Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны-белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
Капиталдың пайда болуының объективті алғы шарттары тауар өндірісінің белгілі бір дәрежеге жетуі және тауар-ақша қатынастарыың дамуы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, капитал көпес және өсімкор капиталы түрінде өзінің өмір жолын ақша түрінде бастады. Әрбір жаңа капитал тауар нарығында еңбек нарығында немесе ақша нарығында болсын, тағы да ақша түрінде көрініп, тек белгілі бір процестер арқылы капиталға айналады.
Айналыстан алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:
Ас = Тб.с. – Нт.б.с. + Тс – От.м.с. / А + АР
Ас – төлем құралы және айналыс құралы ретiнде қажеттi ақша саны;
Тб.с. – тауар бағасының сомасы;
Нт.б.с. – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы,
Тс – қарыз және басқа мiндеттемелер бойынша төлем сомасы;
Өт.м.с. - өзара есептескен талаптар мен мiндеттемелер сомасы;
АР – ақша резервтерi;
А – ақшаның төлем және айналыс құралдары ретiндегi айналымының орташа саны.
Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатысатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ. оны мынадай түрге бөлуге болады:
А - Т …Ө ... Т1 - А1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
А- Т ...
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - ондіріске жағдайлар жасау:
... Ө ...
Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн ондіру функциясын атқарады:
... Т1 - А1
Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады.
Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+DА, ал DА – ақша өсімі. Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Саудагерлер тауарларды сатып алу-сату арқылы баға деңгейінің ауытқуынан пайда түсіріп, капиталын арттырып отырған. Өсімқорлар ақшасын шаруаларға, қолөнершілерге, ақсүйектерге қарызға беріп, олардан осы ақшаның төлемдік өсімін алып, қаражатын молайтқан. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.