңімпаздары Василий Жировты, Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимовты кім білмейді?! Жеңіл атлетикада, грек-рим күресі, шахматта да жетістіктер бар. 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының қорытындылары бойынша Қазақстанның спорттық делегациясы 199 қатынасушы елдердің арасында 22-ші орынды иеленді.
Тәуелсіздік алғаннан бері елде ұлттық спорт түрлерін жандандыру және дамыту жөнінде шаралар қабылданды. Бұл шаралардың нәтижелері кезек күттірген жоқ. Қазір ұлттық қазақша күреспен 20 мыңнан астам адам айналысады. Халық арасында көне тоғыз құмалақ ойыны танымал болып алды. Ұлттық ат ойыны көкпармен 2 мыңнан астам адам айналысуда. Бәйге, жорға жарыс, теңге алу, қыз қуу сияқты спорт түрлерінің бас июшілері де бар. Жыл сайын ұлттық спорт түрлерінің көпшілігі бойынша ресми чемпионаттар және республикалық турнирлер өткізіледі.
СӨЖ тапсырмалары
Атақты спортшылар. Баяндама дайындау
13- сабақ
Лексикалық тақырып.
Тағамтану. Ұлттық тағам.
Есімше категориясы.
1-тапсырма. Мәтінді мазмұндеп, аудару.
Тамақтану – баланың ағзасының өсуі мен дамуы үшін маңызды фактор. Дұрыс тамақтануды ұстану бала кезден қалыптасады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы Жолдауында «орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. ... спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі» деп атап айтқан.
Маңызды мәселелердің бірі мектепте оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру болып табылады.
Тамақтану, организмнің сыртқы ортамен жан–жақты байланысының көптеген түрлерінің бірі ретінде, зат алмасудың жалпы тізбегінде жетекші орын алады. Қоршаған ортадағы қолайсыз факторлардың 80% – і адамға тағам арқылы әсер ететіндігі анықталған.
Дүние жүзіндегі адамдар өлімінің 60% өнеркәсіп саласында өндіретін майлы, тәтті, тұзды азық-түліктерді пайдалану әдетінен жалпы әлемдік тағам рационындағы өзгерістерге тікелей байланысты.
Тамақтануға байланысты кемшіліктердің зардабы көптеген елдердің экономикасы мен денсаулық сақтау ісіне өз ауыртпалығын түсіріп отыр, ал әлемдік экономиканың жаһандануына байланысты, сол тағам мәселесі жалпы дүние жүзіндегі экономика дамуына да әсер етуде.
Қазіргі кезде тамақтану жеткіліксіздігіне шалдыққан адамдар саны мен дене салмағы артық адамдар саны теңесіп тұр. 1980 жылдан бастап тамақтану жеткіліксіздігіне шалдыққан адамдар саны біртіндеп азайып 1,2 миллиардқа жетті; ал дене салмағы артық адамдар саны керісінше көбейіп 1,7 миллиардқа дейін көтерілді және келешекте көбее түсу үрдісі байқалады, сөйтіп қазір дүниежүзінде 300млн. астам адам семіздік ауруына шалдыққан. Осы проблема туралы сөз қозғаған соң оның шешеіміне де тоқталып өтсек, семіздікке қарсы күрес жүргізу үшін халықты дұрыс тамақтануға үйрету қажет. Өкінішке орай, әлемнің көптеген елдерінде халықтың дұрыс тамақтану жөніндегі сауатын ашуға жұмсалатын қаржы көлемі, «тез арықтатамыз» деп жар салып жалған тағамдық қоспаларды, липосакция, артық майды сылып тастайтын косметикалық операцияларды жарнамалайға кететін шығынмен салыстырғанда түкке тұрмайды.
Денсаулық үшін қауіп–қатер факторларын жеңу – үкіметтің, мемлекет парламентінің және де салауатты өмір салтын ұстануға міндетті адамдардың жауапкершілігі екенін қоғам ұғу керек. Сонымен, өзінің денсаулығына деген жауапкершілікті барлық қауыммен де, жеке тұлға ретінде де қабылдау қажет. Медициналық көмек пен ауруға бағдарланған, емдеуге ғана негізделген әбден қалыптасып кеткен әдет–ғұрыптан арылу керек.
СОӨЖ тапсырмалары
Мейрамхана бизнесі