Амортизация, оны есептеу және негізгі капиталды жаңалаудағы оның ролі
Амортизацияны есептеу әдісі деп,әдетте,негізгі қорлар қорынң орнын толтыру тәсілі тусініліді.Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге қызмет мерзім ішіндегі негеізгі қорлар құнының орын толтыру тіртібі де кіреді. Амортизациялық мөлшерлерді анықтау кезінде негізгі қор құнының орнын толтыру қағидасы мен мөлшерлерді қолданылу уақытында ескеру қажет. Амортизацияны келесі есептеуде келесі әдістер қолданылуы мүмкін: а)құнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептеп шығару әдісі; ә)құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе тең мөлшерде есептеп шығару әдісі(өндірістік әдіс); б)есептеудің жеделдетілген әдісі: қалдық құнының кему(қалдықты азайту) әдісі, сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі(кумулятивтік әдіс)Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісі. Негізгі капиталдың кейбір түрлері пайдаланылу барысында дәл тиімді қызмет етеді. Сонымен қоса, технологияның тез жетілуіне байланысты құрал жабдықтың сапасы жылдам ескереді. Сол себепті өндіріске ғылыми техникалық жетістіктерді енгізуге жеделдетуге қолайлы қаржылық жағдай туғыз мақсатында негізгі капиталды жаңғыртуға мүдделі субьектілер амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісін қолдана алады. жеделдетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі капиталды өздерінің белгіленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады. Бұл әдістерді қолдану барысында негізгі капитал алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелінетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым асып түседі. Өйткені негізгі капиталдың алғашқы пайдалану, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабілеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ, амортизациялық аударымды есептеудің жоғарыда аталған есептеп шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріп есептеу қағидасына негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технолоияны мейлінше жетілдіруге, жаңартуға орай жабдықтардың, яғни негізгі капиталдың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алынуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізгі капиталды жаңа өнімділігі, басқа да жақтары тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жеделдетіп есептеп шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелденген жағдай негізгі капиталды жөндеу шығындарына байланысты. Олар, яғни жөндеу шығындар, негізгі капиталды пайдалану кездерінің бастапқы уақытына емес, соңғы уақытына қарай өсе бастайды. Егер де негізгі капиталға жеделдетіп есептеп шығару деп аталатын амортизациялық аударым әдісін қолданған жағдайда шығындардың қосындысын, негізгі капиталдың пайдаланылуы барысында бірнеше жыл бойы қалыпты деңгейде болады. Нәтижесінде негізгі капиталдың пайдалану баысында ұйымға келтіретін пайдасы бір қалыпты мөлшерде болып қалады.Амортизацияның еептеуді жеделдетілген әдісінің екі түрі болады:-сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (кумулятивтік)-қалдық құнын кеміту(қалдықты азайту) әдісі Кумулятивтік әдіс-латын тілінен аударғанда өсу, жинау деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосу арқылы қосу сомасы есептелінеді, демек нысанның қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.Азайып отыратын қалдық әдісі.Бұл әдіс те кумулятивтік әдістің қағидаларына негізделген. Оны түзу сызықты әдісте амортизациялық мөлшердің екі еселенген түрін қолданып отыратын қалдық әдісі деп те атайды. Бұл жағдайда жылдан жылға амортизация сомасы кеми береді және алғашқы жылдары ол едәуір жоғары болады. Амортизацияны есептеуде болжамды қалдық құны ескерілмейді.Амортизацияны санаудың жеделдетілген әдісі басқа әдісітермен салыстырғанда амортизацияны негізгі капиталдың теңдестік құнына, өндіріс және айналым шығындарына толығымен көшіру мақсатында жедел түрде санау әдісі болып табылады.Бір қалыпты жеделдетілген әдіс бойынша амортизациялық мерзімді қысқарту үшін амортизациялық аударым мөлшері ұлғайтыла береді. ҚР-да 1997 жылы 1қаңтарынан бастап, елдегі өнеркәсіп саласында негізгі қорларға жеделдетілген амортизация қолдануға рұқсат етілген. Қолданыстағы нормативті ережелерге сәйкес, кәсіпорындар жеделдетілген амортизацияны қолдану кезінде оны есептеудің бір қалыпты (сызықтық) әдісін пайдалануы тиіс болаты және мұнда жылдық амортизациялық аударымдар мөлшері ұлғайып отырады, бірақ екі еседен асырылмайды
Амортизацияны есептеу әдістері.Амортизацияны есептеу әдісі деп,әдетте,негізгі қорлар қорынң орнын толтыру тәсілі тусініліді.Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге қызмет мерзім ішіндегі негеізгі қорлар құнының орын толтыру тіртібі де кіреді. Амортизациялық мөлшерлерді анықтау кезінде негізгі қор құнының орнын толтыру қағидасы мен мөлшерлерді қолданылу уақытында ескеру қажет. Амортизацияны келесі есептеуде келесі әдістер қолданылуы мүмкін: а)құнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептеп шығару әдісі; ә)құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе тең мөлшерде есептеп шығару әдісі(өндірістік әдіс); б)есептеудің жеделдетілген әдісі: қалдық құнының кему(қалдықты азайту) әдісі, сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі(кумулятивтік әдіс)Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісі. Негізгі капиталдың кейбір түрлері пайдаланылу барысында дәл тиімді қызмет етеді. Сонымен қоса, технологияның тез жетілуіне байланысты құрал жабдықтың сапасы жылдам ескереді. Сол себепті өндіріске ғылыми техникалық жетістіктерді енгізуге жеделдетуге қолайлы қаржылық жағдай туғыз мақсатында негізгі капиталды жаңғыртуға мүдделі субьектілер амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісін қолдана алады. жеделдетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі капиталды өздерінің белгіленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады. Бұл әдістерді қолдану барысында негізгі капитал алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелінетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым асып түседі. Өйткені негізгі капиталдың алғашқы пайдалану, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабілеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ, амортизациялық аударымды есептеудің жоғарыда аталған есептеп шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріп есептеу қағидасына негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технолоияны мейлінше жетілдіруге, жаңартуға орай жабдықтардың, яғни негізгі капиталдың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алынуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізгі капиталды жаңа өнімділігі, басқа да жақтары тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жеделдетіп есептеп шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелденген жағдай негізгі капиталды жөндеу шығындарына байланысты. Олар, яғни жөндеу шығындар, негізгі капиталды пайдалану кездерінің бастапқы уақытына емес, соңғы уақытына қарай өсе бастайды. Егер де негізгі капиталға жеделдетіп есептеп шығару деп аталатын амортизациялық аударым әдісін қолданған жағдайда шығындардың қосындысын, негізгі капиталдың пайдаланылуы барысында бірнеше жыл бойы қалыпты деңгейде болады. Нәтижесінде негізгі капиталдың пайдалану баысында ұйымға келтіретін пайдасы бір қалыпты мөлшерде болып қалады.Амортизацияның еептеуді жеделдетілген әдісінің екі түрі болады:-сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (кумулятивтік)-қалдық құнын кеміту(қалдықты азайту) әдісі Кумулятивтік әдіс-латын тілінен аударғанда өсу, жинау деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосу арқылы қосу сомасы есептелінеді, демек нысанның қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.Азайып отыратын қалдық әдісі.Бұл әдіс те кумулятивтік әдістің қағидаларына негізделген. Оны түзу сызықты әдісте амортизациялық мөлшердің екі еселенген түрін қолданып отыратын қалдық әдісі деп те атайды. Бұл жағдайда жылдан жылға амортизация сомасы кеми береді және алғашқы жылдары ол едәуір жоғары болады. Амортизацияны есептеуде болжамды қалдық құны ескерілмейді.Амортизацияны санаудың жеделдетілген әдісі басқа әдісітермен салыстырғанда амортизацияны негізгі капиталдың теңдестік құнына, өндіріс және айналым шығындарына толығымен көшіру мақсатында жедел түрде санау әдісі болып табылады.Бір қалыпты жеделдетілген әдіс бойынша амортизациялық мерзімді қысқарту үшін амортизациялық аударым мөлшері ұлғайтыла береді. ҚР-да 1997 жылы 1қаңтарынан бастап, елдегі өнеркәсіп саласында негізгі қорларға жеделдетілген амортизация қолдануға рұқсат етілген. Қолданыстағы нормативті ережелерге сәйкес, кәсіпорындар жеделдетілген амортизацияны қолдану кезінде оны есептеудің бір қалыпты (сызықтық) әдісін пайдалануы тиіс болаты және мұнда жылдық амортизациялық аударымдар мөлшері ұлғайып отырады, бірақ екі еседен асырылмайды
Арнаулы экономикалық аймақтарда қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салудың ерекшеліктеріАрнайы экономикалық аумақтарда қызметін жүзеге асыратын ұйымдар -арнайы экономикалық аумақтардың аумағындағы салық органдарының тіркеу есебінде тұрған, арнайы экономикалық аумақтарынан тыс жерлерде құрылымдық бөлімшелері жоқ және арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің мынадай түрімен айналысатын:бағдарламалық қамтамасыз ету, деректер базасын және ақпараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу , дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға арналған аппаратураларды жасаудың және өз өндірісі тауарларын өткізуден алуға жататын табыстары жылдық жиынтық табыстың кемінде 90% құрайтын заңды тұлғалар.
Қызметін арнайы экономикалық аумақтарда жүзеге асыратын ұйымдарға жатпайтындар:
1. Жер қойнауын пайдаланушылар;
2. Акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;
3. Арнаулы салық режимдерін пайдаланатын ұйымдар;
4. Преференцияларды қоладнылатын ұйымдар.
Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуі кодексте көрсетілген ережелерді ескере отырып, белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде кодекске сәйкес есптелген КТС- ның сомасы 100% азайтылады.
Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында орналасқан және кодекске сәйкес көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша:
1. Жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэф;
2. Мүлік салығын есептеу кезінде салық салу объектілерінің жылдық құнына 0% ставка қолданылады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойыншасалық кезеңі салық есептілігін берудің тәртібі мен мерзімдері кодекске сәйкес айқындалады.
Артықшылықты акцияларды бағалау. Артықшылықты акцияларды бағалау.Артықшылығы бар акциялар гибридті құрал болып табылады. Олар бір жағынан облигацияларға, 2 жағынан жай акцияларға ұқсас.
Облигациялар сияқты артықшылығы бар акциялардың номиналдық құны және дивидендтің тұрақты сомасы болады. Олар жай акциялар бойынша дивидендтер төлегенге дейін төленеді. Алайда егер фирма табысы жеткіліксіз болса, онда компания банкрот болуы мүмкін. Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендті төлеу мерзімсіз аннуитетті болса, онда мұндай акциялардың бағасы Vp келесідей болады:
Мұндағы:
артықшылығы бар акциялардың бағасы
дивидендтер
инвестицияларға қажетті табыстылық.
Мысалы, див – 10 долл
Кр – 10 %
Ауылшаруашылық өнімін өндірушілерді дамытуға арналған салықтық ынталандырулар .Ауыл шаруашылық өнімдерін заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі патент негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғалардың:
1. жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді ұқсату және өткізу жөніндегі;
2. толық кезеңді мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының, ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай ақ өзі өндірген осы өнімдерді ұқсту және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.
Мына аталғандардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға құқы жоқ:
1) еншілес ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалар;
2) заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері;
3) осы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғалардың аффилирлендірілген тұлғалары болып табылатын заңды тұлғалар.
Аффилирлендірілген тұлға болып шешімдерді тікелей және жанама айқындауға және көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және өзге мәмілеге сәйкес байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлғаға қатысты осындай құқығы бар тұлға танылады.
Күнтізбелік жыл патент құны есебіне енгізілген салықты есептеуге арналған салық кезеңі болып табылады. Патент беру тәртібі. Арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша патент алуға өтініш береді.салық кезеңінің басында патент құнының есебіне енгізілген салық сомаларын есептеу:
1) корпорациялық табыс салығын және қосылған құн салығын белгілеу кезінде өткен бес жыл ішіндегі шаруашылықтың табысы мен шығындарының көрсеткіштері негізінде жүргізіледі.
2) әлеуметтік салықты анықтау кезіде белгіленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығыстарына белгіленген ставканы қодану арқылы жүргізіледі.
3) Жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақының мүлік салығы мен көлік құралдары салығының сомасы жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4)
ӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘ
Әлеуметтік салық: мәні, алыну механизмі. Салыктар- занды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде, мерзімде мемлекеттік бюджетке теленетін міндетті төлемдері.Әлеуметтік салық.ҚР-ғы негізгі салықтардың бірі б.т Ол 1999 ж бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға; зейнетақы қоры, мем/к әлеу/к сақтандыру қоры, міндетті мединицалық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымның орнына енгізілген еді.Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мем/к бюджеттің 15-16% құрайды.Әлеуметтік салықты төлеушілер мыналар:1) дара кәсiпкерлер; 2) жекеше нотариустар, адвокаттар; 3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары; 4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер.Салық салынбайтындар:1)Мемлекеттер, халықаралық ұйымдар;2)ҚР президенті н/се Үкімет белгілеген степендия, сыйақылар;3)Спорт жарысында,байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін белгіленетін ақшалай наградалар;4)Пайд/н еңбек демалысы үшін жұмыс берушілердің қызметкерлерге төлейтін өтемдері;5)ҚР ң заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметтің міндетті зейнетақы жарналары.Әлеуметтік салық ставкалары:1. Әлеуметтiк салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі;2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өзi үшiн тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің екi еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi. 3. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi.Әлеуметтiк салықты төлеу:Егер салық Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.Әлеуметтiк салық бойынша декларация:Төлеушілер әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
Әлеуметтік сфераға жұмсалынатын шығыстардың құрамы мен құрлымы.Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар;2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі:4) білім беру:5) денсаулық сақтау:6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру:Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; мемлекеттік арнайы жәрдемақылар; арнайы мемлекеттік жәрдемақылар; зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы; бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; баланы бір жасқа толғанға дейін бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы; экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік көмек; әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік төлемдер; саяси қуғын-сүргін құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасы ның заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік төлемдер; Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеттемелері болып табылатын әлеуметтік төлемдер; оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету;7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі:10) көлік және коммуникациялар:11) экономикалық қызметті реттеу:12) басқа да бағыттар
БББББББББББББББББББББББББББББББ
Бағалы қағаздар нарығының желісі. В коэффициенттінің тұжырымдамасы. Құнды қағаздар рыногының желісі. b-коэффициентінің концепциясы. (тұжырымдамасы)
β коэффициенті ол бағалы қағаздың жалпы рыноктағы өзгерістеріне және сезімталдылығымен сипатталынады.
β коэффициенті 1-ден жоғары болып көрсетілсе, онда бағалы қағаз тәуекелі жоғары рыноктік портфельмен салыстырғанда β коэффицентінің оңайлатылған түрі тәуекел капиталының активтерінің бағалаушы моделі болып келеді.
Коэффициент β рассчитывается по формуле:
β – коэффициентін инвестициялық жобалар мен бағалы қағаздар мінездемесіне талдау жүргізі кезінде кең қолданылады. β – коэффициентінің бағалы қағаздар портфелінің мінездемесі ретінде және әртүрлі активтердің тәуекелдіктеріне баға беру үшін керек. Портфель тиімділігінің бағалылығы негізінен портфель мінездемесін рынок мінездемесімен толық салыстырады.
β регрессия коэффициенті – диверсификациялауға көнбейтін жүйелі қатердің (тәуекелдің) сандық өлшемі. β – коэффициенті бар, 1-ге тең құнды қағаз жалпы рыноктағы іс-әрекеттті қайталайды. Егер коэффициент мәні 1-ден артық болса, онда құнды қағаз реакциясы рыноктың өзгерісінің алдында жүреді (озады). Осындай қаржылық активтің жүйелі қатері орташадан жоғары болады. β – коэффициенттері 1-ден төмен (0-ден жоғары) активтердің қатері анағұрлым төмен. β – коэффициенттері тұжыымдамасы қаржылық активтерді бағалау моделінің (САМР) негізін құрайды.
Бағалы қағаздар рыногы, оның экономикадағы рөлі. Бағалы қағаздардың рыногы. оның экономикадағы рөлі.Бағалы қағаздар – иеленушiлерiне мүлiктiк құқықтар мен белгiлi бiр ақша сомаларын алуға құқық бepeтiн ақшалай немесе тауарлық құжaттap. Бағалы қағаздардың сыныптамасы.Эмиссuялық бағалы қағаздар – бұл бiр эмиссия шегiнде бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi болатын, осы эмиссия үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналысқа түceтін бағалы қағаздар. Олар мемлекеттiк және мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып білiнедi. Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергiлiктi атқарушы орган немесе Ұлттық банк болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз болып табылады. Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаз –Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттiк емес ұйымдap шығаратын акциялар, облигациялар және өзге бағалы қағаздар. Көпшілікке танымал баяндауда бұл – корпоративтік бағалы қағаздар.Инвестuциялық (капиталдық) бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың объектiсi болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлiк өзара шарттар және басқалары).Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа рыноктарда ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көpceтeтiн бағалы қағаздар.Эмитенттің құқықтық мәртебесiн, инвестициялық және кредиттiк тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қоpғay кепілдікктерін және басқа факторларды ескере отырып қоp бағалы қағаздары үш топқа бөлiнедi: мемлекеттiк, муниципалдық және мемлекеттiк емес.Мемлекеттiк бағалы қағаздар – бұл мемлекеттiк iшкi борыштың болуының нысаны; эмитентi мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттiк бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.Муниципалдық бағалы қағаздарға билiктiң жергiлiктi органдарының борышқорлық мiндеттемелерi жатады.Мемлекеттiк емес бағалы қағаздар корпоративтiк және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келедi. Корпоративтiк бағалы қағаздар болып кәсiпорындардың, ұйымдapдың, банктердiң борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.Акция – акционерлiк қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түpi мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуғa және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкiнiң бiр бөлiгiн акционерлердiң алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.Облигация – ұстаушысына (иесiне) оның белгiленген құнының тiркелген пайызы түрiнде табыс түcipeтiн бaғалы қағаз; мемлекет немесе кәсiпорын iшкi қарыз шығару кезiнде белгiлi бiр шарттар негiзiнде беретiн борыштық мiндеттеме; жалған капитал нысандарының бiрi. Облигация өзiнiң ұстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетiлген сыйақыны (мүдденi) не өзге мүлiктiк құқықты алуына құқық бередi. Облигацияның нақтылы құны – облигация құнының ол шығарылған кезде белгiленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетiлетiн сыйақы есептелетiн ақшалай тұлғасы, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома.Қазынашылық мiндеттемелер ерiктi негiзде халық арасында таратылатын мемлекеттiк бағалы қaғаздың түpi, ол иелерiнiң ақшаны бюджетке аударғанын куәландырады және осы бaғалы қағаздарды бүкiл иелену кезеңiнде тiркелген табыс алуына құқық бередi.Боналар – мемлекеттiк қазынашылық, муниципалдық органдар, мекемелер, фирмалар шығаратын және ұстаушылары сатып алу және төлем құралдары ретiнде пайдаланылатын борышқорлық мiндеттемелер.Бүгiнде айналыста мына бағалы қағаздар жүр: Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноталары, Қаржы министрлiгiнiң бағалы қағаздары (МЕККАМ, МОИКАМ, МУИКАМ, МЕОКАМ, МEУКAМ, МАОКО және басқалары), муниципалдық бағалы қағаздар.Ұлттық банктiң қыcқа мерзiмдi ноталары 7 күннен 1 жылға дейiн айналыс мерзiмiндегi мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады. Олар aқшaлай-кредиттік саясаттың мақсаттарын iскe асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшiн пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан берi шығарылып келеді.Депозит және банк сертификаттары – жинақақшаны тарту үшiн тек қaнa банктер шығаратын бағалы қағаздар. Бұл айналмалы бағалы қағаздар болып табылады, яғни олар бойынша талап құқығы басқа тұлғаларға қайтуы (шегiнуi) мүмкін. Депозит және жинақ ақша сертификаттарының Қазақстандық практикада қабылданған негiзгi айырмашылығы депозит сертификаттарының иелерi заңи тұлғалар, ал жинақ ақша сертификаттарының иелерi жеке тұлғалар бола алатындығына.Фьючерстiк операцuялар – биржалардағы мерзiмдiк мәмiлелер, олардың мәнici қаржылық және кредиттік құралдарды шикiзат тауарларын, алтынды, валютаны мәмiле жасау сәтiнде тiркелетiн бағамен сатып алуда және сатуда, бұл орайда операциялар белгiлi бiр уaқыт аралығында (2-3 жылға дейiн) орындалады.Своптар кезiнде шұғыл жеткiзiлiм шартымен («спот» мәмілесі) қайсыбiр активтi – қор құндылықтарын, валютаны, басқа заттарды, тауарларды сатып алу (сату) жінiнде мәмiлелер жасалады, бұл орайда сонымен бiрге белгiлi бiр мерзiмге кepi мәмiле жасалады.Жазылыс құқықтары – болған акционерлерге компания акциясының жаңа шығарылымын бастапқы рынокта олар орналастырылатын бағалардан неғұрлым төмен бағалар бойынша сатып алуға құқық беретiн бағалы қағаз.Депозитарийлық куәлiк – бұл түрлi компаниялар акцияларының пұлындағы үлестерді иелену туралы куәлік болып табылатын туынды бағалы қағаз.Варранттар – туынды бағалы қағаздар, олар белгiлi бiр баға бойынша белгiлi бiр кезеңнiң iшiнде эмитенттiң акцияларды сатып aлyға жеңiлдiктi құқығын бiлдiредi. Варранттың кәдуiлгi мезгiлi 5-20 жыл.Қазақстанда қазақстандық депозитарийлық қолхаттар (ҚДҚ ) – басқа мемлекет заңнамасына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы эмитенті-бейрезидентінің эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаздары пайдаланылады.
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері. Бағалы қағаздардың түрлері: акция, вексель, облигацияла, опцион, акцияға жазылу құқығы, варрант,депозитарлық қол хат, чек, банктік сертификат,депозиттік серификат, жинақ серьификат.
Акция– акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне қоғам капиталының мүлкінің кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны нарықта сатуына болады. Акцияда жазылған сома оның көрсетілген (номинал) құны деп аталады. Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шыққандағы бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді. Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы акцияны сатып алу – сату бағасын акцияның бағамы (курсы) деп атайды.Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден – бір түрі. Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді.
Атаулы акция – иесі міндетті түрде қоғамның реестрінде тіркелуге тиіс акция. Акционерлер кітабында оны қанша және қай уақыт алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акциионерлер деп есептеледі.
Ұсынушы акция – иесінің аты-жөні қоғам кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушы акциясының жалпы саны ғана көрсетіледі.
Жай акцияларды иеленушілердің қоғамның түсірген пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы қоғамды басқаруға қатысу құқығы және қоғам жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқығы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.
Артықшылықты (немесе преференциалды) акция – меншік туралы ерекше сертификат. Олар қоғам түсірген пайданың деңгейіне қарамастан өз иесіне белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференциалды акция дауыс құқығын бермейді. Ол – дауыссыз бағалы қағаз. Осыған байланысты берілетін артықшылықтар дауыс құқығы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді. Алайда, артықшылықты акция иемденуші – акционерлер қоғамды жабу туралы шешім қабылдайтын болғанда ғана жалпы жиналысқа дауыс беру құқығымен қатыса алады.
Облигация деп – эмитенттің оны ұсынушыға белгілі бір уақытта облигацияда көрсетілген құнды және осы құннан белгіленген процентті алуға құқық беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Облигация шығару арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді.
Облигация қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып екіге бөлінеді.
Қамтамасыз етілген облигациялар деп оларды шығарғанда кепілдікке қоғам активтерін немесе мүліктерін салуда айтады. Қамтамасыз етілген облигация қоғамның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп, сонымен қатар оның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді. Егер қоғам тағайындалған мезгілде өз облигациясын өтей алмаса, онда оны ұстаушылар кепілдікті өз пайдасына сатуға құқығы бар. Облигацияны қамтамасыз етуге қозғалыстағы және қозалмайтын мүліктер, сондай – ақ басқа да бағалы қағаздар салынады.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемелері. Оларды болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады. Қоғам банкротқа ұшыраған жағдайда ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.
Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иесмденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Жазылу құқығы – қысқа мерзімді бағалы қағаз. Әлбетте, ол бір айдан аспайды. Егер қоғамның акциясы қор биржасында айналымда болса, онда құқық сертификаттары да сол биржада бағалануы мүмкін. Оларға басқа баға қойылады.
Опцион – шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз. Ол белгіленген уақытта немесе одан бұрын келісілген бағамен қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық береді.
Варрант – ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Ол 10 жылдан 30 жылға дейін, ал кейбіреуі мерзімі шектеусіз айналыста жүреді. Әдетте, оны қоғам облигациялармен және артықшылықты акциялармен қоса шығарады. Бұл, бір жағынан, бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда тартымды (өтімді) етсе, екінші жағынан, қоғамның эмиссиялық шығындарын азайтады.
Депозитарлық қолхат – ол шетел компаниясы шығарған акцияның белгілі бір мөлшерін банктің иемденуін куәландыратын.бағалы қағаз. Ол арнаулы заң негізінде шығарылады.
Әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктердің қосымша ақша ресурстарын тарту мақсатында эмиссиялайтын бағалы қағаздың келесі түрі – банктік сертификат.
Депозиттік сертификат деген заңды тұлғаның банкке салған ақша қаражатын және бекітілген мерзім өткеннен кейін сол соманы және ол бойынша процент түріндегі сйыақыны (мүддені) алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Жинақ сертификаты деген жеке тұлғаның (азаматтың) банкке салған ақша қаражатын және бекітілген мерзім өткеннен кейін сол слманы, сондай – ақ ол бойынша процент түріндегі сыйақыны (мүддені) алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Банк жүйесі экономиканың дербес саласы ретінде. Эмиссиялық және эмиссиялық емес банктер. Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер мен ақша-тауар қатынасы тарихи тұрғыда қатар дамып, бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі халық шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылып отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен босатылған еркін ақшалай каражатты тартып, оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануы үшін берді, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетті. Банктерге шоғырланған қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға және қоғамдық өнімдердің айналысқа түсуіне тікелей ықпалын тигізді.
1990 жылдың желтоқсанында ҚР-сы егемендікке жеткеннен кейін бірден нарықтық экономиканың талаптарына жауап бере алатын өзінің банк жүйесін құруға кірісті. 1991жылдың қаңтар айында «Қазақ ССР-інің банктері мен банк қызметі туралы» заң қабылданды. Мәні бойынша бұл заң елдегі банк реформасының бастамасы болды. Республикалық Мемлекеттік банк ҚР-сы Ұлттық Банкісі болып қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банкінің бөлімшелері ашылды.
1989жылдан бастап алғаш рет коммерциялық, аралас, кооперативтік жеке меншік банктері пайда болды. Осы жылдары коммерциялық банктер – Интеринвестбанк, КРАМДС банк және т.б. ашылды.
Алдыңғы қатарлы дамыған нарықтық экономикалы елдердің дүниежүзілік тәжірибесі көрсеткендей банктердің экономиканы дамытудағы ролі өте зор. Біздің республикамыз егемендік алғалы бері нарықтық экономикаға негізделген қоғам құру мақсатын алға қойды. Сондықтан елімізде нарықтық экономика талаптарына сай банк жүйесін қалыптастыру, дамыту мемлекет үшін өзекті мәселе б.т. Қазіргі кезде ҚР-дағы қабылданған заңдар жүйесі банктік жүйенің 2 деңгейлі болуына жол ашады:
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға құқы бар, әдетте орталық банк. әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО–да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда – ҚР/ң Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты – айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар – ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие–есеп, эмиссиялық жұмыс басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің – жоғарғы деңгейіндегі банк.
К.Б. (екінші деңгейлі банктер) – нарықтық эк–да несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі К.Б/р қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық щаруашылық қызмет атқарады.
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде КБ/р бір–бірінен көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады:
жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен: Банктер
- АҚ шетел капиталының, шетел банктерінің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.
- жүргізетін операциялары жөнінен. КБ/р әмбебап және маманданған болып бөлінеді.
- іс–әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен –банктер федералдық, республикалық және аймақтық.
- эк–ң әр түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен – салалық және салааралық болып бөлінеді.
Банкроттық мақсаты және міндеттері, белгілері, негізгі түсінігі. Банкроттық – арнайы экон-қ сот мойындаған экон-қ дәрменсіздік, оның тәжірибелік алғышарты ағымдық төлемдерді орындамау ғана емес, сонымен қатар оын жою үшін негіз болып табылатын қарыздарды жабуға қажетті активтердің жеткіліксіздігімен де б/ты төлем қабілетсіздігі болып табылады. Италиядан шыққан банк.термині «бұзу» д.м.б. Банк. Макро және микроэкономикалық өлшемдерде қарастырылады. Біріншісі нарық теориясының қорытындылары мен ережелеріне, ал екіншісі фирма теориясына негізделген. Фирма банкроттығы әдетет ұзақ уақыт ішінде кірістен артық болып, шығынның орнын толтыру көздерінің табылмау салдарынан пайда болады. Банкроттық – кәс-ң ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және ивсетициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттық жағдайынан шығу үшін бағдарлама жасау керек. Банкроттықтың мақсаты борышкердің төлемқабілеттілігін қалпына келтіру, міндеттемелерді жүйелеу немесе қарыздарды қайтару. Банкрот деп тек заңды тұлғалар ғана емес, жеке тұлғалар да таңылуы да ммүкін. Банкроттық түсінігі оның әр түрлілігімен түсіндіріледі. Заңдылық және қаржылық практикада кәсіпорынның банкроттығының келесі түрлері қарастырылады: 1)Нақты банк-қ; мұнда кәс-н қарж-қ тұрақсыздығынан, төлем қабілеттілігі нашарлығынан туындайды. 2)Техникалық банк-қ, ерекшелігі: төлем қабілеттілігі бар, дебиторлық берешектері бар, олар міндеттемелерденартық, мұнда кәсіпорын банкроттыққа жатқызылмайды. 3)Қастық банк-қ; 4)Жалған банк-қ. Рыноктык экономикада банкроттық көптеген проблемаларды шешуге ықпалетеді, соның ішінде төлем төлемеу, өндірісті дамыту және т.б. осыған б/ты олар ұлттық өндірушілерге жасалған жақсылықтң құрамды бөлігі болып табылады.
Банкроттық рәсімге қатысушылар. Банкроттық туралы iске қатысушы адамдар мыналар бола алады:
1) борышкер;
2) кредиторлар;
3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөнiндегi өкiлi;
4) прокурор;
5) борышкер мүлкiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган;
6) уәкiлеттi орган.
1. банкроттық саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - банкроттық саласында (банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
2. борышкер - осы Заңда көзделген тәртiппен өзiне сырттай байқау рәсiмiнiң, оңалту рәсiмiнiң, конкурстық iс жүргiзудiң, борышкердi конкурстық iс қозғамай тарату рәсiмдерiнiң қолданылуына төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiгi негiз болып табылатын дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;
3. кепiлдi кредитор - талаптары борышкердiң мүлкiн кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредитор;
4. конкурстық басқарушы - конкурстық iс жүргiзудi жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен тағайындалған адам;
5. конкурстық кредитор - өзiнiң мүлiктiк талаптарын қанағаттандыруда заңнаманың күшiмен де, кепiл туралы келiсiмнiң күшiмен де артықшылығы жоқ кредитор;
6. кредитор - еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзiнiң өзге де мiндеттемелерiнен туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға;
7. лауазымды адам - дәрменсiз борышкер - заңды тұлғаның басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаны басқару жөнiндегi өкiлеттiк берiлген, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кiретiн өзге де адам;
8. оңалтушы басқарушы - осы Заңда белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмiнiң кезеңiне дәрменсiз борышкердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк берiлетiн адам;
9. сырттай байқау әкiмшiсi - сырттай байқау рәсiмiн жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен тағайындалған тұлға.