Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер
Көрсеткіштердің екі түрі бар:
Жалпылама сипаттама беретін:
· Қор қайтарылымдылығы – негізгі қордың әр бірлігінен шығарылатын өнім көлемі.
· Қор сыйымдылығы – өнімнің бірлігіне жұмсалатын негізгі қор мөлшері.
· Қорлармен қарулану деңгейі – бір адамға саналған негізгі қор құны.
Негізгі қорларды тиімді пайдалану жолдары
Кәсіпорында негізгі қорларды пайдалануды жақсарту жолдары:
- кәсіпорынды артық құралдардан, машиналардан босату және жалға беру;
- жаңа жағдайдағы, сапалы, жоспарлы, күрделі жөндеулер жүргізу;
- жоғары сапалы негізгі өндірістік қорды сатып алу;
- қызмет көрсетуінде персоналдың біліктілік деңгейін көтеру;
- негізгі қордың физикалық және моральдық тозуын шектен тыс болдырмай жаңа жағдайда жақсарту;
- кәсіпорынның жұмыс істеу ауысымының коэффициентін көтеру;
- өндірістік процеске қажетті шикізаттар мен материалдарды дайындаудың сапасын жақсарту;
- жаңа техника және прогрессивті технологияны, аз қалдықты, қалдықсыз технологияны енгізу;
- өндірісті біріктіру, мамандандыру.
Кәсіпорындағы негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатудың негізгі бағыттары ретінде инвестицияның үлесін негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігін, материалды емес активтерді, адам капиталын ұлғайтуға бағытталған негізгі өндірістік қорларды жаңарту тұжырымдамасын әзірлеу мен енгізуді; амортизациялық саясатты өзгерту есебінен өнімнің өзіндік құнының құрылымындағы амортизацияның үлесін жоғарылатуды; негізгі өндірістік қорларды экстенсивті пайдаланудан интенсивті пайдалануға көшуді жатқызуға болады. Мұның өзі қор қайтарымы, қормен қарулану және еңбек өнімділігі көрсеткіштері арасындағы арақатынасты жақсартуға мүмкіндік береді.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – жаңа құралдарды мүліктену, реконструкциялар, техникалық қайтақаруландыру, модернизация және капиталды жөндеулер жолымен оларды үздіксіз жаңарту үрдісі.
Ұдайы өндірістің екі нысаны бар:
- жай ұдайы өндіріс, негізгі құралдардың тозу шығындары амортизацияның есебімен сәйкестенгенеді;
- кеңетілген ұдайы өндіріс, негізгі құралдардың тозу шығындары амортизация есебінің сомасынан жоғары болған кезде.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің басты мақсаты – кәсіпорында негізгі қорларды сапалық және сандық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі үрдісінде келесі міндеттер шешіледі:
- әр түрлі жағдайларға байланысты істеп шыққан негізгі қорларды қалпына келтіру;
- өндірістің көлемін ұлғайту мақсатында негізгі қорларды көбейту;
- негізгі қорлардың түрлі технологиялық, жастық құрылымдарын жетілдіру немесе өндірістің техникалық жағдайын көтеру.
Негізгі қорлардың ұдайы өндіріс үрдісі түрлі көздер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың өндірісі үшін негізгі құралдар келесі арналар бойынша келуі мүмкін:
- кәсіпорынның жарғылық капиталы ретінде;
- капиталды салымдар нәтижесінде;
- міндетсіз беру нәтижесінде;
- аренда ретінде.
Негізгі құралдарды бағалау және олардың тозуы
Негізгі капитал (негізгі қорлар,айналымнан тыс активтер, негізгі құралдар) – бұл өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп, белгілі бір бөліктермен, бірнеше өндірістік цикл ішінде түсіретін және өзінің натуралдық-заттық формасын ұзақ уақыт бойы сақтайтын, жоғалтпайтын еңбек құралдары. Негізгі құралдар өндірістік (өндірістік процесіне қатысатын) және өндірістік емес (тікелей қолдануға арналған, өндірістік процеске қатыспайды: мед.мекемелер, мәдениет үйі, тұрғын үй) болып бөлінеді. Өндірістік қорлар өз кезегінде активті (өндірістік процеске тікелей қатысатын) және пассивті (өндірістік процеске жағдай жасайтын) бөліктерге бөлінеді. Негізгі қорлар натуралдық және ақшалай түрде өлшенеді. Натуралдық баға беру дегеніміз – олардың өндірістік сипаттамасын беру деген сөз.
Қолдану мақсатына қарай негізгі қор түрлері:
5. Ғимараттар (цехтер, қоймалар, т.б.);
6. Құрлыстар (көпір, тоннель, жолдар, т.б.);
7. Тасымалдау қондырғылары (құбырлар, электр тоғын тасымалдау желілері, т.б.)
8. Машиналар және жабдықтар:
а) Күш машиналары және жабдықтары (энергияның түрлерін шығарады);
б) Жұмыс машиналары мен жабдықтары (еңбек затына әсер етеді);
в) Өлшеу және реттеу аспаптары;
г) Есептегіш техника және т.б.
8. Көлік құралдары;
9. Құрал-сайман, қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болатын басқа құралдар);
10. Өндірістік және шаруашылық жиһаз;
11. Жұмысшы және өнім беретін мал;
12. Көпжылдық өсімдіктер;
13. Жер құнарлығын өсіруге қажет күрделі шығындар;
14. Басқа қорлар (мысалы кітапханалық қор).
Қызмет ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар негізгі қорларға жатпайды.
Тозу – негізгі қорлардың өндірістік процеске қатысу нәтижесінде өз құнын жоғалтуын сипаттайды. Негізгі қорлар оларды қолдануға немесе қолданбауға тәуелсіз тозуға ұшырайды. Тозудың екі түрі бар: табиғи және моральдык. 1)Табиғи тозу – негізгі қорлардың пайдалануға немесе қоршаған ортаның ықпалына байланысты өз тұтынушылық, өнімді қасиеттерін жоғалту процесі. Нәтижесінде жарамсыз боп қалады. Табиғи тозу коэффициенті келесі формула бойынша анықталады.2) Моральдық тозу – негізгі қорлардың құны экономикалық тұрғыдан төмендеуі (ғылыми-техникалық прогреске және әлеуметтік факторларға байланысты).
Өзіндік құнды төмендету факторлары
Өзіндік құн – өнім өңдіруге жіне өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі:
ӨҚ = М + А + ЕА
мұндағы М – материалдық шығындар, А – амортизация, ЕА – еңбек ақы.
Өзіндік құн бағаның бір бөлігі ретінде қарастырылады:
Б = ӨҚ + П + ҚҚС
Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік құн кәсіпорында өндірісі процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда.
Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады:
- Бағаны анықтау үшін
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін
- Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін
Өзіндік құнды барлық өнім бойынша, жеке оның түрлері, процестері, бөлшектері, бөлімшелер мен цехтер бойынша анықтауға болады.
Өндіріске кеткен шығындарды белгілі бір белгілерге қарай бөлуге болады. Шығындардың негізгі тобына келесі шығындар кіреді:
- экономикалық элемент бойынша (экономикалық мағынасына қарай) – барлық шығындар экономикалық біріңғайлығы бар жеке топтарға жинақталады (олардың пайда болу орнына және мақсатына тәуелсіз. Олардың негізгі түрлері:
Ø Материалдық шығындар – шикізат пен материалдардың қайтарылатын қалдық құнын алып тастағандағы құны.
Ø Еңбек ақы.
Ø Еңбек ақыдан жасалынатын әлеуметтік төлемдер-зейнетақы қорына, жұмыс бастылық қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына.
Ø амортизация.
Ø Басқа шығындар – жөндеуге кеткен, несие пайыздарын төлеу, айыпақылар, жарнама және т.с.с.
- шығын баптары бойынша: Шығын баптары деп бір немесе бірнеше экономикалық элементі бар шығындарды айтады. Калькуляция баптары шығындардың мақсатын және пайда болу орнын есебке алады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп өнім бірлігіне кеткен шығындарды анықтау процесін атайды.
Өзіндік құнды төмендету әртүрлі факторларға тәуелді болады. Ең негізгілерге келесіні жатқызуға болады:
1. өнім өңдіруді өсіру (тұрақты шығындар бойынша түсетін үнем арқылы).
B1 – өсіруге дейінгі өнім көлемі;
B2 – өнім шығарудың жаңа мөлшері.
Материал сыйымдылығын азайту (шикізат пен материалдар бойынша үнем болады).
өнім өңдіру өсімін еңбек ақы өсімінен жоғары етіп жасау (еңбек ақы бойынша үнем болады).
2. Жаңа техниканы енгізу арқылы, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру.
С1 – шараға дейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.
С2 – шарадан кейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны.
В2 – шарадан кейін шығарылатын өнім көлемі.
өнімнің қор сыйымдылығын азайту арқылы (амортизация бойынша үнем болады).
3. Қалдықтарды және жоғалтуларды азайту шараларын енгізу.
Іс жүзінде өзіндік құнның келесі көрсеткіщтері қолданылады:
1) Өндіріс шығындарының сметасы.
2) Өнім бірлігінің және тауарлық өнімнің өзіндік құны.
3) Өзіндік құнды төмендету көрсеткіштері.
4) Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.
Бүгінгі күні қолданылып отырған тəжірибеде көрсетілгендей құрылыс кəсіпорындары калькуляциялық шығындар баптарын қолданады, яғни:
1) материалдар;
2) жұмысшылардың еңбекақысы;
3) құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану үшін кеткен шығындар;
4) үстеме шығындар.
Өндірісті шоғырландырудың төрт нысаны
Өндірісті шоғырландырудың төрт нысаны бар:
• агрегаттық;
• технологиялық;
• зауыттық;
• ұйымдастырушылық.
Олар екі жолмен дамиды: экстенсивті және интенсивті.
Агрегаттық щоғырландыру – бұл жабдықтың бірліктік қуатын жоғарылатуды білдіреді, яғни машина мен агрегаттардың өнімділігін берілген техника даму деңгейі үшін максималды артуы мен өнім шығысы бойынша жиынтық қуаттағы үлкен қуатты агрегаттардың үлесінің артуы болып табылады. Агрегаттық шоғырландыру ғылыми-техникалық прогрессті бейнелейді және өнеркәсіптің барлық салаларында тек интенсивті жолмен дамиды.
Технологиялық шоғырландыру – технологиясы біртектес өндірістердің размерлерін ұлғайтуды білдіреді. Технологиялық шоғырландыру агрегаттық шоғырландырудан күрделі. Ол интенсивті жолмен, яғни агрегаттық шоғырландыру базасында және экстенсивті жолмен, яғни агрегаттық шоғырландырудың өзгеріссіз деңгейінде өндіріс құрамында біртектес жабдық бірліктерінің санын арттыру жолымен де дамиды.
Зауыттық шоғырландыру – күрделі кәсіпорындар ауқымын ұлғайтуды білдіреді. Зауыттық шоғырландыру ұлғаюы, яғни кәсіпорынның іріленуі үш жолмен жүзеге асырылады. Оның бірі интенсивті – технологиялық шоғырландыру есебінен біртектес өндіріс ауқымының өсуі; қалған екеуі экстенсивті – кәсіпорындар құрамында өндірістер санын көбейту есебінен, яғни оның құрылымының күрделенуі немесе ұйымдастыру-шаруашылық шоғырландыру есебінен, яғни өндіріс техникасы мен ұйымдастыруында ешқандай өзгеріс енгізбей-ақ бірнеше кәсіпорындардың бір кәсіпорынға жай бірігуі жолымен жүзеге асырылады.
Ұйымдастыру-шаруашылық шоғырландыру – өндірістік бірлестіктерді құруды және майда кәсіпорындарды әкімшілік біріктіруді білдіреді. Бұл біріктірілетін кәсіпорындарда олардың техникалық қайта жарақтану базасында өндірісті шоғырландыру үшін алғышарттарды құруға тиісті басқарудың орталықтандырылуы болып табылады.
Өндірісті шоғырландырудың экономикалық тиімділігіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Ішкі өндіріс факторлары бір жағынан тиімділіктің құралуына (интенсивті шоғырландыру барысында) көмегін тигізсе, ал екінші жағынан оны шектеуді (экстенсивті шоғырландыру барысында).
Сыртқы өндіріс факторлары әр уақытта шоғырландыру тиімділігін шектеуші ретінде ғана пайда болады.
Сыртқы өндіріс факторларға (шоғырландыру тиімділігін шектеуші факторларға) - транспорттық, шикізаттық, еңбек ресурстары, табиғаттық (географиялық), оның ішінде сумен қамтамасыз ету факторлары, уақыт факторлары жатады.
Өнеркәсіптегі өндірістің оптималды ауқымы деп жоғары тиімділікпен және белгіленген мерзім ішінде минималды шығындармен дайындалатын өнім өндірісі бойынша жасалатын келісім шарт пен талаптарды қамтамасыз ететін ауқымын айтамыз.
Кәсіпорынның оптималды ауқымын сипаттаушы көрсеткіштері ретінде физикалық бірліктермен берілген негізгі өндірістің бекітілген қуаты (мың кВт) немесе натуралдық бірлікпен берілген өнім шығысы қызмет етеді.
Әрбір кәсіпорын белгілі бір жағдайларда өндірістің максималды экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан оның оптималдық ауқымын негіздеу барысында шоғырландырудың экономикалық тиімділігіне нақты әсер етуші көптеген факторларды ескеру қажет.
Кәсіпорынның оптималды ауқымын негіздеу шоғырландырудың барлық формаларының тиімді деңгейін қамтамасыз етуі керек (агрегаттық, технологиялық, зауыттық). Сондықтан кәсіпорын ауқымын оптимизациялау міндеті екі кезеңнен тұрады: ең алдымен өндірістің оптималды размерлері анықталады; содан соң олардың бір кәсіпорындағы оптималды үйлесуі анықталады.
Өндірістік инфрақұрылымның экономикалық мәні
Өндірістік инфрақұрылым – өндірістің жалпы жағдайын қалыптастырушы шаруашылық салаларының жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылым қоғам мен адам факторларын ескере отырып, әлеуметтік жағдайды жақсартуға, халықты жұмыспен, материалдық және рухани қажеттілікпен қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. Мемлекет өндірістік инфрақұрылымды дамыта отырып, өндірістік үдерістердің ұтымды жұмыс істеуіне экономикалық, өндірістік және технологиялық жағдайлар тудырады. Халықаралық өндірістік инфрақұрылым – ұлттық көлік жүйесі, байланыс және ақпарат таратушы жүйе элементтерінің жиынтығы. Ол халықаралық қарым-қатынасқа, ішкі экономикалық байланыстарға қызмет етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту аймақтың еңбек бөлінісінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады және екі жаққа тиімді халықаралық шаруашылық байланыстарын қалыптастырады. Эконикалық жаһандану дәуірінде өндірістік инфрақұрылым халықаралық аумақтық еңбек бөлінісінде дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын күшейтуге өзіндік септігін тигізетін элемент.
Ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылым жүйесінің қазіргі ұйымдастыру-басқару құрылымы өндірістік қызметтің көптеген түрлері мен нысандарынан қалыптасқан. Ол келесілерді қамтиды: ауыл шаруашылығы техника мен мал шаруашылығы фермаларының жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, материалдық техникалық жабдықтау, көліктік қызмет көрсету, ауылдағы агрохимиялық және малдәрігерлік қызмет, егін шаруашылығы жұмыстарын жүргізу барысында түрлі қозғалмалы механикаландырылған топтармен жұмыс жүргізу, агроқұрылымдарға өндірістік қызмет көрсету. Қазіргі уақытта берілген құрылымдарда сандық және сапалық өзгерулердің болуын атап айтқанда, жөндеу техникалық кәсіпорындардың қозғалмалы механикалық бөлімшелерінің және агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымдың өндірістік бөлімшелерінің негізінде коммерциялық негізде шаруашылықтарға қызмет көрсететін кең ауқымды жұмыс атқаратын машина-технологиялық бекеттер (МТБ) құрылуда. Агроөнеркәсіптік өндірісінің жаңа және жетекші буыны МТБ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге кеңінен қызмет көрсететін топ болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылық өндірістік инфрақұрылымдық кәсіпорынның дамуының стратегиялық бағыттарын жүйелі және экономикалық негізде төмендегідей анықтаса болады:
а) нарыққа ену немесе қызметті толық жетілдіруі. Тап осы стратегиялық бағытты таңдауы сәйкес қызметтер нарығында үлес салмағын ұлғайту мақсатында қажетті инфрақұрылымдық кәсіпорынға маркетингтік іс-әрекеттерді жүргізу, атап айтқанда :
- қызметтердің жаңа пайдаланушыларды тартуы, жарнама, сапалық қызметтерді жоғарылату, тиімді шарттарды ұсыну, сауда жеңілдіктерін беру, бәсекеслестердің қызметіндегі кемшілктерді ескеруі. Мұндай бағыт үлкен қаржылық шығындарды талап етеді, себебі, “технологияға салымдар бәсекелестердің бағаларына қарағанда салыстырмалы түрде көп шығындарды қосады”;
- бәсекелес кәсіпорындармен бірігу немесе жойылуы.
б) қызметтер нарығының дамуы. Бұл стратегия қызмет көрсету нарығындағы жаңа сегменттерді іздеуіне бағытталған шағын өндірістік қызмет ету түрлерін игеру. Егер қызмет көрсететін кәсіпорын негізгі өндірісінде қызметтер көрсетсе, осы стратегия арқылы ол олардың қосымша көрсететін қызметтердің әртараптығын кеңейте алады. Сонымен қатар, шаруашылықтарға өз ұсыныстарымен кәсіпорындар шығуы мүмкін, басқа аудандар және аймақтарда қызмет көрсететін кәсіпорындар үшін қызметтің басымды бағытытары болып шаруашылықтарың тозған ауыл шаруашылық техникасын сатып алып, оны қалпына келтіріп және ауылдық тауар өндірушілерге жоғары бағалармен қайтадан сату болып табылады. Осы жағдайда қызмет көрсететін кәсіпорын өндіруші-зауыттармен шығарылатын жаңа ауыл шаруашылық құралдар нарығының бір бөлігін қамтиды және шаруашылықтардың өздері салыстырмалы техникалық деңгейде жөндеп және қалпына келтіріп ауыл шаруашылығы саласындағы техникалық қызметтер көлемінің тез орындалуына ықпал етеді.
в) жаңа өнімдерді (қызметтерді) таңдау. Осы стратегия қызметтердің жаңа түрлерін құрып, атқарылып жүрген қызметтерді жетілдіріп, олардың көлемін ұлғайтуды мақсат етеді. Осы жағдайда кәсіпорындар қызметтер нарығындағы бар және белгілі тұтынушылардың бар қажеттіліктерін ескере отырып қосымша нарықты іздейді. Мысалы, Машина технологиялық бекеттер (МТБ) өсімдік шаруашылығына қызметтерді көрсетуде, жерді өңдеуде, ауыл шаруашылық дақылдарын жинауда, жаңа өнімділігі жоғары технологияларды бір мезетте енгізе алады.
г) маңызды стратегиялық басымды бағыт - жаңа өнім түрлерін әзірлеумен байланысты әртараптандыру, қызметтердің жаңа нарықтың бөлімшелерін игеруімен бірге байланысты. “... әртараптандыру – бұл жаңа салаларға шаруашылық қызметтерін таратуы (пайдалануға берілетін қызметтердің түрлерін кеңейту, қызметтің аумақтық салалары және т.б.). Тар мағынада әртараптандыру деп негізгі қызметке функционалды тәуелді немесе тауар өндірістік байланысы жоқ сала кәсіпорындарының нарыққа енуі деп түсініледі”. Кәсіпорындар қызметтер нарығының шамадан тыс толуы жағдайында және сұраныс азайып, бәсеке күшейген жағдайда, сонымен қатар ағымдағы қызметке қарағанда жоғары жұмылдырылатын салаларға инвестициялауға тиімді жинақталған еркін қаржы ресурстары болған жағдайда әртараптандыруды жүргізу туралы шешім қабылдау қажет
Пайданы бөлу
Пайда — шаруашылық қызметтің нәтижесін сипаттайтын экономикалық категория. Кәсіпорын балансында көрсетілетін пайда баланстық деп аталады.
Баланстық пайда үш элементтен тұрады:
1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда
Пс=Тс-сыз - ӨҚ |
мұндағы Тс-сыз. — ҚҚС-сыз, акцизсіз өнімді өткізуден түсетін табыс; ӨҚ— өзіндік құн
2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда
Пб.с.= Тс - Мқк |
мұндағы Тс — сатудан түскен табыс (ҚҚС-сыз); Мқк— мүліктің қалдық құны.
3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар.
Өткізуден тыс табыстарға келесі жатады:
· Басқа кәсіпорындар қызметіне қатысу үлесіне қарай алған табыстар;
· Кәсіпорынның бағалы қағаздары бойынша;
· Мүлікті жалға беру арқылы;
· Борышқорлардан түскен айып-ақылар, пенялар, айып төлемдер;
· Валюталық шоттардың кәсіпорын үшін оң курстық айырмалары және т.с.с.
Өндірістен тыс шығындарға келесі жатады:
· Сотқа кеткен шығындар;
· Кәсіпорын төлейтін айып-ақылар, пенялар, айып-төлемдер;
· Стихиялық аппаттан болған жоғалтулар
· Ұрлаудан болған шығын;
· Валюталық шоттар бойынша кәсіпорын үшін теріс кустық айырмалар және т.с.с.
Пайданы бөлу: Баланстық пайдадан салықтар және банк несиесі үшін төленетін пайыз алынады. Сонда таза пайда шығады. Осы таза пайданың құрамынан сақтық қор құрылады (акционерлік қоғамдарда 25 % жалпы Жарғылық капиталдан). Одан кейін арнайы қорлар құрылады (өндірісті дамыту қоры, тұтыну қоры, ерекше даму қоры). Сонымен қатар, пайдадан дивидендтер төленеді (акционерлік қоғамдарда).
Кәсіпорында сондай-ақ, маржинальды табыс анықталады. Ол өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмаға тең. Оның көмегімен әр өнімнің жалпы кәсіпорын пайдасын құрастырудағы үлесін анықтауға мүмкіндік береді.