Ық түсіну тұжырымдамалары: мәселеге қазіргі кездегі көзқарас
Құқық – мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалді анықталған заңдық нормалар жүйесі.
Құқық анықтамасынан шығып оның келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады:
мемлекетпен байланысы – құқық қоғамнан емес мемлекеттен туындайды, қоғам еркінің емес мемлекет еркінің жүзеге асырылуы ретінде, яғни билік басында тұрған саяси күштердің мемлекеттік еркі; тек мемлекет арнайы құзырлы орган атынан құқық нормаларын қабылдай алады;
жалпыға міндеттілік – құқық жалпы сипатқа ие, құқық нормалары олардың алдын ала көрсеткен жағдайына тап болғандардың барлығына және әр қайсысына бағыталған; құқықтық норма кімге бағытталса соларға орындау үшін міндетті, құқықтық норма талаптарын орындамаған жағдайда заңдық жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қолданылуы мүмкін;
формальды анықталғандық – құқық нормалары нақты құрастырылған және жазбаша нысанда бекітілген, жүйеленген түрде заңдарда, жинақтарда, прецеденттерде берілген, осы арқылы құқық тағдырлық өзгертулерден қорғалып, оның белгілі бір тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Құқықтың мәні дегеніміз қоғамдағы тағайындалуын және шынайы табиғатын өрнектейтін негізгі ішкі, қатысты тұрақты сапалық тұғыры.
Құқықтың мәнін қарастырғанда келесі екі аспектіні ескеру қажет:
қандай да құқық бәрінен бұрын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылатындығы;
кімнің мүддесін білдіретіні және қорғайтыны.
Құқықтың мәніне деген таптық және жалпы әлеуметтік көзқарастар бар:
1.Таптыќ ќөзќарас, онда ќұќыќ экономикалыќ үстем таптың заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі рөлін атќарады.
2.Жалпы әлеуметтік көзќарас бойынша ќұќыќ ќоғамның әр түрлі топтарының, таптардың арасындағы келістіруші ролін атќарады.
Құқық – көпдеңгейлі, көпөлшемді, көпқабатты құбылыс. Жалпы құқық түсінігі дамуы біздің заң ғылымы тарихында келесі негізгі кезеңдерді басынан өткерген: «құқықтық нигилизмнен» - қоғамдық қатынас тәртібі ретінде құқық туралы жалпы түсінікке, содан құқықтың нормативтік түсінігіне, ең соңында, көп аспектілі, яғни қазіргі тілмен айтқанда құқық түсінігіне.
«тар», немесе «нормативті» құқық түсінігіне жүгінсек, «құқық- бұл жауаптылықпен бірлесе отырып, белгілі мінез құлық бостандығын өрнектейтін, сонымен құқықтық және құқыққа қайшы мінез құлықтарға мемлекеттік- биліктік критериі сипатында берілген – формальді- анықталған, жалпыға міндетті нормалар жүйесі ». Көрсетілген теория ХХ ғасырда әлдеқайда жетілген нысанға ие болды. Өкілдері: Штаммлер, Кельзен және т.б.
Бәрінен бұрын құқық объективтік тұрғыда - нормалардың жүйесі, бірақ ол әрекет етуші жүйе нормасы – аталмыш норма бағытталған тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне және мемлекеттік органдардың құзырына сәйкес белгілеу жолымен қоғамдық қатынасты реттейтін, тәртіпке келтіретін мінез құлық ережелер, бостандық көлемі болып табылады. Басқаша айтқанда, құқықтың өзара әрекеттенуінің объективтік және субъективтік мағынасын көрсететін нормалардың тірі жүйесі.
Бұл тезистік тұрғыда келесідей:
Негізгі идеялар:
бастапқыда, жекелеп алсақ Кельзеннің тұжырымы үшін құқық туралы түсінік, нормалар жүйесі туралы (пирамида) түсінік болып табылады, онда оның ең жоғарғы сатысында заң шығарушы қабылдаған негізгі (егеменді) норма орналасқан, бұл жерде әрбір төменгі норма маңызды заңдық күшке ие норма алдында өз заңдылығын жоғалтады.
Нормалар пирамидасының негізінде құқық түсінігіне кіретін және негізгі (ең алдымен конституциялық) нормаға сәйкес болуға тиісті соттардың шешімі, шарттар, әкімшілік нұсқаулар сияқты жеке актілер жатыр.
Жақсы жақтары:
Нормативтілік сияқты құқықтың негізгі касиеттерін дұрыс бөліп көрсетеді, және құқық нормаларының заңдық күшінің дәрежесіне қарай бағыныштылығының қажеттілігін сенімді дәйектейді;
Бұл көзқарас бойынша нормативтілік құқықтың формальдық анықтамасымен құрамдас байланыста, яғни заңдық талаптарды (белгілі нақты өлшемдер күшінде) жетекшілікке алу мүмкіндігін шамамен жеңілдетеді және субъектілерге келесі нормативтік - құқықтық актілермен танысуға мүмкіндік тудырады;
мемлекеттің қоғамның дамуына ықпал ету кең мүмкіндігі мойындалады немесе тек мемлекет негізгі номаны бекітеді және қамтамасыз етеді,
Әлсіз жақтары:
құқықтың формальдық жағына өте «бет бұрғаны» байқалады, демек оның мазмұнды жағын (жеке тұлға құқығы, заңдық нормалардың адамгершілік бастауы, олардың қоғам дамуының объективтік қажеттіліктеріне сәйкес келуі және т.с.с.) есепке алмауын тудырады. Сондықтан да бұл теорияның өкілдері құқықтың әлеуметтік – экономикалық, саяси, рухани факторлармен байланысын бағаламайды, яғни олардан құқықты артығымен тазартады;
негізгі норманы заң шығарушы қабылдайды деген фактіні мойындай отырып, Кельзен тиімді заңдық нормаларды бекітудегі мемлекеттің рөлін артығымен бағалайды. Әртүрлі себептерге байланысты ол ескірген, және негізделмеген нормалармен қанағаттандырылуы мүмкін.
«Генетикалық» (марксистік) көзқарас құқықтың пайда болуы немесе тууы заңдылықтарымен және оның қалыптасуымен айналысады. Құқық түсінігіне деген осы көзқарастың тұғырын, құқықты қалыптастырушы таптық ерік, осы тап өмірінің материалдық жағдайымен анықталады деген марксистік формула қалады.
Әрекеттегі құқыққа, мемлекеттік құрылыс тәжірибесіне, олардың субъектілерінің қызметінің мінез-құлқына бағытталған құқықтүсінушілік «социологиялық» көзқарас деп аталады. Өкілдері: Эрлих, Жени, Муремцев және т.б. Бұл теория ХХ ғасырда әлдеқайда логикалы аяқталған нысанға ие болды. Әрекеттегі құқық дегеніміз «фактілік құқық» деп аталынатын яғни құқықтық қатынаста, құқықтықтәртіпте, құқықтық мінез-құлықта көрініс табатын, құқықтың іске асуы. Бұл құқықтық реттеудің тиімділігін, соңғы мақсатының жетістігін бағалауға мүмкіндік беретін қажетті көзқарас.
Бұл бағыттағы өкілдеріне тән қасиет құқық пен заңды қарама-қарсы қою. Бұл жерде құқықтық жариялылыққа және судьялық бостандықты және әкімшілік құқық шығармашылықты кеңейтуге басты назар аударады.
Бұл тезистік жоспарда келесідегідей көрініс табады:
Негізгі идеялар:
құқық пен заңды бөледі, бірақ табиғи құқықтық доктрина идеологтар сияқты емес. Құқық табиғи құқыққа, заңға сіңісуінде емес заңдардың іске асуында жүзеге асырылады;
құқық астарында, ұласпалы, заңдық әрекеттер, заңдық тәжірибе, құқықтық тәртіп, заңдарды қолдану және т.с.с түсініледі. Құқық- құқыққатынас субъектілерінің – жеке және заңды тұлғалардың шынайы мінез-құлық;
мұндай тірі құқықты ең алдымен судьялар юрисдикциялық қызмет үрдісінде қалыптастырады. Олар сәйкес шешімдер шығара отырып және бұл жағдайда құқықшығармашылық субъектісі бола отырып заңдарды құқықпен «толтырады».
Жақсы жақтары:
мұндай түсінік құқықтың іске асуына, тәжірибеде жүзеге асырылуын көрсететін мәніне бағытталады;
қоғамдық қатынас құқықтық нысандағы мазмұн ретінде басымдылығы шынайы негізді аталады;
бұл теория экономикаға мемлекеттің араласуын шектеумен, басқарудың орталықтандырылмауымен жақсы үйлеседі.
Әлсіз жақтары:
егер құқықты заңдардың жүзеге асырылуы, нақты құқықтық тәртіп деп түсінсек, онда құқықтық және құқықтық емес нақты өлшемдер жоғалады, немесе құқықтың іске асуы заңды, сондай-ақ заңды емес болуы мүмкін.
құқықшығармашылық қызметіндегі соттар мен әкімшіліктерге «ауырлық орталығын» көшіру арқасында құзырлы емес және арсыз лауазымды тұлғалар тарапынан ашық қателік қауіптілігі өсуде.
Өмірдегі құқық құқықтық тәртіпке және абсолютке айналады, барлық құқыққолданушылардың ұжымдық жағдайының жемісі болады. Құқықтың социологиялық түсінігіне психологиялық та тығыз байланысады. Құқықтың психологиялық теория өкілдері (Спенсер, Г.Гарл, В.Вунд, Л.И. Петражицкий) үшін құқық- психика өнімі. Осыдан келе, соттар мен әкімшілік эмоция, көңіл күйге және т.б. байланысты нақты құқықты тудырады, яғни көпе - көрнеу тұлғаның психологиясына қысым жасайды деген тезис заңды. Бұл тұрғыда, заң шығарушының, сондай-ақ азаматтың, құқық қолданушылардың және құқыққорғаушылардың құқық әрекетінің психологиялық механизмін: құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқықтық бағдарлар және құндылық бағыттарын оқып үйренуінің теоретикалық және тәжірибелік маңызы зор.
Құқыққа деген аксиологиялық (құнды) көзқарас – қазіргі құқық философиясының негізгі сипаты, табиғи құқық теориясы. Бұл теория ХҮІІ- ХҮІІІ ғасырлардағы буржуйлық төңкеріс кезеңінде мазмұны жағынан қисынды аяқталған нысанға келеді. Өкілдері: Гоббс, Локк, Радищев және т.б.
Бұл бағытты қолдаушы өкілдерді құқыққа деген адамзат құндылықтарына негізделген мәнді, терең көзқарас қызықтырды.
Заңның сөздері адамдардың санасына кірмесе және олармен менгерілмесе қағазда ғана қалады. Қабылданған немесе өзгерген заңның мәтіні бұқаралық санаға танылмаса, оны құқық деп қанағат тұтуға бола ма? Заң қоғамға сана (бұқаралық құқықтық сана, ресми құқықтық сана) арқылы ғана ықпалын жүргізеді. Сондықтан құқық – заң мәтіні ғана емес, ал жалпы білім беру нормасы, құқықтар, міндеттер, тыйымдар, олардың пайда болуы мен жүзеге асырылу шарттары, тәртіп және қорғау нысандары туралы түсініктер жүйесінің қоғамдық санада мазмұндалған түрі.
Адамзаттың тарихи дамуы тұтастай дәуірдің және жеке мемлекеттердің, қайда және қашан заңсыз және мәтінсіз құқықтың әрекет еткенін дәйектейді: прецедент жүйесі кезінде оның қайнар көзі кәсіби құқықтық сана болды, әдет - ғұрып құқығы кезінде бұқаралық құқықтық психологияға жүгінген.
Қоғамдық сананың мазмұны қоғамдық моральдің нормасы мен өлшемдерімен («бұзақылық», «балағаттау», «жала жабу», «исключительный ценизм» және т.б.) санаспайынша түсініксіз және мүлдем жүзеге асырылмайтын терминдермен толықтырылып, нақтыланып және «бағалаушы ұғым» («уваж прич», «жеткілікті негіздер» және т.б.) деп аталатын жалпы мәнге ие болатынымен маңызды. Оң көзқарас тұрғысында, бұл жерде заң мәтіні қоғамдық санамен бағаланып қана қоймай, сондай-ақ осы аталмыш қоғамдық санада адамгершілік және әділеттілік түсініктерімен салыстырылады, заң мәтіндерінде әрқашан адамгершілік құндылықтары, адам құқықтары мен бостандықтары туралы түсініктер белгіленбейді.
Сонымен, адамгершілік тұрғыдағы құқық түсінушілік құқықтың орнына қоғамдық, топтық және жеке санада қалыптасқан жақсылық пен арамдық, теңдік пен теңсіздік, мақтанатын және жиренетін, моральды және моральға жат түсініктер туралы қарама қайшы және әралуан пікірлерді қабылдайды және бере алады.
Бұл тезистік жоспарда келесідегідей көрініс табады:
Негізгі идеялар:
аталмыш доктрина шегінде құқық пен заң бөлінеді (позитивтік құқық яғни мемлекетпен қабылданатын заңдармен қатар адамға тумысынан тән жоғары, нақты, табиғи құқық бар).
құқық пен мораль ұқсастандырылған;
Жақсы жақтары:
бұнда заң құқыққа қайшы болуы мүмкін, демек құқыққа, яғни әділеттілік, бостандық, теңдік және т.с.с. сияқты адамгершілік құндылықтарымен сәйкес келтірілуі керек деп дұрыс көрсетілген.
Әлсіз жақтары:
осындай құқық түсінігі (абстрактілі адамгершілік құндылықтары сияқты) оның формальды – заңи қасиеттерін азайтады, оның нәтижесінде заңдылық және заңға қайшы нақты өлшемдерін жоғалтады, өйткені әртүрлі адамдардағы адамгершілік туралы түрлі елестерді әділеттілік тұрғысынан анықтау оңайға соқпайды;
Сондықтан, құқықтың шын мәнінде әрқашан бірдеңесі жетіспейді, жетілмеген, түрлі өзгертулер мен орны мен уақыты жағдайына байланысты бірдей емес трансформацияны талап етеді. Демек, ғылыми мақсатта және тиімді құқықшығармашылық мүддесі тұрғысынан құқыққа деген әртүрлі көзқарастарды, әртүрлі құқық анықтамаларын және бірыңғай анықтама шегінде оларды сомдауға ұмтылуды мақұлдау қажет.