Позитивті және нормотивті экономикалық ғылым
экономикалық талдаудың позитивті (оң) талдау және нормативті (реттеушілік) талдау деген түрлері де бар: 1. Позитивті экономикалық талдау – бұл қазіргі экономиканың дәл өзін сипаттайтын нақты қалыптасып отырған құбылыстар мен дерек негізінде алынған шындық жайттар. Талдаудың бұл түрі субъективтік бағалауға ие болмайды. 2. Нормативті экономикалық талдау – бұл қандай да бір елдің экономикасы туралы субъективтік бағалауларды қарастыру негізінде экономикалық саясатты іске асырудың кепілдемелері. Талдаудың бұл түрі кезінде орын алатын субъективтік бағалаулар экономика үшін қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін. Позитивті және нормативті талдаудың арасындағы айырмашылық оларда субъективтік бағалаулардың орын алуынан көрінеді. Бұл айырмашылықты дәлме-дәл көрсете білген ағылшын экономисі Джон Невилл Кейнс (Джон Мейнард Кейнстің әкесі) болды. Оның ойынша, позитивті экономикалық ғылым не бар деген сұраққа жауап береді. Ал нормативті экономикалық ғылым экономика қандай болуы керек және мақсаттарға жету үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздейді
9. Қоғамдық өндіріс және оның факторлары.Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады.Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді.Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады.Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады.Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады.Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды.Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады.Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет.Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар.Марксистік теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бұлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы— жұмыс күші және өндірістің заттық факторы — еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы күші яғни адамның еңбекке деген физикалық және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады. Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардың жиынтығы жатады.Жеке және заттық факторлар өзара байланыстың күрделі жүйе құрайды.Онын тиімділігін технология мен өндірістің ұйымдастырылуы анықтайды.Өндірістің басты факторларының арасындағы әрекеттерді технология көрсетеді.Ол өндеудің әр түрлі әдістерін пайдалануды, еңбек заттарының қасиеттерін, формаларын, құрылуын өзгертуді талап етеді.Өндірісті ұйымдастыру өндіріс факторларының келісімді қызмет етуін, олардың сан жағынан сәйкес болуын, т.б. көздейді.Маржиналистік теория өндіріс факторларын төрт топқа бөледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.Жер табиғи фактор деп қаралады. Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік жер, ормандар қосылады. Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы — капитал жатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары. т.б. Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді.Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болыптабылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, төжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) кобейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр.Кәсіпкерлік іс-әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы.Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді.Кәсіпкерлік қабілет — адам капиталының ерекше түрі.Бұл игіліктер мен қызметтерді жасауға қолданылатын, өндірістің барлық факторларының бір бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: олар қауіп-қатерлікке, шығынға үшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне, коммерциялық негізге сүйене отырып, өндірілетін онімнің жаңа түрін, алдыңғы қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара-пар келеді.Өндіріс факторларын топтастырудың айырмашылықтары неде?Біріншіден, марксистік теория бойынша, өндіріс факторлары экономикалық категория ретінде өндірістің әлеуметтік бағытын анықтайды.Осылай. өндіріс процесінің алғашқы нёгізінен бастап, қоғамның таптык.күрамы калыптасады және таптардың «өділеттік» үшін күресінің болу мүмкіндігі долелденеді. Ал маржиналистер факторларды өндірістің жүруіне кажет тек жалпы техникалық- экономикалық элементгер деп карайды.Екіншіден, маржиналистер капитал деп енбек құралдары мен заттарын түсінеді, ал табиғат шартын жеке фактор деп бөледі.Марксистер табиғат шартын, еңбек құралдарын және еңбек заттарын біртұтас заттық фактор деп біріктіреді.Егер әңгіме өндірістегі өзгеше табиғат жағдайлары туралы болса, олардың ерекшелігі рента арқылы есепке алынуы керек.Олардың түжырымдауы бойынша, бұл жағдаймен ғылымның басқа саласы айналысуы керек.Үшіншіден, маржиналистер кәсіпкерлік іс-әрекетті өндіріс факторы деп таныса, марксистер оны жоққа шығарады.Жалпы айтқанда, факторларды топтастыру айырмашылығының себебі — қоғамдық өндірісті талдауға таптық көзкарастың қолданылуы.Өндіріс факторлары қоғамның даму процесіыде өзгеріп тұрады, сондықтан оларға тұрақты құбылыс деп қарауға болмайлы.Постиндустриалық қоғамда өндіріс факторы деп информациялық және экологиялық факторлар аталады. Осы екі фактордың пайда болуы, осы замандағы ғылымның жетістіктерімен тығыз байланысты. Ал ғылымның өзі жекедара фактор болып отыр, ойткені өндірістің тиімділігіне, жоғарғы квалификациялы жұмысшы күшін дайындауға, адам капиталының потенциалдық мүмкіндігін жоғарылатуға, оның әсері шешуші болып отыр. Бүгінгі өндірісте өндірістің экологиялық факторының маңызы өсіп келеді. Бүл фактор кейбір технологияның қоршаған ортаға зиянды болғандығынан, соның қызметіне кедергі туғызады, басқаша жағдайда ол экономикалық өсудің дем берушісі рөлін атқарады. Факторларды талдауға қорытынды жасай келе мына жағдайды тағы айта кетейік: өндіріс процесіне барлық факторларды жұмылдырғанда ғана өндіріс болуы мүмкін. Белгілі бір затты, қызметті өндіру үшін факторлардың белгілі тобы қажет. Ал өндіріс факторларының бастылары жер, және капитал және кәсіпкерлік. Олар әрекеттерін бір-бірімен байланысып және бірін-бірі толықтыра отырып атқарады. Есте болатын жәй: факторлардың бірінің орнын бірі басып кызмет ете алатын қасиеті болады. Бұл қасиеттің негізінде, бір жақтан, қажеттіліктердің ерекшелігі мен мүліктің конструктивтік өзгешелігі, бірақ, басым түрде, ресурстардың шектелуі жатса, екінші жақтан, оларды пайдаланудын тиімділігі жатады. Кәсіпкер тапшы және қымбат өндіріс факторын неғұрлым аз пайдаланатын технологияны тандайды. Демек, бос жердің тапшылығы үйлерді көп қабатты, биік қылып салуға әкеліп соқты. Кәсіпкер өндіріс шығындарын төмендету қажет екенін мой- ындай отырып, өндіріс факторларының әрқилы комбинациясын пайдалануға мәжбүр болады. Топтастыру қандай болса да, түбінде өндіріс факторлары өнім шығаруға пайдаланылады. Айтайық, өте жабайы өндірісте бір фактор бір өнім жасауға қолданылсын.
Бұл жағдайда өнім бір фактордың функциясы болып табыла ды. Шындығында өндіріс процесі күрделі болады, оньщ корытын дысы (енім) көп факторларды қолданудың нөтижесі болып табы лады. Бұнда әрқилы ситуациялар кездесуі мүмкін, оларды төртке бөлейік: фактор қолданылмайды; оның мүмкіндігінің бір бөлігі қолданылады; өнімнің үйлесімді оптималды санын өндіруге қолданылады; өнімнің тым көп санын өндіруге қолданылады. Факторларды өнім өндіруге қолданудың шексіз көп вариантын график арқылы керсетуге бодады.Фирмалардың практикалық іс-қимылында факторларды әр түрлі комбинацияда пайдалануда шексіз көп варианттар болады деп жорамал жасалады. Ғылыми-техникалық прогресс және техникалық төңкерістер жаңа (бірінің орнына бірі жүре алатын) А, факторлар және жаңа Q, өнім пайда болуына әкеліп соғады. Сөйтіп, А, фактордың көмегімен Q, өнім өндіруге мүмкіндік туады. Осы Q өнімнің шамасы фактордьщ мөлшерін өтеуге керексіз болып қалған қосымша өнімді етеуге жеткілікті болады. Осы қосымша қосалқы Q, өнімді қосымша өнім деп атайық. Осының өндірілуі өндірісті қосымша өсіруге көмектесе алады. Қорытынды мынау: өндіріс факторын жақсы пайдалану, осы өндіріс көлемінің одан әрі көбеюінің шарты, ұлғаймалы ұдайы өндірістің шарты болып табылады. Сөйтіп өндіріс факторларының қосылуының нәтижесінде еңбек өнімдері, материалдық игіліктердің жиынтығы жасалады. Алынған өнімнің шамасының (массасының), оны өндіруге жұмсалған еңбекке сандық қатынасы, еңбек өнімділігін сипаттайды. Еңбек өнімділігінің көрсеткішінің түрі мынадай болады: Еңбек өнімділігі = Q/T, бұнда Q — жасалған өнімнің саны натуралдық немесе ақша көрсеткіші арқылы есептелген; Т — еңбек шығындары (мысалы, адам/сағат), немесе осы өндірістегі жұмыскерлердің саны.
10. Өндіріс және қайта өндіру.өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымыболады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:Қоғамдық өндіріс және оның қоғам өмірдегі рөлі Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді: 1 бөлім өндіріс құралдарын жасайтын салалар мен кәсіпорындардан тұрады, ал 2 бөлім тұтыну заттарын өндіретін салалар мен кәсіпорындардан тұрады. Өндіріс – қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі. Ол материалдық және материалдық емес өндіріс болып бөлінеді.Материалдық өндіріс құрамында:материалдық игіліктерді өндіру салалары мен кәсіпорындары (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс);материалдық қызмет көрсету салалары мен кәсіпорындары (көлік, сауда, каммуналдық шаруашылық, тұрмыс қызметтері);Материалдық өндіріс құрамында:материалдық емес игіліктерді жасайтын салалар мен кәсіпорындар (кино, театр, өнер);материалдық емес қызметтерді көрсететін салалар мен кәсіпорындар (денсаулық сақтау, білім беру т.б.);
11. ҒТП: мәні және оның дамуының жаңа бағыттары.-ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті; -ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т. б. жағдайларды күрт өзгертті; -жаңа принципті техника мен технология жасалып өндіріске енгізілуде. Сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен жұмыс күші даму үстінде; -қазіргі ғылыми -техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі- микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу машиналары, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторына айналары сөзсіз; -ғылыми –техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде: -қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ереше. Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Ғылыми – техникалық прогрестің революциялық нысны өндірісте жаңа сападағы ғылыми – технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми- техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді.Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар.Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті.Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды.Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді.Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.
12. маркстік теория бойынша өндіріс факторлары. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат – қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (ұлпа) жүзеге асырылды. Сонымен бipгe XX ғасырдың екінші жартысынан бастап капиталистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бip топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг сияқты елдер қaзipгi заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде коғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғұрлым ұйымдасқандықпен немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу. Қоғамдық өндірістің негізгі факторлары. Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады. Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет. Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар.Марксистік теория факторларға жұмыс күшін, еңбек заттарын, еңбек құралдарын жатқызады. Бұлар екі ірі топ құрады: өндірістің жеке факторы— жұмыс күші және өндірістің заттық факторы — еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді қашан болсын, өндірістің жеке факторына жұмысшы күші яғни адамның еңбекке деген физикалық және интеллектуалдық қабілетінің жиынтығы жатады. Өндірістің заттық факторына барлық құрал-жабдықтардың жиынтығы жатады. Жеке және заттық факторлар өзара байланыстың күрделі жүйе құрайды. Онын тиімділігін технология мен өндірістің ұйымдастырылуы анықтайды. Өндірістің басты факторларының арасындағы әрекеттерді технология көрсетеді. Ол өндеудің әр түрлі әдістерін пайдалануды, еңбек заттарының қасиеттерін, формаларын, құрылуын өзгертуді талап етеді. Өндірісті ұйымдастыру өндіріс факторларының келісімді қызмет етуін, олардың сан жағынан сәйкес болуын, т.б. көздейді.
13 Маржиналистік теория бойынша өндіріс факторлары. Маржинализм — экономикалық теория. М. шекті өнімділік, шекті шығын, шекті пайдалылық табыстылықтың кему заңдарын, сұраныс пен ұсыныс заңдарын басшылыққа алады.1870 — 80 ж. тарихи экон. ілімде “маржиналистік төңкеріс” дәуірі деп аталады. Шекті, маржиналдық тәсілді Австрия мектебінің негізін қалаушылар: К.Менгер (1840 — 1921), Ф.Визер (1851 — 1926), О.Бәм-Баверк (1851 — 1919) игіліктердің пайдалылығын зерттеуде тұңғыш рет қолданды. Жаңа класс. теорияны жасаушылар шекті талдауды тауар, көрсетілетін қызмет бағасының құралуын, бәсекелі рыноктегі өндіріс факторларын зерделеу үшін пайдаланды. Мұндағы өзекті мәселе — кемел бәсеке экономикасының тепе-теңдігін сақтау идеясы. Экономиканы сипаттауға микроэкон. көзқарас осы теорияның айрықша белгісі болып табылады. М. теориясында құндылықтың субъективтік сияқты ұғымдарғa негізделеді, шекті пайдалылықтың, өнімділіктің теориясы, шекті пайдалылық теориясы, жарасымды экономикалық теория, т.б. тұжырымдалады.
14 Қоғамдық өндіріс қозғалысы:өндіру, бөлу айырбас.Негізгі өндіріс факторлары: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік. -Еңбек(жұмыс күші) – материалдық игілік пен қызметті жасау процессінде адамның мақсатты қызметі, адамдардың барлық физикалық және ақыл қабілеттілігінің бірігіп, өндірісте пайдалануы.-Капитал өндіріс факторы ретінде - өндіріс құралы, еңбек құралы мен еңбек заттарының бірігуі.-Жер – өндірісте пайдаланылатын жер асты, орман, ауа, су табиғат ресурстарының барлық түрі.-Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамның кез келген бизнесті бастауы, сонымен байланысты шығын, тәуекел, жеуапкершілікке бас тігу.Өндіріс – қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі.Ол материалдық және материалдық емес өндіріс болып бөлінеді.Материалдық өндіріс құрамында:материалдық игіліктерді өндіру салалары мен кәсіпорындары (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс);материалдық қызмет көрсету салалары мен кәсіпорындары (көлік, сауда, каммуналдық шаруашылық, тұрмыс қызметтері);Материалдық өндіріс құрамында:материалдық емес игіліктерді жасайтын салалар мен кәсіпорындар (кино, театр, өнер);материалдық емес қызметтерді көрсететін салалар мен кәсіпорындар (денсаулық сақтау, білім беру т.б.);Қоғамдық өндіріс нәтижесі қоғамдық өнім.Өндіріс нәтижесі мен оған кеткен шығындардың ара қатынасы оның даму тиімділігін көрсетеді. Өндіріс тиімділігі мен ресурс түрін пайдалануда жеке көрсеткіштер пайдаланылады:еңбек өнімділігі - өнім көлемінің еңбек шығынына ара қатынасы.өнімнің еңбек сиымдылығы – еңбек өнімділігіне кері көрсеткіш. материал қайтарымы - өнімнің еңбек шығынына ара қатынасы, еңбектің заттық түрінде. материал сиымдылығы – материал қайтарымына кері көрсеткіш, бір өнімге кеткен материал шығынының деңгейін көрсетеді. қор қайтарымы – негізгі өндіріс қорларын пайдалану деңгейін көрсетді және өнімді қор соммасына бөлумен анықталады. өнімнің қор сиымдылығы – қор қайтарымына кері көрсеткіш, бір өнімге қор шығынының деңгейін көрсетеді.