Еңбектi көлденеңiнен және тiгiнен бөлу
Барлық ұйымдар бiр-бiрiнен түрлi аспектiлер бойынша ерекшеленедi. Сонымен бiрге барлық ұйымдар үшiн жалпы сипаттамалар бар:
1) ресурстар – кез келген ұйымның мақсаты оның тактикалық және стратегиялық мақсаттарына жету үшiн пайдаланылатын ресурстарды түрлендiру болып табылады. Негiзгi ресурстар - адамдар, негiзгi және айналым құралдары, технология және ақпарат;
2) сыртқы ортаға тәуелділік – бiрде-бiр ұйым сыртқы ортадан бөлек әрекет ете алмайды. Бұл ұйымның қызметiне тәуелсiз қоршаған ортада пайда болатын, оған қалай да болса ықпал ететiн жағдайлар мен факторлар - экономикалық жағдайлар, тұтынушылар, бәсекелестер, заңдылық, қоғамдағы құндылық жүйесі және т.б.;
3) еңбектің бөлінуі:
- көлденеңiнен – барлық жұмысты құрағыш элементтерге бөлу;
- тігiнен – әрекеттерді үйлестіру жөніндегі жұмысты әрекеттерден бөлу.
Еңбектi ғылыми негiзде ұйымдастыру басты мақсаты қызметкерлердiң жекелеген жұмыс, операция мен рәсiмдер түрлерiн орындауға мамандануы болып табылатын оны бөлудiң сәйкес нысандарын объективтi түрде талап етедi. Жұмыс еңбек процесiне қатысушылар арасында кәсiби белгi бойынша бөлiнедi. Бiлiктiлiк қаншалықты толық әрi терең ескерiлгендiгiне еңбек тиiмдiлiгi, орындаушылардың жеке еңбек үлесi тәуелдi болады.
Еңбектi көлденеңiнен бөлу – бұл еңбек қызметiнiң сапалық және сандық саралануы мен мамандануы. Негiзiнен бұл барлық жұмысты құрағыш компоненттерге бөлу, яғни жалпы өндiрiстiк процестi бөлшектерге бөлу, болып табылады.
Әдетте, еңбек көлденеңiнен функционалдық, тауарлы-салалық және бiлiктiлiк белгiлер бойынша бөлiнедi.
Еңбектi функционалдық бөлу ең алдымен қызметкерлердiң қызмет түрлерi бойынша мамандануынан көрiнедi. Бұл жағдайда жекелеген қызметтер оқшауланады және оларды орындау үшiн сәйкес қызметкерлер бөлiнедi.
Еңбектi тауарлы-салалық белгi бойынша бөлу нақты еңбек операциялары мен рәсiмдерiн орындауда мамандану және шектеумен байланысты.
Еңбектi бiлiктiлiк бөлу еңбек қызметiнiң түрлерiн анықтаған кезде жұмыстың күрделiлiгi мен оны орындау үшiн қажет бiлiктiлiкке сүйенетiндiгiне негiзделедi. Мұндай жағдайда бiлiктiлiгi мейлiнше төмен қызметкер орындай алатын жұмысты бiлiктiлiгi жоғары бiрде-бiр қызметкер орындамауы тиiс қағида бұзылмауы керек. Бұл қағиданы бұзу жұмыстардың құнын арттырады және адам ресурстарын босқа шығындауға әкеледi.
Басқарушылық еңбекті бөлу түрінің бірі де көлденең сипатта болады: жекелеген бөлімшелерге нақты басшы тағайындалады. Ұйым табысқа жетуі үшін көлденеңiнен бөлінген басқару жұмысы да, өндірістік жұмыстарды орындау үшін еңбекті көлденеңiнен бөлу жағдайында сияқты үйлестірілген болуы қажет. Кейбір басшылар өзге басшылардың жұмыстарын үйлестіруі тиіс, олар өз кезегінде өзге басшылардың жұмысын үйлестіреді, сөйтіп ең төменгі деңгейдегі басшы басқарушы қызметшілерге жатпайтын адамдардың жұмысын үйлестіреді. Осылайша еңбекті тігінен бөлу басқару деңгейлерін құрайды.
Басқару деңгейлеріүшке бөлінеді:
1) төменгі деңгейдегі техникалық басшылар - тікелей жұмысшылар мен өзге де қызметкерлердің үстінен қарайтын ұйымдық деңгей. Олар тапсырмалардың дұрыс орындалуы туралы тікелей ақпаратты қамтамасыз ету үшін өндірістік тапсырманың орындалуына бақылау жасайды. Басшылардың басым бөлігі төменгі деңгейдегі басшылар.
2) орта деңгейдегі басқарушы басшылар - төменгі деңгейдегі басшылардың жұмыстарын үйлестіреді әрі бақылайды. Орта деңгейдегі басшы көбіне ұйымдағы ірі бөлімшені басқарады. Оның жұмыс сипаты көп жағдайда бөлімше жұмысының мазмұнымен анықталады.
3) жоғары деңгейдегі институционалдық басшылар - тұтастай ұйым немесе оның негізгі бөлігі үшін маңызды шешімдер қабылдауына жауап береді.
Сурет 8.1. Басқару деңгейлері
Iрiлендiрiлген түрде еңбектi тiгiнен бөлу келесi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- жалпы басшылық – ұйым қызметiнiң басты, перспективалы бағыттарын әзiрлеу және iске асыру;
- технологиялық басшылық – прогрессивтi технологияларды әзiрлеу және ендiру; бұл басқарудың осы заманғы әдiстерiн ендiру, кешендi механикаландыру және өндiрiстi автоматтандыру негiзiнде өндiрiстiк процестердi ұтымды ету;
- экономикалық басшылық – стратегиялық және тактикалық жоспарлау, ұйымның экономикалық қызметiн талдау, шаруашылық есептi ендiру және оның рентабельдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
- жедел басқару – жедел жоспарларды құру және микроұжымдар мен жекелеген орындаушыларға жеткiзу, орындаушыларды жұмыс орындары бойынша орналастыру, оларға нұсқау беру, өндiрiстiк процестiң барысына жүйелi бақылау ұйымдастыру;
- қызметкерлердi басқару – ұйымның еңбек ресурстарын iрiктеу, орналастыру және дамыту.