Инновациялық стратегия түрлері

Реферат

тақырыбы:

Инновациялық стратегия түрлері

Тексерген: Абдулина Г.А

Орындаған: Әзімханова Айдана

Тобы: МН-341

Алматы,2014ж

Инновациялық стратегия

Инновациялық стратегия бұл -

o Инновациялық даму жүйесінің траектория аралығындағы қорлардың

бөлу мінезін анықтайтын, ұзақ мерзімді мақсаттарынан шыққан

концепциялық құрулардың жүйесі. Сонымен қатар олардың жұмыс жасауының ішкі және сыртқы жағдайларының өзгеруіне байланысты, олардың қайта бөлуі.

o Ұйымның инновациялық мақсаттарына,жету жоспары. Яғни,қорлардың нәтижелі бөлуі, басқару шешімдердің қабыл алуының арқасында фир-маның базардағы позицияларының жақсаруына әкелуі.

Инновациялық стратегияның негізгі бағыттары келесі жолдар арқылы қалыптасады және жүзеге асады:

- Кәсіпорынның басты мақсатын жүзеге асыру үшін олардың қажеттіліктерін белгілі түрдегі өніммен немесе қызмет көрсету арқылы инновациялық қызметтердің ең қолайлы нәтижелерін мақсатқа сәйкес және ұтымды қолдану керек;

- Жаңа өнімдерді игеру және жаңалық енгізу кезінде ресурстардың экономикалық пайдалануын қамтамасыз ету;

- Кәсіпорын қызметінің инновациялық белсенділігін, сондай-ақ алдыңғы қатарлы тәжірибелі мамандардың еңбегін анықтауда шығармашылық ынталандыруды пайдалану.

Инновациялық стратегиясының өңдеу процессі келесі кезеңдерден тұрады:

ü Ішкі мүмкіншіліктердің талдауы мен оның кәсіпкерлікке сыртқы факторларға ықпалын жасау арқылы проблемасын анықтау;

ü Мақсаттың орнатылуы (жаңа өнімдердің шығарылуы, технологиясы, өнімдердің толық жетілдіруі, НИОКР-дің және техника – технологиялық өндіріс базаларының сапалы деңгейін жоғарлатуы, қолданылатын қорлардың потенциалдарының құнын арттыру, ұйымның және инновациялық қызметпен басқарудың толық жетілдіруі);

ü Мақсаттардың жетуіне арналған жоспарларды өңдеу;

ü Мақсаттқа жету жоспарын іске асыру;

ü Мақсаттқа жету нәтижелердің бағалауы;

Инновациялық стратегия – ұйымның жалпы стратегиясының бөлімі, ұйымның перспективті даму приоритеттері мен нәтижелерін анықтайтын және мақсат бағытымен жүретін қызмет. Соның нәтижесінде жаңа сапалы өндіріс пен басқарулар қамтамасыз етіледі. Ол- прогрессшіл, стандартты емес негізді шешімдердің арқасында іске асады.

Инновациялық стратегиясының құндылық факторлары:

§ Жиналған тәжірибелер мен потенциалдар;

§ Орталықтандыру және децентрализациясымен үйлес келген ұйымның иілгіш түрлері;

§ Оқу процесстері және жаңа білімдердің алынуы;

§ Қорлардың орналастыру әдістері;

Инновациялық стратегиясының мақсаттары:

- жоғарғы сапалы өнімдердің шығарылуы;

- ғылыми - өндірістің қолдану потенциалдарының құндылығын арттыру;

- сыртқы экономикалық қызметтің белсенділігі;

- өндірісті экологиялық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету, шаруашылық

қызметтің жағымсыз зардаптарын жою;

- фирманың бәсеке қабілеттілігін арттыру;

- квазирентаны игеру (квазимонополия);

Стратегия - қойылған мақсаттарға жетуіне байланысты толық, жан-жақты комплекстік жоспар. Стратегиялық жоспарлау 2 мақсатты көздейді:

1. Қорлардың нәтижелі бөлуі мен қолдануы- ішкі стратегия;

2. Сыртқы ортаға бейімделу – сыртқы факторлардың өзгертуіне байланысты нәтижелі бейімделу;

Қоршаған ортаның ықпалдық тәуекелділігіне байланысты, стратегияның түрлі модельдері бар:

Ø іздеу моделі;

Ø еліктеу моделі;

Ø шеберлік моделі (еңбек дағдылары);

Ø базарда тірі қалу моделі;

Ø резервтерді тарату моделі;

Ø статусты сүйемелдеу моделі;

Ø кадрлардың іріктеп алу моделі;

Ø ойын моделі;

Ø социализация моделі;

Ø сатып алушылардың сауалдардың қанағаттандыру моделі;

Жалпы айтқанда, стратегия дегеніміз – кәсіпорындардың нарықтағы қазіргі және болашақ мақсаттарын жүзеге асыру үшін ресурстарды пайдаланудың ең нәтижелі баламаларын іздестіру болып табылады.

Инновациялық стратегия түрлері

Инновациялық қызметтерді ұйымдастыру және басқару инновациялық жобаны іске асыру стратегиясынан басталады. Инновациялық менеджмент компания басқарушыларымен ең жоғарғы дәрежеде жүзеге асырылатын стретгиялық басқарудың белгілі бір бағыты болып табылады. Инновациялық менеджментте басты назар инновациялық стратегияны жасау және оны жүзеге асыру шараларына аударылады. Инновациялық стратегия – инновациялық мақсаттарға жетудің жан-жақты, кешенді жоспары.

Әлемнің 1000 ең инновациялық компанияларының табыстарының құпиясы бар-жоғы екеу ғана. Бірінші маңызды фактор – инновациялық сала стратегиясы мен жалпы корпоративтік стратегия арасындағы байланыс. Екншісі – тұтынушылардың пікірін ескеру. Әрбір табысты инноватор компанияның тұтынушылармен байланыс жасау қызметі және инновациялық циклдың әрбір фазасында кері байланыс механизмі бар.

Стратегия негізгі шаралар мен жоспарлардың өңделіп жасалуын болжайды, алдыға қойған мақсаттарға жету үшін кәсіпорынның ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуеті және оның нарықтағы мүмкіндіктерін де ескерусіз қалмауы керек. Инновациялық кезеңді басқарудың қызметіне келетін болсақ, оның негізгі мақсаты жалпы стратегияға бағынышты болып келетін шаруашылық білімнің инновациялық стратегиясын өңеу және жүзеге асыру болып табылады. Инновациялық стратегия инновациялық қызметтерге мақсат қояды, оларға жету үшін қажетті құралдар мен олардың пайдалану көздерін анықтайды.

Мақсаттардың төмендегідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

1) қамту саласына қарай;

2) мағынасына қарай;

3) қаржыға байланысты;

4) мақсаттағы айнымалықтардың санына қарай;

5) мақсаттың пәніне қарай;

6) мақсаттың иерархиялық орнына қарай;

7) мақсаттардың өзара салмағына қарай;

Стратегия мақсаттар кәсіпорын дамуының басты жүйесін анықтайды. Кәсіпорынның стратегиялық миссиясы мен кәсіпкерлік саясатында ортаның жағдайына және қол жеткізген әлеуетке байланысты олардың қағидалары мен мақсаттарын материалдандыру орын алған. Олар жоспарланған азық-түлік және нарықтық қиыстыру мен көрсеткіштерде кәсіпорынның ойдағыдай дамуын сипаттайтын және соған қажет ресурстардың бірігуінде көрініс табады. Стратегиялық мақсат кәсіпорынның өмір сүруі үшін нарықпен байланысты мәселелер мен түрлі сұрақтарға жауап іздейді. Кәсіпорында көп таралған мақсатты болжаудың бір түрі – мақсаттар ағашы, ол өзінің басты мақсаты, яғни кәсіпорынның стратегиялық бағытының барлық қызметі жөнінде оның құрамдық бөлігіне, жеке мақсатына олардың иерархиялық принциптерінің орналасуын жатқызады. Мәселенің дұрыс қаралуы және стратегиялық мақсаттың дұрыс жөнге қойылуы олардың стратегиялық жетістікке жетуіне қажет негізгі база болып табылады.

Кең ауқымда қарастырылып отырған стратегия мақсатты түрде қоршаған ортадан өзгерістер алу үшін кәсіпорын өзінің қызметі мен әлеуетін қолданатын көрсетеді.

Стратегияның екі түрі қарастырылған:

1. Базалық стратегия – нарықтық жағдайда әр түрлі мәселелерді шешу кезіндегі кәсіпорынның іс-әрекет моделі. Мысалы:

o Нарықты таңдау стратегиясы;

o Таңдаған нарықта бәсекелестік стратегиясы.

Ары қарай таңдау жасалған нарықта:

o Көшбасшылықтың негізінде болжанған өнімнің бәсекелестікке артықшылықтарға қол жеткізуі;

o Бағадағы көшбасшылық;

o Нарықтық кәсіпкерлік;

o Нарықтық кооперация.

2. Функционалдық стратегия – кәсіпорын бөлшектерінің арнайы әр түрлі іс- шаралары мен бағдарламалары. Базалық стратегияның іс жүзінде жүзеге асуына тікелей ықпал ететін ресурстардың бірі. Барлық инновациялық стратегиялар барлық бағалы заттардың жүйесі негізінде дайындалады, яғни әкімшіліктің және ішкіі жаңашыландыру нормаларының әлеуметтік жауапкешілігіне қарай құрылады. Жоғарыда айтылған мәселелерге орай кәсіпорын ережеге сай төмендегідей стратегияның түрлерін таңдайды.

Инновация саласындағы ең табысты корпоративтік стратегияларды үш топқа бөліп қарастыруға болады:

1. Қажеттіліктерді іздеу. Осы стратегяны қолданатын компаниялар жақын арада қандай өнім шығару немесе қызмет көрсету керек және ол үшін қандай үдерістерді жүзеге асыру керек деген мәселені шешуге нақты және болашақ тұтынушылардың өте белсенді тартады. Бұл компаниялар үшін өз нарығында бірінші орын алу және өз саласында қандай да бір жаңалықты бірінші шығару маңызды болып табылады.

2. Нарықты бақылау. Инновацияларға мұндай көзқарас ұстанушы компаниялар нарықты өте терең зерттеп, өз клиенттерін пікіріне құлақ асады. Олардың қызметі өз өнімдерін түбегейлі және күрт өзгертуге емес, ақырындап жетілдіруге бағытталған.

3. Технология соңынан жүру. Инновацияларды өмірге осындай схема негізінде әкелуді жөн санайтын компаниялар бірінші кезекте өздерінің технологиялық мүмкіндіктеріне бағытталады. Олар көбіне нарыққа қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнім ұсынады.

1-кесте - Инновациялық компаниялардың корпоративтік стратегиялары

Стратегия Идеяны іздеу Жобаларды іріктеу Жаңа өнімдерді шығару
Қажеттіліктерді іздеу Тұтынушылыр идеяларын жинау, олардың қажеттіліктерін талдау, клиенттік базаны қалыптастыру және сегменттеу. Инновацияға салынған иныестицияның қайтуын қатаң бақылау. Тұтынушылырдың таңдауына сәйкес келетін өнімді жасау.
Нарықты бақылау Нарықты зерттеу, ресурстарды тарту. Үдерісті қатаң тәртіпте ұстау. Жетілдірілген белгісі бар өнімді нарыққа тез шығару.
Технология соңынан жүру Жаңа технологиялар іздеу, трендтерді талдау. Тәуекелдерді басқару. Сапаны терең сынақтан өткізу.

Зерттеу нәтижесінде ең тиімді инновациясы бар 118 компания анықталды. Олардың жаңа зерттеулер жүргізуге салған қаражатының ақталуы көбірек, ал инновацияға кеткен шығындарының сатылым көлеміне қатысты үлесі азырақ болып келеді. Өткен жылдағы тізімге қарағанда 60 жаңа есім бар. Өткен жылда жарияланған ең тиімді инновациясы бар 94 компанияның тек 58- і ғана өз позицияларын биыл да сақтап қалған. Олардың қатарына: Adidas, Apple, Google, Yahoo. Және т.б.

Стратегияны таңдау, басқа да инновациялық қызметтің ғылыми зерттеу жоспарын жасаумен байланысты. Инновациялық стратегияны жасау негізіне жататындар:

§ Өнімнің өмірлік цикл теориясы;

§ Фирманың нарықтық ұстанымы;

§ Жүргізіліп жатырған ғылыми-техникалық саясат.

Микро және макро орталығының жағдайына байланысты стратегия ұйымдар бөлінеді:

· Белсенділер – творчестволық, шабуылдық, озықтар;

· Енжарлар – бейімдеулік, қорғанулар , аутсайдшылар;

Белсенді стратегияларға: қайтару және қайта алу стратегиясы, белсенділері кіреді.

Енжар стратегияларына - тірі қалу стратегиясы, қорғау стратегиясы, инновациялық еліктеу стратегиясы, тұтынушылардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне көңіл бөлу стратегиясы жатады.

Инновациялық стратегиялардың келесідей типтері көрсетілген:

1. Шабуылдау стратегиясы. Бұл өз қызметін кәсіпкерлік бәсекелестік ұстанымында негізделген фирмаларға тән. Бұл стратегия шағын инновациялық фирмаларға, немесе эксплеренттерге, яғни «жарып өтерлік» жаңа енгізілімдерге маманданған фирмаларға тән. Эксплеренттік (пионерлік) стратегия жаңа немесе түпкілікті жаңарған ескі нарық сегментін шығарумен байланысты, революциялық шешімдерді іздеу мен жүзеге асыруды мақсат тұтатын алғашқы өндірушілер. Олардың экономикадағы басты рөлі – инновациялық, түпкілікті өзгерген, «жарып өтерлік» жаңа енгізілімдер. Эксплеренттердің мықтылығы түпкілікті жаңа, нарықта бұрын болмаған инновацияларды жасап шығару. Ұраны (Қолдан келсе, жаңа, жақсы және арзанырақ инновациялар жасау).

2. Қорғаныстық стратегия. Фирманың нарықтағы бәсекелестік позицияларын сақтап қалу үшін бағытталған стратегия. Басты функциясы – инновациялық қызметтегі шығындар- қорытынды ара қатынасын тиімді ету. Бұл стратегия интенсивті ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Мұндай стратегияны ірі компаниялар да, шағын компаниялар да қолдана алады. Әдетте бұл стратегияны коммутант компаниялар қолданады. Коммутантты (біріктіретін) стратегияның күші белгілі бір тұтынушыны топтарының шағын қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілеттілігі. Бұл өнімнің тұтыну құндылығын көтерудің жолы, яғни өте жоғарғы сапа арқылы емес, нарықтағы эксплерент фирмалардың ерекше инновациялық өнімдерін модернизациялау арқылы табысқа жету. Коммутанттардың ұраны (Тек Сіздің мәселеңізді шешкенім үшін төлейсіз).

3. Еліктемелік стратегия.Мықты нарықтық және технологиялық позицияларға ие компаниялар қолданады. Яғни жаңа тауарды нарыққа енгізуде пионер болып табылмайтын компаниялармен қолданылады. Бірақ ерекше инновациялардың тұтынушылық қасиеттерін шағын инновациялық фирмалардан ие көшбасшы – инновациялық компаниялардан көшіріп жаппай өндіріске енгізеді. Көбіне жеткілікті қаржылық, адам ресурстарына ие ірі компаниялармен сипатталады, яғни бәсекелестерінен өндірістің сериялылық және масштабы әсері есебінен озып отырады. Фирма ұраны ( Арзан, бірақ сапалы).

4. Қуыс (ниша) стратегиясы. Кең нарықтың шағын сегментіне, жаңа бірегей сипаттамалары бар тауарды өндіру арқылы бейімделумен сипатталады. Тауар дифференциациясының мақсаты, инновациялар нарықтың шағын сегментіне бағытталады. Бұл стратегияны қолдаушы компанияларды патиент деп атайды. Патиент – фирмалар әр түрлі көлемде болады, шағын, орта кейде ірі. Бұл стратегияны шектеулі тұтынушылар шеңберімен жұмыс жасайтын фирмаларға тән. Өздерінің қымбат және жоғары сапалы тауарларын, нарықтағы кәдімгі тауармен қанағаттанбайтын тұтынушыларға бағыттайды. Ұраны (Қымбат, әрі жақсы). Патиент фирмалар басты корпорациялармен тікелей бәсекелестіктен бас тартады, сондықтан оларды экономиканың «қу түлкәлері» деп те атайды. Патиенттік – бұл тауарды дифференциациялау стратегиясы және шағын нарық сегменінде өз қуысын табу.

Д. Н. Оголева инновациялық стратегиялардың матрицасын ұсынады:

· Жаңарту

· Технологиялардың жарым-жартысын жаңарту, жабдықтаудың және өнімнің жаңартулары;

· Өндірістің жүйелік жаңартуы, жаңалықтардың кластерлерінің негізінде;

· Радикал технологиялық шешімдердің енгізуі және өндірістің реконструкциясы.

А.М.Аньшин, А.А.Дагаев стратегиялардың келесі типологияларын ұсынады:

1. ұлттық экономика деңгейіндегі макроэканомикалық инновация стратегиялары;

2. аймақтық инновациялық стратегиялар;

3. салалық деңгейдегі инновациялық стратегиялар;

4. микро деңгейдегі инновациялық стратегиялар;

Стратегияны анықтау стратегиялық менеджменттің тек алғашқы кезеңі болып табылатнын ескеру керек. Инновациялық менеджменттің стратегиялық бөлігі:

2-кесте - Инновациялық стратегиялық басқару

Стратегиялық сараптау
-Инновациялық мүмкіндіктердің көзі -Тұтынушы -Демографиялық ығысу -Сала құрылымы және нарық -Қабылдаудағы өзгеріс -Сәйкес келмеу    
-Технологиялық процестердің қажеттіліктері -Күрт өзгерістер -Жаңа білімдер -Жаңа технология
Стратегиялық таңдау
Негізгі инновациялық стратегия Жаулап алушы стратегиясы Қорғаныс стратегиясы  
Стратегияны жүзеге асыру
Алғышарттар Кешенді байланыс Тиімді нарықтық сегменттеу Тиімді қаржылық басқару
Өткізу Тұтынушылар арқылы Қоғам арқылы Мәдениет арқылы Жетекшілікке ие болу арқылы  
Жетістік индикаторы

Қазақстандық оқылған – экономисті Абдыгаппарова, инновациялық процесстердің стратегия үлгілерін анықтап қарайды:

1. Қалдырылған стратегиясы- ескірген тауарлармен базарда қалу ұмтылысын көрсетеді;

2. Қорғану стратегиясы- бәсекешілерден қалмау мақсатын көздейді;

3. Еліктеу стратегиясы- инновациялардың өндірісін патент лицензиясы мен франчайзинг негізіне бағытталған;

4. Технологиялық жұлқыну стратегиясы – алдыңғы сатылардың технологияларын өтіп кете отырып, жаңа өнімдерге көшу;

5. Артықшылықтардың салыстырма стратегиясы- кәсіпорынды дара қорлық потенциалымен қамтама ететін өнімнің өндірісі;

6. Тәуелді стратегиясы- кіші фирмалар ірі фирмаларға тәуелді болғанда ғана;

7. Жаңа базар жасау стратегиясы – базарға жаңа, ешкім өндірмейтін өніммен шығу;

Қорыта айтқанда, тәжірибе жүзінде кәсіпорын инновациялық стратегияның белгілі бір түрін ешқашан ұстанбайды. Нарықта сыртқы жағдайлардың үнемі өзгеруі фирма басшылығын мақсатқа жету жолдарын, сондай-ақ стратегия түрін өзгертуге еріксіз итермелейді. Кәсіпорын үшін профильді экономика саласының тиімді дамуы және бәсекелестіктің төмен деңгейі кезіндегі басыңқы стратегияның маңызы зор. Нарық және бәсекелестік кеңейген кезде кәсіпорынның барлық күші өнімді жақсарту бойынша қорғанысытық стратегияға немесе лизенциялаушылық стратегияға бағытталуы тиіс. Саланың кемелдену кезеңінде (өсудің үлкен емес не құлдырау қарқынының немесе бәсекелестің жоғарғы деңгейі кезінде) кәсіпорын технологиялық инновацияларды қорғаныстық стратегияға немесе лицензиялаушылық стратегияға бағдарлауы тиіс.

Наши рекомендации