Тақырып. Баға жүйесі

Дәрістің мақсаты: Биржалық баға да көтерме баға болып саналады. Бөлшектік баға - бұл халыққа тән ұсақ немесе жеке тұттынушыға сатылатын баға. Қоғамдық тамақтану өнеркәсібіндегі жіберілетін баға - бөлшектік бағаның ерекше түрі. Халыққа қызмет көрсету бағасы да бағаның ерекше түрі болып саналады.

Жоспар:

1 .Қызмет көрсетілетін айналым сипаты бойынша баға түрі

2. Нарықтағы бәсекелестік деңгейіне, мемлекеттік әсер ету тәуелділік

4. Бекіту, фиксациялау әдісі бойынша

5. Баға деңгейі туралы ақпарат алу әдісі бойынша

6. Нарық түріне тәуелдігі

7. Уақыт факторын есепке алу бойынша

8. Фирмаішілік бағалар

9. Жеткізу мен сату жағдайы боынша бағалар

10.Әлемдік баға

Негізгі сөздер:

· Халыққа қызмет көрсету бағасы

· Еркін бағалар

· Фиксерленген бағалар

Қызмет етілетін айналым сипатына байланысты баға түрлері.

Сату мен сатып алудың көтерме бағалары. Көтерме баға болып өнеркәсіп өндірілген өнімді басқа өнеркәсіпке ірі партиямен жүзеге асыратын баға саналады. Көтерме бағасының түріне ауыл шаруашылық өндірушілері өз өнімдерін қайта өңдеу үшін өндірістік өнеркәсіптерге, фирмаларға, ұйымдарға, өнеркәсіптерге сататын бағалары да жатады. Сатып алу бағасының басқа бағалардан ерекшелігі оның құрамына ҚҚС мен акциздердің қосылмауы болып табылады. ҚҚС ауыл шаруашылығына сатылатын материальды-техникалық ресурстардың құнына қосылмайды. Биржалық баға да көтерме баға болып саналады. Бөлшектік баға - бұл халыққа тән ұсақ немесе жеке тұттынушыға сатылатын баға. Қоғамдық тамақтану өнеркәсібіндегі жіберілетін баға - бөлшектік бағаның ерекше түрі. Халыққа қызмет көрсету бағасы да бағаның ерекше түрі болып саналады.

Нарықтағы бәсекелестік деңгейіне, мемлекеттік ъқпал ету, реттеуге тәуелді.

Нарықтағы бәсекелестік деңгейіне, мемлекеттік ықпал ету, реттеуге тәуелді келесідей баға түріне бөлінеді: еркін /нарықтық/ және реттелетін.

Еркін бағалар - нарықтағы ұсыныстар мен сұраныстар негізіндегі өнім мен қызмет көрсетудегі өндірушілермен тағайындалатын бағалар. Еркін бағаларға жататындар: ұсыныс пен сұраныстар бағасы, өндіріс бағасы. Сұраныс бағасы - сатып алушы нарығында қалыптасатын баға. Ұсыныс бағасы - офертада (сатушының ресми ұсынысында) жеңілдіксіз көрсетілетін нарықтық баға. Өндіріс бағасы - барлық авансталған капиталдың орташа түтсімін қосқандағы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға.

Реттелетін бағалар - басқарудың қатысты органдарымен тағайындалатын бағалар. Реттелетін бағалар кепілденген, ұсынысталған, шектелген, қорғалған бағалар болуы мүмкін. Реттелуші бағалардан мыналарды бөліп көрсеткен:

Шектелген бағалар - өндірістер өзінің өнімдері мен қызмет көрсетулеріне тағайындалатын бағадан жоғары емес баға.

Фиксерленген бағалар - өзгертілуі оларды тағайындаған нарықтың субъектісі немесе органының шешімі бойынша мүмкін, белгілі деңгейде тағайындалатын бағалар.

Тағайындау, фиксациялау әдісі бойынша

Тағайындау, фиксациялау әдісі бойынша төмендегідей бөлінеді: тұтрақты, жылжымалы, қозғалмалы бағалар. Бағалардың бұл түтрлері келісім шартта көрсетіледі. Тұтрақты бағаларды тұтрақты деп те атайды. Бұлар - келісім-шарт кезінде тағайындалып, келісім, шарт бойынша өнімді жеткізу мерзімінде өзгертілмейтін бағалар. Келісім-шартта "баға тұтрақты өзгертуге жатпайды" деп ескертпе жасалады.

Тұтрақты бағалар мынадай келісім-шарттарда қолданылады.:

• жылдам жеткізу;

• қысқа мерзім ішінде жеткізу;

• ұзақ жеткізу мерзімін қарастыратын.

Үзақ мерзімді жеткізу кезінде келісім-шарттағы «баға тұтрақты, өзгертуге жатпайды деген ескертпе» міндетті түтрде болуы керек.

Қозғалмалы баға - келісім-шартқа отырғандағы баға нарықтағы бағасы өзгергенде қайта қаралуға жататын баға. Бұндай жағдайда келесі ескертпе жасалатындай, келісім-шарттағы баға өзгертіледі. Бұл ескертпе "бағаны түсіру немесе өсіру туралы ескертпе " деп аталады.

Жылжымалы баға - келісім-шарт орындалу кезінде алғашқы келісілген бағаны өндіріс шығындарын есепке алумен есептелетін баға.

Жылжымайтын баға ұзақ мерзімді дайындалатын тауарларға тағайындалады, мысалы, қиын өндіріс құралы, соттар.

Баға деңгейі туралы ақпарат алу әдісі бойынша

Баға деңгейі туралы ақпарат алу әдісі бойынша жарияланатын және есептелетін баға болып табылады. Бағаның бұл түтрлеріне өнімді жеткізушілер мен келісім-шарт деңгейін анықтауда сатып алушылар бағытталады.

Жарияланатын бағалар - ақпараттың арнайы және фирманың қайнар көздерінде жарияланатын бағалар. Жарияланатын бағаларға жататындар: анықтамалық және прейскуранттық бағалар, биржалық котировкалар, аукциондық, саудалық бағалар. Анықтамалық бағаның қайнар көзі болып экономикалық газет пен журналдар, арнайы бюллетендер, фирмалық каталогтар, прейскуранттар есептелінеді.

Прейскуранттық бағалар - прейскуранттарда, сатушы фирмаларда анықтамаларда жарияланатын анықтамалық баға түрі. Прейскуранттар бағасы мен каталогтар сатып алушылардың сұраныстарына жауап ретінде жеткізуші фирмалармен ұсынылады.

Есептік баға жеке тапсырыс бойынша өндірілетін нестрандарттық құралдарға қолданылады.

Нарық түріне тәуелділігі бойынша

Нарық түріне тәуелділігі бойынша бөлінеді: тауарлық аукциондардың бағасы, биржалық котировкалар, саудалық бағалар. Тауарлық аукцион бағалары сатып алушымен алдын ала қарастырылған тауарлар партиясына (лот) максимальды ұсынылған деңгей бойынша жария сату бағалары. Аукционцар бағасы орман, ауылшаруашылық, балық аулау өнімдеріне, жұн, мех тауарлары, шай, асыл таста, ескі және өнер заттарының саудасында қолданылады. Биржалық котировкалар аукциондармен салыстырғанда массалық, сапалы, өзгертілетін тауарлардың тұтрақты қызмет атқаратын, арнайы ұйымдастырылған нарық бағасын сипаттайды.

Биржалық котировкалар шын келісім-шарттардың бағасы болып табылады және олар келісім-шарт арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың бағасын тағайындау үшін бағдар қызметін атқарады. Аукциондық бағалар деңгейі мен биржалық котировкалар халықаралық экономикалық ұйымдардың (БҰҰ, МВФ) айлық және жылдық басылымдарында биржалық және аукциондық комиттерімен шығарылатын арнайы бюллетендерде жарияланады.

Саудалық бағалар - тауарлардың жеткізуге тапсырыстарды беруге немесе арнайы құжатта ерте жарияланған шарттар бойынша белгілі жұмыс өндірісі үшін рұқсат алуға негізделген арнайы сауданың ерекше түрі. Тендер олардың ұйымдастырушылары үшін келісімнің тиімді жағдайын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше өндірушілерден ұсыныс бәсекелестігі қағидасының белгілі мерзіміне әкелуді болжайды.

Уақыт факторы есебі бойынша.

Уақыт факторы есебі бойынша былай бөлінеді: тұтрақты, мерзімді, сатылы бағалар.

Тұтрақты баға - мерзімі анықталмаған баға.

Мерзімді баға - мерзімі уақыт бойынша белгіленген баға.

Сатылы баға - алдын ала анықталған шкала бойынша ерте шартталған уақытта өнімге сатылы төмендетілген бағалар тізімі.

Фирма ішілік бағалар.

Трансферттік бағалар - өндіріс, фирманың бөлімшелері, сонымен қатар бір ассоциацияға кіретін әр түтрлі фирмалар арасында өнімді жүзеге асыру барысында фирма ішінде қолданылатын бағалар. Олар көтерме бағаның бір түрі болып табылады. Трансферттік бағалық құрылым мақсаты - фирманың түсімін жоғарылатуға әкелетін фирма бөлімшелерінің түтсімін өсіруге ықпал ету, өнім дайындаумен айналысатын әр бөлімшенің жұмыс көрсеткіштеріне әсер ету. Трансферттік баға басқару қызмет көрсетуіне, шикізатқа, жартылай фабрикаттарына, дайын өнімдерге тағайындала алады.

Жеткізу және сату шарттары бойынша

Жеткізу және сату шарттары бойынша келесідей баға түтрлері көрсетіледі: нетто-баға-сату-сатып алу орынындағы баға; брутто баға /факторлы баға/-сату-сатып алу шартымен анықталады/тауар салығының түрі мен мөлшері, жеңілдік деңгейі мен түрі , "франко" түрі және сақтандыру шарты/.

Кім сатушы немесе кім сатып алушы екендігіне тәуелді баға диференциациясы "франко" түріне бөлінеді және транспорттық шығындарды көтереді. Транспортты фактор ішкі сауда бағаларында ескеріледі. Сатушы мен сатып алушының міндеттері, әсіресе олардың арасында транспорттық және басқа да шығындарды бөлу тәртібі, "ИНКОТЕРМС 2000ж" атты құжатта көрсетілген.

Әлемдік бағалар.

Әлемдік бағалар - белгілі тауармен халықаралық сауданың жағдайын сипаттайтын ірі экспорттық және импорттық операциялар жүзеге асатын бағалар. Тәжірибеде әлемдік бағалар экспорттаушы немесе импорттаушы мемлекеттердің бір тауар бойынша баға деңгейімен, биржа, аукцион бағасымен анықталады.

Қорытынды: Әлемдік баға болып келесі шарттар орындалса, саналады:

1. бұл тауар бойынша жетекші нарықта жасалынатын ірі экспорт немесе импорт

келісімдерінің бағасы;

2. жиі сипатқа ие келісім;

3. еркін валютада төлеуді қарастыратын келісім.

Наши рекомендации