Йымның қаржылық нәтижесін қалыптастыру
Шаруашылық субъектілерінің қызметін зерттеуде қаржы нәтижелері есебі өте маңызды рөл атқарады. Себебі, ол қолданушылардың өз қызметіне экономикалық шешім қабылдауы үшін үлкен көмегін тигізеді.Қаржылық нәтижелер көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде ең негізгілері болып кәсіпорын экономикасының дамуының негізін құрайтын пайданың көрсеткіштері табылады. Пайданың өсуі өз-өзін қаржыландыру, өндірісті кеңейту, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін және жұмысшылардың материалдық қажеттіліктері
үшін қаржылық базаны қлыптастырады. Пайданың есебінен бюджет, банктер және басқа да кәсіпорындар мен ұыймдар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі өтеледі. Осылайша пайданың көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің бағалауындғы ең негізгілері болып табылады. Олар оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық жағдайының деңгейін сипаттайды.Сонымен қатар, қаржылық нәтижені есептеу мен талдау арқылы ұйымдардың ресурстық базасын қалыптастыру жөніндегі мүмкіндігін және түсетін ақша ағынын болжауға да болады.
Сурет 5. «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК капиталының қалыптасу көздері.
Жұмыста кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің есебін ұйымдастыруды, оны бағалауды және кәсіпорынның пайдасы мен шығындарына экономикалық сипаттама беру, оларды тану қағидалары мен табысты тану және жетілдіру жолдарын қарастырылады. Осы ретте пайда және оның мәнін, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесінің қалыптасу тәртібі мен құрылымын, сатудан пайда болған қаржылық нәтиженің есебін, орындалмаған және өзге де операциялардың кірістері мен шығыстарының есебін, пайданы есепті кезең ішінде қолдану есебін, өндірілген өнімдерді, тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өзіндік құнын және оларды сатудағы жұмсалған шығындар есебін есептеу, өндірістік және кезеңдік шығындардың туындауын сипаттау, жұмсалынған шығындарды түскен табыстар мен теңестіру сабақтастығын көрсету және бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебінің тәртібі негізге алынады.
Сурет 6. «ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК капитал құрылымы
Кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі бұл өнімді (атқарылған жұмыс,көрсетілген қызмет) өткізуден және басқа да өткізулерден болған нәтижелер сомасы ретінде сонымен қатар жүзеге асырылмаған операциялардан болған табыстар мен шығыстар сальдосы ретінде көрінетін баланстық пайда немесе шығын болғандықтан құжат талдаушы адамға бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға беруде негізгі көрсеткіш.
Кесте13.«ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК қаржылық жағдайы
Көрсеткіштер | Шығыс | Кіріс | |
1. | Өзіндік құн шығыны | 884 599 663 | |
2. | Түсім | 125 394 322 | |
3. | Негізгі қызмет шығыны | 6 989 460 | |
4. | Жалпы пайда/шығын | 759 204 325 | |
5. | Салық салынғанға дейін | 801 823 694 | |
6. | Салық салынғаннан кейін | 801 823 694 |
«ҰҚ«Қазақстан Темір жолы» АҚ филиалы Луговой РДК 2014 жылында қаржылық жағдайы нашар болған.Кәсіпорын салық салынғанға дейін шығысы 801823694 артқан. Кәсіпорында пайда болмаса,салық салынбайды.
Ұйымдардың қаржылық қорытындысы жөніндегі қызметінің нәтижесі және ұйымның тапқан таза пайдасының көлемі жөніндегі мәліметтер экономикалық ресурстардың потенциалды өзгеріске түсуі мен көбеюін сипаттайды.Экономикалық тұрғыдан қарағанда – табыс ұйымның меншігіне түсетін қаражаттар сапасында танылады.Қаражаттар активтердің көбеюін көрсетеді.Ұымның құрылған күніндегі құрылтайшылардың салған қаражаты табыс болып танылады.Нарықтық қатынастар жағдайында бастапқы кезеңде банктерден немесе басқа да заңды тұлғалардан уақытша алынған қаражаттар да табыс сипатында болады
Модуль 2.
Аржылық есеп