Кәсіпорынның табыстылығы мен іскерлік қабілеттілігінің жағдайы
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.
Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының жіне сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екішіде-азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай – химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :
Д = Д - Р (2.11.)
Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;
Д - жалпы табыс;
Р - кезең шығындары.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдауға келетін болсақ, табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді :
1) Жалпы активтер (авнсталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері ;
2) Өнімдер ;
3) Ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Кәсіпорын активтерін пайдалану тиімділігі – берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.
Кәсіпорын мүліктерінің тиімділігін өлшеудің бірден – бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі – табыстылық коэффициенті. Ол таза табыстың жалпы активтерге қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.
Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер :
1) басқару тиімділігінің көрсеткіштері ;
2) кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш ;
3) табысты болжау әдісі ;
4) шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарлатады.
Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)
Талданып отырған кәсіпорын мәліметтері бойынша кәсіпорынның барлық капиталының табыстылық коэффициенті, 5-кестеде берілген мәліметтермен сипатталады.
Кесте 6
Авансталған капиталдың ( жалпы активтер) табыстылық деңгейі, %
№ | Көрсеткіштер | 2010 жыл | 2011 жыл | 2010-2011 жж. ауытқуы (+,-) | 2012 жыл | 2011-2012 жж. ауытқуы (+,-) |
А | Б | |||||
Таза табыс, мың тг. | -104720 | |||||
Жалпы активтер (авансталған жиынтық капитал) | -357095 | |||||
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал), % | 0,02 | 0,07 | 0,05 | 0,03 | -0,04 |
*“Шығыс –Құрылыс Элит”ЖШСның қаржылық есебі
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі 2010-2011 жж. – 0,05 бірлікке өскен болса, ал 2011-2012 жж. оның мәні 0,04 бірлікке азайып отыр.
Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді. Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады.Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д = Д / Т (2.12.)
Мұнда: Т - ағымдағы активтер.
Д - таза табыс.
Д - ағымдағы активтердің табыстылығы.
Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі 2010-2011 жж. – 0,10 бірлікке өскен болса, ал 2011-2012 ж. оның мәні 0,07 бірлікке азайып отыр.
Жалпы табыстылық деңгейінің төмендеуі кәсіпорын үшін қалыпты жағдайға жатпайды, яғни кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендеп, қаржылық тұрақтылығының күмән тудыратындығын білдіреді. Кәсіпорынның ары қарай дұрыс қызмет етуі қаржылық менеджменттің дұрыс жұмыс жасауымен тікелей байланысты болады.
Кесте 7
Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі, %
№ | Көрсеткіштер | 2010 жыл | 2011 жыл | 2010-2011 жж. ауытқуы (+,-) | 2012 жыл | 2011-2012 жж. ауытқуы (+,-) |
А | Б | |||||
Таза табыс, мың тг. | -104720 | |||||
Ағымдағы активтер | -303096 | |||||
Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі, % | 0,05 | 0,15 | 0,10 | 0,08 | -0,07 |
*“Шығыс –Құрылыс Элит”ЖШСның қаржылық есебі
Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады.Ол мына формуламен анықталады:
Д = Д / С (2.13)
Мұнда : Д - меншікті капиталдың табыстылығы ;
Д - таза табыс ;
С - меншікті капитал.
Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады. Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады.
Кесте 8
Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі, %
№ | Көрсеткіштер | 2010 жыл | 2011 жыл | 2010-2011 жж. ауытқуы (+,-) | 2012 жыл | 2011-2012 жж. ауытқуы (+,-) |
А | Б | |||||
Таза табыс, мың тг. | -104720 | |||||
Меншікті капитал | ||||||
Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі, % | 0,10 | 0,24 | 0,14 | 0,09 | -0,15 |
*“Шығыс -Құрылыс”ЖШСның қаржылық есебі
Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі 2010-2011 жж. – 0,14 бірлікке өскен болса, ал 2011-2012 жж. оның мәні 0,15 бірлікке азайып отыр.
Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады.Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д = Д / Т (2.14)
Мұнда: Т - ұзақ мерзімді активтер.
Д - таза табыс.
Д - ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.
Кесте 9
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі, %
№ | Көрсеткіштер | 2010 жыл | 2011 жыл | 2010-2011 жж. ауытқуы (+,-) | 2012 жыл | 2011-2012 жж. ауытқуы (+,-) |
А | Б | |||||
Таза табыс, мың тг. | -104720 | |||||
Ұзақ мерзімді активтер | -53999 | |||||
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі, % | 0,05 | 0,14 | 0,9 | 0,06 | -0,08 |
*“Шығыс -Құрылыс”ЖШСның қаржылық есебі
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі 2010-2011 жж. – 0,9 бірлікке өскен болса, ал 2011-2012 жж. оның мәні 0,08 бірлікке азайып отыр.
Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Д / З (2.15)
Мұнда: Д - Өндірістік қорлардың табыстылығы.
Д - Таза табыс.
З - Өндірістік қорлар
Кәсіпорынның дамуына байланысты станоктар тозады, технологиялар өзгереді, жаңа ғимараттар, қондырғылар, компьютерлер қажет және көбінесе негізгі капиталды сатып алу мерзімі ұзақ болады. Негізгі өндірісітік қорлардың табыстылығының маңыздылығын көрсетеді.
Кесте 10
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі, %
№ | Көрсеткіштер | 2010 жыл | 2011 жыл | 2010-2011 жж. ауытқуы (+,-) | 2012 жыл | 2011-2012 жж. ауытқуы (+,-) |
А | Б | |||||
Таза табыс, мың тг. | -104720 | |||||
Өндірістік қорлар | -24989 | |||||
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі, % | 0,22 | 0,57 | 0,35 | 0,24 | -0,33 |
*“Шығыс -Құрылыс”ЖШСның қаржылық есебі
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі 2010-2011 жж. – 0,35 бірлікке өскен болса, ал 2011-2012 жж. оның мәні 0,33 бірлікке азайып отыр.
Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Д / Д (2.16)
Мұнда: Д - Сату көлемінің табыстылығы.
Д - Жалпы табыс.
Д - Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.
Кесте 11
Сату көлемінің табыстылық деңгейі, %
№ | Көрсеткіштер | 2010 жыл | 2011 жыл | 2010-2011 жж. ауытқуы (+,-) | 2012 жыл | 2011-2012 жж. ауытқуы (+,-) |
А | Б | |||||
Жалпы табыс, мың тг. | -178590 | |||||
Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс | -2053055 | |||||
Сату көлемінің табыстылығы | 0,11 | 0,12 | 0,01 | 0,14 | -0,02 |
*“Шығыс -Құрылыс”ЖШСның қаржылық есебі
Сату көлемінің табыстылығы 2010-2011 жж. – 0,01 бірлікке өскен болса, ал 2011-2012 жж. оның мәні 0,02 бірлікке өсіп отыр.Перманентті капитал табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Д / (С + Ұ ) (2.17)
Мұнда: Д - Перманентті капитал табыстылығы
Д - Таза табыс.
С - меншікті капитал.
Ұ - ұзақ мерзімді міндеттемелер
Кесте 12
Перманентті капиталдың табыстылық деңгейі, %
№ | Көрсеткіштер | 2010 жыл | 2011 жыл | 2010-2011 жж. ауытқуы (+,-) | 2012 жыл | 2011-2012 жж. ауытқуы (+,-) |
А | Б | |||||
Таза табыс, мың тг. | -104720 | |||||
Меншікті капитал | -57692 | |||||
Перманентті капитал табыстылығы | 0,10 | 0,24 | 0,14 | 0,09 | -0,15 |
*“Шығыс –Құрылыс Элит”ЖШСның қаржылық есебі
Перманентті капитал табыстылығы 2010-2011 жж. – 0,14 бірлікке өскен болса, ал 2011-2012 жж. оның мәні 0,15 бірлікке азайып отыр.
Қарыз капиталының табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Д / З (2.18)
Мұнда: Д - Қарыз капиталының табыстылығы
Д - Таза табыс.
З - Қарыз капиталы
Кесте 13
Қарыз капиталының табыстылық деңгейі, %
№ | Көрсеткіштер | 2010 жыл | 2011 жыл | 2010-2011 жж. ауытқуы (+,-) | 2012 жыл | 2011-2012 жж. ауытқуы (+,-) |
А | Б | |||||
Таза табыс, мың тг. | -104720 | |||||
Қарыз капиталы | -414787 | |||||
Қарыз капиталының табыстылығы | 0,03 | 0,10 | 0,07 | 0,05 | -0,05 |
*“Шығыс –Құрылыс Элит”ЖШС ның қаржылық есебі
Қарыз капиталының табыстылығы 2010-2011 жж. – 0,07 бірлікке өскен болса, ал 2011-2012 жж. оның мәні 0,05 бірлікке азайып отыр.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әртүрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет өрісін, салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына да әсер етпейді. Сөйтіп, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.
Қаражыттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.
Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады.
Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады:
1.Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:
К = Д / А (2.20)
Мұнда, К - капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
А - авансталған капитал.
Біздің кәсіпорын үшін капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті 2010 жылы – 1,5 рет; 2011 жылы – 2,3 рет; ал 2012 жылы – 1,6 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурстарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді.Егер 2010 жылы кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 1 теңге 50 тиын, 2011 жылы 2 теңге 30 тиын, ал 2012 жылы 1 теңге 60 тиын келтірді.
2. Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.
Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.
Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін білдіреді.
Біздің кәсіпорын үшін негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті 2010 жылы – 2,84 рет; 2011 жылы – 4,71 рет; ал 2012 жылы – 2,99 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның негізгі құралдардың пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді.Егер 2010 жылы кәсіпорында негізгі құралдардың әрбір бірлігі 2 теңге 84 тиын, 2011 жылы 4 теңге 71 тиын, ал 2012 жылы 2 теңге 99 тиын келтірді.
3.Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті. Ол мына формула бойынша қаралады:
К = Д / С (2.21)
Мұнда: К - меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
С - баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі орташа шамасы.
Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншікті иелері тәуекел етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жаңдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.
Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі 2010 жылы – 3,75 рет; 2011 жылы – 7,2 рет; 2012 жылы – 5,52 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның меншікті капиталдың пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді.Егер 2010 жылы кәсіпорында меншікті капиталдың әрбір ақша бірлігі 3 теңге 75 тиын, 2011 жылы 7 теңге 20 тиын, ал 2012 жылы 5 теңге 52 тиын келтірді.
4. Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д / Т (2.22)
Мұнда: К - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Т - ағымдағы активтердің орташа шамасы.
Ағымдағы активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өңдіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.
Айналымның жылдамдауы нәтижесінде айналым қаражатының заттық элементтері босайды, шикізат, материалдар, отын қорлары мен аяқталмаған өндірісті жүзеге аысру қажеттігі азаяды, демек, бұрын осы қорлармен іске салынған ақша ресурстары босап шығады. Босаған ақша ресурстары кәсіпорынның ең өтімді активтерін арттырады, нәтижесінде оның төлем қабілеті бекіп, қаржылық жағдайы жақсарады.
Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі 2010 жылы – 2,91 рет; 2011 жылы –5,28 рет; 2012 жылы – 3,89 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді.Егер 2010 жылы кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 2 теңге 91 тиын, 2011 жылы 5 теңге 28 тиын, ал 2012 жылы 3 теңге 89 тиын келтірді.
5. Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді. Коэффициентті есептеу формула бойынша жүргізіледі, онда алымында – сатудан (ақша) түскен табыс, ал бөлімінде – кезеңдегі шығындар мен материалдық-өндірістік қорлардың құнының орташа шамасы.
Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.
Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:
К = S / З (2.23)
Мұнда: К - материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті; S - сатылған өнімнің толық өзіндік құны; З - өндірістік қорлардың орташа құны.
Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.
Біздің кәсіпорынымызда сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті 2010 жылы – 10,39 рет; 2011 жылы – 16,36 рет; ал 2012 жылы – 7,01 рет болды.
6. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д / Д (2.24)
Мұнда: К - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Д - дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді.
Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті 2010 жылы – 8,29 рет; 2011 жылы – 14,69 рет; ал 2012 жылы – 20,01 рет болды.
7.Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д /К (2.25)
Мұнда: К - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
К - кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы[1].
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып кәсіпорын қызметін тиімсіз деп айтуға да болмайды, өйткені кәсіпорын зерттелінген кезеңнің барлығында да пайда табып отыр
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасай отырып, келесідей тұжырымдар жасалынды:
-Жыл аяғында ағымдағы активтердің едәуір азайғанын байқалады. Сондықтан, кәсіпорынның төлем қабілеттігін жақсарту қажет. Ал төлем қабілеттілікті жақсартудың бірден бір жолы, ол-кәсіпорынның шаруашылық қызметінің арқасында ағымдағы активтердің өсуін қамтамасыз ету. Яғни төлем қабілеттікті қалпына келтіру үшін ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден екі есе асып түсетіндей мөлшерде табыс табу қажет.
-Талдау қорытындылары бойынша кәсіпорынның жыл аяғында таза табысының азайғанын көруге болады. Егер ол 2010 жылы – 47 564 мың теңгені құраса, 2011 жылы – 171 379 мың теңге, ал 2012 жылы – 66 659 мың теңгеге дейін азайғанын көруге болады. Сондықтан келесі жылы таза табысты көбейту жолдарын іздеу қажет.
-Кәсіпорын қаражаттарының табыстылығын арттыру. Оған капитал мен оның жеке элементтерінің айналымдылығын арттыру, шығындар көлемін азайту немесе баға мөлшерін жоғарылату жолымен қол жеткізуге болады.
-Авансталған капиталдағы меншікті айналым капиталын қалыптастыру. Жоғарыда аталып кетілгендей кәсіпорынның меншікті айналым капиталы жоқ. Ал оның бірде бір себебі меншікті капиталдың аздығы. Сондықтан кәсіпорын өз қызметінің табыстылығын арттыра отырып меншікті капитал үлесін арттыру қажет.
-Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін арттыру. Талдаудан көргеніміздей кәсіпорынның іскерлік белсенділігі жыл соңына қарай азайып отыр, бұл сатудан түскен түсімнің азаюымен түсіндіріледі.
Қорытындылай келе кәсіпорындағы негізгі проблемалардың көпшілігі ағымдағы кезеңде табыстың азаюымен және кәсіпорынның қарыз капиталына көп жүгінуімен түсіндіріледі. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту шараларын жасау кезінде осыларды ескерген жөн.
Орытынды
Қорытындылай келе мен кәсіпорынның кейбір мәселелі жағдайларына тоқтай кете отырып, оларды жақсарту жолдары бойынша ұсыныстар жасадым.
Жалпы алғанда «Шығыс Құрылыс Элит» ЖШС құрылыс объектілерді салумен айналасады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасай отырып, келесідей ұсыныстар жасадым:
-Кәсіпорынның төлем қабілеттігін жақсарту. Ал төлем қабілеттілікті жақсартудың бірден бір жолы, ол-кәсіпорынның шаруашылық қызметінің арқасында ағымдағы активтердің өсуін қамтамасыз ету. Яғни төлем қабілеттікті қалпына келтіру үшін ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден екі есе асып түсетіндей мөлшерде табыс табу қажет. Өйткені біз жыл аяғында ағымдағы активтердің едәуір азайғанын көрдік.
-Талдау қорытындылары бойынша кәсіпорынның жыл аяғында таза табысының азайғанын көруге болады. Егер ол 2010 жылы – 47 564 мың теңгені құраса, 2011 жылы – 171 379 мың теңге, ал 2012 жылы – 66 659 мың теңгеге дейін азайғанын көруге болады. Сондықтан келесі жылы таза табысты көбейту жолдарын іздеу қажет.
-Кәсіпорын қаражаттарының табыстылығын арттыру. Оған капитал мен оның жеке элементтерінің айналымдылығын арттыру, шығындар көлемін азайту немесе баға мөлшерін көбейту жолымен қол жеткізуге болады.
-Авансталған капиталдағы меншікті айналым капиталын қалыптастыру. Жоғарыда аталып кетілгендей кәсіпорынның меншікті айналым капиталы жоқ. Ал оның бірде бір себебі меншікті капиталдың аздығы. Сондықтан, кәсіпорын өз қызметінің табыстылығын арттыра отырып меншікті капитал үлесін арттыру қажет.
-Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін арттыру. Талдаудан көргеніміздей кәсіпорынның іскерлік белсенділігі жыл соңына қарай азайып отыр, бұл сатудан түскен түсімнің азаюымен түсіндіріледі.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып кәсіпорын қызметін тиімсіз деп айтуға да болмайды, өйткені кәсіпорын зертелінген кезеңнің барлығында да пайда табып отыр
Қорытындылай келе кәсіпорындағы негізгі проблемалардың көпшілігі ағымдағы кезеңде табыстың азаюымен және кәсіпорынның қарыз капиталына көп жүгінуімен түсіндіріледі. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту шараларын жасау кезінде осыларды ескерген жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиев “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау”/ Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 жыл.
2. Т.Ж.Демесінов. Қаржылық талдау. Оқулық.-Алматы. ЖШС РПБК «Дәуір», 2011-320б.
3. Э.Э.Михель, Р.А.Әмірханов. Г.А.Жолмырзаева, Ж.С.Мухаметжанова. Корпоративтік қаржы. Оқулық.-Алматы. 2012ж.-316б
4. Ковалев В.В. “Финансовый анализ”: Управление капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности. – Москва : Финансы и статистика, 1995
5. Грищенко О.В. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия: Учебное пособие. 2000.
6. Қазақстан Республикасының “Банкроттық туралы” 07.04.1995 жылғы №2173 Заңы