Ентігу– жиіленген жәнеқиналып тыныс алу

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен университеттің

барлық мамандығына арналған

Оқу әдістемелік материалдар

Глассарий

Апат- өзімен бірге аймақтық немесе ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайды, адам құрбандығын алып келетін ірі авария, қиратушы құбылыс.

Азаматтық қорғаныс –басқару органдарының мемлекеттік жүйесі, бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандарын және табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, қазіргі заманның зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларынан елдің аумағын қорғау мақсатымен жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар жиынтығы.

Аймақты тазалау– ТЖ пайда болғанда жиналған қауіпті заттарды іздеу, жинау және жою.

Акваланг –су астында дем алуға арналған аппарат.

Акья –тау жағдайларында жүктерді, зардап шеккендерді тасымалдауға арналған шана.

Ақпарат– қоршаған әлем және онда болып жатқан үрдістер туралы мәлімет.

Ангар– әуе техникаларының тұрағы мен жөнделуіне арналған ғимарат.

Анемометр –желдің бағыты мен биіктігін анықтайтын құрал.

Антибиотиктер –бактерия, вирустардың өсуін басатын, дәрілік заттар.

Антипиретиктер –қызуды төмендететін дәрілік құралдар.

Антисептик –залалсыздандырушы заттар.

Антициклон –тұрақты жоғарғы атмосфералық қысым аймағы.

Антропогендік ТЖ –адамның әрекетіне байланысты авария немесе апат.

Аңызақ- ауаның жоғарғы температурасындағы жел.

Альпеншток – ұзындығы1,5 м, қалыңдығы 3-4 м болатын, берік, ұшы өткір металл, дөңгелек таяқ.

Альтиметр –теңіз үстіндегі биіктік деңгейін анықтайтын құрал.

Апат –аумақтық немесе барынша ауқымды төтенше жағдайларды алып жүретін, адам құрбаны барүлкен авария, қиратушы құбылыс.

Абразия– теңіздердің, өзендердің, көлдердің, су қоймаларының жағалауларының толқындармен соғылуы.

Авария – технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, құралдар мен ғимараттардың зақымдануы.

Авариялық – қалпына келтіру жұмыстары – жоғарғы қауіптілікті және қиратудың жеке ошақтарын жою, коммуналдық жүйелеріндегі зақымдалуларды, аварияларды жою бойынша халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін аз болса да жағдай жасау, сонымен қатар санитарлық тазалау және аймақты залалсыздандыру, кезек күттірмейтін жұмыстар.

Авариялық – қалпына келтіру кұрылымдары – тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған құтқарушылар тобы.

Авариялық– құтқару қызметтері(АҚҚ) – авариялық – құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы – құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы – құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын авариялық – құтқару құрамаларын құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы.

Авариялық – құтқару жұмыстары -өрттерді өшіру мен жою, энергия және су көздерін авариялық өшіру, іздестіру, адамдарды құтқару, оларға көмек көрсету және көшіру бойынша бірінші кезекті жұмыстар.

Авариялық – құтқару күштері -ТЖ аймағында минималды қысқа уақыт ішінде құтқару және шұғыл жұмыстарды жүзеге асыруға арналған күштер.

Авариялық – құтқару құрамалары -негізінен арнаулы техникамен, жабдықтармен, құралдармен, аспаптармен, материалдармен және кинологиялық қызметімен қамтамасыз етілген жарақтандырылған құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе авариялық – құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым.

Авариялық – құтқару құралдары - техникалық, ғылыми – техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде байланыс пен басқарудың мамандандырылған құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың технологиясы жөніндегі техника, жабдықтар, құралдар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне – кино – фотоматериалдар, сондай – ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге құралдар.

Артерия –қанды жүректен барлық органдар мен ұлпаларға тарататын қантамыры.

Аусыл –адамға да жұғатын, малдардың жұқпалы ауруы.

Ауытқу –нормадан ауытқу.

Афтершоктар – жер сілкінісінің негізгі дүмпуілінен кейінгі жерасты дүмпуілі.

Әлсіздік – ағзаның жалпы әлсіз жағдайы.

Әсер –сезімдік елегізу.

Әуе апаты –әуе техникасының апаты.

Әуелетті қауіпті нысан – авария болуы мүмкін нысан.

Бағдар –орнын анықтау.

Бағыт-бағдар – қоршаған заттар мен көкжиектің жақтарына қатысты орынды анықтау.

Байдарка– жіңішке, жеңіл қайық.

Барлау– жергілікті ТЖ аймағын алдын ала тексеру.

Барометр – атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал.

Баспахана– картада масштабпен сәйкес жергілікті жердің көрінісі.

Баспаханалық карта – жергілікті жердің толық картасы.

Басқару пункті – ТЖ жою күштері мен құралдарын басқаруға арналған көліктік құрал немесе жабдықталған инженерлік ғимарат.

Батометр – судың берілген тереңдіктен сынамасын алуға арналған құрал.

Батпақ – тоған түбіндегі жабысқақ тұнба.

Бахилдар – қардан, ылғалдан корғау және аяқты жылылауға арналған аяқ киімнің сыртынан киілетін маталы құндақ.

Бейімделу– ағзаның өзгеріске бейімделуі.

Бекітпе тіреуіш – ғимарат бөліктерінің тұрақты болуына арналған білеу.

Белгі– орнын анықтайтын нәрсе.

Бивак (бивуак)– демалыс немесе түнеуге арналған орын.

Биологиялық қауіпсіздік– биологиялық – әлеуметтік ТЖ көздерін

туғызатын қауіптен халықтың, шаруашылық нысанының, өсімдіктердің, қоршаған ортаның қорғаныс жағдайы.

Биіктік– тік бойымен қашықтық.

Биіктік өлшеуіш– биіктікті өлшеуге арналған құрал.

Боран– қарлы дауыл, аяз, қарлы боран, бұрқасын.

Бөгет –су қоймаларында су деңгейін көтеруге арналған гидродинамикалық ғимарат.

Бөгетше– су массасын қоршауға арналған гидротехникалық құрылыс.

Буын– сүйектердің қозғалыстағы байланысы.

Бұрқасын– қардың қатты желмен жер бетімен өтуі, борасын.

Бұршақ– мұзды шар түріндегі атмосфералық жауын-шашын.

Бұлақ –жер түбінен шығатын су көзі.

Газқағар– газ бен түтіннен қорғайтын құрал.

Гидрокостюм– су өткізбейтін киім.

Гидросфера– жердің су қабаты.

Дауыл –қатты қиратушы жел.

Дабыл– қауіп туралы дабыл, мазасыздану, алаңдау.

Дегазация– қатты әсер ететін улы заттарды жою немесе бейтараптау.

Дезактивация– радиоактивті заттарды жою.

Дезинсекция– зиянкестерді жою.

Дезинфекция –жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою.

Депрессия– түңілу, психологиялық жағдай.

Дератизация– кеміргіштерді жою.

Дертке шалдығу– қандай да бір аурудың таралу деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.

Дефляция– құм немесе топырақ бөлігінің желмен үрленуі.

Диагностика– зардап шегушінің, аурудың жағдайын анықтау.

Дозиметрикалық бақылау– радиоактивті сәулелену дозасын анықтау.

Дүлей зілзала– ТЖ пайдаболғанзілзала.

Дүлей зілзала -бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

Дюльфер– адамның өз еркімен арқан арқылы биіктіктен жылдам түсуі.

Ентігу– жиіленген жәнеқиналып тыныс алу.

Естен тану –қысқамерзімде кенеттенестен тану.

Наши рекомендации